Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

4-тарау. Жаңа дәуір ғылымы және философиясы

4.1. Жаңа дәуірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірінің ерекшеліктері

Сонымен, Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірлерінің орнына тарихтың жаңа кезеңі келеді. Әлі күнге дейін оны қай кезден бастап есептеу туралы нақты ештеңе белгілі емес. Көбінесе Жаңа дәуір Қайта өрлеуге еніп кетеді, бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, оның бастауын XVII ғасырдан санағанымыз негізді болатын сияқты.

Ол уақыт Еуропада буржуазиялық қатынастардың қарқынды дамуымен сипатталады. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға, адам танымының мақсаттары мен маңызына деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Алдыңғы орынға Табиғатты тәжірибе арқылы зерттеу шығады, ал соның нәтижесінде тұтас жа - ратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: онтологиялық (болмыс туралы ілім) мәселелерден гносеологиялық (теориялық-танымдық) мәселелерді зерттеп білуге көшу басым болады. Алдына ғылымды дамыту мақсаттарын қойған жаңа мекемелер мен ұйымдар ашылады. Олар, Платонның мысалы бойынша, «академиялар» деп аталатын болды.

Осы уақытта танылып үлгірген ғылымдар ішінен механика суырылып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, механизмдер мен станоктар жасау қажет болды. Сөйтіп, Жаңа дәуірдің материализмі

механистік түрге айналады.

 

Әлбетте, діннің ол кезде де қоғамдық санаға ықпалы бар бола

-

тын. Бірақ жаратылыстанудың қуатты дамуының, философияның жыл өткен сайын күшейе түскен материалистік бағытының әсерімен қоғамда діни фанатизм азайып, «ар-ождан азаттығы» біртіндеп өмірге ене бастайды. Ал философияда бұрынғыша «сенім шындығы мен «ақыл-парасат шындығы» бір-бірінен ажырап және сол уақытта Құдайды осы Әлемнің Жаратушысы ретінде танитын, ары қарай өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым – деизм (лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың ары қарай өркендеуіне себеп болды.

Ал енді сол заманның жаратылыстануына келсек, бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт: эмпиризм мен рационализм шықты. Егер

121

эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер арқылы дамытуды құптаса, ал рационализм, керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен өткізуді талап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы. Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай беделабыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы дәуірлердің ұлы адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал етуге және шекараларын шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерттей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр заманында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса, енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе Жаңа дәуірде ғылым мен оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды.

Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тараған-ды.

Жаңа дәуірдің философияның дамуына ықпал еткен кейбір аса маңызды ерекшеліктері осындай.

4.2. Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен рационализм және олардың ғылымның дамуына ықпалы (Ф.Бэкон және Р.Декарт)

Жаңаеуропалық философиядағы эмпиризмнің негізін салушы деп Френсис Бэкон (1561-1626) әділетті аталады. Ол Кембридж университетінде білім алып, саяси өмірге белсене араласады және мемлекеттік қызметте «Лорд-канцлер» атағын иеленеді. Король Яков I адал қызметі үшін оған Верлуам деген жерден қорған сыйға тартады. Бірақ «бақытыма сорым себепші болды» демекші, жас жігітке қамқоршы болған король Яков I қайтыс болғаннан кейін, Ф.Бэконға әртүрлі айыптар тағылып, – бұл енді үйреншікті нәрсе емес пе, – нәтижесінде, оның мемлекеттік лауазымдарда қызмет етуіне тыйым салынды. Англия өзінің сан ғасырларға даңқын асырған ұлы ғалымға осылай қол жеткізді.

Ғалым, әрі тәжірибе жасаушы болған ол тауықтарды мұздатып қатырғаннан кейін олардың тірілетін-тірілмейтінін білу мақсатында

122

жасаған тәжірибесі барысында суық тиіп ауырып, ақыры, сол аурудан қайтыс болды.

