Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

18. Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары.

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың жəне программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері. Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), жəне (Sоftwаге) программалық жабдықтар.

Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.

Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады.

Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы

компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі)

процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді.

Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық жəне логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді.

Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру.

Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мəліметтерді кэш –жадтан алу əрекеті процессордың мəліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жəрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған.

Жүйелік шина. Процессор мен жадта ақпараттық кеңарна н\е ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы 8, 16 н\е32 сымнан тұратын жинақ б\т.

Барлық блоктар, оның ішінде енгізу-шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей н\е адаптерлер арқылы қосылады. Адаптер - əр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы.

Таймер – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралды схема. Қызметі – монитор эқранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын бөлу.

ДК–ның шеткері құрылғылары көмекші операторларды орындауға арналған Олар:

  • Мәліметтерді енгізу құрылғысы: Сканер, пернетақта, графикалық планшеттер, манипулятор, сенсорлық экран

  • М–ді шығару құрылғысы:принтер, плоттер, колонка

  • м–ді алмастыру құрылғысы: Желілік адаптер, Модемдер

19. Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау жəне өңдеу құралы.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы.

2.Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

3.Перне тақтасы– компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

4.Тышқан– «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]