Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

60. Селеннің антиоксидантық қасиетін қалай бағалайсыз

СЕЛЕН (лат. Selenіum), Se — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 34, ат. м. 78,96. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 5106%. Атауы грек. selene — “Ай” деген сөзден шыққан. Табиғатта тұрақты 6 изотопы бар. Жасанды жолмен алынған изотоптарының маңыздысы 75Se (T1/2=121 тәулік). С-ді 1817 ж. швед ғалымы Й.Берцелиус (1779 — 1848) ашқан. Минералдары: берцелианит, науманит, клаусталит, халькоменит, керстенит; шашыранды элемент. Кристалдық торы гексагоналды (сұр С.), сұр түсті, қатты бейметалл; тығызд. 4,807 г/см3, балқу t 221ӘС, қайнау t 685,3ӘС, 100 — 150ӘС-та сұр С-ге айналатын кубтық және моноклинді түрөзгерістері кездеседі. Қосылыстарында айнымалы, –2,+2,+4,+6 валентті. С-нің буында Se8Se6Se4Se2 қатар болып, сары түсті келеді. Темп-ра 900ӘС-тан асқанда Se-нің мөлшері әл

деқайда артады. Хим. қасиеттері күкіртке ұқсас. С. қосылыстарының барлығы улы, галогендермен әрекеттесіп SeF6, SeCl4, SeBr4, т.б. қосылыстар түзеді. С-ді күкірт қышқылының өндіріс қалдықтарынан, мысты тазарту кезіндегі анодтағы тұнбадан алады. С. болаттың қасиетін жақсартатын қоспа, оптик. шыны, резина бұйымдары өндірісінде катализатор ретінде қолданылады.

Селен – барлық организмнің қалыпты тіршілік ету үшін қажетті биологиялық белсенді элемент.

Ол жүрек-тамыр, сүйек, ас қорыту және т.б. жүйелердегі жүретін метаболиттік процесстерге қатысады. Селен аз мөлшерде барлық бұлшық еті майынан басқа ұлпаларда (5000 мкг), өкпе (150 мкг), бауыр(1000-1200 мкг), қанда (1100 мкг).

Селен – адам организмін антиоксидантты қорғау жүйесіне кіретін күшті иммунореттеуші зат,барлық организмнің қалыпты тіршілік ету үшін қажетті биологиялық белсенді элемент. Селен маңызды антиоксиданты ферменттер- селенпротеиндерді құрайтын белок құрамына кіреді.

Селенпротеиндердің антиоксиданттық қасиеттері ұлпаның бос радикалдар әсерінен бұзылуын болдырмауға көмектеседі. Бос радикалдар ісік және жүрек аурулары сияқты созылмалы арулардың дамуына себепші болатын оттегі метаболизмінің қосымша өнімдерінің түзілуіне әкеледі. Басқа селенпротеиндер қалқанша безі қызметін реттеуге көмектеседі және иммундық жүйе жұмысында маңызды рөл атқарады.

Негізінде селен тікелей антиоксидант болмағанымен ұлпа мембранасын бос радикалдардың әсерінен қорғайтын күшті антиоксиданттық зат- глутатионпероксидаза ферментінің синтезделу процессіне қатысады. Селен жеткіліксіз мөлшерде болса бұл маңызды фермент түзілмейді. Сондай-ақ ол жүрек жұмысын реттеуде маңызды рөл атқаратын коэнзим Q10 құрамына кіреді

Жаңадан ашылған элемент химиялық құрылысыныңың теллурға ұқсастығына байланысты Селен деп аталған. Селен жер шарында аз таралған элемент 6.10-5 %. Табиғатта бұл элемент сульфидтік минералдар түрінде- PbS, CuFeS2,. Бұдан басқа селен қорғасын, мыс, күміс, сынап және никельмен селенидтер түзеді.

Селенді қосымша Е витаминімен және беа-каротинмен бірге қабылданса организмнің иммундық жүйесін күшейтіп, аллергиялық және демікпе ауруларынының алдын алуға көмектеседі. Тағамдар құрамында селен өте аз мөлшерде кездеседі, Көбінесе: жұмыртқа, ет, теңіз өнімдері (теңіз капустасы, креветка), тұтас дақылдар (сұлы, қарақұмық) әсіресе Бразилия жаңғағында бар. Бірақ бұл егер селенмен байтылыған топырақта өсірілген кездегі тағамдарда кездеседі. Селеннің организмге жеткілікті мөлшерде келуін қамтамасыз ету – ол тамақ рационына оны биологиялық белсенді қоспалармен бірге қосу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]