Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

108. Дж.Бруно,б.Спиноза пантеизмі.

Субстанция мәселесі Спиноза пантеизмі. Тағы да бір жаңа дәуір философиясының көрнекті ұлы ойшыл философы Бенедикт Спиноза. Ол 1632 жылы Амстердам қаласында еврей көпесінің отбасында дүниеге келген. Сондай-ақ ол сол Амстердамдағы еврейлердің діни училищесінде оқып, Ван ден Эндан атты тәлімгер, мұғалім, ұстаздың ықпалында болады. Спиноза жас кезінен Дж. Бруно, Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларына ден қойып, құныға оқыған. Спинозаның бұл көзқарасын жан-жағындағы еврейлер діни қауымдастығы қабылдамай, Еврей дін өкілдерінің қудалауына алынып, басқа бір жерлерге бас сауғалап кетуіне мәжбүр болған. Сондықтан Бенедикт Спиноза ауылдық жерге қашып барып, сонда өз күнін көре бастайды, сол жерде өзіндік шығармашылық жұмысын жалғастырып, түрлі еңбектер үстінде жұмыс істей бастайды. Былайша айтқанда біз Спинозаны кей біргі мәліметтер бойынша ХҮІІ ғасырдың ұлы философтарының бірі голландық Декарт ізбасары, Декарт, Гоббс сияқты рационалист, бірақ философиядағы өз жолын тапқан ойшыл деуімізге әбден болады. Б.Расселдің Спиноза бойынша пікірі төмендегідей: «Спиноза ұлы философтардың ішіндегі ең ізеттісі және ұнамдысы, сондықтамен Бенедикт Спиноза жайлы әңгіме қозғағанда қорықпастан былай деп айта аламын: интеллект жағынан, кейбір философтар одан жоғары тұруы мүмкін, бірақ адамшылығы жағынан оған тең келері жоқ». Жас жағынан дін мектебі Синагогада білім алғандықтан дін жайлы, Інжілді, Тауратты жете білген. Бірақ еврейлер сопысы раввин болудан бас тартып, философияға және ғылымға ден қойған. Дін жолымен жүрмегендіктен раввиндер тарапынан қудалауға ұшырап, көнбегесін түрлі сыйлықтар, стипендиялар беріп сатып алмақ та болысқан. Еврей раввиндері Спинозаның көнбегеніне қарап, Спинозаны өлтірмек те болады. Ақыры соңында оны еврейлер қауымынан аластайды. Сол кездегі дәстүрге сай қауымнан аластау ауыр жаза болатын.Ешкім тіпті тума-туысқандары да онымн қарым-қатынас жасамауы керек болатын. Бірақ Спиноза өз өмір тағдырына мойымады. Амстердамның айналасындағы кішігірім деревняны паналап күнкөріс үшін әйнекті тегістеу ісімен шұғылданады. Тек түнгісін ғылыммен, философиямен айналысқан. Математиканы, философия тарихын, логиканы жете меңгеріп, Декарт іліміне ден қойған. Декарт ілімін оқып, жіктей келе оның дуалистік көзқарасын қабылдамады. «Дүние тұтас, Құдай да, ойлау да, рух та табиғаттан тыс дүниелер емес» деген Бруно, Кузинскийден келе жатқан пантейстік көзқарасты тиянақты жүзеге ке тірді. Спинозаны дінге қарсы шықты деп айыптағанмен ол атеист болмаған

109. Ғылымдар жүйесіндегі физиканың орны.Физика –атомдар механикасы ретінде.

Ғылым тарихы XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар арқылы пайда болған жаратылыстану - физика ғылымының дамуымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Физика ғана бүгінгі күнде ең дамыған, жүйелі түрде дамып келе жатқан жаратылыс ғылымы болып есептеледі.

Әлемнің физикалық картинасы бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан физика ғылымына жаңа философиялық идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен гипотезаларды енгізеді, бұның өзі әлемнің картинасы-ның өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Физика ғылымының дамуы - әлемнің физикалық картинасымен тығыз байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу - физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі картинасының біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады.

