Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

Сондықтан адам әрекет етпес бұрын, не істейтінін түсінеді. Адам және бұл дүние жаратылғандықтан, заттар жетілудің әртүрлі сатыларында болады. Олай болса, адамның өзі қалайтын құндылықтарды таңдау мүмкіндігі бар. Ойшыл атап көрсеткендей, жамандықтың түптамырлары осында жатыр. Сөйтіп, түсіну мен оған сәйкес келетін іс-әрекет арасында қарама-қайшылықтар туады. Таңдау еркіндігіне бола адам күнәға батқан кезде, шындықтан таюы, тіпті оны ұмытып та кетуі мүмкін.

Әлеуметтік философияда ойшыл қоғамдық қатынастардың нормативтік реттелуіне үлкен көңіл бөледі. Ф.Аквинский әлемде бар заңдардың үш түрін ажыратып көрсетеді:

1.Мәңгілік заңдар (лат. – lex aeterna).

2.Жаратылыс заңдары (лат. – lex naturalis).

3.Адам жасайтын заңдар (лат. lex humana).

Мәңгілік заңдар – ол Құдайдың Әлемді жарату алдындағы жобасы. Оларда әрбір заттың не үшін пайдаланылатыны, оның орналасуы, тәртібі көзделген.

Жаратылыс заңдары ақыл-ойы бар тіршілік иесі ретінде адамның жақсылық пен жамандықты ажырата алатын қасиеттерінен келіп шығады. «Жақсылық жасауға ұмтыл, жамандықтан аулақ бол» – жаратылыс заңы. Жаратылыстың ең жоғарғы құндылығы – өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтауға ұмтылуға тиіс. Бұл да – табиғат заңы. Ер адам мен әйелдің өзара қарым-қатынастары, бала тәрбиесі және басқалары да осыған жатады.

Адам жасайтын заңдар қылмыскерлерге, әртүрлі жамандықтарға қарсы бағытталған. Олар адамның ақылынан туған. Оларда заң қатаң қадағалайтын мақсат және сол мақсаттарға жету құралы көзделген. Егер Августин адами заңдардың қажеттігін адамның бастапқы күнәһарлығынан көрсе, Ф.Аквинский табиғи қажеттіліктен шығарады. Олар табиғи заңдардың нақтылануы сияқты және соларға сай болуға тиіс. Адам ақылының нәтижесінде жаратылыс заңдарынан адамның азаматтық құқықтары келіп шығады. Мысалы, өмірді сақтау – табиғат заңы, ал одан: «Өлтірме!» – деген қағида туады. Адами заңдарда нақтылана отырып, адамды қасақана ниетпен өлтіру немесе адам өлтіру фактісінің кездейсоқ орын алғаны айқындалады. Тиісінше, қылмыс істеген адам жазаланады. Қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулай отырып, заң адал ниетті адамдарды қорғайды. Алғашында қылмыскер заң талаптарына мәжбүрлі түрде бағынады, кейіннен бұл

81

дағдыға айналады. Ақырында, қылмыскер адал адам болып шыға алады. Заңның тәрбиелік мәні осында жатыр.

Ф.Аквинскийдің табиғат заңдарына қайшы келгенде, адами заңдардың күштерін жоятыны туралы ойына назар аударайық. Адами заңдардың негізінде әділеттілік жатуға тиіс, әйтпесе қоғамды сыбайласқан жемқорлық, билікті асырапайдаланушылық жайлайды.

Ф.Аквинскийдің ойынша, биліктің ең қолайлы түрі – монархия, ал ең жаманы – заңсыздықтар мен зорлық-зомбылыққа жеткізетін озбыр билік. Ал мемлекеттің рөлі үлкен: қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулай және тәрбиелей отырып, сондай-ақ тәртіп пен адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз етіп, мемлекет адамдардың өмірін, олардың әдетғұрыптарын жақсартады.

Бірақ мемлекет адамдардың барлық рухани тілектерін қанағаттандыруға қауқарсыз. Сол себепті адамды шексіз сүйетін Құдай оған Ашылу (лат. – lex divina) заңдарын (аяндар арқылы) берді, адам, өз кезегінде, адами заңдарды солармен өне бойы салыстырып отыруға тиіс.

