Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

22. Техникалық антиоксиданттар мен стабилизаторлар өндірісін сипаттаңыз.

Техникалық антиоксиданттар және стабилизаторлар бұлар полимер бұйымдарын өндіруде кеңінен қолданылады. Төменде келтірілетін стабилизаторлар олар техникалық антиоксиданттар болып келеді. Олар өздерінің қасиеттері бойынша әр түрлі топқа жіктеледі. Стабилизаторлар мен техникалық антиоксиданттарды полимерге қосу арқылы оның ескіруінен сақтауға болады, термототықтырғыш деструкция, яғни жылу мен оттегінің әсерінен полимердің өзгеруі маңызды роль атқарады. Антиоксиданттар осы жылу мен оттегінің әсерінен полимерді қорғайды. Бұл стабилизаторлар барлық полимерлер үшін өте маңызды болып келеді. Антиоксиданттар тотығу процесін тежейді және процесті ақырындатады. Антиосиданттар ретінде көптеген қосылыстар класы қолданылады. ОЛАР:

1. Алкилфенолдар(2,6-ди-трет-бутил-4-метилфенол (ионол, агидол, алкофен).

2. Бифенолдар (2,2-ди-(4метил-6-трет-бутилфенол)метан /антиоксидант 2246, Агидол 2, Бисалкофен/)

3. Ароматты аминдер (n-фенилдиамин және хинолина туындылары)

4. Фосфиттер (трифенилфосфит, три(n-нонилфенилфосфит,метилбензилфенилфосфит қоспасы және т.б.)

Cтабилизатор ТАБ

Техникалық антиоксидант ретінде қолданылады, полимердің эксплуатациялық касиетін көрсететін эффективті модификатор болып табылады. Қосымша жоғары антиоксиданттық қасиет көрсетеді, жоғары эффективті, улы емес, ұшқыш емес, қарапайым еріткіштерде ериді, полимерлі бұйымдардың түсін өзгертпейді. Композицияда амин тобымен қоса ТАБ стабилизаторы өзінің қасиетін жақсартады.

ТАБ стабилизаторы термостабилизатор және полимерлі композициялардың модификаторы, АБС пластик, ауа райына тұрақты микроэлектроника бұйымдарын, поливинилацетат және эпоксидті смола алуда қолданылады. Шыныпластика өндірісінде шина өндірісінде және полимердің толықтырғышын алуда кеңінен қолданылады.

23. Бос радикалдарды дезактивтендіретін ферменттерді сипаттаңыз.

Супероксиддисмутаза-АО-қ фермент.Каталаза секілді АО-қ ферменттермен бірігіп,организмде түзілетін жоғары улы оттекті радикалдардан қорғайды.СОД супероксидтің оттекке, сутектің асқын тотығына дисмутациясын катализдейді.СОД әсер ету механизмі: Cu2+,Zn 2+ құрайтын СОД-лар осы металдардың ОН-пен түзетін ион комплексі түзілуімен H2O2 инактивтенеді.Организмде ферменттің активті орталығының ауыспалы металл-кофакторына байланысты 3 түрлі СОД бар:1-цитоплазмалық(Cu,Zn)2-митохондриялық(Mn),3-экстраклеткалық(Fe,Ni).СОД жоғары каталитикалық реакция жылдамдығымен әрекеттеседі.Реакция супероксидтің ферментпен соғылу жиілігімен лимитирленген,осы арқылы организмді супероксид әсерінен қорғайды.СОД активтілігінің өзгеруі кейбір ауруларда (атеросклероз,миокард инфаркті)байқалады,алдын алуда да, қабынуға қарсы,артритте қолданылады.Клеткадағы негізгі прооксидант б.т.

Пероксидаза (КФ 1.11.1.7) – оксиредуктаздар класына жататын екі компонентті фермент: гематин С34Н32О4N4Fе(III)ОН (Ғе бар төменгі молекулалық кофермент) және апофермент (ферменттің негізгі бөлігін құрайтын белокты бөлік). Пероксидаза–субстраттардың сутегі асқын тотығы немесе электрон акцепторы ретіндегі органикалық асқын тотықтар қолданылып органикалық және бейорганикалық тотығу реакцияларын катализдейтін ферменттердің үлкен түрі :

2ХН + Н2О2 → 2Х + 2Н2О;

2ХН + ROOH → 2X + Н2О + ROH,

ХН – тотықсызданған субстрат, Х – тотыққан субстрат.

