Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

1 Антиоксиданттар дегеніміз қандай қосылыстар және олардың табиғатта кездесетін түрлеріне

2 Табиғи антиоксиданттарға қандай қосылыстар жатады, олардың қандай түрлері бар.

3 Антиоксиданттардың фармакалогиялық рөлінің құрылысына байланыстылығын түсіндіріңіз

4 Антиоксиданттарды бөлу технологиясы мен анықтаудың қандай әдістерін білесіз.

5 Бос радикалдарға анықтама беріп, организмдегі рөлін түсіндіріңіз.

6 Тұрақтандырғыш антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың құрылысын сипаттап, рөлін

7 Синтетикалық антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың негізгі түрлеріне тоқталыңыз.

8 Синтетикалық антиоксиданттарды синтездеу технологиясы мен негізгі сатыларын түсіндіріңіз (52,53 тагы карап кор еще)

9 Ферменттік антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың негізгі өкілдеріне анықтама беріңіз.

10 Фенолдық антиоксиданттар дегеніміз қандай қосылыстар, Құрылысы мен антиоксиданттық рөлін

11 Полифенолдық қосылыстардың антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз.

12 Фуллерендер қандай қосылыстар, олардың антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз.

13 Полимерлік антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың құрылысы мен қасиеттерін түсіндіріңіз

14 Ферменттер антиоксиданттық қасиеттеріне байланысты қалай жіктеледі

15 Липидтердің антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз

16 Антиоксиданттардың адам организміндегі рөлі мен тотығу-тотықсыздану реакциясын салыстырып

17 Антиоксиданттық әсерді анықтау жолдарын сипаттаңыз.

18 Антиоксиданттардың тотығу реакцияларына қатысуын пайдаланып фармакологиялық қасиеттерін си

19 Антиоксиданттар өндірісі қалай ұйымдастырылады олардың жеке сатыларын сипаттаңыз.

20 Бос радикалдардың адам организміне әсерін реакция теңдеуін пайдаланып салыстырыңыз

21 Жанармай антиоксиданттарының рөлін басқа антиоксиданттық қосылыстармен салыстырыңыз.

22 Техникалық антиоксиданттар мен стабилизаторлар өндірісін сипаттаңыз.

23 Бос радикалдарды дезактивтендіретін ферменттерді сипаттаңыз.

24 Супероксиддисмутаза және оның биологиялық рөлін қарастырыңыз.

25 Табиғи антиоксиданттардың мөлшерін анықтау жолдарын көрсетіңіз.

26 Табиғи антиоксиданттарды бөлу жолдарын атаңыз.

27 Фуллерендік антиоксиданттардың қолданылуын атаңыз.

28 Полимерлі антиоксиданттардың қолданылуы мен өндірісін сипаттаңыз.

29 Косметикалық антиоксиданттарды атаңыз.

30 Тағамдық антиоксиданттарға сипаттама беріңіз.

31 Биологиялық нысандардағы антиоксиданттық С витаминіне сапалық анықтау жасаңыз.

32 Майда еритін антиоксиданттық витаминдердің құрылысын көрсетіңіз

33 Суда еритін антиоксиданттық витаминдердің құрылысын жазыңыз

34 Тағамдық өнімдердегі С витаминінің мөлшерін анықтау жолын көрсетіңіз.

35 Амилаза және оның қасиеттерін көрсетіңіз.

36 Ферменттерге сапалық реакцияларды ұсыныңыз.

37 Сусындар құрамындағы С витаминінің мөлшерін анықтау жолын көрсетіңіз.

38 А витаминдерді синтездеу жолын ұсыныңыз.

39 Какоа құрамынан антиоксиданттарды қалай анықтауға болады?

40 Шокалад құрамынан антиоксиданттарды қалай анықтауға болады?

41 Табиғи қосылыстар құрамынан антиоксиданттарды қалай анықтауға болады?

42 Е300 және Е306 консервантының антиоксиданттық қасиеттерін көрсетіңіз

43 Тағамдық өнімдерден С витаминін анықтау жолын көрсетіңіз

44 Фенолды қосылыстардың тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысуындағы фенол сақинасының рөлін қалай бағалауға болады?

