Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

Аристотель «саяси формалардың алмасуы» теориясын құрып, өз заманының саяси философиясының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Афинаның саяси өмірі тарихын мұқият зерттеу негізінде ойшыл үш дұрыс (монархия, аристократия және полития) және үш дұрыс емес (зорлық-зомбылық, олигархия және демократия) (қазіргі заманғы терминология бойынша – охлократия, яғни қаралардың, тобырдың билігі) саяси форманы ажыратып көрсетеді.

Сөйтіп, – бұны да ерекше атап өткен жөн, – Аристотель философия мен ғылым тарихында үлкен із қалдырды. Оның көптеген идеялары бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ.

Ұлы ойшылдардың назарынан сол уақытта ғылым философиясы аясында туған жіктеп саралау мәселесі да тыс қалған жоқ. В.Вундт дұрыс атап көрсеткендей, ежелде ғылымдарды саралау мәселесі іс жүзінде философияның өзін жүйелеуге парапар болатын, өйткені же- ке-дара ғылымдар әлі де одан оқшауланып, бүршік жарып үлгірмегенді (ол туралы оқыңыз: В.Вундт. Введение в философию. – М.: Добро-

свет, 1998. 44-46-беттер).

Белгілі болғандай, ғылымды айтпағанның өзінде, кез келген құбылысты жіктеу үшін, алдымен қатаң белгілер әзірлеп алып, содан кейін солардың негізінде бөлшектеуді жүзеге асыруға болады. Бұл тұрғыда ұлы Платонның еңбектерінде сондай белгілер болып адамның танымдық қызметіндегі рухани қабілеттер айырмашылығы әрекет етеді. Платонның ойынша, адам бойындағы ондай қабілеттер саны – үшеу. Біріншіден, әлемді түсінікпентану. Платонның шамамен барлық туындыларында бұл сұхбат немесе сұрақтар мен олардың жауаптары түрінде іске асырылады. Екіншіден, сезімдік қабылдау арқылы біз алдымызда жатқан әлемнің заттары мен құбылыстарын, олардың дыбыстары мен иістерін сезіп, көреміз. Үшіншіден, бұл – ерік пен қалау. Олар адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бағыттай отырып, оның белсенділігін оятады. Соларға толық сәйкестікте Платон үш ғылымды ажыратады. Бұл – диалектика, физика және этика. Егер Платонның сұхбатын шолып өтсек, онда «Тэтатет», «Парменид», «Софист» деген туындылары диалектикаға арналса, «Тимей» мен Федон» – физикаға, ал «Мемлекет» және «Саясат» этика мәселелеріне арналғанын байқауға болады. Платон бойынша, диалектика ең жоғарғы ғылым болып табылады, өйткені адамның ең жоғарғы рухани қабілеті – ойлайтын ақылы негізінде жүзеге асырылады. Онсыз физика мен этика жетілген білімге қол жеткізетін толық және өз бетінше бағалы ғылымдар бола алмас

61

еді. Сол себепті бұл ғылымдар да диалектикамен өрілген. Жалпы түрде оны төмендегідей көрсетуге болады:

 

ДИАЛЕКТИКА

 

(Ақыл)

ФИЗИКАЭ

ТИКА

(Сезімдік таным)

(Ерік және қалау)

Бұл жіктеуде, неге екені, жеке ғылым ретінде астрономияға орын берілмепті. Платон бойынша, ол физиканың аса қажетті құрамдас бөлігі болып саналады. Адамның ізгіліктері оның мемлекетпен қарымқатынасында қалыптасады деп есептейтін Платон әзірше саясат пен этиканы бір-бірінен ажырата қоймаған. Академиясының алдында: «Геометр емессің бе, – кірмейсің!» деген ұран ілініп тұрғанына қарамастан, Платонның жіктемесінде математикаға да орын табылмапты. Бұл, Платонның ойынша, математика физиканың құрамдас бөлігі болып табылатындықтан, бір мезгілде диалектиканың аса күшті құралы болатындығына да байланысты.