Каталаза(гр.-бұзамын) биологиялық тотығу нәтижесінде түзілген сутектің асқын тотығының суға және молекулалы оттекке ыдырауын катализдейтін фермент. (2H2O2 → 2H2O + O2),сонымен қатар сутек асқын тотығы қатысында төмен молекулалы спирт пен нитриттерді тотықтырады.Барлық организмде бар,ұлпа тынысына қатысады.Организмдегі тотығу процестерінде түзілген улы сутек асқын тотығын бұзады.

Каталаза Н2О2 дисмутациясын Н2О және О2 дейін катализдейді:

2О2→2Н2О+О2

Процесс 2 сатыда жүреді :

Fе2+-каталаза + 2Н2О2 → каталазаның тотығуы ;

Каталазаның тотығуы + Н2О2 → Fе3+-каталаза + 2Н2О + О2.

НАДФ-оксидаза – клеткалық мембрана-байланысқан мультимолекулалы ферментті комплекс.Бұл оксидаза клеткалық микробқа қарсы қорғаныс жүйесінде,ген экспрессиясын тұрақтандыруға қатысады. НАДФ-оксидазамен катализденетін реакция клетка ішіндегі басқа клеткалық мембранаға электрон тасымалдауда НАДФ•H-тың НАДФ+-ке дейінгі тотығуына және клетка сыртындағы оттектен супероксидті радикалдың түзілуіне негізделген.

НАДФ•H (клеткаішілік + 2 O2 (клеткасыртылық) → НАДФ+ (клеткаіші) + H+ (клеткаіші) + 2 O2•-(клеткасырты)

24. Супероксиддисмутаза және оның биологиялық рөлін қарастырыңыз.

Супероксиддисмутаза антиоксиданттар қатарына жататын фермент. Ол организмді үнемі пайда болып отыратын өте қауіпті оттек радикалдарынан қорғайды. Супероксиддисмутаза оттек радикалдарын дисмутациясын оттек немесе сутек пероксидіне дейін катализдейді. Осы себепті ол организмде өте маңызды антиоксиданттық қасиеті бар фермент болып табылады.

Супероксиддисмутазаның активті орталықтары ауыспалы валентті металлдар. Осы металдардың типіне байланысты олардың бірнеше түрі бар: :  Cu,Zn-СОД, Mn-СОД, Fe-СОД и Ni-СОД

Антиоксиданттық қасиеті:

Бір клеткадағы оттек радикалының конц шамамен 10-10 моль. Жоғарыда келтірілген оттек радикалының супероксиддисмутазасыз оттеккке айналу реакциясы. Бұл реакция 10-10 моль толық біткенше 3,5 сағат керек. Супероксиддисмутаза қатысында реакция жылдамдығы 108 қысқарып 10-4 секунд ішінде жүреді.

Түзілген пероксид молекуласы каталаза сияқты ферменттермен ыдыратылады:

Адам организмнде Супероксиддисмутазаның тың үш түрі болады: СОД1 цитоплазмада, СОД2 митохондиряда, СОД3 клетка сыртқы бөлігінде болады. СОд 1 және 3 активті орталығында мыс және цинк болады, СОД 2 де активті орталығы марганец.

Қазіргі адамдардың өмір сүру салты, қоршаған орта, атмосфера, стресс, ук сәулелері әсерінен организмде тотығу – тотықсыздану реакцияларының тепе теңдігі бұзылады. Бұл реакциялардың тепе теңдігінің бұзылуы организмде көптеген оттек және де басқа радикалдардың түзілуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде организмнің уақытынан бұрын қартаюына және белгілі бір қатардағы ауруларды туғызады. Сондықтан антиоксиданттар , антиоксиданттық ферменттер организм үшін өте маңызды. Мысалы, клеткадағы Супероксиддисмутазалары мутацияланған, яғни қызметін атқармайтын, жаңа туған тышқандар бірнеше күн ғана өмір сүрген. Сондықтан оның организм үшін маңыздылығы өте жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]