Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

128. Ми мен психика. Сананың пайда болуы және мәні.

Санан бір дегенен пайда болған жоқ, сезім арқылы бірте-бірте пайда болды.

Адам психикасы - мидың табиғи өнімі емес, әлеуметтік жағдайлар туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат - мидың арқасында әрекетке келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып та болмайды, соны­мен бірге оны бүтіндей нейрофизиологиялық үдеріс деп те атау орынсыз. Психика мен физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы - идеалды дүние мен заттасқан болмыстық ажыралмас байланысы.

Психика - ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.

Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі - бұл қоғамды- тарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.

Психиканың негізгі жасау белгілері - оның жүйелілігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі.

Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиет- сапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды) күй-қалпымен және жүйелі қасиеттерімен сипатталады.

Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді. Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарға және психикалық қасиеттерге ажыралады.

Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және интропсихика.

129. Түркілік көзкарас дәстүрі мен ерекшеліктері.Мифология және дін.

Қорқыт өмірде өлімнен қашты дейді, негізінен ол мәнгіліктің жолын іздеді, қалай адам өзін мәнгілікке сақтай алады деп, өмірде шөпте, суда бәрлығы мінгі емес, сон

Мифологияжәне дін. Ежелгі Грекия мифологиясы ұзақ даму жолынан өтті. Грек мифологиясы өз дамуының ертеректегі сатыларында стихиялық, құбыжықтық формалармен сипатталды. Грек мифологиясының ең жоғары гүлденуі б.з.б. 2-мыңжылдыққа тура келеді. Сол кезде “қарлы” және “көп шатқалды” Олимп тауында тұратын және бір құдайдың – “адамдар мен құдайлардың әкесі” – Зевстің билігіне бағынатын құдайлардың олимп.пантеонытүпкілікті қалыптасып болды. Әрбір олимп. құдай қатаң түрде белгілі бір міндет атқарды:Афина– соғыс, жоғары дәрежелі өнерлердің, қолөнердің құдайы, қалалар мен елдерді қорғаушы,Гермес– сауда құдайы,Артемида– аңшылық құдайы,Афродита– махаббат пен әдеміліктің құдайы, т.б. болды. Олимп. мифология айқын көрінетін антропоморфизммен (ежелгі гректердің діни және мифол. сенімдерінде құдайлар мен перілер адамға тән кәдімгі сапаларға, тұлғаға ие болып, адамға тән кемшіліктері мен кеселдері бар болып бейнеленді) сипатталды. Құбыжықтар жөніндегі бұрынғы аңыздардың орнына құбыжықтармен күресіп, оларды жеңіп шығатын батырлар жөнінде (Геракл, Тесей, т.б.) мифтер пайда болды. Алайда адамның табиғатқа үстемдігінің өсе түскенін дәлелдейтін бұл антропоморфизм грек мифологиясы дамуындағы тек белгілі бір тарихи өтпелі баспалдақты ғана сипаттайды. Рулық-қауымдық қатынастардың ыдырай бастауына, ғыл. білімдердің пайда болуына байланысты қарапайым мифол. антропоморфизм жоғалды. Ежелгі грек ақындары Гесиод пен Пиндар шығармаларында Зевс антропоморфизм қасиеттерінен айырылып, дүниежүз. әділдік қағидасын жүзеге асыратын кейіпкерге айналса, Эсхилдің “Бұғауланған Прометейінде” Зевс көрсоқыр дүлей күштердің өкілі, адамдарды жек көретін дүниежүзілік қатал билеуші түрінде бейнеленеді. Грек мифологиясы кейінгі элллиндік-римдік кезеңде әдеби және көркемдік әдіске, аллегорияға немесе метафораға айналды. Мифологияның дамуымен қатар грек діні де қалыптасып, дамыды. Ежелгі гректердің діни іс-әрекеті белгілі бір құдайға арналған ғибадатханаларда, негізінен құрбандықтар шалу мен дұғалар оқудан тұрды. Ежелгі Грекияда ресми мемл. дінмен қатар тек арнаулы адамдар үшін ғана ашық болған құдайға қызмет етушілік – мистериялар (Элевсиндегі Деметра, Орфийдегі Дионистің құрметіне, кабирлер – жер асты құдайларына табыну, т.б.) да таралды. Грек мифологиясы мен діні Ежелгі Шығыс халықтарының (негізінен хеттер мен финикиялықтардың) кейбір аңыздарын қабылдады, сондай-ақ Шығыстан грек пантеонына кейбір құдайлар мен батырлар енді. Адамиланған, үйлесім мен өлшем сезіміне енген грек мифологиясының кейіпкерлері антик. өнердің дамуына негіз болды. Кейіннен грек мифологиясының кейіпкерлерін Қайта өркендеу дәуірінің идеологтары өз шығармаларында кеңінен қолданды. дықтан артына із калдыру керек екенін білді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]