Аристотельге келер болсақ, оның ғылымды жіктеуі күрделірек. Ғылыми таным барысында оның белгісі ретінде ол адамның танымдық қабілеттерімен қатар, адамның мақсаттарын да алады. Осы тұрғыдан келгенде, диалектика мен физика әлемді танып-білуге бағытталған болса, ал ол кезде этика адам қызметінің заңдылықтарын ашуға бағытталады. Бірінші топты Аристотель теориялық ғылымдарға, ал екіншісін практикалық, яғни іс жүзіндегі ғылымдарға жатқызады.

Теориялық ғылымдарды, ғылымда қойылған мақсаттарына қарай, ол ары қарай саралайды. Диалектиканы Аристотель аналитикаға (кейіннен логика деп аталған) және метафизикаға (алдымен «алғашқы физика» деп аталған) бөледі. Физиканы Аристотель, бір жағынан, табиғатты зерттейтін ғылым деп, ал, екінші жағынан, адам жаны туралы ілім – психология деп қарастырады. Ары қарай табиғатты зерттейтін ғылым ретінде физика тағы да, негізінен, қозғалыстағы, жан-жағымен өзгеретін денелерге қатысты физикаға және заттардың өзгермейтін тұрақты жақтарын зерттейтін математикаға бөлінеді. Платоннан айырмашылығы, Аристотель математикаға ерекше назар аудармағанмен, бірақ бұл жерде де ол математика нысандарының онтологиялық мәртебесін алғаш рет белгілеуі арқылы айтарлықтай із қалдырды. Оларға қарсы тұратын метафизика заттардың: материя бо-

62

лып табылмайтын, әйтсе де олардың болмысын айқындайтын рухани негіздемелерін зерттейді. Оны теология деп атауға болады.

Іс жүзіндегі философияны да Аристотель тиісті салаларға бөледі. Егер ол нақты бір адамның мінез-құлқын зерттейтін болса, онда этика болып табылады, ал егер біртұтас сияқты мемлекетті зерттесе, онда саясат болады. Практикалық философияға сондай-ақ риторика (шешендік өнер) және көркем шығармашылықты зерттейтін пиитика жатады. Сызбанұсқа түрінде Аристотельдің ғылымдарды жіктеуін төмендегідей көрсетуге болады:

Теориялық ғылымдар

Практикалық ғылымдар

Диалектика

Физика

Этика

Аналитика

Психология

Саясат

Метафизика

Математика

Риторика

Пиитика

 

 

Ғылымдардың Аристотель жүргізген жіктемесі ғылым өркендеуінің келесі ғасырлардағы жолын ұзақ уақытқа айқындап берді. Әлем тарихының келесі ғасырларының ғылымға қандай жаңалықтар енгізгенін алдыда қарастыратын боламыз.

Ал қазір, тым болмағанда, тағы үш: Евклид (математик), Архимед және Птолемей атты ұлы тұлғаға қысқаша тоқталып өткеніміз дұрыс шығар.

Евклид (б.з.д. III ғасыр) Сократтың шын берілген ізбасары болды. Оның басты еңбегі «Бастау» 15 кітаптан тұрады. Онда антикалық математиканың, қарапайым геометрияның, сандар теориясының және басқаларының негіздері берілген. Ол антика астрономы, оптик, музыка теоретигі ретінде де танымал.

Жүйеленуі «Бастауларда» іске асырылған геометрия кейіннен «Евклид геометриясы» деген атқа ие болды. Оның пайда болуы бізді қоршаған әлемді көрнекі түрде көзге елестетуімізге (мысалы, тура сызықтар – тартылған жіп деген сияқты) байланысты.

«Бастаулар» – ол ең бір ұзақ ғұмырлы оқулық, сол бойынша бүгінгі күні де, мысалы, планиметрия (геометрияның жалпақ денелерді зерттейтін тарауы) негіздері оқытылады. Планиметрияның ертедегі грек өркениетінің ең басты математикалық жетістігі екенін айтқан жөн.

