Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kanat5.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.07 Mб
Скачать

1.Теориялық бөлім Құбырдағы парафин шөгінділерін жою

Құбырдағы парафин шөгінділерді болдырмаудың бір жолы – мұнай мен мұнай өнімдерін алдын – ала депарафиндеу.Алайда бұл әрекет эконо- микалық тұрғыдан үнемді бола бермейді.

Шөгіндіні тазалаудың ең кең таралған әдісінің бірі – арнайы тазалау құрылғылары арқылы мерзімді түрде тазалау.Мұндай құрылғылар төмендегі талаптарға сай болуы керек:

• үлкен арақашықтықты тазалауда тиімділігін сақтау (жоғары төзімділік беруі);

• бұрылысты аймақтардан, ысырма және жергілікті тар жерлерден оңай өту;

• құрылымы қарапайым және арзан болуы тиіс.

Бастапқы кездерде әрбір құбыр орталығында өзінің тазалау құрылғылары болады.Одан кейін құбырлардың шөгіндісін тазалауда түрлі көлемдегі қырғыштар қолданыла бастады:щеткалы – ЩҚ, ауыспалы диаметрлі щетка – АДЩ, рессорлы – РЩҚ, сондай-ақ шарлы бөлгіштер (соның ішінде тазалау элементтерімен жабдықталған) болады. Берілген қырғыштар ортақ түрі 1 суретте көрсетілген.

ЩҚ қыздырғыштары тұрақты диаметрлі құбырларды тазалауға арналған (1а). Олардың құрылымы құбырдың қабырғасына қысатын манжет пен арнайы құрылғыдан тұратын корпустан тұрады. ЩҚ қырғыштары құбырдың 600 шақырымын толығымен тазалайтын бақылау нәтижесінен көруге болады. Алайда құбырдағы әр түрлі диаметрлі құбырларда бұрылу радиусы төмен құбырларда щетканың қозғалысы қысылып қалуы мүмкін.

АДЩ қырғыштарының (1 б) өту қабілеті жоғары. Корпустағы тазала- ғыш элементтердің ілінуі құбыр қабырғасына щеткалардың тегіс басылуы- мен қамтылған шарнирлік параллелограм схемасы бойынша жасалған. Бұл жағдайдағы щеткалардың ЩҚ-ға қарағанда радиалды қозғалу мүмкіндігі зор.

ЩҚ және АДЩ қырғыштарының кемшілігі оның өте ауырлығында, диаметрі 1000 мм құбырға арналған оның салмағы 2 тоннаға жетеді.

Үлкен диаметрлі құбырды тазалау үшін рессорлы РЩҚ қырғыштарын қолданады (1 в), олар кіші көлемімен және өтімділігімен ерекшеленеді. Олардың құрылымының тиімділігі мынада – корпус қабырғасы құбыр қабырғасына өте жақын орналасады. Бұл құбыр қабырғасына жақындау үшін щеткалардағы металдың азаюына себепкер болады.

Тазалау құрылғылары ретінде шарлы бөлгіштер кеңінен қолданылады. Оның тегіс қабаты құбырда өзгеріп, нәтижесінде оқ тәріздес пішінге айналады. Шарлы бөлгіштер құбыр қабырғасына жақын орналасқандықтан, парафин шөгінділерін жақсы тазалайды. Алайда оның тегіс қабаты жиі тозады. Сондықтан шарлы бөлгіштің қабатына тазалау элементтері қосылған құрылым қолданылады.

1 Сурет.Құбырды тазалау қырғыштары: а-щқ,б-адщ,в-рщқ

Жоғарыда аталған қырғыштар құбырды шөгіндіден және де басқы лас заттардан (құрылыс қоқысы, асфальтты шайырлы шөгінді,механикалық қоспалар) тазалау кезінде жиі қолданылады.

Қазіргі таңда «Транснефть» АҚ құбырларында «Диаскан» техникалық диагностика орталығының қырғыштары қолданылады (2 сурет).

2 сурет. «Диаскан» ТДО ААҚ-ның СКР-1 тазалағыш қырғыштары: 1-бампер; 2-жетекші диск;3-төсеме диск;4-тазалау дискісі;5-манжетті ұстағыш; 6-корпус;7-щеткалы тазалау дискісі;8-таратқыш; 9-таратқышқа арналған бампер.

Құбырлардың тазарту қырғыштарын «Диаскан» ТДО 325 пен 1220 мм аралығындағы диаметрмен шығарады.Тазартатын элементтер ретінде қолданылатын дискілер мен полиуретаннан жасалған манжеттердің төзімділік сапасы резеңкеге қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ тұрып қалу кезінде іздеуді жеңілдетуге және құбырдағы тарылған аймақтарды табуға, акустикалық және төменгі жиіліктегі локатор арқылы мүмкіндік беретін құбыр бойындағы жағдайды реттеуге арналған қырғыштың таратқышы бар. «Диаскан» қырғыштарының тиімділігі оның қосымша тазалау дискісімен және арнайы тазалауға арналған щеткасымен жабдықталуында.

Тазарту құрылғыларының (ТҚ) іске қосылуы мен қабылдауы арнайы камераларды пайдаланатын станциялардың алаңдарында жүзеге асырылады. Олардың диаметрі сызықтық бөлік пен технологиялық түйіннің диаметріне қарағанда үлкендеу,соңғы жаппасы бар құбырдың тұйық бөлігінен тұрады. Тазарту құрылғыларының іске қосылу түйінінің маңызды схемасы 3-ші суретте көрсетілген.

Тазарту құрылғысын іске қосудың алдында камераны мұнайдан ЖС-тің сыйымдылығына босату жүргізіледі.Содан соң іске қосу камерасына ТҚ жайғастырылады және соңғы жаппасы бітеледі.ТҚ іске қосу дайындығы біткен кезде 1 және 2 жапқыштар ашылады,3-ші жапқыш жабылады. Магистральға ТҚ өтуі туралы сызықтық сигнализатор ойнаған соң 1,2 және 3 тегершіктер кері бағытта бастапқы күйге келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]