Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

11. Полифенолдық қосылыстардың антиоксиданттық қасиетттерін түсіндіріңіз.

Барлық сулы және липидті фазаларда радикалды тотығу процестері жүруі мүмкін, олардан қорғану үшін органикалық радикалдарды тежеу кезінде фенол типті қосылыстар маңызды АО болып табылады. Фенолды АО-р –ароматты сақинаға бір немесе бірнеше гидроксил топтары жалғанған Ar(OH)n түрінде болатын қосылыстар. Фенолды АО-р қанықпаған липидтер мен май қышқылдарының гидроперекисті радикалдарымен эффективті түрде реакцияға түседі.

Фенол АО-ның молекулаларынан түзілетін радикалдар кинетикалық және термодинамикалық факторларға сай жоғары тұрақтылық көрсетеді. Ол фенолды радикалдардың түзілуінің төмен энергиясы мен жұптаспаған электрон тығыздығының таралуымен түсіндіріледі. Таралу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тұрақты радикал түзіледі. Феноксильді радикалдың құрылысы негізгі төрт резонансты құрылымға байланысты:

Ароматты сақинада π-электрондар жүйесінің болуы теріс зарядтың оттекке жылжуына әкеледі, ол өз кезегінде гидроксилден сутектің оңай бөлініп, әр түрлі фенокси радикалдың формаларының түзілуіне алып келеді. Фенолды қосылыстардың АО-тық қасиеті ОН тобының саны мен оның қандай жағдайда (о-, п-, м-) орналасуына, токоферол мен убихинон жағдайында көмірсутекті “жалғаманың” құрылысына байланысты.

Фенолды қосылыстар ерігіштігіне байланысты гидрофильді (суда еритіндер ) және гидрофобты (майда еритіндер) болады. Табиғи және синтетикалық фенолды АО-дың көпшілігі гидрофобты болып келеді. АО-тық қасиет көрсететін фенолды қосылыстар: Е, К витаминдері, убихинон, триптофан, фенилаланин, өсімдіктекті (флаваноидтар, фенокарбоксильді қышқылдар) және жануартекті пигменттер.

12. Фуллерендер қандай қосылыстар, олардың антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз.

Фуллерендер – молекулярлы қосылыстар, көміртектің аллотропты түр өзгерісінің классына жатады. Көпбұрышты тұйықталған көміртектің жұп санынан тұратын қосылыстар. Фуллерен молекуласында көміртек атомдары дұрыс 6 және 5 бұрыштардан тұрады. Ең симетриялы және толық зерттелген түрі С60 фуллерені. Онда көміртек атомдары 20 алтыбұрыштан және 12 бесбұрыштан тұратын иксоаэдрдан тұрады, футболды доп сияқты. Таралуы бойынша келесі түрі ол С70 болып табылады. Ең бірінші фуллерендерді графиттін конденсирленген парларынан алған.

Фуллерендердің организмге және клеткаға әсер ететін ең басты қызметі, олардың ерітіндісінің, антиоксиданттық қызметі. Бос радикалдардың концентрациясын төмендете отырып, оттектің активті формаларын жояды. Бос радикалдарды жоя отырып, кәртеюге қарсы әсер етеді. Сонымен қатар жүректамырларымен онкологиялық ауруларға әсері бар. Олардың әсер ету ұзақтығы витамин С,Е салыстырғанда бірнеше есе рет асып түседі. Фуллерендер катализаторлар рөлін атқарып, бос радикалдарды жоя отырып, жұмсалынып кетпейді. Оның әсері басқа антиоксиданттардан қарағанда өзгеше. Фулерендердің өз молекуласының бетіне бос радикалдарды жинау қабілеті бар. Олар өте аз мөлшерде де эффективті әсер етеді. Организмдегі фуллерендер бүйректе жиналып, гепапротектор қызметін атқарады. Яғни бүйрекке түскен токсикалық затарды бейтараптайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]