45 Рутиннің метаболиттік ыдырау реакциясын көрсетіңіз

46 Супероксиддисмутазаның тотыұу тотықсыздану реакциясын көрсетіңіз

47 Картоптан антиоксиданттық ферментті бөлу жолын ұсыныңыз

48 Ашытқыдан қандай антиоксиданттық ферментті бөлуге болатынын көрсетіңіз

49 Антиоксидант рибофлавинді өсімдік шикізатынан бөлу жолын көрсетіңіз

50 Токоферолдың құрылысын жазып, сапалық реакциясын көрсетіңіз

51 Рибофлавинге сапалық реакция жасаңыз

52 Аскорбин қышқылын өндірудің реакциясын көрсетіңіз

53 А витаминін синтездеу реакциясын жазыңыз

54 Е витаминінің алыну жолын көрсетіңіз

55 Амилазаның ферменттік рөлін реакция теңдеуімен көрсетіңіз

56 Ферменттердің мөлшерін қалай анықтауға болады?

57 Каталаза ферментінің тотығу-тотықсыздану реакциясын жазыңыз

58 Пероксидаза ферментінің тотығу-тотықсыздану реакциясын жазыңыз

59 Липидтердің тотығу реакциясына қатысуын жазыңыз

60 Селеннің антиоксидантық қасиетін қалай бағалайсыз

1. Антиоксиданттар дегеніміз қандай қосылыстар және олардың табиғатта кездесетін түрлеріне тоқталыңыз.

Бөлшектердің жұптаспаған электрондарын қосу арқылы активті немесе тіптен активсіз радикалдар тудыратын қосылыс антиоксиданттар деп аталады. Бос радикал жұптаспаған бір немесе бірнеше электроннан құралған химиялық қосылыс болып табылады. Радикалдардың жоғарғы реакциялық қабілеті физиологиялық жағдайда тотығу процестерін , клетканың молекулалық негіздерінің бұзылуын тездетеді және соңында көптеген патологиялық жағдайларға әкеледі. Антиоксиданттардың адам организміне әсері өте көп. Оларды колдана отырып, өзімізді көптеген аурулардан және бос радикалдардан сақтауға болады. Антиоксиданттар организмдегі бос радикалдардың саны мен тотығу реакциясын бақылайды.

Антиоксиданттар организмдегі органикалық заттардың босрадикалдық тотығу процесін алдын алатын биологиялық активті заттар болып табылады. Кейбір антиоксиданттардың организмде түзілуіне (метионин, глутатион, несеп қышқылы, фосфолипидтер) қарамастан микроэлементтердің, әсіресе цинк, селен дефициті, витамин жетіспеушілік және организмнің қартаюы кезінде антиоксиданттардың биологиялық құрамының төмендеуі байқалады. Негізгі антиоксиданттар комплексі тағаммен бірге түсетіндіктен, оларды антиоксиданттық қасиетке ие нутрицевтиктер түрінде қабылдаған жөн.

Табиғатта антиоксиданттардың табиғи және синтетикалық (стабилизаторлар, әр түрлі препараттар, биологиялық активті қоспалар күйінде ) түрлері де көбінен кездеседі.

Антиоксиданттар болып табылады:

Ферменттер: супероксиддисмутаза, метионин – редуктаза, каталаза мен глутатионпероксидаза;

Бірнеше витаминдер мен микроэлементтер: А, С, Е витаминдері, бета-каротин, ликопин, цинк, селен;

Мелатонин гормоны, таурин аминқышқылы;

Кейбір шөптер – қаражидек, гинко билоба, қызыл жүзім (сабағы мен сүйегі), көк шай;

Өсімдіктерден алынған биологиялық активті компоненттер: теополифенол (көк шайдың жапырағынан), пентафиллум, ресвератрол (жүзімнен алынған флаваноид), биофлаваноидтар мен каратиноидтар.

А витамині(ретинол).