Ф.Аквинский қоршаған ортаны танып білу барысында адамның өзі қол жеткізе алатын білім шындықтарының алдында Құдайдан түскен аяндардағы сенім шындықтарының басым екеніне сендіре отырып, бұл іргелі қағиданы адамның қоршаған дүниені танып білуінің тұтас үдерісіне таратады.

Бұл қағидаларды ұлы ойшыл қалай негіздейді? Адам – кемеліне келмеген тіршілік иесі, оның кемшілік-міндері де көп, адасып-шатасуға бейім. Сондықтан бір уақыт ол Библияға (Қасиетті құжатқа) жүгініп, өзінің қолы жеткен білімдерін Ашылу (аян) шындықтарымен салыстырып отыруға тиіс. Егер олар бір-бірлеріне қайшы келсе, онда – адамның адасқаны деп біліңіз.

Ф.Аквинскийдің бұл қағидаларында үлкен мағына бар. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұл жерде ғылымның дамуына адамгершілік тұрғысынан бақылау жасау туралы сөз болып отыр. Адам, өкінішке қарай, әлі күнге дейін ғылым жетістіктерін бірінші кезекте соғыс қаруларын жетілдіру мақсатында пайдаланады. Ал қазір біз термоядролық ақырзаманда адамзаттың өзін-өзі өлтіруі мүмкін шектерге тым жақын тұрмыз. Көріп отырғанымыздай, Ф.Аквинскийдің ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған екен.

Айтылғандарды қорытындылай келе, Ф.Аквинский шығармашылығының әлемдік мәдениет тарихында елеулі де өшпес із қалдырғанын ерекше атап айтуға тиіспіз. Оның жарқын ойлары, таза

82

логикасы, өмірге құштарлығы, Құдай мен адамға деген сүйіспеншілігі әлі де қазіргі заман адамдарының рухани өмірлеріне, олардың философиялық сипаттарына шабытты серпін беретін үлгі болып қала береді.

2.4. Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы. Әлеуметтік-саяси және идеялық алғышарттар

Орта ғасырларда Шығыс Арабия елдерінде және Орталық Азияда әлемдік мәдениетте өзінің лайықты орнын тапқан өзіндік философия пайда болды. Құл иеленуші Батыс-Рим империясы күйрегеннен кейін, «тарихи бастамашылықтың» біртіндеп Шығыс Арабия елдеріне өтуі орын алады. VII ғасырдан бастап, көшпенді өмір салтын ұстанған және өздерінің ру-тайпалық Құдайларына бас иетін араб тайпалары әскери демократия деңгейінде тұрып-ақ енді ғана пайда болған исламның – жаңа әлемдік діннің жасыл жалауы астына біріге бастайды.

Исламның отаны – Батыс Арабия. Бұл жаңа феодалдық қатынастардың қалыстаса бастаған кезеңі еді. Әлбетте, олар үшін арабтардың қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістерді идеологиялық тұрғыда бекітіп қана қоймай, қоғамды түбегейлі қайта құру үдерісін жеделдетуге қабілетті жаңа дін қажет болды. Ислам дәл солардың ойындағындай дінге айналды. Оның пайда болуына сыртқы саяси ахуал: Оңтүстік Арабияны парсылар мен эфиоптардың жаулап алуы, соның нәтижесінде Арабия жарты аралдарын кесіп өтіп, Меккеде тоғысатын дәстүрлі керуен жолдарының кесіліп қалуы да оң ықпалын тигізді. Бұл экономикалық тоқырауға жеткізіп қана қойған жоқ, сонымен бірге ру-тайпалық билікті де айтарлықтай әлсіретті.

Бұрын болған экономикалық және саяси әлеуетті қайта жандандыру үшін, бөлек-бөлек шашырап кеткен араб тайпаларын біртұтас мемлекеттік құрылымға біріктіру қажет болды. Ал ол үшін, біріншіден, шоғырландыратын, нығайтатын дүниетаным керек еді, рутайпалық политеизмнің орнына, монотеистік дін ғана сондай бола алатын еді, ал, екіншіден, өзін барлық арабтардың рухани және саяси көсемі деп жариялай алатын жарқын тұлға қажет болды.

Арабтардың ұлы пайғамбары, исламның негізін салушы және басты адамы Мұхаммед (570-632) дәл сондай тұлғаға айналды.