Физика дамуының әрбір кезеңдерінің барысында әлемнің физика-лық картинасы эволюциялық жолмен біртіндеп дамып отырады. Әлемнің физикалық картинасындағы негізгі ортақ ғылыми уғым ол -«материя», буған физика ғылымының көптеген мәселелері келіп тіреледі. Сондықтан, материя туралы түсініктің ауысуы - әлемнің физикалық картинасының ауысуына әкеледі. Физика тарихында бұндай жағдай екі рет қайталанды. Алғашында материя құралы атомистикалық, корпускулярлық теория өрістік-континуальдық теориямен алмасты. Одан соң XX ғасырда континуальдық теория қазіргі кванттық тео-риямен ауысты. Соған байланысты әлемнің физикалық картинасының бірін-бірі алмастырған үш түрін қарастыруға болады.

Әлемнің механикалық картинасы Х\Л-Х\/ІІ ғасырларда ежелгі фи-лософтардың атомистік көзқарастарын қарастырған Г.Галилей мен П.Гассендидің еңбектерінің, әлемнің физикалық картинасы туралы жаңа түсініктер мен принциптерді ұсынған Декарт пен Нютонның зерттеулерімен тығыз байланысты.

Әлемнің механикалық картинасының негізін қүраған атомизм тео-риясы болды, ал негізгі түсінік - қозғалыс туралы түсінік болды. Қозғалыс заңдарын Ньютон әлем дамуының іргелі заңдары ретінде санады.

Галилейдің «егер дене қозғалысына еш нәрсе әсер етпесе, ол қозғалыс шексіз үзақ уақыт бойында сақталады» деген тәжірибесінің қорытындысы (Галилео Галилей «Әлемнің екі негізгі жүйелері - птоломейлік және коперниктік жүйелердің диалогы», 1632 жыл) Ньютонның классикалық механикасына негіз болды (қозғалыстың үш заңын еске түсірейік). 1686 жылы Исаак Ньютон Лондон корольдығына өзінің «Табиғат философиясының математикалық бастамалары» еңбегін үсынды, онда ол қозғалыстың негізгі заңдарын, бүкіл әлемдік тарты-лыс заңын, масса, инерция, үдеу туралы ұғымдарды баяндады, Гали-лей еңбектеріне байланысты поляк ғылымы Н.Коперниктің «Аспан әлемінің айналымы туралы» еңбегі 30 жылдық зерттеу нәтижесі ретінде жарық көрді.

Әлемнің механикалық картинасында кез келген қүбылыс механи-калық заңдар арқылы қатаң түрде анықталып отырды. XVIII ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында әлемнің механикалық картинасының негізінде жер, аспан және молекулалық механикасы жасалды. Бұның өзі әлемнің механикалық картинасын абсолютті түрде, жан-жақты қарастыруға жол берді.

Сонымен бірге, уақыт өткен сайын физикада әлемнің механикалық картинасына қайшылықты эмпирикалық мәліметтер шықты. мысалы: жарық құбылыстарын түсіндіру үшін эфир түсінігін - ерекше жұқа әрі абсолютті үздіксіз материя қарастырыла бастады.

XIX ғасырда механикалық әдістемелер жылу қүбылыстарына, электрге және магнитизмге таралды. Бұл құбылыстарға механикалық тәсіл оншама қатысты болмағанмен, тәжірибелік фактілер әлемнің механикалық картинасына жасанды түрде енгізілді. Эфирдің атомдық жобасын жасау XX ғасырға дейін созылды. Физика ғылымы материя туралы уғымның заттай өзгеруін, әлемнің физикалық картинасының өзгеріске түсуін қажет етті.

Электрлік және магниттік қубылыстарды ұзақ уақыт бойында зерттей келе Майкл Фарадей материя туралы корпускулалық теорияны континуальдық теориямен, яғни үздіксіздік теориясымен алмастыру керек деген ойға келді.

Фарадей көзқарастарын жақтаушылардың бірі көрнекті ағылшын физигі және математигі Джеймс Максвелл болды. Оның электромагне-тизм теориясында электр мен магнетизмнің органикалық байланысы анықталды. Ертеректе Фарадей ашқан идеяларды негізге ала отырып, Максвелл электромагниттік өріс уғымын енгізді.

