Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

110. Жүйе ұғымы.Жүйелік принциптер.Жүйе-адам ойының жемісі.

Жүйе деген система ғой, ол өмірде бар нәрсе, әр нәрсенің жүйесі бар, реті бар. Ал оны ойлап табу адам ойының жемісі Қазақта бір сөз бар: жүйелі сөз жөнін табады, жүйесіз сөз егесін табады. Орынсыз айтқан сөз, кім айтты бұны дегенге жетеді, кімнен шықты бұл, ал жүйелі болса қабылдайды

Жүйе (лат. systēmaгр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы. Материалдық жүйе

Материалдық жүйенің өзі органикалық емес табиғат жүйесі және органикалық (тірі) табиғат жүйесі болып бөлінеді. Органикалық емес табиғат жүйелеріне физикалық, геологиялық (қ.Геохронология), химиялық, т.б. жүйелер жатады. Органикалық жүйеге, яғни тірі жүйелерге қарапайым биолигиялық жүйелер, организмдер, популяциялар, түрлер (қ. жүйеленім), экожүйелер жатады. Органикалық жүйелердің ерекше түрі – әлеуметтік жүйе. Оған қоғамдағы қарапайым әлеуметтік бірлестіктерден бастап, сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына дейін енеді (қ. Әлеумет, Әлеуметтік байланыс).

Абстрактілік жүйе

Абстрактілік жүйелерге жүйе туралы ұғымдар, гипотезалар, теориялар, ғылыми білімдер, лингвистикалық (тілдік) жүйелер, формалды жүйелер, логикалық жүйелер т.б. жатады.

Тұрғылықты жүйе

Кейбір зерттеушілер жүйелерді басқаша да жіктейді. Мысалы, тұрғылықты (статикалық) жүйе және қозғалмалы (динамикалық) жүйе.

Тұрғылықты жүйелер өзгерістерге төзімді, тұрақты әрі орнықты болып келеді. Олардың төзімділігі мен орнықтылығы өте ұзақ уақыт бойы өзінің бастапқы қалпын сақтай алуынан байқалады.

Қозғалмалы жүйе

Қозғалмалы жүйелерде оның құрамдас бөліктерінің, тіпті, құрылымының өзгерістері ұдайы болып тұрады.

Жабық жүйе

Тағы бір зерттеушілер жүйелерді жабық жүйе және ашық жүйе деп бөледі.

Жабық жүйелер сыртқы ортадан мейлінше оқшауланған. Барлық тұрғылықты жүйелер жабық жүйе болып саналады. Бірақ бұл жағдай олардың ішінде қандай да бір өзгеру процестерінің болуын жоққа шығармайды.

Ашық жүйе

Ашық жүйелер басқа жүйелермен және сыртқы ортамен ұдайы өзара әрекеттестікте болуымен ерекшеленеді. Олардың арасында зат, энергия және ақпарат алмасу процесі жүреді. Барлық ашық жүйелер қозғалмалы жүйелер болып табылады.

Механикалық жүйе

Олар, сондай-ақ, өздігінен тұрақтанатындығымен және реттелетіндігімен сипатталады. Жіктеудің тағы бір үлгісі бойынша, жүйелер механикалық жүйе, органикалық жүйе және гармониялық жүйе болып бөлінеді.

Механикалық жүйе құрамдас бөліктердің қарапайым жиыны емес, алайда олардың төмендегідей ерекшеліктері болады:

  • а) бөліктерден құралады;

  • ә) оның құрамдас бөліктерін жеке де, сондай-ақ тобымен де басқа құрамдас бөліктермен ауыстыруға болады. Механикалық жүйелер, әдетте, тұрғылықты және жабық болады.

Органикалық жүйе

Органикалық жүйелердің де өзіндік ерекшеліктері бар:

  • а) олар жекелеген, алдын-ала дайын құрамдас бөліктерден құралмайды, қайсыбір бастапқы құрамдас бөліктің (жасуша мен эмбрион тәрізді) біртіндеп және қайтымсыз бөлінуі арқылы басқа құрамдас бөліктер өніп шығады;

  • ә) олардың тұтастығын, құрылымын бұзбай, оған бірнәрсені енгізу, я болмаса алып тастау мүмкін емес. Барлық органикалық жүйелер қозғалмалы жүйелер болып табылады. Әдетте, олар салыстырмалы түрде ғана ашық жүйе болып саналады, ал шын мәнінде олар жабық жүйе. Ал гармониялық жүйелер нағыз ашық жүйелер болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]