Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

15 Липидтердің антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз

Липидтер – май және майға ұқсас жоғары май қышқылдары, жоғарғы спирттер мен альдегидтердің туындылары

Липидтер құрамына май қышқылдарына басқа азотты негіздер, фосфор қышқылы, көмірсулар, аминқышқылдары, белоктар т.б. кіреді.

Липидтердің негізгі шикізат көздері :

сүт, өсімдік майы (зәйтүн, күнбағыс, зығыр, жүгері, какос және т.б.) шошқа майы және басқа жануарлар майы, жұмыртқа, ми және жануарлар мен малдардың ішкі мүшелері

Липидтердің асқын тотықты тотығуы ұлпа ақауларының жинақталуына себеп болады. ЛАТ негізгі субстраты ұлпа мебранасының құрамы мен липопротеиндердің кіретін полиқанықпаған май қышқылдарының тізбегі. Олардың оттегі радикалдарымен шабуылы (АФК) гидрофобты радикалдардың түзілуіне әкеледі.

Алдыменен қанықпаған май қышқылдарының қос байланыстары НО* және НО2* шабуылданады да, липидтік радикалдардың түзілуіне әкеледі.

LH + НО* H2O + L*.

Липидтік радикал О2 әрекеттесіп пероксильді радикал түзіледі де қанықпаған май қышқылдарының жаңа молекулаларымен әрекеттесіп дене температурасында тұрақты пероксидті липидтердің пайда болуына әкеледі.

L* + O2 LO2*

LO2* + LH LOOH + L*.

Бұл реакциялардың жылдамдығы ұлпай жүйесінің антиоксиданттық қасиетіне байланысты темір кешендерімен әрекеттескенде белсенді радикалдарға айналады да липидтердің тотығу тізбегі жалғаса береді.

LOOH + Fe2+ Fe(III) + OH- + LO*

LO* + LH LOH + L*.

Түзілген липидтік радикалдар, сондай-ақ 4-гидроксиноненаль белок және нуклеин қышқылы молекуласын шабуылдайды. Бұл қосылыстардағы альдегид тобы молекула аралық тігістер түзіп макромолекула құрылымын бұзып, олардың қызметін тежейді.

16 Антиоксиданттардың адам организміндегі рөлі мен тотығу-тотықсыздану реакциясын салыстырып сипаттаңыз.

Антиоксиданттардың адам организміне әсері өте көп. Оларды колдана отырып, өзімізді көптеген аурулардан және бос радикалдардан сақтауға болады. Бос радикалдар – сыртқы электрон қабатында жұпталмаған электроны бар аномальды молекулалар. Олар басқа молекулалардан электрон тартып ала отырып, клеткалардың функциясы бұзылып организмдегі химиялық балансты өзгертеді

Зерттеулер нәтижесі бойынша бос радикалдар кейбір аурулардың дамуында белгілі бір рөл атқаратыны анықталған. Мысалы, бос радикалдар липидтерді тотықтырып липидті пероксидтің қауіпті формасы түзіледі. Ол өз кезегінде қатерлі ісік пайда болу кезінде қатысады екен. 1925 жылдан бастап осы “ғасыр ауруларының” бірі қатерлі ісіктің дамуының себебі келесідей деп болжанған. Адамдардың өмір сүру темпы артқан сайын дұрыс тамақтануға уақыт жоқ. Ағзаға антиоксиданттардың сырттан келуі азаяды. Оның үстіне технологиялар дамуына байланысты экологиялық жағдай нашарлап кетті. Осындай кері әсерлерден бос радикалдар ағзада көбейіп рак ауруын туғызады.

Адам организмінде антиоксиданттық қорғаныш жүйесі болады. Ол 2ге бөлінеді:

1. Бірінщілік – ферменттер

2. Екіншілік – витаминдер

Бұл жүйе адам өмірінің барлық кезеңінде жұмыс жасайды, сондықтан оны толықтырып күшейтіп отыру керек.