«Жаңа органон» (1620) атты атақты еңбегінде ол ғылымның мақсаты мен неге арналатынына деген жаңа көзқарасына философиялық негіздеме береді және зерттеудің индуктивтік әдісінің негізгі қағидаларын ойлап шығарады. Ф.Бэкон: «Шын мәнінде өте пайдалы нәрсе ғылымда да аса шынайы болады», – деген.

Оның шығармашылығының өзгеше ерекшелігі адамдар білімді өздерінің өмірлік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алады деп ерекше атап көрсететіндігінде жатыр. Бірақ ол үшін Табиғатты зерттеу қажет, ал оған апаратын негізгі жол – тәжірибемен келетін білімдер. Тәжірибелік білімдердің өздері өнім беруші және жарық беруші немесе, қазіргі заман терминдерінің тілімен айтқанда, қолданбалы және іргелі болып бөлінеді. Егер алғашқылар іс жүзінде пайда келтірсе, ал екіншілері табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Ф.Бэконның жарық беруші білімдерді дамыту қажеттігі туралы айтқаны тамаша, өйткені онсыз өнім беретін тәжірибелер тез-ақ сарқылған болар еді.

Ф.Бэкон өз заманының ғылымдарын саралап жіктеуді жүзеге асыруғаәрекететті.Бөлубелгісіретіндеоладамжаныныңқабілеттерін алады. Ол – зерде, қиял, ақыл. Зердеге – тарих, қиялға – поэзия, ақылға философия сай келеді.

Өз кезегінде, тарих жаратылыстану тарихына (historia naturalis) және азаматтық тарихқа (historia civilis) бөлінеді.

Поэзия нақты өмірді шынайы түрде емес, адамның жүрегі мен сезімдерінің талаптары тұрғысынан көрсетеді.

Ал философияның зерттейтін тақырыбы – Ол Құдай, Табиғат және Адам. Құдай мәселесін «екі шындық» тұрғысынан қарастыра келе, ол философия аясында оның танылмайтыны туралы айтады. Сол себепті бұл – теологияның қарайтын мәселесі.

Табиғат философиясын ол екі: теориялық және практикалық құрамдас бөлікке ажыратады. Теориялық философия жарық беруші тәжірибелерге негізделсе, ал практикалық философия өнім беруші тәжірибелерге негізделген.

Адам мәселесі де екіге бөлінеді: адамды табиғат туындысы ретінде философиялық антропология (philosophia humana) зерттесе, ал қоғамдық тіршілік иесі ретінде азаматтық философия (philosophia civilis) зерттейді.

Сызбанұсқа түрінде оны төмендегіше көрсетуге болады:

123

ЗЕРДЕ

ҚИЯЛ

АҚЫЛ

Тарих

Поэзия

Философия

 

Теология

Жаратылыстану тарихы

 

Теориялық философия

Азаматтық тарих

 

Практикалық философия

 

 

Философиялық антропология

 

 

Азаматтық философия

Ф.Бэконның пікірінше, ғылым практиканың алдында озып жүруге, жаңадан ашылатын жаңалықтарға жол көрсетуге тиіс. Бірақ басты қиындық адамның ақылының өзінде, оның қолданылуында жатыр. Демек, таптаурын болған жолмен емес, «мүлдем басқа әдіспен, басқа жолмен жүру керек». «Органон» логикадан артық ештеңе де емес. Жаңа логика, яғни әдіс құру арқылы ғана ойлау шектерін тәжірибемен сәйкестікке келтіруге және теорияны адамның табиғат күштерін игеру үшін жұмсайтын құралына айналдыруға болады.

Бірақ ғылым ғимаратын қайта салу үшін алдымен теорияны практикадан кейін қалып қояға келтірген шарттарды ашып көрсету керек.

Ф.Бэкон бойынша, ғылымда ғасырлар бойы ғылымның ары қарай дамуына кедергі жасаған ескі наным-сенімдер қалыптасып келді. Оларды ғалым «пұттар» немесе «елестер» деп атады.

