Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

Кеңістік пен уақыт

Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады.

Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы.

Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады.

Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды.

Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан.

Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады.

Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.

Болмыс, материя, қозғалыс ұғымдары дүние дегеніміз бір-бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтас байланысты бірліктегі құбылыс екендігін айқын көрсетіп отыр. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасында өзара тылсым байланыс пен бір-біріне өту бар.

Қоғам өмірі, оның заңдылықтары өзінің материалдық негізі болып табылатын табиғатпен тығыз байланысты. Жердегі тіршілік космос әлемімен байланысты.

97. Философиядағы әдіс мәселесі.Ғылыми танымның әдістері мен формалары.Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейі.

Ғылымда зерттеу бар талдау бар эксперимент бар бұл ғылыми әдістерге жатады. Әдіс (метод, грекше – таным тәсілі) – кең мағынасында – «бір нәрсеге жол салу», субъектінің кез келген түрде қызмет ету тәсілі.

«Методология» түсінігінің екі мағынасы бар: белгілі бір қызмет (ғылым, саясат, өнер, т.б.) саласында қолданылатын тәсілдер жүйесі; сол жүйе туралы ілім, әдістің жалпы теориясы, теорияның жүзеге асуы.

Таным мен практиканың тарихы, оның қазіргі жағдайы кез келген әдіс пен принциптер жүйесінің теориялық және практикалық мәселелерді шешуге нәтижелі көмектеспейтінін көрсетті. Сондықтан зерттеу нәтижелері ғана емес, оған жеткізетін жол да шынайы болуы тиіс.

Әдістің (метод) басты қызметіне таным процесінің ішкі ұйымы мен оны реттеу немесе қайсібір нысанды практикада жүзеге асыру жатады. Сондықтан әдіс (қайсібір түрлерінде) белгілі бір ереже, тәсіл, таным нормалары және оны іске асырудың жиынтығына тіреледі. Демек белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған талап, принцип, т.б-дың жүйесі.

Ол ізденісті реттейді, күш пен уақытты үнемдейді әрі мақсатқа жетудің қысқа жолын көрсетеді. Шынайы әдіс компас секілді, таным субъектісі және іс-әрекет үшін жол салады, қателіктерден сақтандырады. Философ Ф.Бэкон әдісті қараңғыда жол сілтейтін шамшырақпен салыстыра отырып, танымның құралы – индукция  методы деп есептеді. Яғни ол ғылымнан эмпирикалық талдау, бақылау және экспериментті қалады. Соның негізінде себеп пен заңды тануға болады деді. Эмпирикалық деңгейдегі алғашқы бақылауға теориялық талдаудың жүйелі-құрылымдық әдістемесі де жатады (білім дамуының белгілі бір деңгейі, ғылыми фактілерді жинақтау, зерттеу нысаны туралы түсініктердің жиналуы, т.б.).

Эмпирикалық немесе тәжірибелілік өз кезегінде сынақ пен тексеру арқылы іске асады. Және тексеру екі түрлі болуы мүмкін: тәжірибе арқылы сынау (онымен тәжірибелік /эксперимент/ ғылым айналысады) және салыстыру арқылы сынау (бұл салыстырмалы /компаративті/ ғылым аясына кіреді). Негізінен салыстыру да, тәжірибе де бір принципте жұмыс істейді. Яғни дескрипті мәліметтерді арнайы сараптамалық құралдар арқылы жүйелі және методикалық сәйкестендіру.

Р.Декарт әдісті (метод) өтіріктен шынайыны ажыратуға көмектесетін «нақты да қарапайым ереже» деп түсіндірді. Әсіресе дедуктивті-рационалды әдіссіз қайсібір шынайылықты іздеудің өзі қажетсіз дейді философ.

Әрбір әдіс белгілі бір теория негізінде жасалатыны сөзсіз. Әдістің тиімділігі, күші теорияның мазмұны, тереңдігі, іргелілігімен байланысты. Әдіс ғылымның әрі қарай дамуына, теориялық білімнің жүйеленуіне, оның практикада іске асуына себеп болады. Демек, теория мен әдіс бір-бірінсіз болмайды,  сол секілді бір нәрсе де емес. Олар бір-біріне әсер ете отырып, теория өмірді бейнелейді де ал әдіс зерттеулер арқылы теорияға қайта оралады. Демек, әдіс – практикада іс-әрекетке айналған теория.

Ғылыми әдіс бірнеше топтарға бөлінеді. Ғылыми таным процесінде қолданылуы мен рөліне қарай әдістер формальды, мазмұнды, эмпирикалық және теориялық, іргелі және қолданбалы, зерттеу әдісі және мазмұндау, т.б. болып бөлінеді.

Ғылыми зерттелмек нысандардың мазмұнына орай қолданылатын әдістер жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық деп бөлінеді. Өз кезегінде жаратылыстану ғылымы әдістері өлі табиғат және тірі табиғат, т.б. әдістерге бөлінеді. Сонымен қатар сандық және сапалық, детерминистік және ықтималдылық, тікелей және жанама, түпнұсқалық және туынды, т.б. әдістер деген де бар.

Ғылыми әдіс белгілеріне көбінесе объективтілік, қайта жаңғыру, эвристикалық, қажеттілік, нақтылық, т.б. жатады. Қазіргі білімде методологиялық білімнің көпсатылы концепциясы нәтижелі қызмет етуде. Бұл жағынан ғылыми танымның барлық әдістерін төмендегідей басты топтарға бөлуге болады:

Философиялық әдіс, оның ең ежелгісіне диалектикалық және метафизикалық әдістер жатады. Әрине әрбір философиялық концепцияның ой-қабілетін көрсететін методологиялық қызмет түрлері бар. Сондықтан философиялық әдіс осы екі атаумен шектелмейді. Оған сараптамалық, интиутивтілік, феноменологиялық, герменевтикалық, т.б. кіреді.

Методология әдістен (метод) кеңірек, оны үш деңгейлі білім – философиялық, ғылыми-теориялық және эмпирикалық ілім деуге болады. Сондықтан методологияны әдістен ажырату, нақты әдіс немесе әлеуметтік ақпаратты (мысалы, сипаттау, сандық, т.б.) берудегі айырмашылықтарды білу керек. Бұлайша араластырып жіберу тарихи танымның көзқарастық аспектілерін толық ашпаған болар еді. Тарих методологиясы, әрине, әдістерден немесе зерттеудің техникалық тәсілдерінен алыстамайды; ол онымен нақты, эмпирикалық негізде айналысады. Тарих методологиясы тұрғысынан белгілі бір құбылысты зерттеуде нақты-тарихи талдауға, тарихнама және дерекнамаға сүйенетін көзқарастық, теориялық жағдайлар маңызды болып табылады.

Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]