Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

«бос, шексіз евклидтік кеңістікте қозғалатын геометриялық денелерді» ұсынды. XX ғасырдың ұлы физигі В.Гейзенберг бұл қозғалысты түсінудегі өте қиын кезең, нағыз революция болғанын айтады.

Инерция заңын анықтау да Галилеоның еңбегі: қосымша күштің көмегінсіз шамасы бойынша да, бағыты бойынша да бірде-бір дене жылдамдығын өзгерте алмайды және егер оған басқа денелер ықпал етпесе, тұрақты жылдамдықпен қозғалысын ары қарай жалғастыра алмайды. Галилейдің бұл жаңалығын «физиканың шын бастамасы» деп бағалаумен келісуге әбден болады (қараңыз: С.А.Лебедев және басқалары. Введение в историю и философию науки. – М.: Академический проект, 2007. 65-бет).

Галилей: «Табиғат кітабы математика тілімен жазылған», – деп жариялайды. Өмірінің соңына дейін ол осы қағиданы ұстанған. Механикаға ол «сан», «жиын», «фигура», «қозғалыс», «бірқалыпты қозғалыс», «жеделдетілген қозғалыс» деген санаттар енгізді.

Денелердің орамдылығы себебін зерттей келе, Галилей оларда, дене бөлшектерінің арасында бос ұсақ, оларды бір-бірлерімен кіріктіріп тұратын қуыстардың бар екенін түсінеді. Бірақ ол қуыстар соншалықты кішкентай және әрқайсысының кедергісін оңай жеңуге болғанмен, бірақ сандарының санауға болмайтындай көптігі олардың кедергісін тым арттырып жібереді. Бұл ережені көрнекі түрде көрсету үшін, Галилей Н.Кузанскийдің: «Шеңбер дегеніміз – ол сансыз көп жақтары бар көпбұрыш» деген идеясына жүгінеді. Бұл оған математикаға «маңызды шексіздік» түсінігін енгізуге мүмкіндік береді. Кейіннен «шексіз аздарды санау» деген ат иеленген «бөлінбейтіндер математикасы» осылай пайда болды.

Галилей 32 есе ұлғайтылған телескоп орнатты. Ол ай алаптары мен кратерлерді көрді, Күн бетіндегі дақтарды, оның өз өсімен айналатынын тапты, Шолпан кезеңдерін, Юпитердің төрт серігін ашты, ал Құс жолын тұман баспаған екен, ол өте алыстағы жұлдыздардың шоғырлануы болып шықты. Осы жаңалықтардың барлығы сол кездегі қоғамға «жарылған бомбадай» әсер етті. Дүниенің аристотельдікптолемейлік бейнесіне түзеуге келмейтіндей нұқсан келтірілді. Ал Галилей жалпыеуропалық деңгейде даңққа бөленді.

Адамның әлемді танып білу үдерісіне бет бұра отырып, Галилей бұл үдерістің шексіздікке кететін үдеріс екеніне сендіреді. Ғылым – дайын, түпкілікті берілген тұжырымдар мен қорытындылардың жиынтығы емес. Біз табиғат құпияларының азғантай бөлігіне ғана иеміз, ол ары қарай іздену, табу үшін қашанда ашық. Адамның білімі шектеулі, ал

111

табиғат шексіз және бұл оны танып білудің шексіз мүмкіндіктерін ашады. Жаратылыстанушының осы ой-толғауларынан біз оның ортағасырлық схоластиканың қағидалар жиынтығын қабылдамағанын көреміз.