Алғашқы елес – тектік пұттар (лат. – idola tribus). Олар адамның жалпы табиғатынан келіп шығады. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұл – танымның антропоморфизмі, яғни адамға тән психологиялық қасиеттерді табиғат құбылысына немесе жан-жануарларға, заттарға телу болады. Олардың түп-тамырлары алғашқы қауымдық қоғамға, адам табиғаттың дүлей күштерін «өзіне ұқсас» деп қабылдайтын заманға кетеді. Іс жүзінде тектік пұттар әлі күнге дейін сақталған, өйткені табиғат әлі де біз үшін ұлы құпия күйінде қалып отыр, оны алдағы ұрпақтардың көпшілігі шешетін болады.

Екінші елес – ол үңгір пұттары (лат. – idola spesus). Әрбір адам бұл өмірге белгілі бір орында, отбасында келеді. Біреу кедей шаруа отбасында дүние есігін ашса, ал екіншісі сәби кезінен-ақ байлыққа «шомылып» өседі. Есейе келе, тиісті білім және тәрбие алып, адам дүниеге «табиғат жарығы қисық түсетін» өз үңгірінің терезесінен қарағандай болады. Сондықтан ғылым жолына түсу үшін, өзінің үңгір аясынан аспайтын таяздығын жеңе отырып, адам жалпыадамзаттық жетістіктер деңгейіне дейін көтерілуге тиіс.

124

Бір кездері ұлы орыс философы Вл.Соловьев «дүниетаным» дегеннің не екені туралы ойлана келе, оны «ақыл терезесі» деп атаған. Осындай үш «терезені» – К.Маркстің экономикалық материализмін, Л.Толстойдың «ұзын сонар» морализмін және Ф.Ницшенің «ғажап адам» теориясын салыстыра келе, ол: «Экономикалық материализм терезесінен біз артқы немесе, француздар айтатындай, тарих пен қазіргі заманның... «төменгі» ауласын көреміз; дерексіз, ұзын сонар морализм терезесі таза, бірақ енді тым, мүлдем бос қалған, салқынқандылық, қарапайымдылық, қарсылық көрсетпеу, ештеңе істемеу және басқа да емес және жоқ дегендердің ауласына шығады; ал енді ницшелік «ғажап адам» терезесінен барлық өмір жолдары үшін құлаш жетпес кеңістік ашылады және егер көз жұмып, осы кеңістікке қойып кетсе, біреу шұңқырға құлайды немесе батпаққа, я болмаса, көркем суреттегідей әдемі, бірақ үмітсіз тұңғиыққа батады, бұндай бағыттар ешкім үшін де сөзсіз қажеттілік емес қой және әркім де ана тұрған сенімді және тамаша, мәңгі күн сәулелері түсіп тұрған, жерден тым биік шыңдар алыстан-ақ тұман арасынан жарқырап көрінетін тау жолын таңдауға ерікті емес пе» (Вл.Соловьев. Идея «сверхчеловека». Смысл любви. / Таңдамалы шығармалары. – М.; 1991. – 284-285-беттер).

Сөйтіп, барлығы да бір немесе басқа ғалымның неге және кімге бағыт ұстайтынына байланысты. Бірақ ол кезде тарихи шарттар, саяси ахуал, әлеуметтік өзгерістердің өз талаптарын қоятынын естен шығармаған абзал.

Бүгінгі күні, мысалы, түбегейлі өзгерістер кезеңінде бұл пұт, негізінен, әлеуметтік ғылымдардан көрінеді. Біреулер көз алдымызда өзгеріп жатқан әлемге бұрынғыша «өз үңгірі тұрғысынан қарайды және оны өз мәдениетін сақтау қажеттігімен түсіндіреді, ал екіншілер өзіндегінің барлығын мешеу қалған деп санай отырып, дүниеге, мысалы, американдық немесе басқа бір үңгір терезесінен қарауға тырысады». Әңгіме өзге халықтардың тәжірибелерін шығармашылықпен үйрену және оларды Отан топырағына ептілікпен себе қою туралы болып отыр емес пе.