Бір дінді ұстанған әлеуетті мемлекет құра отырып, арабтар сырт елдердібағындыруғакөшіп,ИндтанбастапАтлантикағадейінсозылып жатқан алып империя құра алды. Бұл арабтарға Батыс пен Орталық Азия елдерінің ежелгі мәдениетімен танысуға, өндіргіш күштерді,

83

сауда-саттықты, теңізде жүзуді ары қарай дамытуға мол мүмкіндік берді. Батыста Испанияға дейін жеткен арабтар өздерінің мәдениетін, тілі мен дінін және философиясын жаулап алған елдері арасында кең тарата бастады. Күні бүгінге дейін әлемдік лексикада арабтардың: ар-

сенал, адмирал, авария, тариф, медицина, алгебра және басқадай сөздері пайдаланылып келеді. Тарихи қысқа мерзім ішінде арабтар мемлекетті басқару өнерінде, әскери істерде, сәулет пен философияда таңғалардық нәтижелерге қол жеткізді. Осының барлығы да басқа елдердің тәжірибелерін қабылдап алып, оларды асқан ептілікпен өз мәдениетімен ұштастыра білу нәтижесінде мүмкін болды.

Мысалы, арабтар баға жетпес іс істеді: антика философиясын мұқият зерттеп біліп, көптеген еңбектерді араб тіліне аударды және негізгі идеяларын ары қарай дамытты. Бұл ғаламат жұмыс тарихта «аудармашылық қозғалыс» деген атқа ие болып, Эвклид геометриясынан және Птоломейдің «Альмагестінен» бастап, Платон мен Аристотельдің шығармаларын қоса алғанда, VII ғасырдың соңынан XI ғасырға дейін созылды.

Араб мәдениеті, әрине, Орталық Азия халықтарына үлкен ықпал етті. Бірінші кезекте исламның таралуын айтуға болады. Өз заманында М.Вебер атап айтқандай, «ислам – жеңілмейтін жауынгеркөшпенділердің діні». Ал егер осылай болса, онда бұрынғы қазақтардың оны қабылдамауы мүмкін емес. Әлбетте, бұл үдеріс өне бойы табысты бола бермеген. Қайғылы сәттер де аз болмаған. Алайда, жалпы алғанда, ежелдегі қазақтардың исламды қабылдауы – олардың өмірлеріндегі елеулі оқиға болды.

«Тарихтың өзі, – деп жазады белгілі ислам зерттеушісі Осман Амин,–исламныңғылымменқолтықтасыпкележатқанындәлелдейді...

Ислам Пайғамбары: «Ең болмағанда, сен Қытайдан таба алатын білімді іздеп жүрмін», – демеп пе еді? «Ғалымның сиясы азаптанушының қанындай қастерлі», – дейтін дінді бар мән-мағынасымен білімғылымға қарсы деп жазғыруға бола ма?.. Қысқасы, ислам ғылымды бар күшін сала желеп-жебеді» (Amin O. Mohammed Abduh’s Apologetic for the Muslim Faith. – In: «Islamic Rewiew and Arab Affairs». London, 1960, vol. 48, N 1, – P. 6-7).

Ұлы Әл-Кинди (800-879) – араб философиясын бастаушы. Ол Аристотельдің идеяларын жақтаушылардың алдыңғысы болды. Оның негізгі еңбектері: «Алғашқы философия туралы», «Бес мағына туралы кітап» және басқалары. Еңбектерінде Әл-Кинди өз заманының негізгі ғылымижетістіктерінсуреттегенболыпсаналады,дегенменойшылдың