Галилей гелиоцентрлік (Күн – планеталар жүйесінің кіндігі дейтін) жүйені қызу құптады. Ол Кеплермен хат-хабар алысып, оның ашқан жаңалығын қолдады. Бірақ ол католик шіркеуінің жазалаушыларынан қатты қысым көрді. Біздің білетініміздей, оған жазалаушылар алдымен (1616 ж.) құпия жаза белгілеп, ал содан кейін, 1633 жылы енді жария жазаға тартты. Нақ сол кезде ол өзінің теорияларынан бас тартып, ешқашанда Жердің өз өсін және Күнді айналатынына сендірмеуге уәде беруге тиіс болды. Бірақ бір аңыз бойынша сот залынан шыға салып, Галилей: «Ал ол, қалай болғанда да, айналады!» – деген екен.

Өткен ғасырдың 80 жылдары француз тарихшысы П.Редондидің «Галилей – күпір» деген еңбегі жарық көрді, онда Рим католик шіркеуі жазалаушыларының мұрағаттарында табылған құжаттар негізінде ол Галилейдің, шын мәнінде, Жердің айналу фактісін мойындағаны үшін емес,материяныңатомдыққұрылысынадегенкөзқарастықабылдағаны үшін жазаланғанын сенімді уәждермен дәлелдейді. Қарапайым тілмен айтқанда, Галилейді «аяп», жазалаушылар халық үшін «Коперник күпірі» деген жорамалды ұсынған. Өмірінің соңына дейін Галилей «шіркеу жазалаушыларының тұтқыны» саналып, Флоренцияға жақын маңдағы вилласында өмір сүруге мәжбүр болған. Тек 1992 жылы Папа Иоанн Павел II сот шешімін қате деп жариялап, ұлы ғалымды ақтап шықты.

Ғылыми жетістіктер туралы әңгімені аяқтай келе, герменизм сияқты құбылысты айналып өтуге болмайды. Ресми ғылыммен қатар, ежелден-ақ ғылымнан тыс арнаулы білімнің өмір сүргенін және әлі де өмір сүріп келе жатқанын айтуға тиіспіз, оның үстіне, оның кейбір түрлері жеткілікті дәрежеде жүйеленген. Олардың қатарына «оккульттік» немесе «эзотерийлік» деп аталатындарды да жатқызуға болады.

Ғалымдардың пікірінше, ол білімдер бітіп болмайтын қателесушіліктер, ал оларды қолдайтындар мен тарататындар – алаяқтар болып табылады. Міне, енді өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бері қарай Батыс ғылымтануында, ғылымның тарихтануы мен философиясында ғылымнан тыс арнаулы білімдердің ғылымға ықпал ете бастаған мәселесі белсенді талқылана бастады.

112

Мәдениет құбылысы ретінде герменизм ілімнің ажырамас бірлігі және осы ілімге сай өмір салты болып табылады. Ілім ретінде, ерекше доктрина ретінде ол білімдердің әлдебір эзотерийлік, яғни даңқты Гермес Трисмегиске (яғни Үш мәрте Ұлы дейтінге) телінетін жүйені білдіреді.

Алхимиялық дәстүр – осы ілімнің негізі. Мамандар герменизмді «оқымысты» және «танымал» деп бөледі. Батысеуропалық Ортағасыр және Қайта өрлеу дәуірінде, негізінен, «танымал» герменизм, яғни алхимия, астрология, магия кең қолданыла бастады.

Бұл ілім Н.Коперникті де айналып өтпеді (герменизмнің көрнекті өкілдері М.Нострадамус пен Т.Кампанелла болған).

Алайда ол, біздің заманымызда белгілі болып отырғандай, Джордано Бруноға ерекше ықпал еткен. 1964 жылы американдық зерттеуші Ф.А.Ейтенің «Джордано Бруно және гермендік дәстүр» деген кітабы жарыққа шықты. Онда автор Қайта өрлеу алыбының негізгі туындыларында Гермес Трисмегистің рухы басым екенін дәлелдейді. Бруно еңбектерінен ол герменизмнің басты кітабы «Асклепияға» («Тығыз жабылған корпустың» екінші бөлімі) идея жағынан да, мәтіні жағынан да сәйкестік тапқан. Оның үстіне, әдетте, Бруноның озық көзқарастары мен атеистік дүниетанымын дәлелдеу үшін айтылатын ойлары герменизмнен алынған ойлар болып шықты. Н.Коперниктің әлемнің гелиоцентрлік сызбанұсқасының өзін Дж.Бруно, Ф.А.Ейтенің пікірі бойынша, герменизм идеяларының дұрыстығының ұлы дәлелі деп қабылдаған.