Үшінші елес – базар пұттары (лат. – idola fori). Олар, негізінен, адамдар көп жиналатын орындарда пайда болады, ол кездерде жаңа бір нәрсені талқылау, ақпаратты тарату көбінесе базарларда іске асырылатын. Олардың бастауы – бір немесе басқа нәрсені және соны білдіретін сөздерді теңдестіріп, бірдей ету. Ал іс жүзінде, Ф.Бэконның сендіруі бойынша, көпшілік жағдайларда сөз заттың өзін емес, онда адам үшін ненің маңызы бар екенін білдіреді. Ал егер біз сөз бен затты толық

125

теңдестіріп, яғни бірдей ететін болсақ, онда «жалған данагөйлік» жолына түсіп кетеміз. Бұл пікірлер, шамасы, сол кездегі схоластикаға қарсы бағытталса керек.

Бүгінгі күні бұл пұт бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе қоғамдық пікірге қарсы айла-шарғы ұйымдастыратын «сары басылым» деп аталатын ақпарат құралдарында ұя салды. Мысалы, бізде демократия жоқ, ал бір жерде «нағыз демократия» бар дегенге сендіруге әрекет жасалады. Ал іс жүзінде еш жерде де «нағыз демократия» жоқ, бұл бар-жоғы – әртүрлі халықтар өз жолдарымен жеткісі келетін мақсатмұрат қана.

Төртінші елес – театр немесе беделділер пұттары (лат. – idola theatri). Оның пайда болуының себептері – бір кездері тарихта болған, ғылымға еңбек сіңірген беделді тұлғаларға бас ию, олардың идеялары мен теорияларын «ақырғы кезеңде» олардан кету мүмкін емес шындықтармен теңдестіру. Ал іс жүзінде «шындық – беделділердің емес, өз заманының туындысы».

Осыдан аз уақыт бұрын-ақ біз К.Марксті, Ф.Энгельсті, В.И.Ленинді нағыз табынатын пұттарға айналдырып, маркстік идеялармен «шырмалған» жоқпыз ба? Олардың аузынан шыққан әр сөз дау тудырмас шындық болды, оларды Құдайдай көрдік. Ал, шын мәнінде, олар, сөз жоқ, – ұлы адамдар, олар да өз заманының ұрпақтары болды, демек, олардың да қателесуі мүмкін ғой.

Бүгінгі күні енді басқа беделділердің алдында бас иетін адамдар аз емес.

СондықтанФ.Бэконның:«Ғылымжолынатүскенадамныңжоғарыда аталған және, мүмкін, басқа да пұттардан азат болғаны жөн», – деген сөздерімен келіспеуге болмайды.

Ф.Бэконның тағы бір елеулі еңбегін оның ғылыми танымның абстрактілік-схоластикалық әдісінен еш нәтиже бермейтін әдіс ретінде үзілді-кесілді бас тартып, тәжірибелік-индуктивтік әдісті негіздегенінен көреміз. Әлдебір жалпы түсініктерге сүйенетін ой, оның пікірінше, сол түсініктердің шектерінен аса алмайды. Сол себепті ғалымдардың назарын Табиғаттың өзінің құбылыстарына аударған жөн, өйткені Табиғаттың нәзік құпиялары ғалымдардың көпшілік түсініктерінен анағұрлым тереңірек.

Әлбетте, бұл ойшыл ғылымдағы жалпы ұғымдарды теріске шығарды дегенді білдірмейді. Сөз бұл ұғымдардың қалай шыққаны туралы болып отыр. Егер олар кездейсоқ фактілерді қорыту негізінде шыққан болса, онда бізді теріс жолға итермелейді.

126

Ф.Бэконның ойынша, жалпы ұғымдар тәжірибеге негізделген білімдерден шығуға тиіс. Бірақ бұл білімді де ақыл тезіне салу керек. Адам өз жолында барлығын да талғап-таңдамай жинай беретін құмырсқаларға (сол замандағы алхимиктер) немесе өзінің өрмектерін өзінен құратын өрмекшіге (сол кездегі схоластар) ұқсамауға тиіс. Ол әрбір гүлге қона отырып, шырын жинайтын, ал содан кейін оны өңдеп, балға айналдыратын араға еліктеуге тиіс.

