Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

25. Табиғи антиоксиданттардың мөлшерін анықтау жолдарын көрсетіңіз.

Табиғи антиоксиданттардың маңызды өкілдерінің бірі витамин С немесе аскорбин қышқылы. Цитрус өсімдіктерінің шырынында оның мөлшерін анықтау йодометрия болып табылады. Алдымен йодтың артық мөлшерін шырынның белгілі бір мөлшерімен әрекеттестіріп, әрекеттеспеген йодты натрийдің тиосульфатымен титрлеп алады.

С6Н8О6 (витамин С) + I2 → С6Н6О6 + 2НI

Алынған шырында витамин Сның мөлшерін келесі формуламен анықтаймыз:

(V1- V2)CNa2S2O3 х 176

Q = 2000

V1 – пробаны титрлеуге кеткен тиосульфат мөлшері.

V2 – шырынды титрлеуге кеткен тиосульфат мөлшері

CNa2S2O3 – концентрация раствора тиосульфата натрия (0,02 моль/л)

176 – масса 1 моль аскорбиновой кислоты.

Ретинол (витамин А) анықтау:

Мысалы, балық майындағы ретинолды анықтау. 5 тамшы хлороформда 1 тамшы балық майын ерітіп, оның үстіне 3-4 тамшы концентрлі күкірт қышқылын абайлап қабырғасымен қосамыз. Ерітінділер шекарасында көк сақина пайда болып ол тез қызыл түске ауысады.

26 Табиғи антиоксиданттарды бөлу жолдарын атаңыз.

ДИГИДРОКВЕРЦЕТИН

Биологиялық белсенді компонент дигидрокверцетин күшті антиоксиданттық қасиетке ие.

ДГК, полифенолдар класына жатады, ол Р – витаминді препарат болып табылады, яғни барлық организмдегі биохимиялық процестердің катализаторы болып табылады. ДГК қан тамырлары мен капиллярлардың беріктілігін және эластикалық қасиеттерін жоғарлатады, қанның микроциркуляциясын жақсартады, тромбылардың пайда болуын болдырмайды.

Өндіру технологиясы дигидрокверцетинді балқарағай ағашынан бөліп алуға негізделген. Дигидрокверцетиннің субстанциясын өндірудің технологиялық процесі келесі сатылардан тұрады:

бастапқы ағашты дайындау (ағаштың қабығын аршу, ұсақтау);

органикалық еріткішпен экстракциялау;

эктстрактты қоспаларды бөлу арқылы дистилляциялау, ДГК экстрактысын алу;

Пайдаланылған ағашты еріткіштен кептіру;

Сулы ерітіндіден ДГК кристалдау;

ДГК-ны қоспалардан тазарту (кристаллдау, фильтрлеу);

Кептіру және дайын өнімді (ДГК субстанциясын) буып-түю;

Балқарағайдың түбірін ұнтақтайды. Кейін жоңқаларды әр түрлі өлшемді ыдыстары, колонналары, трубалары бар күрделі құрылымға орналастырады.

Балқарағай үгіндісіне спирт құяды, содан соң белгілі жүйе бойынша айдалады, вакуумды толқынды әдістер қолданылады. Бұл әдістер арқылы ағаш ұнтақтарындағы заттарды көп мөлшерде бөліп алуға болады, көбіне олар дигидрокверцетин, және басқа дафлаваноидтар, майлар, шайырлар және т.б.

Ары қарай экстракт спиртті төмен температурада буландыруға жіберіледі. Реакционды колоннада майлардың, шайырлардың, флаваноидтардың бөлінуі жүреді. Бұл фракциялардың барлығы бөлек бөлек шығарылады.

Шикі дигидрокверцетин ұнтағы алынады. Флаваноиды бар ұнтақ сулы спиртте ериді. Сөйтіп, мұнда дигидрокверцетин, шайыр және май қабаттарына бөлінген субстанция алынады. Кристалдаудан кейін бұл субстанциядан қажетті өнім алынады, яғни дигидрокверцетин мен балқарағай майы.

Дигидрокверцетинді таза күйінде алу үшін сулы ерітіндіде қайтакристалдау жүргізіледі, және балқарағай майы үшін қосымша фильтрлеу жүргізіледі. Ары қарай тұтынушыға жіберуге дайындау және бөлшектеп өлшеу жұмыстары өтеді.

Дигидрокверцетин бауырды әр түрлі тетрациклин, тетрахлорметан, этил спирті сияқты улардан қорғайды, сөйтіп бауыр клеткаларының функционалды күйін жақсартады. Тромбоцидтердің агрегациясын ингибирлеу арқылы атеросклеродың дамуын тежейді, инсульттың болу ықтималдығын төмендетеді, иммунитетті нығайтады. Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің өсуін реттеуші ретінде, жануарлардың азығына биоқоспа ретінде қолданылады.

Косметика өнеркәсібінде дигидрокверцетинді крем, шампунь, бальзам, лосьондар өндірісінде қолданады, ол шаш пен терінің жақсаруына жағдай жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]