84

мұраларын зерттеумен айналысатын кейбір ғалымдардың ойынша, оның дәлелдері әрдайым сенімді бола бермейді және «шешендік, ал кейде ақындық уәждерге бой ұрады». Бұл, мүмкін, біздің заманымызға оның мұраларының он бөлігінен де аз мөлшері ғана келіп жеткенінен шығар. Алайда ойшылдың бізге жеткен шығармаларының ешбір күмән тудырмайтындай дәлелдейтіні – Әл-Кинди философияны жаратылыс және ғылыми білімдермен тығыз байланыстырған және философиямен айналыспақ ниеті бар адамның міндетті түрде математиканы жақсы білуге тиіс екеніне сенімді болған. Аристотельден кейін философияны ұтымды түсіндірген сол болды. Болмыс туралы өз ілімінде ол екі түпнегіз (субстанция) туралы айтады. Біріншісі – сезімдік заттар, сапалық және сандық жақтарын зерттеп алып, оларды таныпбілуге болады. Осының барлығын математика ғылымдары зерттейді. Оларды зерттемей тұрып, түпнегізді түсіну мүмкін емес. Кімде-кім түпнегізді білмесе, ол философияны біле алмайды. Ал философияны білмеген адам екінші түпнегізге жете алмайды, өйткені ол тұрақты және өзгермейді.

Адамды қоршаған болмысты Әл-Кинди «Ай астындағы әлем» деп атайды. Айдан тыс ешқандай қозғалыс та, пайда болу мен жойылу да жоқ. Олар тек Ай астындағы әлемге тән. Қоршаған болмыс төрт элемент: жер, су, ауа және оттан тұрады. Олар әртүрлі өзгермелі ісәрекеттерде табиғат денесін құрайды.

Таным ілімінде Әл-Кинди ең ғажап ғылым деп философияны мойындайды, өйткені ол заттардың шынайы табиғатын ашып көрсетуге, сол арқылы бізге іс-әрекеттерімізде жәрдемдесуге ұмтылады.

Әлденені тану үшін, төрт сұраққа жауап беру қажет:

1.Ол бар ма?

2.Ол не?

3.Ол қандай?

4.Себебі не?

Адам танымы екі түрге бөлінеді. Біріншісі – сезімдік таным. Ол бізге жақын, бірақ мағынадан алшақ, өйткені заттар тұрақты емес: үздіксізөзгеріптұрады,өтпелі.Сантұрғысынаналғанда,оларкөбейеді, азаяды, ал сапалық жағынан да бір-біріне теңбе-тең және теңбе-тең емес те болып жатады, күш алады немесе күшін жоғалтады..., біз өзгеретін заттардың пішінін ғана қабылдаймыз және оларды зердемізде және миымызда сақтаймыз.

Танымның екінші түрі мағынаға жақын, бірақ бізден алшақ. Бұл – ақыл-ой. Жекелеген заттар сезім арқылы қабылданады, бірақ әлденені,

85

яғни тұрақты мен тектікті сезіммен қабылдау мүмкін емес, олар ақылмен қабылданады.

2.5. Әл-Фараби философиясы

Әл-Киндидің философиялық идеяларының ары қарай дамуын Әл-Фараби шығармашылығынан көреміз. Аристотельдің еңбектерін аударғаны және оларға түсініктемелер бергені үшін, ол – әлемдік философияда «Екінші ұстаз» атанған адам.

Әл-Фарабидің толық аты – Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн-Тархан ИбнУзлак ат Түрік (870-950 жж.). Ол Қазақстанда, Отырар қаласында (Фараби) дүниеге келген. Ересек тарта бастағанда, білім іздеген ол керуенге ілесіп Таяу Шығысқа келіп, Бағдад және Алеппо қалаларында білім алады: араб және басқа тілдерді үйреніп, антика философиясына өз бетінше зерттеу жүргізеді. Біз оның өзіміздің ғұлама ойшылымыз болғанын мақтан етеміз. Бірақ белгілі бір дәрежеде ол араб ойшылы да болады, өйткені араб мәдениетінің ғаламат ықпалын сезінген және өз еңбектерін осы тілде тудырған. Сол себепті оны бәрінен бұрын «Шығыс философиясының жұлдызы» немесе «Жер планетасының ұлы ойшылдарының бірі» деп бағалағанымыз дұрыс болмақ.

Әл-Фарабидің сақталып, бізге жеткен еңбектерінен оның ғылым мен философиядағы айқын ұстанымын көреміз. Шығармаларының құрылымы, мәселелерінің тақырыптары мен қойылуы оны бізге арабтілді перепатетизмнің1 негізін салушы ретінде танытады.

