Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kanat5.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.07 Mб
Скачать

3 Сурет.Тазарту құрылғысының қабылдау түйінінің маңызды схемасы: с- сигнализатор; м-манометр; жс-тазарту құрылғысын іске қосу-қабылдау, босату камерасына арналған жер асты сыйымдылығы.

ТҚ-ны қабылдау үшін 6 және 7 жапқыш ашылады,5-ші жапқыш олармен бір уақытта жабылады.ТҚ камераға кіру туралы белгі алғаннан кейін 6 және 7 жапқыш жабылады,ол құбыр үшін камераны босатады,ал мұнай айдау станциясына мұнай 5 жапқыш арқылы қабылданады.Камерадан ТҚ шығару ЖС сыйымдылығына камерадан ТҚ-ны өткізу үшін қысым тасталуы мен мұнай төгуден кейін жасалады.

Әдетте,тазарту құрылғысының қабылдау – іске қосу тораптарымен пайдалану бөлімшелері шекарасында орналасқан, МАС-тар жабдықталады.

Аралық МАС-тар (4 сурет) ТҚ-ның рұқсатнамалық тораптарымен жабдықталады.

4 Сурет.Тазалау құрылғысының өткізу тораптарының принципті схемасы: с-сигнализатор.

Аралық МАС ТҚ өткізу мерзімінде,әдеттегідей технологиялық құбырлар мен сорғыға шөгінді түсіруден аулақ болу үшін тоқтатылады.Айдау станциясын тоқтату,тазарту құрылғысы келгенге дейінгі есептік уақытта 2 сағат бұрын жүргізіледі.Сонымен бірге 6,7 жапқыш ашылады және 1,5,8, және 9 жапқыш жабылады.ТҚ өтулерден кейін МАС-тың жанынан және сызықты сигнализатордың іске қосылуынан кейін станцияны іске қосады.Ол үшін 1,8, 9 жапқыш ашылады және 6,7 жабылады.

2.Есептік бөлім

2.1Фонтанды құбырларды парафиннен автоматты қырғыш арқылы тазалау есебі.

Есеп 2.1. Ұшқыш қырғыштың салмағын, фонтанды ағыннан қырғышта пайда болатын меншікті қысымды, құлау және түсу жылдамдығын, қырғыштың тәулік жұмыс циклінің санын анықтау керек.

Есепке берілгендер: ұңғы дебиті Q = 75 т/тәу; газ факторы G0 =220 м3/т; мұнайдың салыстырмалы меншікті салмағы =0,77; ұңғының тереңдігі Н = 1280 м; көтергіш құбырлардың диаметрі d = 76 мм; буфердегі қысым Рбуф = 43,4 ат; парафин құбырда сағаға дейін 400 м-де түзілген, сондықтан төменгі амортизатор L = 460м тереңдікте орналасқан. Осы 460 м тереңдікте (тереңдік манометрмен өлшеу бойынша) Р = 100 ат; ұңғы сағасында мұнай және газ қоспасының салыстырмалы меншікті салмағы =0,42, ал 460 м тереңдікте= 0,61; қырғыштың көлемі W = 350 см3; клапандар ашық кезінде (төмен құлау жағдайында) қырғыштың көлденең қимасының ауданы f2 = 10,8 см2; клапандар жабық кезінде (жоғары көтерілу жағдайында) көлденең қимасының ауданы f1 = 1,9 см2; шығым коэффициенті = 0,86.

Келесі жағдайлар (шарттар) орындалған жағдайда автоматты қырғыштардың жұмысы қамтамасыз етіледі:

  1. Қырғыштың салмағы, оның құлау кезінде кедергі болатын күштерден асатындай салмағы болуы қажет; клапандар ашық болған кезде өту қимасы неғұрлым үлкен болу керек;

  2. Қырғыштың салмағы фонтанды арынмен көтерілу үшін азырақ болуы қажет (әсіресе, төменде болған кезде);

  3. Клапандар жабық жағдайында өту қимасы неғұрлым аз болуы шарт.

Сонымен, ұшатын қырғыштың жұмысы фонтанды құбырларда құлау және оның көтерілу шарттарымен шектеледі.

Ұшатын қырғыш еркін құлау үшін, ол ұңғының сағасындағы сұйық кедергісі шамасынан асу қажет. Ол кедергі келесі формуламен анықталады:

, (2.1)

мұнда - кедергі коэффициенті; F=30,2см2 –62-мм-лік көтергіш құбырлардың көлденең қима ауданы; g=981 см/сек2 – ауырлық күшінің үдеуі; - қырғыш құлау кезінде газ-мұнайлы қоспаның қозғалу жылдамдығы, см/сек.

Осы жылдамдықты анықтау үшін буферлік қысым жағдайында газ-мұнайлы қоспаның көлемді шығымын анықтаймыз.

