Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

42. Е300 және е306 консервантының антиоксиданттық қасиеттерін көрсетіңіз.

Е300 – аскорбин қышқылы (Витамин С). Тобы: тағамдық қоспа. Түрі: антиоксидант. Сипаттамасы: табиғи және синтетикалық түрі кездеседі. Бос радикалдарды байланыстыру қасиеттері бар. Организмде ферменттнрдің және кейбір гормондардын түзілу реакциясына қатысады. Аскорбин қышқылы әртүрлі инфекциялармен вирустарға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарлатады, және иммунитетті көтереді. Қолданылуы: аскорбин қышқылы ет-тағамдарының табиғи түр-түсін сақтайды және тотығудан қорғайды. Табиғатта кездесуі: цитрус, картоп, бұрыш, қарақат және т.б. жеміс-жидектерде кездеседі. Адам организміне әсер етуі: оның әсері өте пайдалы. С витамині қанның ұюын тұрақтандырады, липидтердін мөлшерін реттейді, сүйек ұлпаларының процесстеріне қатысады. Аскорбин қышқылы иммундық жүйені жақсартып, ауруға қарсы тұруды жоғарлатады. Тәуліктік мөлшері: 60-100мг. Өңдірісте аскорбин қышқылын глюкозадан синтездейді.

Е306 – токоферол қоспаларының концентраты (Витамин Е). Тобы: тағамдық қоспа. Түрі: антиоксидант, антитотықтырғыш. Сипаттамасы: ең пайдалы антиоксидант болып табылады. Е витамині табиғатта әртүрлі формада кездеседі, және әртүрлі активтілік көрсетіп, организмді зиянды токсиклық заттардан қорғайды. Табиғатта кездесуі: майдың әртүрлі сорттарында кездеседі, сүтте, жусай, тауық жұмыртқасында және т.б. заттарда кездеседі. Токоферол организмдегі бос радикалдарды жоюға көмектесіп, ұлпалардын кәртеюінен қорғайды. Қолданылуы: негізі профилактикалық мақсаттарда көп қолданылады. Тағамдарды витамин Е-мен байыту үшін және олардың сақтау мерзімін ұзарту үшін қолданылады. Күнделікті қабылдаған кездегі көрсеткіштер: -организм клеткаларын оттекпен байытып, жұмысқабілеттілікті жоғарлатады. –тромбтардың түзілуіне кедергі жасайды. –журек бұлшық еттерін жақсартады. –қан-тамырладын жұмысын жақсартады. Организмге әсері: асқазанға және ішекке жақсы сіңіріледі, және бір бөлігі лимфаға түсіп, клеткалар мен ұлпаларға жеткізіледі. Токоферолдын организде жетіспеушілігі кезінде жүйке-жүйенің жұмысы бұзылады, және де аз қандық және анемияларғада әкеледі.

43. Тағамдық өнімдерден с витаминін анықтау жолын көрсетіңіз.

1-Калий гексациано-(3+)-ферратымен реакциясы.Аскорбин қышқылы тотығып, калий гексациано-(3+)-ферратын калий гексациано-(2+)-ферратына дейін тотықсыздандырып, тотығу дәрежесі 3+ темір ионымен қышқыл ортада берлин лазурі түсін түзеді.

4Fе(СN)6 + 4FеС13  Fе4Fе(СN)63 + 12КСl.

ферроцианид берлинская

калия лазурь

Пробиркаға 1мл қырыққабат шырынын құйып,оған 2тамшы КОН ер-дісін, 2тамшы калий гексациано-(3+)-ферраты ер-сін тамызып,қатты араластырады.Содан соң пробиркаға 6-8тамшы 10%тұз қышқылын және 3тамшы FеС13 қосады.Сонда көк не жасыл-көк берлин лазурь түсі түзіледі.

2-Құрамында С витамині бар итмұрын өсіндісін йоды бар йодкалийдің ер-не қосқанда,йод ер-сі түссізденеді. пробиркаға 10 тамшыдан су мен 1-2тамшы 0,1% йод ер-і құяды.Оған 10тамшы итмұрын ер-н тамызса түссізденеді.Реакция аскорбин қышқылының дегидроаскорбин қышқылына дейін тотығып,ал молекулалы йодтың тотықсызданып,йодсутекті қышқыл түзуімен түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]