Ф.Бэкон «жай санап шығу арқылы болатын индукция» деп аталатын емес, индукцияның әлдебір жақсырақ түрін ойлап табуға әрекеттенді.

Бір тәмсіл аңыз бар: санақ жүргізумен айналысатын бір шенеунік өмір сүріпті. Бір жолы оған бір уэльдік ауылдағы үй иелерінің барлығының санағын жүргізу тапсырылыпты. Аты-жөнін сұраған алғашқы адам Уильям Уильямс болыпты. Екінші, үшінші, төртінші адам да солай болып кете береді. Сонда санақшы өзіне-өзі: «Бұл тым қажытатын іс екен. Олардың барлығы да, сірә, Уильям Уильямстер болса керек. Барлығын да солай жазайын. Сонда бос боламын», – дейді. Бірақ ол қателескен екен: олардың біреуі Джонс Джонсон болып шығыпты.

Бұл егер санап шығу арқылы болатын индукцияға тым сөзсіз сенетін болсақ, біздің дұрыс емес қорытынды жасауымыз мүмкін екенін көрсетеді.

Бірақ біз жалқыдан жалпыға өтудің индуктивтік әдісін Ф.Бэкон зерттеп әзірлеген десек, онда онымыз қателік болар еді. Бұл әдістің негізін өз заманында ұлы Аристотель салған-ды. Ф.Бэконның ашқан жаңалығы не болып шықты, сонда?

Ф.Бэконныңайтуынша,қорытындылайкеле,біртұжырымғакелетін фактілерді ғана зерттеу жеткіліксіз, сонымен қатар солармен қарамақайшылыққа келетін басқа бір фактілердің себептерін де анықтауымыз керек. Ол жалқылықтан жалпыға өту барысында үш кесте жасауды ұсынады:

1.Tabula presentiae – тәжірибе жасауда зерттелетін фактілердің қатысу кестесі.

2.Tabula absentiae – фактілердің болмауы кестесі.

3.Tabula graduaie – зерттелетін фактілердің көріну қарқындылығы дәрежесінің кестесі.

Бұл кестелер толтырылған кезде, тәжірибе өткізу барысында соларды салыстыру арқылы түсініктерді тұжырымдауға болады.

Сөйтіп,Ф.Бэконныңфилософиясындаөзараүзілместейбайланысқан үш ереже бар, олар: индукция, формалар туралы ілім және өнертабыс туралы ілім.

127

Индукция – ол формаларды танудағы басшылық; формалар туралы ілім – таным үдерісінің нәтижесі; өнертабыс – формаларды танып білуге негізделген ғылымның мақсаты және іс жүзіндегі қолданылуы.

Осының барлығы Ф.Бэконды жаңаеуропалық философиядағы тәжірибелік-индуктивтік білім алудың негізін салушы деп санауға негіз береді.

Ғылыми зерттеме мәселелерінің шешімін іздеуде Бэконнан айырмашылығы бар басқа жолмен кеткен француздардың ұлы ойшылы, философ, ғалым, математик, физик, физиолог, психолог, қазіргі заман философиясының негізін салушы Рене Декарт (1596-1650) бол - ды. Бірақ Бэкон да, Декарт та бір дәуірдің адамдары болғандықтан, олардың философиялық жүйелерінде де ортақ нәрселер көп еді.

Сократтың күні бойы қар үстінде тұрып ойға шомғанды жақсы көргені туралы айтылып жүр. Ал Декарт жылы жерде отырып еңбектенгенді ұнатса керек. «Әдіс туралы ойлар» деген кітабында ол аязды бір таңда Баварияда пеш (көлемді ішкі кеңістігіне адам еркін сыйып кететін орыс пеші сияқты болса керек) ішіне кіріп алып, күні бойы сонда ойға шомумен отырғанын сипаттайды. Нақ сол кезде, оның айтуынша, ол өзінің философиясының жартысына жуығын бітіріп қойған екен.