Оның негізгі еңбектері ретінде «Ізгі қала тұрғындарының

көзқарастары туралы», «Ғылымдарды саралау жөнінде», «Азамат-

тық саясат» және басқа туындыларын атауға болады. Әл-Фарабидің болмыс туралы ілімі негізінде неоплатонизм өкілдері зерттеген эманация (кемерінен асу) ұғымы жатыр. Әлемді Алғашқы мән жаратқан, ол – бар жаратылыстың себепшісі. Алғашқы мән мүлтіксіз, мәңгі, өздігінен жетілген, түр-пішінге де, себепке де, мақсатқа да мұқтаж емес. Азғантай болса да, бір нәрсеге мұқтаждық сезсе, ол Алғашқы мән болмас еді. Ол – барлығынан жоғары, Бәрін білгіш, Данышпан, Шындық, Өмір және т.б. Алғашқы мән – материя емес. Сондықтан ойшыл оны «белсенді ақыл-парасат» деп атайды. Өзінің қай жағынан

1 Арабтілді перепатетизм – Аристотель мен неоплатонизм ілімдеріне негізделген ортағасырлық араб-ислам философиясы ағымдарының бірі.

86

да мүлтіксіздігі себепті Алғашқы мән өз-өзіне сыймай, кемерінен асып төгіледі, соның нәтижесінде басқа дүниелер пайда болады. Басқа дүниелерді тудыра отырып, Алғашқы мәннің өзі жоғалып кетпейді, Ол мәңгі өмір сүреді.

Егер ол жоғалып кеткен болса, онда Ол жоғарғы билігін жоғалтар еді де, Өзінің ар жағында одан да мүлтіксіздірек, жетілген әлдене бар екенін көрсетер еді.

Алғашқы мәннің эманациясы барысында алдымен материалдық емес аспан әлемдері, содан кейін барып Сатурн, Юпитер әлемі пайда болады. Бұл жерде біз ойшылдың схоластикалық ойларының үлгілерін көреміз. Ақыр соңында, бұл эманация біздің Ай астындағы әлеміміздің құрылуымен аяқталады. Оның айырмашылығы – бұл көптік әлемі. Оның негізінде жер, су, ауа мен от жатыр. Ал өмірге келсек, Әл-Фараби оны: өсімдіктер, жан-жануарлар және ақылды жанжануарлар, яғни адамдар деп бөледі.

Ақыл-парасат туралы ілім. Алғашқы мән – белсенді ақыл-парасат өзі тудырған болмысқа төрт парасат қосады:

Әлеует парасаты – бұл адам жанының заттардың табиғатын, олардың пішім-бітімін тану мүмкіндігі.

Маңызды (өзекті) парасат – бұл заттардың табиғатын тану және олардың пішіндерінің өздерінің материалдық негіздерінен оқшаулану мүмкіндігі. Таным барысында адамның дерексіз, жалпылама ойлау белсенділігі арқылы заттардың пішіндері ойлау қызметінің нысанына айнала отырып, дербес болмысқа ие болады.

Игерілген парасат – бұл қоршаған дүниені танып білу барысында адам баласының өз жанында жинақтаған білімдерінің жиынтығы.

Іс-әрекет парасаты – бұны әлеует парасаты мен өзекті парасат арасындағы өзіндік бір байланыстырушы тармақ деуге болады. Соның нәтижесінде әлеует парасаты өзекті парасатқа айналады. Мысалы, адамның көзі күн сәулелерінің көмегімен өзінің көру мүмкіндігін шынайылыққа айналдырады. Адамның қоршаған дүниені танып білуі барысында іс-әрекет парасаты соған шамалас қызмет атқарады.

Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси және моральдық философиясы да жеткілікті дәрежеде негізді болып табылады. Қоғам иерархиялық ұйымдастырылған әлемге ұқсас өмір сүреді. Бұл жерде тек Алғашқы мәннің орнын халиф – имам басып отыр. Ол өзінің өкімдері, ойлары, сезімдері, жан күйзелістері арқылы өзін қоршаған ортаға әсер етеді, ал олар адамдарға және одан да төменірек басқаларға әсерін тигізеді,

87

сөйтіп, халифтен шыққан флюидтер1 қоғамның ең төменгі топтарына жетеді. Қоғамның қажеттігін, біріншіден, адамның жападанжалғыз жан сақтай алмайтындығымен, екіншіден, басқаларсыз жетіле алмайтындығымен түсіндіруге болады.