63

«Бастауларда» негізгі міндет – оның анықтамасынан бастап, тұтас математикалық универсум (бұл жерде: бүтіндік. – Аудармашы) сипатталады. Ол үшін Евклид аса маңызды жиырма үш анықтаманы: нүкте, сызық, параллель, тура сызықтар және басқаларын тізіп шығады. Кіріспе тарауын аяқтай келе, Евклид оның геометриясының негізі ретінде қабылдануға тиіс, бірақ дәлелдене алмайтын бес тұжырымды немесе жалпы түсінікті атап көрсетеді. Мысалы, бір нәрсеге тең болғандар өзара да тең болады және т.б.

«Бастаулардың» алғашқы төрт кітабы: нүктелер, тура сызықтар, аудандар, сондай-ақ турасызықты және дөңгелек денелер геометриясына арналған.

Бесінші және алтыншы кітабы қатынастар мен пропорцияларға, яғни бір ғасыр бұрын математик Евдокс зерттеген мәселелерге арналған.

Жетінші, сегізінші және тоғызыншы кітаптары арифметика мен сандарға қатысты.

Он бірінші, он екінші және он үшінші кітаптары стереометрияға (кеңістікті денелерді зерттейтін қарапайым геометрия тарауына) арналған.

Тұтастай алып айтар болсақ, Евклидтің «Бастауларда» баяндалған басты идеяларын былайша көрсетуге болады:

1.Математикаға деген қатаң жүйеленген көзқарас барлық ұсыныстардың бар уәждері мен дәлелдемелерін біркелкі әдістеме көмегімен құруды талап етеді.

2.Барлық математикалық мөлшерлер (шамалар) геометриялық фигуралар: сызықтар, аудандар немесе қомақты денелер көмегімен көрсетілуге тиіс.

3.Физикалық құбылыстарды математикалық формулаларды пайдалану арқылы бейнелеуге болады.

4.Кеңістік бөлінгіштігі бойынша емес, ұзындығы бойынша шексіз созылып жатыр (қараңыз: Великие мыслители Запада. – М.: Крон-

пресс. 1998. – 58-62-беттер).

Евклид басқа да кітаптар жазған. Олардың ішіндегі аса танымал болғаны – көру және болашақ (перспектива) мәселесінен арналған «Оптика» кітабы.

Бірақ антика заманының ең атақты математигі Архимед (б.з.д. 287212 жылдар шамасы) болып табылады. Бір аңызды айта кетейік: патша Гиерон II құдайларға арнау ретінде алтын тәж жасамақ болады.

64

Ол үшін патша зергерге біршама алтын береді. Тәж дайын болғанда, патша алтынның бір бөлігін басқа бір арзандау металмен ауыстырып қойған шығар дегендей, зергерге күдік келтіреді. Шебер кәззаптық жасамағанына ант-су ішкен соң, патша бәрін анықтауды Архимедке тапсырады. Бұл мәселеге көп уақыт басын қатырған ол бірде ваннада жуынып жатып, оған терең бойлаған сайын, судың көбірек асып төгілетінін байқайды. Басына келген шешімге қуанғаны соншалық, ол: «Эврика! Эврика!» («Таптым! Таптым!») – деп айғайлаған бойы далаға жүгіріп шығады. Содан кейін ол тәждің салмағындай алтын кесегін тауып алып, оны су толтырылған ыдысқа батырады да, қанша судың арнасынан асып төгілгенін белгілеп алады. Тәжді де солай тексереді. Бұл жолы су көбірек төгіледі. Сөйтіп, ол тәждің таза алтыннан жасалмағанын анықтайды, өйткені алтын кесегінің салмағындай болғанмен, оның көлемі үлкендеу еді, демек, құрамында жеңіл металдың қоспасы бар.

Бұл Архимедтің өзі ашқан жаңалықтарының бірі болды: әртүрлі

материалдардың өздеріне тән салмақ күштері бар.

«Тұйықбетжәнецилиндртуралы»дегентрактатындаАрхимедөзіне тән екі әдісті: көбінесе түгесу (тауысу) әдісі деп аталатын үйлесімдік әдісін және фигуралардың аудандары мен көлемдерін табуға мүмкіндік беретін қисынсыздыққа келтіру (reduction ad absurdum) әдісін ұсынды. Бұл мәселеге ол «Шеңбер өлшемі туралы» деген еңбегін де арнаған.