Бірақ, біздің ойымызша, бұл Дж.Бруноның ұлылығын және болашақ ұрпақтар үшін оның мұраларының маңызын ешбір кемсітпесе керек.

3.4. Н.Макиавеллидің философиялық және әлеуметтік-саяси идеялары

Экономиканың, сауда-саттықтың өркендеуіне, адамның бас бостандығы маңызының өсуіне, көптеген халықтардың ұлттық санасезімінің қалыптасуына тікелей байланысты әлеуметтік-саяси өзгерістер көпшілік ойшылдардың қоғам, мемлекет, билік, мәдениет, дін мәселелеріне қызығушылығының артуына себеп болады. Есімі әлі күнге дейін баспа беттерінен түспейтін сондай ойшылдардың бірі Николло Макиавелли (1469-1527) болып табылады. Туа біткен дарынына бола, ол ертедегі тарихшылар мен философтардың көптеген еңбектерін өз бетінше оқып біліп, өз заманының білімді адамына айналды. Оның

113

үстіне, сол кездегі Флоренцияның саяси өміріне тікелей араласа және көп жылдар бойы мемлекеттік қызмет атқара отырып, ол әлеуметтіксаяси мәселелермен жете таныс болды. Оның ұстанымы – «Алдымен өмір сүр, содан кейін философиямен айналыс» (лат. – privus vivere deinde philosophari).

Макиавелли мұрасында жетекші орындардың бірі адам мәселесі болып табылады, оны ойшыл діни көзқарастан тыс қарастырады. Адам – табиғат туындысы, демек, барлық тірі тіршілік иелері сияқты, ол да жан сақтауға ұмтылады. Ол – табиғатынан өзімшіл. Осындай идеяларға: капитализмнің дамуы, бастапқы капиталдың жинақталуы, жұртшылықтың белсенді бөлігінің жеке меншікке ұмтылуы себеп болған, шамасы. Саудагерлер мен кәсіпшілердің, яғни сол заман жұртшылығының белсенді бөлігін мұқият зерттей келе, Макиавелли адам қызметінің қозғаушы күші – ол оның мүддесі екеніне көз жеткізеді. Әлбетте, адамның мүдделері сан алуан, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – өзінің жеке меншігін сақтауға және көбейтуге деген ұмтылыс. «Адам өзінің меншігінен айырылғаннан гөрі, әкесін біреудің өлтіргенін оңай кешіреді», – деп сендіреді ол. Меншік иелену сезімінен кейінгі екінші орында адамның «атақ-абырой», «сыйқұрмет» сияқты қасиеттері тұрады.

Адамды осылай түсінуді жан-жақты ете отырып, ол антика дәуірінің тарихына осы көзқарастар тұрғысынан талдау жасайды. Нәтижесінде, Н.Макиавелли адамның мәні туралы тым көңілсіз қорытындыларға келеді. Оның ойынша, адам туралы, жалпы, мынаны айтуға болады: олар қатыгез және тұрақсыз, алдауға және екіжүзділікке бейім, кез келген қауіп-қатерден безіп кетеді, оңай олжаға ұмтылады.

Адам табиғатының түзелмейтін өзімшілдігі асқан қажеттілікпен мемлекеттің және оның әртүрлі институттарының пайда болуына келтіреді. Мемлекеттік билік пен күш қана адамдарға бірлесе өмір сүру нормаларын бере және басқа да игіліктерді көрсете отырып, олардың өзімшіл пиғылдарына тосқауыл қоя алады. Сөйтіп, Макиавелли бойынша, мемлекет адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады, ал бұған Құдайдың еш қатысы жоқ.

