Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

7. Баспадағы редактордың рөліне анықтама беріңіз.

Редактор – баспасөз орындарында авторлар қауымынан түсетін қолжазбаны қабылдап, редакциялап шығаратын, оны жарыққа шығаруды басқаратын жетекші, басшы творчестволық қаламгер. Ол – халық ойының, партия ойының өкілі. Газет пен журналды оны жауапты редактор немесе бас редактор деп атайды. Кітап баспасында редактордың жұмысы сәл басқарақ ұйымдастырылады. Мұнда қолжазбаны автордан тікелей қабылдап, танысып көріп, онымен нақты редакциялық жұмысты жүргізуші – жетекші редактор. Әр шығарманың өзінің жеке редакторы, ұйымдастырушысы болады. Оның қолынан өтіп, редакцияланылған, машинкада басылып, өндіріске ұсынылған түпнұсқаны редакция меңгерушісі оқып бекітуге тиіс.

Редактор – баспадағы негізгі тұлға, творчестволық күш. Өзіне бекітіліп қойылған жұмыс жөнінде автормен сол шығарманың жазылу процесінде оқтын – оқтын кездесіп, оның алғашқы бірер тақырыбын, тарауын не тұтас бөлімін күн ілгері шолып, танысып, оған өз тарапынан нақты жетекшілік консультация беріп отыруға тиіс.

Редактор авторға қолжазбасын жарыққа шығаруға творчестволық көмек көрсеткенде соңғыға шығарма жазып беруге міндетті емес. Сондай- ақ, оның баспаға, редакцияға қабылданған жұмысты автормен келіспей, өзінше қайтадан жазуға да қақысы жоқ. Ол тек қолтуманың идеялық – саяси, ғылыми, жұмылдырушылық, үйретушілік мазмұнды тәрбиелік сапасын, тіл – стильдік мінін, жұмыстың құрылымын және басқа да қырларын жетілдіруші, қырнап ұстарлаушы, ретке келтіруші. Бірақ творчестволық еңбегіне жәрдемін тигізу үшін, редактордың авторды баспаның редакциялық жұмысынан жақсы хабардар ететін арнайы әдебиеттермен таныстыруының, жабдықтауының артығы жоқ.

Редактордың міндеті - өзі түзеген материалдың эффектілі болуын қамтамасыз ету. Ол эфирге шығатын публикацияға толығымен жауапты. Ал сыншы-рецензент жарыққа шыққан материалдың кемшілігі мен құндылығын анықтайды, көрермен мен оқырманға оны дұрыс бағалауға көмектеседі, авторға қажетті кеңес береді. Редактор мәтінді түзету үшін ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуы қажет. Көркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделген редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материал жайлы өз әдіс бойынша, түзету мәтін терең зерттеліп оқылғаннан кейін енгізіледі де, басуға ұсынылар алдында тағы бір қаралады.

Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды.

Редакторлық жұмыс - өте күрделі жұмыс. Кез-келген мәтінге қолданыла беретін түзету түрі болмайды. Түзету әдісін редактор өзі таңдайды. Бірақ оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен өзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Бүгінгі күні де газет редакцияларында кейбір қызметкерлер автор шығармасын қайтадан жазып шығуды өз міндеті деп санайды. Мұндай өңдеуден кейін көп жағдайда мәтін өз өңін жоғалтады.

Баспада үш редактор қызмет атқарады. Олар: әдеби редактор, техникалық редактор және көркемдеуші редактор.

Әдеби редактор шығарманың мазмұндық сапасын тексереді, қолжазбаны әдеби өңдеуден өткізеді, әдеби стильге түсіреді. Әдеби редакторшығарманың идеясына бірден-бір қол сұға алады. Бірақ ол мұндай процесті автормен келісе отырып жүргізеді. Редактордың әдеби еңбегі – үздіксіз ізденуді қажет ететін творчестволық жұмыс. Туындыны дұрыстап қарап, біртұтас деңгейге жеткізу үшін де редакторға үлкенеңбек етуді қажет етеді. Әр автордың өзіндік стилі бар. Редактор сол стилді сақтай отырып,шығарманы өңдейді. Өңдеу барысында редактор өзіндік стилін, әдіс-тәсілін, технологиясын қолданады.

Техникалық редактор – техникалық макетті дайындайтын, техникалық жұмысты басқаратын баспаның қызметкері. Ол компьютермен жұмыс істеуді жетік меңгере білуі керек. Ол жұмыстағы термин сөздері дұрыс, орынды қолданылған ба, бекітілген терминдерді тексереді. Суретті қалай бәрі бірдей қажет пе және де олар бүгінгі талапқа сай иллюстрациялар ма, шығарманың идеясына ғылыми – техникалық, тәрбиелік, жұмылдырушылық мазмұнына көмегі тие ме, түсінігін жеңілдете ме? Рецензияланып отырған еңбекте мемлекеттік құпияға қатысы бар жайттар байқалмай ма? Баспа, редакция орындары өздерінің қызмет сипатына ора рецензенттерге бұлардан басқа да қосымша сұрақтар, талаптар қоюға, ұсыныс жасауға өрбітті.

Жалпы кітаптану

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]