Аса қажетті антиоксиданттар:

А витамині немесе каротиноид сәбізде, асқабақта, брокколи, тәтті картопта,қызанақта, орамжапырақта, өрікте, сол сияқты түрлі түсті жемістерде

С витамині – бұл цитрусты (апельсин, лимон және т.б.), жасыл перец, броккол, көк шөп (петрушка, укроп, салат), клубника, томатта болады.

Е витамині жаңғақта, өсімдік майында, бауырда, оливкада.

селен, магний балықта, моллюскаларда, етте (қой, сиыр), жұмыртқа, тауықта, чеснокта.

флавоноидтар – сояда, қызыл шарапта, жүзімде, гранатта, клюквада, көк шайда кездесетін табиғи қосылыстар.

ликопин қызанақта, қызғылт грейпфрутта, қауында болады.

Сонымен қатар антиоксиданттарға Q10 коферменті, глутатион және т. б. заттар кіреді.

Антиоксиданттар аталған мақсаттарға 0,01-0,001% мөлшерінде қолданылады. Табиғаты әртүрлі қаныққан және қанықпаған табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстар ферменттердің, оттектің және тотығу — тотықсыздану қасиеті төмен иондардың әсерінен асқын тотықтар түзеді де үздіксіз тізбекті реакцияға түсіп, тотыға отырып ыдырайды. Бұның бәрі бос радикалдардың пайда болуы нәтижесінде әрі қарай ыдырау процестерінің тізбектеле жүруіне себеп болады.

17. Антиоксиданттық әсерді анықтау жолдары.

Бос радикал жұптаспаған бір немесе бірнеше электроннан құралған химиялық қосылыс болып табылады. Радикалдардың жоғарғы реакциялық қабілеті физиологиялық жағдайда тотығу процестерін , клетканың молекулалық негізінің бұзылуын тездетеді және соңында көптеген патологиялық жағдайларға әкеледі.

Бөлшектердің жұптаспаған электрондарын қосу арқылы активті немесе тіптен активсіз радикалдар тудыратын қосылыс антиоксиданттар. Антиоксиданттар бос радикалдардың организмге енуін реттеуде маңызды, сол себепті соңғы кезде антиоксиданттар мен қосылыстардың антитотығу қасиеттерін зерттеу кеңінен таралды.

АТА бағасын өлшеудің электрохимиялық әдістері екі топқа бөлінеді. Алғашқысына белгілі бір қосылыстың тотығу процесінің ағынына жанама байланысты концентрацияның өзгеруін электрохимиялық тіркеу әдістері қолданылады. Ал екіншісіне тотығу – тотықсыздану потенциалдарын құралсыз өлшеуге негізделгенәдістер жатады. Бұл параметрлер АТАмен бірге көрсетіледі және оның бағасы үшін қолданылуы мүмкін.

Әр түрлі әдістерде антитотығу компоненттері(Е витамині, аскорбин қышқылы және т.б.) жекелей немесе жалпы АТА анықталады. Жалпы АТАмен салыстырғанда антитотығу қасиетке ие жеке қосылыстың концентрациясын өлшеудің ақпарат аздау.

Фотометриялық әдіс Антиоксиданттық активтілікті колориметриялық анықтау кроциннің тотығуымен жүреді.(ТАС)Кроцин – сары бояғыш зат, Gardenia grandiflora қытай өсімдігінің жемісі.Кроцин тотығуы: планшеттің әр шұңқырына 100мкл кроцин мен фосфатты буфердегі 50мкл зерттелетін үлгіні тамызады.Реакция алдын ала 370 С жылытылған 100мкл 2,2`-азобис(2-амидинопропан) гидрохлоридтің (ААРН 5мг/л) қосылуымен иницирленеді және кроцин тотығуы планшеттің ылғалды термостатта 370 С-та 60-75 минут инкубациясымен жүреді.Кроцин бар бақылау үлгілері, үлгілер мен фосфатты буфер параллельді инкубирленеді.