Ретинол молекуласындағы екі қосарланған қос байланыстың болуына байланысты бос радикалдармен, соның ішінде оттегінің бос радикалымен әрекеттеседі. Бұл А витаминінің маңызды ерекшелігі оның антиоксидант атануына мүмкіндік береді. Ретинол сондай-ақ Е витаминінің антиоксиданттық қасиетін күшейтеді. Токоферол және С витаминімен бірге ол селеннің глутатионпероксидаза құрамына енуіне көмектеседі.

Селен (Se)

Селен маңызды антиоксиданты ферменттер- селенпротеиндерді құрайтын белок құрамына кіреді.

Селенпротеиндердің антиоксиданттық қасиеттері ұлпаның бос радикалдар әсерінен бұзылуын болдырмауға көмектеседі. Бос радикалдар ісік және жүрек аурулары сияқты созылмалы арулардың дамуына себепші болатын оттегі метаболизмінің қосымша өнімдерінің түзілуіне әкеледі

Селенді қосымша Е витаминімен және беа-каротинмен бірге қабылданса организмнің иммундық жүйесін күшейтіп, аллергиялық және демікпе ауруларынының алдын алуға көмектеседі.

Аскорбин қышқылының тағамдық қоспалары:

E301 натрий аскорбаты

Натрий аскорбаты E301 С витаминінің бір түрі, ақ түсті суда еритін зат болып табылады және наубайханалық жақсартушы, қышқылдықты реттеуші ретінде қолданылады. Натрий аскорбаты мықты антиоксидант ретінде майлардың тотығуын және бұзылуын, консерві немесе шұжық өндірісінде нитраттардың түрленуін алдын алады.

E302 кальция аскорбаты

Кальций аскорбаты – ақшыл сары немесе ақ түсті ұсақ кристалдар түріндегі ұнтақ. Аскорбин қышқылы мен кальций гидроксидінен алады. E302 организмнің қорғаныс күшін күшейтеді, тағамнан темірдің сіңірілуін, жалғастырушы ұлпалар мен сүйектердің түзілуін және функцияларының жақсаруын қамтамасыз етеді. Күнделікті қажетті мөлшері 15 мг құрайды.

2. Табиғи антиоксиданттарға қандай қосылыстар жатады, олардың қандай түрлері бар.

Табиғи антиоксиданттар 2-ге бөлінеді:

Ферменттік антиоксиданттар;

Витаминдік антиоксиданттар.

Ферменттік антиоксиданттар – бұл топтын антиоксиданттары организмде белгілі реакциялардың нәтижесінде түзілетін ферменттерден тұрады. Олар ішкіклеткалық жүйелерді құрайды. Биологиялық реакцияларда оттектің активті формаларын перекисьтерге айналдырып, содан кейін оны сумен пайдалы оттекке айнадырады. Түрлері:

супероксиддисмутаза – цитоплазма клеткаларында, митохондрияда жұмыс істейді. Каталаза жәнеде басқа ферментативті ао-мен бірге организмді жоғарытоксикалық оттекті радикалдардан қорғайды. Суперокиддисмутаза оттекпен сутек пероксидіне дейін айналдырады.

каталаза – цитоплазмада жұмыс істейді, және түзілген сутек пероксидін ары қарай сумен оттекке айналдырады.

глутатионпероксидаза – қанның эритроциттерінде және митохондрияда жұмыс істейді.

Витаминдік антиоксиданттар – бұл топқа жататындар суда еритін витаминдер (С,рутин, кверцитин, аскорутин); майда еритін витаминдер(А, Р-каротин, Е, К); витаминдік антиоксиданттар агрессивті радикалдарды тұншықтырып, артық энергияны қосып алады, тізбекті реакцияның жаңа радикалдардың түзілуін тежейді. Жәнеде басқа витаминдермен бірігіп өзінің қасиеттерін арттыра түседі.