Статика мен гидростатика «Жазықтықтардың тепе-теңдігі туралы», «Жүзіп жүретін денелер туралы», «Механикалық теоремалар туралы» еңбектерінде көрініс тапса, «Құм қиыршықтарын санау» трактаты арифметикалық әдістерге арналған.

Архимед еңбектерінің осы қысқа тізбесінің өзі-ақ оның антика әлемінде қандай алып болғанын көрсетеді. Бір таңғаларлығы, оның математикалық еңбектері антика заманында аса танылмады. Әртүрлі механизмдерді ойлап тапқаны – оны үлкен даңққа бөледі. Біздің заманымыздың IX-X ғасырларында оның еңбектері араб тіліне, ал XII ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылды.

Антика дәуірінің ең атақты астрономы Клавдий Птоломей (б.з. 100-175 жылдары шамасы) болды. Ол әлемнің аристотельдік суретінің әлемнің ғылыми суретіне айналуын аяқтап шықты. Өз тұжырымдамасын ол көбінесе «Альмагест» деген арабтандырылған атауымен таныс болған «Мегале синтаксис» («Ұлы құрылыс») деген трактатында баяндаған. Ұзақ бір жарым ғасырға созылған әлемнің бұл суретінің (оны, әрине, Аристотель-Птоломейдің әлемді философиялық-

65

ғылыми суреттеуі деп атау дұрысырақ болар еді) келесі ғылымдар, философия, дін үшін талассыз болғаны анық.

ҚазіргізаманғыамерикандықғалымРобертР.Ньютонның«Клавдий Птоломейдің қылмыстары» (орыс тілінде 1985 жылы шықты) деген монографиясына соқпай өтуге болмайды. «Синтаксисті» егжей-тегжейлі талдап алып, ол Птоломей негіздеген барлық бақылаулардың жалған екендігі туралы қорытындыға келеді. Өзге астрономдарға телініп жүрген басқа да көптеген бақылаулар өтірік болып шығады. Автордың пікірінше, жазылған кез келген басқа жұмыстарға қарағанда, «Синтаксис» астрономияға артық зиян келтірген, өйткені қағидаландырылған бұл «теория» геоцентризмді жеңу жолындағы ең бір қуатты тежегіш болды, ол Коперниктің гелиоорталық жүйесін әзірлеуін қиындатты.

Бірақ, бір қызығы, Птоломей «Төрткітап» деген кітап жазып, онда жалған ғылымды (астрологияны) жүйеге келтірген. Сол уақытта оның орасан зор маңызы болды, ал бүгінгі күні де оны көпшілік адамдар қорғауға бейім, ал астрологтарды алсақ, олар – ғалымдар тарапынан қатаң сынға ұшырағанына қарамастан, ең бір танымал тұлғалар.

Сөз жоқ, біздің заманымыз тұрғысынан алғанда, Птоломей мұрасының көпшілігі ақылға қонымсыз көрінеді, бірақ бұл, біздің көзқарасымыз бойынша, оның ғылым үшін істегендерін, әсіресе оның тәжірибелік әдістерін және Қайта өрлеу дәуірі мен кейінгі дәуірлердің тәжірибелік ғылымы үшін үлгі болған деректерді кестелеп ұйымдастыруын ешбір кемсіте алмайды. Ғалымның беделі 14 ғасыр бойы дау тудырған жоқ.

Қорытындылай келе, төмендегіні атап көрсету қажет:

а) гректердің ұлылығы – әлемді мифологиялық тұрғыда түсінуді қанағат тұтпай, олардың сол кездегі әлемнің шекті негіздемелеріне ақылмен жетуге ұмтылуында жатыр. Олар адам ақылының (Номос) заңдарын құдайлардың заңдарынан (Темис) ажырата алды, кейіннен бұның ғылымның дамуы үшін орасан зор маңызы болды;

ә) алайда әлемнің алғашқы негіздерін табиғаттың әртүрлі стихияларымен (су, от, ауа және т.б.) теңестіруге байланысты «архе» бағдарламасы тиісті нәтижелер бермеді. Солардың негізінде әлемнің біртұтас монистік суретін жасау мүмкін болмады;

б) ауыр дене еңбегіне жиіркенішпен қараған ертедегі гректер тек табиғаттың абстракциялық (дерексіз) философиясын құра алды; табиғаттың даму заңдарын зерттейтін физика ертедегі грек өркениеті топырағында бүршік жармай-ақ кетті.