Ең бастысы, Бэкон мен Декартты жақындастыратын – ол ғылыми зерттеулер әдістемесінің мәселесі. Бэкондікі сияқты, Декарт әдістемесі де схоластикаға қарсы бағыт сипатында болды. Бірақ Бэконға қарағанда, Декарттың философиялық мәселелерге көзқарасы түбегейлі басқаша болды. Оның мейлінше жан-жақты философиялық сипатта қорытындылауға бейімділігін мықты математик болғандығынан деп ойлауға болады.

«Әдіс туралы ойлардан» басқа, Декарт «Философия бастауы», «Ди-

оптрика», «Әлем туралы трактат», «Ақылды басқару ережелері»

деп аталатын және басқа да ғаламат туындылар жазған.

Өзінің онтологиялық, яғни болмыс туралы ілімге қатысты көзқарастарында Р.Декарт дуализмді ұстанған. Ол негізгі белгісі (қасиеті) ұзындық болып табылатын материалдық түпнегізді және негізгі белгісі ойлау болып табылатын рухты мойындайды.

Адамға осындай көзқарастар тұрғысынан келгенде, ойшыл қиындықтарға тап болды. Адам бойында материалдық және рухани бастау қалай үйлесім тапқан? Сол кездегі физиологияның жеткілікті дамымауы себепті, ол бұны Құдай берген даналық деп түсіндіреді.

128

Алайда өзінің космогониялық (әлемнің пайда болуы туралы) тұжырымдарында ол Құдай идеясын Оның Әлемді жаратуымен және оны қозғалысқа келтіруімен шектейді. Ары қарай, оның пікірінше, Табиғат өз заңдылықтары негізінде дами береді. Құйын тектес қозғалыстағы материалдық бөлшектер қыза келе Жұлдыздарға, Күнге айналады. Ең кішкентай бөлшектерден Аспан, ал ауыр, аз қозғалатын бөлшектерден Жер және басқа планеталар жаратылады.

Өмір мәселесі туралы көзқарастарында ол 1628 жылы Гарвей ашқан қан айналымы туралы жаңалықтың әсерін көп сезінді. Нәтижесінде, Декарт ғылымда алғашқы болып ағзаның сыртқы әсерге ішкі қарсылығы механизмін ашты. Оның пікірінше, өте ұсақ қан түйіршіктері сыртқы әсерді миға жеткізеді. Қазіргі заман физиологиясы тұрғысынан бұндай дәлелдер тым қарапайым көрінеді, бірақ, күмән жоқ, осының барлығы да Декартты шартсыз рефлекстерді түсінуге жеткізді. Соған байланысты ол жан-жануарларды құрылысы күрделі машиналар деп санады.

Мүмкін, тәні бар тіршілік иесі болып саналатын адам да машина шығар? Бұл сұраққа ол теріс жауап береді. Сырттан келетін кез келген әсерге тиісті жауап қайтару үшін, адам барлығын ой елегінен өткізіп, ақыл тезіне салады. «Адамның ақылы мен ойы – жан-жақты құрал», – дейді Декарт. Екінші жағынан, адам сөйлей алады. Осылай болғандықтан да, адамның басқа жан-жануарлардан айырмашылығы оның рухында жатыр.

Р.Декарт таным теориясына күмәндану ұстанымын енгізеді (кейіннен ол «Картезиандық күмән әдісі» деп атала бастады). Сезімдік таным көбінесе бізде теріс ой-пікір қалыптастырады. Егер біз төртбұрышты мұнараға алыстан көз салсақ, ол бізге дөңгелек болып көрінеді. Күнді кішкентай және жылы денедей көреміз. Ішінде су бар стақанға салынған қарындашты сынған деп ойлаймыз. Көзімізбен көрген нәрселерді кейде түсімізде көргендей әсерде боламыз. Негізінде, ғылыми фактілердің дұрыстығына да күмәндануға болады. Тіпті біздің бар жанымыз күмәнға толы.