Мұнаймен бірге өндірілетін газ мөлшері:

м3/тәу (2.2)

Мұнайда газдың орташа көлемдік еру коэффициенті

м33ат (2.3)

Мұнаймен бірге өндірілетін еріген газ мөлшері:

м3/тәу (2.4)

Атмосфералық жағдайда мұнаймен бірге келетіе еріген газ мөлшері:

м3/тәу (2.5)

Буферлік қысымда еркін газ көлемі

м3/тәу (2.6)

Буферлік қысымда газ-мұнайлы қоспаның көлемдік шығымы

м3/тәу (2.7)

немесе

см3/сек.

Қырғыш құлаған кезде буфердегі газ-мұнайлы қоспаның қозғалу жылдамдығы

см/сек. (2.8)

Ұңғы сағасында қырғыш құлаған кезде сұйықтың кедергісі

Г

Есепті дәл осылай төменгі амортизатор орналасқан 460м тереңдікке жүргіземіз. Еріген газ мөлшері

м3/тәу

Атмосфералық жағдайда еркін газ мөлшері

Qсв = 16500 – 7402 = 9098 м3/тәу.

Қысым P = 100ат кезінде еркін газ мөлшері

м3/тәу

Қоспаның көлемдік шығыны

м3/тәу немесе 2180 см3/сек (2.9)

Төменгі амортизатор жанындағы-мұнайлы қоспаның салыстырмалы қозғалу жылдамдығы

см/сек (2.10)

Төменгі амортизатор жанында қырғыштың құлауына сұйықтың кедергісі

Г.

Ұшатын қырғыштың еркін құлауы үшін оның салмағы сұйық кедергісінен жоғары болуы керек. Бұл жағдайда қырғыштың салмағы 2813 Г-дан жоғары болуы керек.

Жоғарыдағы есептер, құбырлар бойындағы парафиндер қосымша кедергі тудыратынын ескермеген. Сондықтан, қырғыштың салмағы есептелгеннен едәуір көп болуы шарт. Әдетте осындай қырғыштардың салмағы 2,5-3,5 кг шамасында болады.

Қырғышты көтеру жағдайындағы есептерді жүргіземіз.

Клапандар жабық болған кезде f1 = 1,9 см3 ауданымен ұңғы сағасында газ-мұнайлы қоспаның салыстырмалы қозғалу жылдамдығы:

см/сек.

Қырғышты көтеру кезінде ұңғы сағасында оған түсетін қысым,

Г

немесе 125,851 кГ.

Төменгі амортизатор жанында газ-мұнайлы қоспаның салыстырмалы қозғалу жылдамдығы

см/сек

Қырғышты көтеру кезінде төменгі амортизатор жанында сұйықтан туындайтын қысым

Г немесе 40 кГ

Осымен қатар, қырғышты көтеру кезінде сұйықтан болатын ең үлкен меншікті қысым (ұңғы сағасында)

кГ/см2 (2.11)

Осымен қатар, қырғышты көтеру кезінде парафинді тазалау үшін А.А. Болтышев зерттеулері бойынша қосымша 5,22 кГ/см2 меншікті қысым қажет. Сонда, жалпы меншікті қысым 7 кГ/см2 және ол буферлік қысымнан аз болуы шарт.

Бұл шарт орындалады, яғни (7кГ/см2буф=43,4кГ/см2). Тәулігінде автоматты қырғыштың жұмыс циклы

(2.12)

мұнда - толық бір циклда қырғыштың жұмыс уақыты,сек , мұнда және– қырғыштың құлау және көтерілу уақыты);және– қырғыштың орташа құлау , көтерілу жылдамдықтары, м/сек.

Құлаған қырғыштың құбырлардан салыстырмалы орташа қозғалу жылдамдығы

(2.13)

мұнда - газ-мұнайлы қоспаның орташа көлемдік шығымы;=30,2см2(62мм) көтергіш құбырдың көлденең қима ауданы;- қырғыштың фонтанды арыннан салыстырмалы орташа қозғалу жылдамдығы, ол қырғыштың құлау кезіндегі сұйықтың кедергісі формуласынан анықталады:

(2.14)

Осы формулада

мұнда Р – ұшатың қырғыштың салмағы (Р=2500Г қабылдаймыз); - құлайтың қырғыштың салмақ жоғалтуы;- газ-мұнайлы қоспаның салыстырмалы меншікті салмағы.

Қырғыштың орташа құлау жылдамдығы

.

«-» минус таңбасы құлаған қырғыштың бағытын білдіреді, яғни фонтанды ағынға қарсы бағытталатындығын білдіреді. Қырғыштың көтерілу жылдамдығы

(2.15)

мұнда -қырғыштан өтетін қоспа шығыны

(2.16)

Бұл формулада - сұйық бағанасының метрінда қысымдар айырымы (қырғыш салмағынан фонтанды ағынға туындайтын меншікті қысым шамасымен анықталады);=0,17кГ/см2=1,7 м сұйық бағанасы, немесе 170 см сұйық бағ.:

Яғни осыдан,

.

Бір циклдің ұзақтылығы

Қырғыштың тәулікте жұмыс жасау цикл саны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]