Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

111. Д.Дидро «Табиғатты түсіндіруге байланыста ойлар»

Дидро айтады табиғатты зерттеу керек дейді, табиғатты зерттемесе ғылым болмайды. Табиғатты зерттеу үшін адам соған өмірін жұмсау керек. Табиғат деген әйел дейді, әйелге қызығатындар көп ер адамдар, әйел соның бәрін қабылдамайды, итереді, әрі кет дейді, сондықтан сондай әйелге жоламай әрі кетеді жай адам болса, ал шыныменен есі кеткен адам әйтеуір ақыр соңында ойлағанына жетеді дейді. Табиғатты зерттейтін ғалымдар да сондай болу керек, сонда табиғат өзінің ішкі сырын ашады дид, әйтпесе ашпайды. Сондықтан табиғатты зерттеу кезінде жанағы ер адамдай табанды болу керек. Бұның айтқаны ғалымдарды табиғатқа қарай бетін бұру ғой. Дени Дидро – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды.

Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол “дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.

Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің “Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.

Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.

Дидроның айтуынша, егер де тәрбиеші балаға табиғаттан берілген жағымды нышандарды дамытуға ұмтылса және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса, сол уақытта тәрбие жұмысында жақсы нәтижеге жетеді деп дәлелдеді.

Дидроның баланың табиғи ерекшеліктерін ескеру, оның даралық ерекшелігін дамыту туралы ұсыныстары жағымды бағалауға тұрарлық. Тек ғана таңдаулылар емес, барлық адамдар табиғаттан қолайлы нышандармен жаратылған деп дұрыс түсіндіреді.

Мұғалімге ерекше мән бере отырып, ол өз сабақ беретін пәнін терең білетін, өте қарапайым, әділ және басқа да жоғары адамгершілік сапаларды меңгерген болуды талап етті.

ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің педагогикалық көзқарастары олардың философиялық тұжырымдарымен бөлінбейтін буржуазиялық халық ағарту саласындағы талаптарын 1789 жылы революция қарсаңында бейнелейді. Француз материалистерінің тәрбие ілімі 1789-1794 жылдары буржуазиялық революция қайраткерлерінің және ХІХ ғ.социал-утопистердің (Сен-Симон, Фкрбе, Оуэн) педагогикалық идеяларына ерекше ықпал етті.

112. Қоғамдық сананың формалары,олардың байланысы және әлеуметтік қызметтері.Қоғамдық сана түрлеріне обьективтік шындықтың бейнелену тәсілдері.

Ақыл жастан, асыл тастан – қоғамдық сана, мен асыл тастарды білемін, бағалаймын – жеке сана.

Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.[1

Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады

Сананы түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну; 2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]