Әл-Фараби толық және толық емес қалаларды, яғни қоғамдарды ажыратып көрсетеді. Толық қала – ол бір немесе басқа халықтың қоғамдық ұжымдасқан өмірі болса, ал толық емес қала – ол бір немесе басқа ауылдың немесе қала көшесінің тұрғындарының өмірі, олар өздігінен жетіле алмағандар. Ал толық қалаларды тағы екі: ізгілікті және надан деп екіге бөлуге болады.

Ізгілікті қаладағы негізгі мақсат – адамдардың бақытқа жетуі. Бұл мақсат үшін олар бір-бірлеріне жәрдемдеседі. Ондай қала бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ әрқайсысы толығымен өз қызметін атқаратын адамның дене мүшелерін еске түсіреді. Соған ұқсас, қала адамдары әртүрлі болғанмен, басшыларға бағынуға және өзара бірлесе қызмет атқара отырып, бір-бірлеріне жәрдемдесуге, толыққанды өмір сүруге тиіс.

Надан қалада жағдай мүлдем басқаша: бұл жерде адамдар бақыт дегеннің не екенін білмейді, сондықтан оған ұмтылмайды, оған сенбейді. Өмір мұраты деп олар денсаулықты, байлық пен рақатқызыққа жетуді, еш кедергісіз құмарлықтарға берілуді, атақ-даңққа бөленуді ойлайды. Бұл мақсат-мұраттардың әрқайсысы, олардың пікірінше, бақытқа жеткізеді, ал егер ойлағандарының барлығы іске асса, одан асқан бақыт жоқ.

Әл-Фараби надан қалаларды жіктеп, саралап шыққан.

Қажеттілік қаласында адамдар ең өмірлік маңызды өнімдер мен заттарды өндіру мақсатында бір-бірлерімен бірігеді, сөйтіп, жан сақтайды.

Айырбас қаласында барлық адамдар байлыққа ұмтылады. Күйреген қалада адамдар өмірлерінің мәнін ұғынудың орнына, тек

өз құмарлықтарын қанағаттандыруға ұмтылады.

Биліксүйгіш қалада адамдар басқаларға жоғарыдан қарайды. Оларды жеңіс қана қуантады.

Ізгіліксіз қалада адамдар ізгілікті жақсы біле тұра, бәрін де керісінше істейді.

Адасқан қалада адамдар өз өмірлерінің мәнін жоғалтқан және т.б.

1 Флюид (лат. fluidus – «ағатын» деген ұғым). Бұл жерде байқалмайтын «психикалық әсер» деген мағынада. 

88

Қоғамның жай-күйі және дамуы халифке тәуелді болғандықтан, Әл-Фараби билеушінің жеке басына аса қажетті алты қасиетті жеке бөліп көрсетеді:

даналық, яғни билік жүргізу халықтың тарихи тәжірибесіне, дәстүрлеріне, адамгершілік ізденістеріне сүйене отырып, терең ойтолғаныстар негізінде жүзеге асырылуға тиіс;

білімділік, яғни басшы өз заманының талаптарына жауап беруге әзір, озық білімді адам болуға тиіс;

тапқырлық, яғни жаңа жағдайда, күрт өзгерістер туғанда қоғамда пайда болған мәселелердің шешімін жедел табуға қабілетті болу;

болашақты көре білу, демек, бүгінгі күнді ғана емес, алыс болашақта не болатыны туралы да ойлау;

сөзбен халықты шабыттандыра білу, оның істерін игі мақсаттарға бағыттау;

денсаулығының мықты болуы, өйткені оған үлкен күш және жауапкершілік жүктеледі, әсіресе соғыс қимылдары орын алған кезеңдерде.

Бірақ барлық осы қасиеттердің ішінен ең бастысы ретінде ӘлФараби даналықты әділетті бөліп көрсетеді.

Көріп отырғанымыздай, бұдан мың жылдан артық уақытта өмір сүрген Әл-Фарабидің ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Кеңірек айтқанда, қай дәуірді алсақ та, философия тарихы ешқашанда «ескірмейді», онда жинақталған ойлар жаңа шығармашылық ізденістерге шабыт береді.