Өзіне дейінгі тәжірибелік жолмен ашылған электромагниттік қубылыс заңдары мен М.Фарадей ашқан электромагнетизм индукциясы құбылысын біріктіріп, тужырымдап, Максвелл таза математикалық әдіспен электромагниттік өрісті өрнектейтін дифференциалды теңдеулер жүйесін тапты. Бул теңдеулер жүйесі электромагниттік қубылысты өз шамасында барынша толық өрнектейді және ньютондық механика жүйесі сияқты толық та жетілген жаңа теорияны сипаттайды. Осы теңдеулерден электрлік зарядтарға «байланбаған» өрістің жеке өмір сүру мумкіншілігі болуы керек деген маңыз-ды тужырымдама шығады.

Максвелл теориясы бойынша әрбір зарядталған үсақ бөлшек өріспен көрінбейтін жиекпен қоршалған, ол жақын маңайда орналасқан басқа зарядталған бөлшектерге әсер етеді, басқаша айтқанда, заряд-талған бір бөлшектің өрісі басқа бөлшектерге біршама кушпен әсер етеді. Әсер ету табиғатына мундай көзқарастар тартуды кеңістікпен бөлінген массалар арасындағы тікелей өзара әсер етудің күші деп есептейтін ньютондық тужырымдамадан айрықша ерекшеленеді. Максвелдің теориясында кеңістіктің берілген нүктесіне орналастырылған бөлшектің қозғалысы куштік сипатпен - осы нүктедегі кернеу күшімен анықталады.

Максвелдің электромагниттік өріс теориясы физика мен жараты-лыстануда жаңа кезеңнің басталуын анықтады деуге болады. Физика-ның дамуының дәл осы кезеңінде электромагниттік өріс өмір шындығына, өзара әсердің материалдық сақтаушысына айналды. Әлем бірте-бірте электрлі зарядталған бөлшектерден құрылған, электромагниттік өріс аркылы өзара әсерлесетін электродинамикалық жүйе болып ұғыныла бастады.

Өз теңдеулерін талдай келе, Максвелл электромагниттік толқындар деп аталатын толқындар болуы керек деген қорытындыға келді және олардың таралу жылдамдығы жарықтың жылдамдығымен бірдей екендігін есептеп шығарды. Осыдан келіп жарық дегеніміз элек-тромагниттік толқындардың бір түрі деген қорытынды шығады.

XX ғасырдың басында материя туралы екі қарама-қарсы көзқарас пайда болды: ол шексіз түрде үздіксіз беріледі немесе ол дискреттік бөлшектерден турады. Физиктер осы екі көзқарасты біріктіруге тырысқанымен, ол ешқандай нәтиже бермеді.

1913 жылы Н.Бор атомның жобасын усынғаннан кейін бұл жағдай одан ары күрделене түсті. Ол ядроны айнала қозғалатын электрон электродинамиканың заңдарына кереғар түрде знергия бөліп шығармайды деді. Бул жағдай материя мен қозғалыс туралы жаңа физикалық түсініктердің қалыптасуына әсерін тигізді. 1924 жылы Луи де Броиль әрбір бөлшектің өз толқындық қасиеті (үздіксіздік) және дискреттік қасиеті (кванттылық) бар деген пікір айтты. Бул түсініктер Э.Шредингер мен В.Гейзенбергтің еңбектерінде де атап көрсетілді.

Сонымен, материя туралы жаңа, кванттық-өрістік түсініктер қалыптаса бастады, яғни мунда корпускулалық-дуалистік сипат әр материя белшегінің өзіндік толқындық қасиеті болатындығы айқындалды. Материяның өзгермейтіндігі туралы түсініктер өзгерді.

Элементаралық бөлшектердің негізгі ерекшеліктерінің бірі - олардың өзара байланыстылығы мен өзара айналымдылығы. Қазіргі физи-када негізгі материалдық объект түрге айналуы бөлшектер санына байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]