Инкубирленуден соң 450нм-де оптикалық тығыздығы өлшенеді.Спецификалық жұтылу 100*(D 0-Daoб)D0 формуласымен анықталады.D0-антиоксидантсыз жұтылу,Daoб-антиоксидантпен жұтылу.Бұл әдістің соңғы жетістігі адамның плазмасындағы антиоксиданттың белсенділікті анықтай алады.Бұл әдіс Тролокс индивидуалды қосылыс арқылы стандартталған.Тролокс- Е витаминінің суда еритін аналогы.АОБ-ке үлесін қосып отырған мочевая кислота,билирубин,альбумин,аскорбин қышқылы мен гемоглобин.ТАС қатыру процестеріне сезімтал емес-үлгілерді еріту 4 сағатқа дейін бөлме температурасында сақтау жақсы нәтиже береді.Лимон қышқылының қосылуымен анықталған нәтижелер мәні 20%-ға түсетіні анықталды.Осы әдіс бойынша сау адамның қанының плазмасында АОБ 1,175 мМ/л құрайды.Әдіс тамақ өнімдерін бағалауда маңызды,тіпті әдісті автоматизациялау ойы болған.

Хемилюминесцентті әдіс Бұл әдіс люминолдың бос радикалдармен әрекеттесіп, жарық беруіне негізделеді.

Иницирлеуші жылудың нәтижесінде 2,2′-азобис-(2-амидинопропан) дигидрохлорида (ААРН) ыдырап, жүйеде бос радикалдар тұрақты генерирленеді.

Антиоксиданттар қатысынсыз люминолдың люминесценция интенсивтілігінің өзгеру кинетикасы

Флуориметриялық әдіс ORAC – Oxygen Radical Absorption Capacity – оттекті радикалдарды жұтуға негізделген, қарапайым, тек уақыты ұзақ (95 минут) және флуоресцентті детекторды талап етеді.

Алғаш рет 1992 жылы Ұлттық қартаю институтында дәрігер Гохуа Каомен жасалған. Автоматтандырылған әдіс антиоксидант және тотығу стресстерін зерттеуде кеңінен қолданылды. Әдіс белгілі бір заттың флуоресценция жиілігін өлшеуге және оның реакция уақыты өте келе өзгеруіне негізделген. Антитотықтырғыштардың қорғаныштық әсері салдарынан оттекті радикалдарды байланыстыратын қосылыстар қатысында флуоресценцияның уақыты өседі. Антитотықтырғыштық белсенділікті (АТБ) сандық анықтау 2 қисық – бос реакция мен антиоксиданты бар бойынша анықталады

Гуа және Янг әдісі

қосылыстың антитотықтырғыштық белсенділігін оның гидрокси-радикалды өзіне жалғап алу қабілетіне байланысты анықтауға негізделген. Неге гидрокси-радикал? Себебі, олар физиологиялық жағдайларда басқаларға қарағанда реакциялық қабілеті жоғары және ағзадағы жағдайларға (онкогенез, атеросклероз, ДНҚ мутациясы) жауапты.

Гидроксил-ион генерациясы:

Биологиялық маркерлерді қолданатын әдіс

Эксперимент спектофотометрия әдісін қолдану арқылы тотығу-тотықсыздану потенциалдары, рН пен клеткалы фотосенсибилизацияны анықтауға негізделген. Бұл қосылыстардың антитотықтырғыш эффективтілігін обьективті бағалауға мүмкіндік берді.

Антиоксиданттардың абсолютті тотықсыздандырғыш қабілетін анықтау үшін Нернст теңдеуін пайдаланды:

Eh = 1,23 – RT(pH/F + ln[1/Po]/4F)

Eh – өлшенген тотығу –тотықсыздану потенциалы;

F – Фарадей константасы;

R – универсалды газ тұрақтысы;

T – абсолютті температура ;

Ро – оотектің парциалды қысымы;

rH = –log Po; rH- қосылыстың абсолютті тотықсыздандырғыш потенциалын айқындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]