2.6. Ибн-Сина мен Ибн-Рушд

Ортағасырлық ірі ғалым-энциклопедистердің бірі Әбу-Әли ИбнСина (980-1037) Бұқараға жақын жерде дүниеге келген. Ұлты – тәжік. Еуропаландырылған есімі – Авиценна. Негізгі еңбектері: «Логика», «Метафизика», «Риторика» («Шешендік») және басқалары.

Ибн-Сина әлемнің білімді адамдарына өз қызметінің екі жағымен танымал: ол дәрігер және философ. Оның «Сауығу кітабы» төрт ғасыр бойы еуропалық студент-дәрігерлердің қойын кітапшасы болған.

Оның философиялық идеяларына тоқталар болсақ, оның болмыс туралы ілімі де эманация қағидасына сүйенеді. Әлем Алланың – бастапқы себептің жан-жақты жетілуіне және кемерінен асып төгілуіне байланысты пайда болған. Алғашқы себеп кемерінен аса отырып, иерархиялық тәртіппен Әлемдік Ақыл-парасатты, Жанды, қозғалыссыз

89

Аспан әлемдерін және, ақырында, Ай астындағы, біз өмір сүріп жатқан әлемді тудырады. Көріп отырғанымыздай, Ибн-Синаның көзқарасы Әл-Фарабидің болмыс туралы түсініктеріне жақын.

Ибн-Сина болмыстың «өмір сүру» және «мән» сияқты санаттарына айтарлықтай көңіл бөлген. Алғашқысы – нақты, ал мән – дерексіз (абстрактілі). Мысалы, жер бетінде өмір сүретін нақты тірі адамдар, аттар, иттер және басқалары бар. Ал олардың мәні «адамдық» және «хайуандық» ұғымдарды құрайды – олар жалаң, дерексіз. Әлемнің нақты денелері мен заттары бұл дүниеге келеді және уақыт өте келе – кетеді, ал олардың мәндері қалады, өйткені олар мәңгі және кемеліне келген.

Табиғатта бар заттар мен денелер ықтимал, болуы мүмкін болмыс қана болып табылады, өйткені олардың өзіндік негіздемелері жоқ. Олар бұл дүниеге жағдайлардың, кездейсоқтықтардың тоғысуы нәтижесінде келеді. Негізінде, олардың пайда болмауы да мүмкін. Ал егер қажеттіні, яғни бар болуды қарастырсақ, онда Ол бар және оның болмыссыздығы (болмаушылығы) мүмкін емес, өйткені оның өмір сүруінің өзіндік негіздемелері бар. Ол – Алла.

Ибн-Сина «жоқтан бар жасау», яғни әлемді жоқтан тудыру

қағидасын сынға алады. Егер Құдай бұл әлемді жоқтан тудырса, онда: «Ол осыған дейін не істеген?» – деген сұрақ туады. Егер Оның осыған дейін «ештеңе жасағысы келмесе», онда Құдайдың Бар Ізгілігі жойылады. Ал егер «жасай алмаса», онда Оның Құдіреттілігі қайда? Бұл жағдайда Жан-жақты жетілгендік қағидасына айтарлықтай нұқсан келеді, ал егер Құдайдың кемістіктері бар болса, онда Ол өзінің ғажап Мәнін жоғалтады.

Ғұламаның бұл сынынан маңызды қорытындылар келіп шығады. Ол Жаратушы ретіндегі Құдайды жаратылған Табиғатқа қарсы қоймайды. Құдай Алғашқы себеп болып табылатындықтан, материалдық Әлем Құдайсыз өмір сүре алмайды, ал Ол, өз кезегінде, материалдық Әлемсіз өмір сүре алмайды. Бұндай ұстаным, негізінен, пантеизмге (Құдайды Табиғатпен біртұтас деп сендіретін ілім) жақын.

Таным туралы ілімінде Ибн-Сина әлемді логика (оны кез келген ғылымға кіріспе деп мойындай отырып) арқылы танып білу мүмкіндігіне ерекше назар аударады. Ол адамның жан-дүниесінде әлеуетті ақыл-парасаттың бар екенін мойындайды. Адамның қоршаған әлемдегі заттардың мән-мағынасын ашып көрсете білу мүмкіндігі бар. Бірақ бұл – өте күрделі үдеріс. Таным түйсік сезімдерінен басталады:

90

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]