Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

28 Полимерлі антиоксиданттардың қолданылуы мен өндірісін сипаттаңыз.

Барлық органикалық материалдар сияқты полимерлер де тотығуға бейім болады. Бұл полимерлердің тұтқырлығының өзгеруіне, мортығының төмендеуіне және физика-химиялық қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі. Тотығу полимерлерлік материалдардың өмір сүруінің әр сатысында, олардың өндірісінде, сақталуында және өңдеу мен келесі қолданысында кездеседі.

Әр түрлі полимерлерді тұрақтандыру

Полиолефиндер. Полиолефиндерді тұрақтандыру үшін өңдеу кезінде күрделі орынбасқан фенолдар қолданылады. Олардың тиімділігі сутегінің доноры болатын фенолдық топтар саны мен 2,6-орындағы орынбасарларға байланысты. Көп жағдайда эффективтілігі жоғары фенолды және фосфитті антиоксиданттар қолданылады.

Полистирол және оның сополимерлері. 

Көп жағдайда полистирол (ПСС, ПСМ) өңдеу кезінде тұрақты болады. Бұйымдар дайындауда тұрақтандыруды қажет етпейді. Бірақ температура әсер етеді.

Оның нәтижесінде түсі (сарғаю) өзгереді. Сол үшін бірінші және екінші типті (фенол-фосфитті) антиоксиданттарды қосады.

Өндірісі:

Стабилизатор СО-3 іс жүзінде улы емес болып келеді. Ол Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен қолдануға рұқсат берілген. Антиоксидант ретінде сүт және май өнімдерін жасауда, әр түрлі тамақ өнімдерін қаптаған кезде (парафинді, ламинирленген қағаз, полимерлі қаптама) қаптама құрамына кіреді. Құрамында СО-3 антиоксиданты бар тағамдық өнімдер жылу беру арқылы өндіріле алады.

Стабилизатор СО-3 полимерде қолданылуы арқылы өзінің жоғары эффективтілігін көрсетті. Ол полимерлер кабельді және трубаөткізгіш материалдарын жасауда, тамақ өнеркәсібінде, фармацевтикада, микроэлктроника өнімдерін алуда қолданылады.

Стабилизатор СО-4 жоғарыэффективті, түс бермейтін, улы емес, полимердің термостабилизаторы болып табылады. Іс жүзінде ұшпайды. Қарапайым еріткіштерде ериді. Өндірістік сынақтар Стабилизатор СО-4 тің космостық технологияда қолданылатын полимерлердің құрамында болатынын және ұшақ, автомобиль бұйымдарын жасауда қолданылатынын анықтады. Жоғары температуралық өңдеу процесінде толтырылған полиамидтердің қасиетін көрсетеді, оларың эксплуатациялық қасиетін 2 есе арттырады.

Стабилизатор СО-4 γ- пропанолдан және техникалық шикізаттан кәдімгі температура мен қысымда алынады. Алынған техникалық өнімді органикалық еріткіштерден қайтакристалдау арқылы тазалайды.

Стабилизатор БЕНЗОН-П органикалық материалдар үшін жоғары эффективті, түс беретін және термостабилизатор болып келеді, улы емес, іс жүзінде ұшпайды, жәй ерітінділерде ериді.

Стабилизатор БЕНЗОН-П ауа райына тұрақты бұйымдарды алуда қолданылады, яғни полипропилен мен полиэтиленнен төменгі қысымда алынатын бұйымдардың құрамына кіреді. Ол 0,2 % концентрацияда полипропиленнің түсін, термотұрақтылығын сақтайды, полиэтиленді пленканың қалыңдығы 100 мкм болады.

Эксплуатация процесі кезінде бұйым өзінің табиғи түсін сақтайды.

Бұл стабилизатор полимерлі өндіріс орындарында органикалық жапқыштардың түсін бірқалыпта ұстап тұру үшін, сонымен қатар медицинада, фармацевтикада және косметологияда органикалық материалдардың түсін қалыптап тұру үшін қолданылады.

29. Косметикалық антиоксиданттарды атаңыз. Антиоксиданттар топтасып жұмыс істесе жақсы әсер береді.АО пайдалы болғанымен,оны косметикаға аз концентрацияда қосқанда ғана эффективтілігі жоғары болады, ал көп мөлшерде болса – прооксиданттарға айналады.Сонымен қатар АО косметикаға косметикалық заттың өзі де тотығып кетпес үшін де қосады,әсіресе егер косметикада қанықпаған май қышқылдары болса.Көптеген АО молекуласы үлкен болғандықтан,теріге ене алмайды,сондықтан теріге іштен нутрикосметика препаратымен енеді.Косметикада кең қолданылатын антиоксиданттар:Е, С, А, F,каротиноидтар,биофлавоноидтер,коэнзим Q10, липой қышқылы, селен.

Витамин Е(а-токоферол)- бос радикалға клеткалық мембрананың липидін шабуылдауға кедергі жасап,А мен С витаминін тотықтырмайтын табиғи консервант.

Флавоноидтар – қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғап,организмде өндірілмесе де,тамақпен ішке енетін полифенолды заттар.Каталаза,супероксиддисмутаза,глутатионпероксидаза секілді ферменттердің экспрессиясын жоғарылатады.Клеткадағы метаболизмді реттеп,ракиың метаболизмін бұзу арқылы рак клеткасын өлтіреді.

С- Ең күшті антиоксидант. Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларында (улы зиянды заттар) бұл витаминді қолданған жөн. Витамин жеткілікті болса тері сау және тегіс болады, бұл жағдайда тамырлар сақталады, осыдан атеросклероз дамуы баяулайды, тамыр қабырғалары зақымдауы төмендейді.

CoQ10 – энергияны тез алудың қоры.тері клеткасын энергиямен қамтиды,серпімділік береді,қартаюды баяулатады,шаршаған теріні активтейді,әжімді тегістейді,құрғақ,сезімтал теріні реттейді, лимфалық жүйені тездетеді,клеткааралық кеңістіктен зат алмасу өнімін тез шығарады,клеткалық мембранадағы өткізгіштікті жоғарылатады,терінің бөлек қабаттарына енеді,клеткалық энергияны қалыптастырады,цитоплазмадағы протеин синтезін тездетеді.

Каротиноидтар – тері қабынуы мен өкпе мен тері рагын алдын алады.Имунды жүйені қалыптастырып,агрессивті оттектің өндірілуіне қарсы шығады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]