Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

126. Математика –адамзат мәдениетінін феномені ретінде.Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардың даму әдістері ретінде.Математикалық модельдер жүйесі ретінде.

Математика (гр.μάθημαғылым, білім, оқу; μαθηματικόςбілуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау,өлшеужәне физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1]

Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалармен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.

Көне Мысырәлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.Нілөзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасындагеометрияғылымы пайда болған (геометрия – грекше сөз, гео — жер, метро — өлшеу деген мағына береді).

127. Діни сананың көптүрлілігі.Дін және өнегелік.

Дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Дін халық мә­дениетінің рухани негізі. Оның қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Сол себепті жас ұрпаққа діндер тарихы мен оның құн­ды­лықтары, рухани астары туралы мәлімет беру өмір талабы. Осы орайда жас жеткіншектерге діндер тарихы мен ілімдері туралы ғылыми негізде жазылған оқулық аса қажет. Осы қажет­тілікті қа­на­ғаттандыру мақса­тында академик Ғарифолла Есімнің авторлық жетекшілігімен 9-сынып оқушы­ла­рына қазақ және орыс тілде­рінде “Дінтану негіздері” оқу­лы­ғы дайындалып, жарыққа шық­ты. Авторлық ұжым құрамына фи­лософия ғылымдарының док­то­ры, профессор А.Әбуов, Қ. Бе­га­линова, философия ғылымда­ры­ның канди­даты Е. Смағұлов, исламтану­шы Қ.Жолдыбайұлы кірген екен. “Дін­тану негіздері” оқулығында жалпы діни сананың қалыптасуы, поли­теистік діндер­ден кейін монотеистік діндердің пайда болуы, бір сөзбен айтқанда, әлемдік және дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діни культтар жай­ын­да ақпарат берілген. Бұндай ақ­параттар дін туралы тү­сінігі то­лық қалыптасып үлгермеген жас буын үшін тиімді екені сөзсіз.

Оқулықтың алғашқы тарау­ында діни сана құрылымы – діни сенім, ілім және діни идеология туралы баяндалған. Діни сана әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әр­түрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырғандығы сараптал­ған. Діннің адам мен қоғам өміріндегі қызметтері: дүниета­­­­нымдық құндылықтарға баулу, регуля­тивтік (реттеушілік) қыз­меттері көрсетілген. Діннің бастаулары мен тарихи түрлері деп аталатын екінші та­рауда, ежелгі дәуірдегі әр түрлі ани­мистік, фетишистік, магия­лық, тотемистік діни нанымдар сөз болады. Сонымен бірге, по­литеистік мәндегі діни түсініктер өріс алған ежелгі халықтардың діни нанымдарына арналған. Б.д.д. VІ мыңжылдықтың соңын ала Тигр мен Евфрат өзендерінің аңғарларына қоныстанған көне Шумерлердің діни нанымдарына талдау жасалған. Ежелгі парсы елінің зороастризм діні жайында деректер келтіре отырып, этика­лық ұстанымдары мен қасиетті кітабы Авеста жайында баян­дай­ды. Ежелгі Мысырдың көне патшалық дәуірінің “Пирами­далар мәтіні” мен орта патшалық дәуірінің “Саркофактар мәтін­дері” сияқты жекелеген жазулар, жаңа патшалық дәуірі “Өлілер кітабы”, “О дүниеде небары ту­ралы кітап” жазбалардағы діни түсініктерге талдау жасалған. Сон­дай-ақ, көне грек мифо­ло­гиясы мен наным-сенімдерінің ерекшеліктері, құдайлар пан­тео­ны туралы қызықты мәліметтер келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]