Ал бұндай тығырықтан қалай шығуға болады? Өзін-өзі батпақтан шашынан тартып шығарған барон Мюнгхаузенге ұқсау керек пе?

Өзінің философиясына негіз құру үшін, Р.Декарт күмәндануға болатын нәрселердің бәріне күмәнмен қарау керек деп шешті:

Сезім-түйсіктерге де күмәндану керек, өйткені олар елес болуы мүмкін.

Физика мен астрономия да күмән тудырады, өйткені кеңістік пен

уақыт та теріске шығарылуы мүмкін.

129

• Арифметика мен геометрия да күмәнді, өйткені есеп-қисапта қателіктер кетуі мүмкін және т.с.с.

Алайда барлығына күмәндана отырып, дәл осы сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндануға болмайды. Ал күмәндану деген ой емес пе?

Олай болса: ойлаймын, демек, өмір сүремін (лат. – Cogito ergo sum) де-

ген қорытындыға келуге болады. Декарттың ойынша, бұл тұжырымға күмәндануға болмайды, өйткені ол түсінікті, айқын, ашық. Мысалы, егер мен ойлау қабілетімнен айырылсам, ол жағдайда менің өмір сүруімнің дәлелі де тез ғайып болар еді.

Р.Декарт адамның ойлау үдерісін өзгеше кең түсінеді: адамдар қабылдайды,түсінеді,түйіндейді,теріскешығарады,сезеді,қиялдайды және т.б., тіпті адамның ұйықтап жатып көрген түсі де ойдан туады.

Адамның танымдық белсенділігі идеялардың үш тобынан тұрады. Біріншісі біздің сезімдеріміздің сырттан қабылдаған идеяларынан құралады. Мысалы, Күн, Ай, ағаш идеясы және т.с.с.

Екінші топты ақылдың өзінің идеялары құрайды. Олар сырттан қабылданған идеялардың өзгеруі нәтижесінде пайда болады.

Үшінші топ туа біткен идеялардан тұрады. Адам оларға ақылпарасаттың түйсігі арқылы жетеді. Ал бұл жерде оның жәрдемшісі –

ақылдың табиғи жарық сәулесі (лат. – Lumen naturale). Тумысынан келген идеялар қашанда ұғынықты, қарапайым, заттарға да, адамдарға да тәуелсіз. Мысал үшін айтсақ, егер кез келген екі сан үшінші бір санға тең болса, онда олар өзара да тең; ештеңеден ештеңе пайда болмайды; бір мезгілде бір заттың болуы да, болмауы да мүмкін емес және т.с.с. «Ойлаймын, демек, өмір сүремін» дегенді де ойшыл осылардың қатарына жатқызады.

Демек, пікірлердің әрбір нақтылығының негіздемесі – ойлаушы субъектінің болуы. Ал бұл жерде ойлаушы субъектінің – Жаңа дәуірдің бар философиясының түпқазығы және бір мезгілде бастауы болып табылатынын ерекше атап көрсету қажет. Орта ғасырлардың даусыз даралығы қағидасынан және Қайта өрлеу дәуірінің сезімдікматериалдық тұлғасы ұстанымынан Жаңа дәуірдің философиясы ойлайтын адам тұжырымдамасына келіп тоқтады.

Ф.Бэконға қарсы Р.Декарт алдыңғы орынға дедукцияны шығарады. Оның маңызы мынада: танымның негізінде, анық, қарапайым және айқын, яғни ақыл-парасат түйсігі арқылы қабылданатын және ақыл тезінен өткізілетін қағидалар жатуға тиіс.

Кез келген мәселеде белгілімен қатар, қандай да бір өзіндік ерекшеліктері бар белгісіз нәрселер де болуы керек. Демек, ойлау логикасын пайдаланып қана шындыққа жетуге болады.

130

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]