Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ARCNET технологиясы

.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
33.72 Кб
Скачать

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Механика – математика факультеті

Тақырыбы: ARCNET мен Apple Talk

Орындаған:Аусадықов Е

Тексерген:Сапакова С

Алматы – 2014

ARCNET стандартты пакетінде:

қабылдаушы адресі;

негіз адресі;

508 байтқа дейінгі көлемде мәліметтер(ARCNET Plus - 4096 байт).

Жіберуші орталар мен топологиялар гибридті желіге интеграциялануы мүмкіндігі бар, мысалы 1-суретте көрсетілген.

Жұлдызды топология реализациясы үшін ARCNET желілерінің көбісінде RG - 62/U коаксиал кабелі қолданылады. Желі ортасында не белсенді емес (non-repeating), не белсенді (repeating) бола алатын концентратор (hub) орналасады. Белсенді емес концентратор жұлдызшаның бір сәулесінің ұзындығын 30 метрге дейін қамтамасыз ете алады. Белсенді концентратор жұлдызша сәулесінің ұзындығын 600 метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Белсенді концентраторлар басқа (белсенді немесе белсенді емес) концентраторларға қосыла алады. Мұндай бірігулер жалғыз шектеу ескергенде ғана жүзеге аса алады: кез келген екі станция аралығында сигнал таралу уақыты 31 микросекундтан аспауы қажет.ктивным или пассивным). Шина топологиялы ARCNET желілері коаксиал немесе экрандалмаған шиыршықталған жұп (UTP) кабелдерін қолдану арқылы құралады. Шиыршықталған жұпты пайдаланғанда станциялар бір-бірімен шлейф (daisy-chain) көмегімен байланысады. Шина топологиялы ARCNET ішкі желілер концентраторға жұлдызшалы желінің сәулелерінің бірі болып қосылады. Коаксиал-оптикалық талшық, коаксиал-шиыршықталған жұп ауысуларын жүзеге асыратын және әркелкі жіберуші орталарын құруға мүмкіндік беретін өңдеушілер (конверторлар) көптеген түрлері бар.

ARCNET технологиясы Datapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша (жұлдызша және шина) құрыла алады. Token ring «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылысымен орталық хабра ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша – қабылдайды.

Apple Talk және Are Net желілік технологиялар

AppleTalk - компьютерлік желі құру үшін Apple, Inc шығарған арнайы протоколдар жиынтығы. Ол бастапқы Macintosh (1984) құрамына енгізілген және қазір оны Apple компаниясы TCP/IP желісінің пайдасына жойды.Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынады. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады.

Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:

- Дәстүрлі типологиясы шина немесе бұтақ

- Беріліс типі таржолақты

- Ену әдісі CSMA/CA

- Деректердің беріліс жылдамдығы 2 Кбит/с

- Кабельдік жүйесі талшықты кабель UTP, оптикалық

Apple Talk клиент – серверлі таратылған жүйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар және принтерлер сияқты) ортақ пайдаланады. Бұл расурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші немесе қызметші құрылымдар деп (servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер(clients) деп аталады. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады. Таратылған жүйелер қарапайым болумен қатар, барлығы тең басқа жүйелерге қарағанда экономикалық артықшылығы бар, себебі маңызды материалдар көп жерлерде емес, бірнеше жерде ғана орналасуы мүмкін.

Local Talk – Apple компаниясының патенттелген таратушыға енуші жүйесі. Ол жүйе кіруге мүмкіндік алуға бәсекелестікке негізделген, біріктіруші топологиясы шина және сигналдар негізгі жолақ бойынша беріліске (baseband signaling) түседі, таратушысы – 230,4 Кбит/с жылдамдықты экрандалған шиыршықталған жұп. Local Talk сегменттері 300 метр қашықтықта таралуы мүмкін және 32 түйінді қамтамасыз ете алады.

Apple Talk бірнеше желілік объектілерді теңестіреді. Ең қарапайымы - Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатын түйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады. Apple Talk желісі жеке логикалық кабельді құрайды. Бұл логикалық кабель көбінесе жеке физикалық кабель болғанымен, кейбір есептеу орталықтары бірнеше физикалық кабельдерді қосу үшін көпірлерді пайдаланады .

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С.Мюллер. Модернизация и ремонт ПК. 13-е издание. –М.: Издательский дом "Вильямс", 2002. –1136 с. (+ CD)

2. Смит Б.Э., Джонсон М.Т. Архитектура и программирование микропроцессора INTEL 80386: Пер. с англ. В.Л. Григорьева. –М.: Конкорд, 1992. –334 с.: ил.

3. Косарев В.П. и др. Компьютерные системы и сети. -М.: Финансы и статистика, 2005. -464.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]