3. Антиоксиданттардың фармакалогиялық рөлінің құрылысына байланыстылығын түсіндіріңіз. Антиоксидант — тотығу процесінің ингибиторлары, табиғи немесе синтетикалық зат, тотығу қабілеттін баяулатады. Антиоксидант - Органдар мен ұлпалардың (Бұлшық еттердіңде) агрессивті радикалдардың әсерінен қорғап қалады. Бос радикалдар (Оксиданттар) деп –оттегінің аггресивті және жоғары реактивті, ұсақ бөлшектерін айтамыз. Бос ракдикалдар тірі ағзада Электроннан айырылады. Сондықтан оларды бос радикалдар деп атайды. Өте әйгілі антиоксиданттар (хош иісті аминдер, фенолдар, нафтолдар): антиоксиданттың молекулалары аз белсенді радикалдармен жасаумен әрекеттесіп жатыр. Гидроперекистің бұзылуы кезінде, яғни жоқ болуы кезінде тотығу процесі тежеледі. Бұл жағдайда еркін радикалдардың жылдамдығы азайып жатыр. Керек десеңіз кішкентай антиоксиданттар (0,01—0,001 %) тотығудың жылдамдығын кемітеді, сондықтан тотығу өнімдері белгілі уақыт ішінде білінбейді. Бос радикалдар, жасушалардың метоболизм процессі: жасушалардың қоректік заттарды сіңіруі, деффектілерді жоюы, энергия түзуі, өндіруі, қалдықтарды шығаруы кезінде пайда болады.Оксиданттардың әсер етуі. Олар кез-келген электронмен химиялық реакцияға түседі. Тірі жасушалардың сыртқы қабатын бұзады. Генетикалық ақпараттардың орталығы ДНҚ-ны бұзады. Антиоксиданттық Қорғаушылар-Бактериялар,Энзимдер,Қоректік заттар. Күшті әсері бар АО-тар:Аскорбиновая кислота (витамин C),Витамин E, Альфа-липоевая кислота,Глютатион,Мелатонин,Витамин А,Биофлаваноиды (экстракт зеленого чая, кверцетин, проантоцианидины),Коэнзим Q. Антиоксиданттардың тінді қорғауының 4 кезеңі

1. Оксиданттардың түзілуін қадағалау.

2. ”Оксидант-бастамашыны” аулау ж/е оксиданттардың түзілуінің тізбектік реакциясын үзу.

3. Ұсталмаған оксиданттардың өндірген қалдықтарын қармау

4. Жасушаларды қалпына келтіру ж/е бос радикалдар қалдықтарын сыртқа шығару

4.Антиоксиданттарды бөлу технологиясы мен анықтаудың қандай әдістерін білесіз.

Антиоксиданттар әр түрлі типті қосылыстарға жатқандықтан олардың бөлу технологиялары да әр түрлі болады. Мысалы антиоксиданттық қасиет көрсететін А витаминін алсақ: Оның өсімдік шикізатынан бөлудің бірнеше жолы бар:

Балаховский және Розенберг әдісі

Речевский әдісі

Коагуляциялық әдіс

Дрон және Манко әдісі

Солодкин әдісі, Зофрин әдісі

Линдквист-Рысаков әдісі

Ең ауқымды көп таралған әдіс коагуляциялық әдіс. Бұл әдіс бойынша А витаминін сәбізден алады. Ең бірінші сәбіз жуылып, одан кейін туралып, шырын алыну үшін жоғарғы қысымда пресстеледі. Алынғын шырынды қайнатып 80-90 С, оның pH мәнін 4-4,5 келтіреді. Бұл жағдайда каротин молекулалары белок молекулаларымен бірге тұнып коагуляция процесі жүреді. Алынғын белок және каротин натрий сульфатымен сусыздандырады. Алынған заттар қоспасын бензин немесе петролейн эфирімен экстракциялайды және вауумды жағдайда каротин

молекуласын концентрлейді. 25-30 г литр мәніне жеткенде айдауды тоқтатып, қайта кристалдау арқылы каротин молекуласын бөліп алады.

Ретинолдың FeSО4 пен қышқылдық ортады әрекеттесу нәтижесінде қызғылт түс түзілуі тиіс. Ретинол SbCl3 әрекеттесу кезінде көк түс пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]