Н.Макиавеллидің пікірінше, христиан діні бастапқы мақсатмұраттарынан айтарлықтай ауытқыған. Шіркеу қызметшілері Папаның өзімен бірігіп алып, сыбайласқан жемқорлық, халықты алдау жолына түскен. Христиан дінінің екінші бір осалдығын ойшыл ол діннің белсенді, күш-қайраты мол адамдарды емес, керісінше, басылыпжаншылған, өмірге құштарлығын жоғалтқан әлсіз адамдарды ізгілікті

114

және қасиетті деп санайтындығынан көреді. Азап шеккен, барлығына да бас шұлғып келісе беретін құлықты адам ғана болашақтағы, жерден тыс жұмаққа лайық. Бұл, Н.Макиавеллидің пікірінше, тоқырауға және кері кетуге әкеліп соқтырады. Кейіннен, енді XX ғасырда, Ф.Ницше христиандықтың моральдық нормаларын Н.Макиавелли рухында сынап-мінеуді жалғастырды.

Н.Макиавелли көпқұдайлық орын алған, адамдардың белсенділігі, батырлығы мен өмірге құштарлығы нағыз адамдық құндылықтар болып саналған Италияның ерте тарихындағы сол бір кезеңге ерекше ілтипатпен қарайды.

Соған қарамастан, оның ойынша, дін қажет: бақытсыз, азып-тозған адамдар одан рухани қолдау көріп, тағдыр салған қиындықтарды көтере алады. Ойшылдың пікірінше, дін болмаса, мемлекет қоғамда тәртіп орната алмайды.

Қайта өрлеу дәуірінің көпшілік ойшылдары сияқты, Н.Макиавелли де өмірге белсенді көзқарасты жақтайды. Бұл жерде өз көзқарастарын негіздеу үшін, ол фатума (жазмыш, тағдыр) түсінігіне қарсы фортуна (сәттілік,кездейсоқбаққону)ұғымыненгізеді.Фатализм,яғнитағдырға сену, жазмышқа мойынсұну: адамның өмірін, мінез-құлқын, қызметін алдын ала белгіленіп қойған, онда ешқандай таңдау, кездейсоқтық жоқ, адам өз тағдырына қарсы шыға алмайды деп санайды. Фортуна қоғамдық қажеттілік болып есептелсе де, бірақ адамның тағдырын өзгертуге бағытталған еркін қызметін толық теріске шығара алмайды. Шамасы, Н.Макиавелли «50 де 50» формуласын қабылдауға бейім болған. Егер фатум бізді өзіне жартылай бағындырса, онда екінші жартымыз біздің белсенділігімізге, ерік-жігерімізге, табандылығымызға, күшіміз бен мақсатқа ұмтылуымызға байланысты болады. Сондықтан

«сақтықтан гөрі, батылдық қажет», өйткені фортуна – ол әйел,

онымен ортақ тіл табысу үшін, ара-тұра оны сабап алу керек, себебі ол жастардың құрбысы болғандықтан, олар оны көп ойланбастан өз жақтарына тартып, өздеріне бағындырып алады. Фортуна жайында ол осылай жеткілікті дәрежеде бейнелеп айтып отыр.

Адамның алдына қойған мақсаттарын іске асыруға бағытталған ба - тыл да тиімді іс-әрекеттерін Н.Макиавелли вирту (лат. – virtu – ай - бын, ерлік) деген сөзбен атайды. Бірақ әрбір адам ерлікке – айбынды әрекетке қабілетті емес қой. Жай адамдар, әдетте, «ортадағы жолды» ұстанады. Ал бұл айтарлықтай бір нәтижеге жеткізе қоймайды. Тарихи тұлғалар ғана вирту әрекетке қабілетті: олар алдарына әлдебір ұлы мақсаттарды қойып, соған өздерінің бар білімдерін, күштерін,

115

ерік-жігерін, табандылығын бағындырады. Алайда барлығы да тарихи тұлғаның айбыны мен табандылығына байланысты емес. Бұл қызметтің «заман қажеттіліктерімен» сәйкес болуы қажет.

