Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

30. Жеделі жад (жж), Кэш-жады, тұрақты жад (тж), bios модулі.

Жедел жад - ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады. Жедел жады (RАМ) - компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мəліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мəлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты əрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Тұрақты жады (ROM - (ПЗУ)) – энергияға тəуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мəліметтерді

сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды. Тұрақты есте сақтау құрылғысы

(ROM) - процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мəлімет алмасып отырады. Тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа BIOS (Basic Input Output System –енгізу/шығару базалық жүйесі) деп аталады. BIOS – MS DOS жүйесінің «Енгізу/шығару базалық жүйесі», ол ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жадының жəне де басқа құрылғылардың жұмыс істеуге қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйенің келесі бөлігі болып саналатын жүктеуішті дискіден шақырып іске қосады.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Саsh) деп

атайды. КЭШ-жад - жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дəнекер жад ретінде пайдаланылады.

Энергияға тəуелсіз жад – СMOS технологиясы бойынша жасалған, аналық тақшада орналасқан микросхема. Бұл микросхема аналық тақшада орналасқан шағын батареямен қоректенеді. Компьютер бірнеше жыл іске қосылмаса да батарея зарядын жоғалтпайды. Күнтізбе мен уақытқа арналған жүйелі сағат осы жадта орналасқан.

Тұрақты жад – ЭЕМ-нің жұмысы барысында мазмұны өзгертілмейтін жад, бұл жадқа мəліметтер оны дайындап жатқан кезде жазылады

Кэш-жад - процессордың өте жылдам жұмыс істейтін шағын көлемді жады, немесе бүркеме жад деп те атайды, ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дəнекер жад ретінде

пайдалынады.

BIOS - Енгізу- шығарудың базалық жүйесі. MS DOS операциялық жүйесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модульдердің бірі, тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа, ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жадының жəне басқа құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.

31. Жадтың өлшем бірлігі.

Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру. Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді жəне бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі (жедел жад) жəне сыртқы.

Жедел жады (ОЗУ) (RAM), процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жад. Жедел жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен коректендіріп отыру керек. Компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы ақпарат жойылады. Дербес компьютердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 8 Мбайтқа жетеді.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информкөлемін өлшеуде сегіз биттен (1 мен 0 тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем б арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болжазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) = 1024 байт, 1Мб (1 мегабайт) = 1024кб, ал винчестер деп аталыжүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) жəне одан да көлемді информация жазылып сақталады

Ал сыртқы жад құрылысы мүлдем басқа. Мұнда сақталатын ақпарат көлемі үлкен болғандықтан, байттық әдіс қолайсыз. Біріншіден көлемі үлкен, екіншіден, пайдаланушыға қиындық тудыратындығынан. Байттық әдіс жағдайында пайдаланушының үнемі құрылғынын типін, ондағы ақпараттың берілу схемасын тексеріп, байттың ішіндегісінің дерек н\е программа екендігін анықтап отыру қажет.

Қатты дискідегі мəлімет жинақтауыштар: 80286 процессорлы ІBM PC-де қатты дискінің мəлімет сыйымдылығы 20 - 40Мб, 80386SX (SX - бір процессорлы) жəне 80486 DX ( DX- екі процессорлы) - 300Мб-ға шейін, 80486 DX – (500 – 600)Мб, Pentіum - 6Гб-қа шейінгі деңгейде болады

Иілгіш магниттік дискіде магниттік қабат иілгіш негізінде жасалынады. Өлшемдеріне қарай иілгіш магниттік дискілер (дискеттер) 3,5 жəне 5,25-ге бөлінген. Қазіргі жағдайда тек 3,5 дюймдік дискілер қолданылады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650–700 Мб, яғни оған 650-700 миллион символ сияды. Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]