Сонымен, адам – азат, айбынды, күш-қуаты мол, істің мән-жайын біліп әрекет ететін тіршілік иесі. Ол өзінің алдына қойған мақсаттарын іс жүзіне асыра алады. Н.Макиавеллидің нақ осы идеялары Батыс адамының жанына жағып, оның ақыл-ой қасиеттеріне айналды.

Бірақ тарихта Н.Макиавелли, негізінен, саясат туралы ойпікірлерімен қалды. Ал бұл кездейсоқтық емес, өйткені сол уақытта феодалдықсаясижүйеніңәлсіреуіорыналып,капиталистікқатынастар қалыптаса бастаған. Егер оған дейін саясат діннің қолдауында болып келсе, енді оның шешімдерін тиісті мораль ақтайтын болды, жалпы алғанда, саясат аристократияның ісі еді, ал енді жағдай күрт өзгерді. Кедейлерден шығып, азғантай уақыт ішінде байып кеткен адамдар билікке ұмтылды. Осындай жағдайда саясат бірте-бірте дін ықпалынан шығып, дербес әлеуметтік құбылысқа айналады.

Саяси ғылымның міндетін Макиавелли жағдайдың шынайы жайкүйін түсіндіруден көреді. Құдайдың барлығын алдын ала белгілеп қоятыны туралы ортағасырлық тұжырымдаманы ол объективті тарихи қажеттілік – тағдырмен алмастырды. Бірақ тағдыр – бәрін ба- сып-жаншитын алапат күш емес, ол адамның азат ерік-жігеріне орын қалдырады, адамдарды саясатқа белсенді, жасампаз ой-пікірлерімен қатысуға бағыттайды.

Макиавелли Жаңа заманның саяси ғылымының негізгі терминдерінің бірі – Stato (мемлекет), ағылшынша – State, ал французша – Etat деген терминді енгізді. Мемлекет қоғамның саяси ахуалын: билік ұстағандар мен соларға тәуелділердің қарым-қатынасы, тиісті дәрежеде құрылған, ұйымдастырылған саяси биліктің, сондай-ақ заңдардың болуын білдіреді. Оның үстіне, бұл қозғалмайтын, қатып қалған құрылым емес, күресуші күштердің арасалмағына тәуелді, өзгермелі ахуал болып отыр.

Макиавеллиге дейін барлық саясаткер-теоретиктер үшін басты мәселе – мемлекеттің мақсаты болды. Билік тек әділеттілікке, әлауқатқа, азаттыққа немесе Құдайға қол жеткізу құралы деп ұғынылды. Ал Макиавелли мақсатты биліктің өзі деп сендіреді де, мақсатқа жету құралдарын: билікті қалай алуды, ұстап қалуды және таратуды ғана талқылайды. Ол билікті моральдан, діннен және философиядан бөліп, мемлекетті басқа бастауларға тәуелсіз, құндылықтардың дербес жүйесі ретінде қарайды. Макиавелли еш жерде моральсыздықты

116

дәріптемейді, ол жалпыадамзаттық құндылықтарды жоққа шығармайды. Оның пікірінше, билік пен моральдың жай қағидалары бірбірімен қиыспайды. Мемлекет қайраткерінің мұқтаждықтары моральдан жоғары тұр.

Мемлекет туралы макиавеллилік ой-пікірлердің сипатты үлгілерін оның «Тақсыр» атты кең танымал еңбегінен көреміз: «... Адамдардың көзіне жаны ашығыш, ізгілікті болып көрініп қана қоймай, іс жүзінде де сондай болу керек, бірақ іштей, егер қажет болса, қарама-қарсы қасиеттеріңді де көрсетуге дайын болған жөн»; «...Құзырындағылар үшін лайықсыз істерді тақсырлар басқаларға жүктеуге, ал лайықты істерді өздері орындауға тиіс» және т.б.

Демек, Н.Макиавелли алғаш рет саясатты моральдан ажыратып,

оның қоғамды қайта құрудағы орасан зор маңызын көрсетеді. Егер мораль нақты жағдайға қатыссыз, қоғам қандай болуға тиіс дегеннен келіп шығатын болса, онда саясат – бар нәрсеге, айқын нақтылыққа, «нәрселердің ащы шындығына» сүйенеді. Саясат – бәрінен бұрын билікті алу және оны ұстап қалу үшін күрес. Саясат – ол қоғамның тұтастығын сақтау үшін, әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін келістіруі. Саясаткер мүмкіндігінше ізгіліктен ажырамауға, бірақ қажет болса, жамандықтан да шошымауға тиіс. Бірақ, дегенмен саясатты мораль шектерінде ұстап тұру мүмкін емес. Қашанда өзінің ісәрекеттерінде мораль талаптарына сүйенетін саясаткер, ақырында, өз қабірін өзі қазған болып шығады.

Н.Макиавеллидің саясат жайындағы жоғарыда келтірілген ойпікірлері кейіннен философия, саясаттану тарихында «макиавеллизм» ұғымын тудырды. «Макиавеллизм» деп арсыз саясат, алдапарбау, зұлымдық, фактілерді бұрмалау әрекеттерін түсіну керек, яғни жалпыадамзаттық адамгершілік нормаларын аяққа басу туралы сөз болып отыр, өкінішке қарай, әлемдік саясатта ондайлар әлі күнге дейін орын алып келеді.

Біз Н.Макиавеллидің философиясын «макиавеллизмнен» ажыратып көрсетуге тиіспіз, өйткені ол кез келген күш көрсету, саясаттағы зұлымдық атаулыдан аулақ болды. Алайда саясатта әртүрлі жағдайлардың, «нәрселердің ащы шындығының» қысымымен саясаткердің күш қолдануға мәжбүр болатын сәттері кездеседі. Бұндай жағдайда ол қорқытып-үркітумен әуестенбеуге тиіс. Саяси қарсыластарын тез тізе бүктіріп, күш қолдануды тоқтатуға әрекет етуі керек. Бірақ ол кезде, ойшылдың пікірінше, қатарынан екінші рет күш қолданудан сақтану керек. Іс жүзінде қазіргі заманғы сая-

117

сат технологтары да осына айтады. Саясаткер бір мезгілде арыстан да, түлкі де болуға, қажеттілігіне қарай сақ болумен қатар, батыл да болуға тиіс дегенге келсек, онда бұл қағидат бүгінгі күні де өзекті болып табылады. Демек, Н.Макиавелли адамгершілікке негізделген саясатты жүргізу қажеттігі туралы айтқан.

XX ғасырдың екінші жартысында ғана Н.Макиавеллидің шығармашылығын терең зерттеу негізінде одан «азғын саясаттың ақтаушысы» деген қорлық таңба алынып тасталды. Н.Макиавеллидің шығармашылық мұрасын терең зерттей келе, көрнекті ағылшын философы Бертран Рассел оны «Қайта өрлеу дәуірінің ең терең ақылойы» деп атады. Бүгінгі күні Батыста Макиавелли «қазіргі заманғы саясаттанудың әкесі» саналады. Ал біздің ойымызша, бұл бағаға әбден лайық деп араб ойшылы Ибн-Хальдунды айтуға болады, өйткені ол Макиавеллиден тұтас бір ғасыр бұрын өмір сүрді ғой. Алайда бұл адамзаттың философиялық ойы тарихындағы Н.Макиавеллидің алатын орны мен маңызын ешбір кемсітпесе керек.

3.5. Діни реформация және оның еуропалық капитализм дамуындағы маңызы

Еуропаның рухани өмірінде де Қайта өрлеу дәуірі айтарлықтай өзгерістерімен әйгілі болды. XVI ғасырда христиандықтың көп зардаптар әкелген екінші ірі жікке бөлінуі орын алды және ол жаңа басталған антифеодалдық әлеуметтік-саяси қозғалысқа байланысты болды. Ал католицизм феодализмнің идеологиялық тірегі болғандықтан, алғашқы соққы католик шіркеуіне бағытталды. Қозғалыстың өзі Реформация (лат. – reformation – түрлену, түзету) деген атқа ие болды.

Осындай жағдайда рухани өмірді жаңартудың алғашқыларының бірі болып немістің діни қайраткері Мартин Лютер шықты. Ол өте дарынды адам-тын. Діни ілім профессоры, неміс тілінің білгір маманы (Библияны алғаш неміс тіліне аударған да – сол), композитор және музыка теоретигі болды.

1517 жылдың қазан айының 31-інде ол өзі діни қызметші болып еңбектенетін ғибадатхананы жауып және есікке сол кезде-ақ жұрт танып білген 95 тезисті іліп, ашық қарсылық әрекетке шықты. Бұл, Ф.Энгельстің бейнелеп айтуы бойынша, «отқа май құйған» әрекет-тін. Оған түрткі болған М.Лютер тұрып жатқан және еңбек ететін Виттенберг қаласына жаппай индульгенция сатуға Рим елшісінің келуі еді. Бастапқыда бағынушылар үшін үшін бұл татымды сый көрінгенімен,

118

сол уақытта индульгенция өтімді тауарға айналып та үлгірген еді. Бұл жолы да жиналған ақша Римдегі Петр соборының құрылысына жұмсау мақсатында сатылып жатқан-ды.

Лютер Рим католик шіркеуінің бұл құтқарылу ісіндегі делдалдық рөлін сынға алды және құтқарылу үшін адамның Жаратушыға деген жалғыз сенімін жеткіліксіз деп санады. Құдайға діни ұйым ғана емес, әрбір сенуші адам қызмет етуге тиіс. Протестантизм адамның салт-жораларды ғана емес, өзінің барлық міндеттерін адал орындауы маңызды екеніне үйретті, сондықтан жеті міндеттің ішінен ол шоқынуды және дұға айтуды қалдырды. Дұға айтылатын үй-жайлардан барлық икондар шығарылды.

Ресми Римнен түбегейлі қол үзу 1521 жылы орын алды. Солай қол үзу оның досы Ф.Меланхтон жасаған және жүйелеген «Аугсбург ғибадаттары» деп аталатын құжат түрінде рәсімделді.

Бастамасынан-ақ реформаторлық қозғалыс әлеуметтік тұрғыда біртекті бола алмады, өйткені неміс қоғамының әртүрлі топтарының мүдделері де тым әртүрлі еді. Сол себепті онда екі: Лютердің өзі басқарған қалыпты (бюргерлік-князьдік) және Германиядағы 152411526 жылдардағы Шаруалар көтерілісі көсемдерінің бірі, өзі ұйымдастырған жасақ жеңіліске ұшыраған соң жазаға тартылған Томас Мюнцер (1490-1525) басшылық еткен радикалдық ағым (шаруалар мен плебейлер – төменгі тап өкілдері) пайда болды.

Лютердің реформаторлық идеялары Швейцариядан да өзінің тым батыл ізбасарларын тапты, олар – Ульрих Цвингли (1484-1531) мен Жан Кальвин (1509-1564) еді.

У.Цвинглидің тағдыры аянышты болды: ол протестанттардың әскеріне діни қызметші ретінде ілесіп жүріп, католиктермен ұрыста қаза тапты.

Кальвин өз ілімін құруға қол жеткізіп, оны «Христиан сеніміндегі өсиеттер» деген еңбегінде баян етті, аталған еңбектің түпкілікті нұсқасы 1559 жылы басылып шықты. Кальвинизмде реформацияның буржуазиялық мәні жүйелі түрде көрсетілген. Ол діни басшылық институтын құлатып, консисториялар (пастор, диакон және діндарлар сайлайтын ақсақалдар) басқаратын әрбір жеке діни қауымның (конгрегация) толық тәуелсіздігін орнатты. Кальвин бойынша, әрбір діндар адамның өмірін Құдай әуел бастан-ақ белгілеп қояды, сондықтан ол фортунаға (сәттілік, кездейсоқ бақ қону) қарсы шығып, фатум (тағдыр, жазмыш) ұғымын жоғары қояды. Бірақ бұл ойшылдың басты еңбегі – капиталдың бастапқы жинақталуы дәуірінде үлкен рөл

119

атқарған протестанттық деп аталатын этиканы жасағаны болды.

Оған қоса, ол Библияның «шақырылғандар көп, ал таңдаулылар аз» деген белгілі қағидасын пайдаланады. Жаңаша түсіндірменің мәні мынада: «Құдайдың кімді таңдағанын ешкім білмейді», сондықтан әркімнің жүрегінде: «Құдай мені таңдады» деген үміт оты сөнбеуі керек. Егер адамның шаруашылық істерде жолы болса, егер «ақшаға ақша қосылып» жатса, онда бұл – Құдайдың рақымшылығының белгісі. Оған жауап ретінде адам да игілікті істер атқаруға тиіс,

яғни жаңа жұмыс орындарын ашуы, мұқтаждарға жәрдемдесуі,

тұрмыста қарапайым болуы, өзін айналасындағылардан жоғары қоймауы керек. Сөз жоқ, бұндай этиканың еуропалық капитализмнің қалыптасуында, оның «адамдық бет-бейнесін» сақтауында үлкен рөл атқарғаны күмән тудырмаса керек.

Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі қазақстандық қоғамды жаңарту үдерісінде, өкінішке қарай, біз ондай этиканы жасай алмадық. Тарих та бізге ол үшін уақыт бермеді. Сондықтан жаңартудың алғашқы жылдары қоғамды халықтың рухани тәжірибесімен үйлеспейтін, шектен шыққан дарашылдық (индивидуализм) оты шарпыды. Қазір жағдай біршама жақсарып келеді. Бірақ әлі күнге дейін қоғам халықтың бай рухани-адамгершілік тәжірибелеріне негізделген кәсіпкерлік этикасын қалыстастыруға тиісті назар аудармай келеді.

Англиядағы реформаторлық қозғалыс англикан шіркеуін – протестантизмнің аса бір радикалдық емес жаңа түрін құрудың бастамасы болды. Бұл қозғалысты король Генрих XIII (1491-1547) басқарды. Ал 1554 жылы ағылшын парламенті Англия шіркеуін Римге тәуелсіз етіп жариялады. Сол уақыттан бастап және күні бүгінге дейін англикан шіркеуін не король, не королева басқарады, ал олар Кентербер және Йорк архиепископтарын тағайындайды. Англикан шіркеуінің орталығы – Кентербер епархиясы.

Кальвиннің Франциядағы ізбасарлары атақты гугеноттар, ал Англия мен Шотландияда пресвитериандар болды. Протестантизм ортағасырлық схоластиканың бұғауларын түпкілікті үзе отырып және ғылыми ойдың шығармашылық ізденістің азат жолына шығуына мүмкіндік туғызып, ғылымның өркендеуінде орасан жасампаз рөл атқарып қана қоймай, сонымен қатар феодалдық Еуропаның әлеуметтік-экономикалық тұрмыс салтын да түбегейлі өзгертті.

Жаңа дәуір басталды.

120

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]