66

2-тарау. Әлемдік тарихтың Орта ғасырларында ғылым мен философияның дамуы

2.1. Ортағасыр дәуірінің ерекшеліктері туралы. Сенімдегі философия

Тарихшылар әлемдік тарихтың Орта ғасырларына Батыс-Рим империясының құлауынан (V ғасыр) бастап, Қайта өрлеу дәуіріне (XIVXVI) дейінгі кезеңді жатқызады. Бұлайша жіктеудің негіздемесіне өндіру тәсілінің өзгеруі, яғни құлиеленушіліктен феодализмге өту салынады.

Философтаресептіхристиандықтыңпайдаболуынан(Iғасыр)Қайта өрлеу дәуіріне дейін жүргізе және рухани хал-ахуалдың өзгеруі негізіне пұтқа табынушылықтан (көп құдайға табынушылыққа негізделген діннен) монотеизмге (бірқұдайлыққа) өтуді сала отырып, біршама басқадай көзқарас ұстанады. Алғашқысы, яғни тарихшылардың көзқарасының кеңірек таралғанын айтқан жөн. Бірақ бұл аса маңызды емес. Маңыздысы, біздің көзқарасымыз бойынша, сол уақытта қоғамда не болғанын, қандай экономикалық, саяси, дүниетанымдық факторлар жаңаның пайда болуын тудырғанын түсіну немесе, голландық тарихшы Йохан Хёйзинганың (1872-1945) сөздерімен айтқанда, «шұғыласы кейіннен өзінің толық жарқырап көрінуіне жеткізген тұрмыс салтының сол жаңа идеялары мен формаларының қалай туғаны және гүлденгені» маңыздырақ (Хейзинга Й. Осень Средневековья. – М.: Наука, 1988. – 5-бет).

Жаңа дәуірдің I ғасырына қарай Ертедегі Грекия мен Ертедегі Римнің қандай рөлі болғанын еске түсіріп көрейік. Сол уақытқа қарай Грекия өз ықпалынан толықтай айырылып болды, грек демократиясының дағдарысы ұлы өркениет тап болған шыңырауға әкеп соқтырды. Римде бұл дағдарыс шын мәнінде үздіксіз болды, ал б.з.д. I ғасырдың соңына – біздің заманымыздың I ғасырының басына қарай оның ушыққаны соншалық, барлық таптар ішінде «ақырзаман» орнайтындай күйге жеткізді.

Палестинаны да қосқанда, Жерорта теңізі жағалауларын түгел жаулап алып, Рим билеушілері барлық жерлерде ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын қиратты. Империяның азаматтары болып тек римдіктер танылды, ал қалған басқаларының барлығы – мемлекеттің құзырындағы міндетті салық төлеушілер болды. Римдіктер басып алған халықтарға өздерінің саяси құрылымын, өздерінің соттарын,

67

салықтар жүйесін күштеп таңды. Басқыншылардың жазалаушы көздерінен ешкім де таса қалмады. Тек жергілікті ақсүйектер ғана салыстырмалы түрде белгілі бір шамада тәуелсіздіктерін сақтай алды, бірақ оларды халықтың тағдыры толғандырмады. Сезімдік ләззаттардан жол іздеп, олар рақат өмірге берілді. Ал Рим аристократиясы ештеңеге де араласпады.

Сырттай барлығы жақсы көрінгенмен, экономикалық және саяси дағдарыс жағдайдың аса қиын екенінен хабар беріп, құлиеленушілік құрылыстың тиімсіздігін көрсетті. Оған рухани дағдарыс: ырымшылдықтарға сенудің және көзбояушылықтардың адам айтқысыз көбеюі, терең скептицизм (шүбәланушылық), түңілу, бірдеңені өз күшімен өзгертудің мүмкін екендігіне сенбеушілік қосылды.

Бұл дағдарыс әсіресе Рим провинцияларының бірі – Иудейде өзін ерекше қырынан көрсетті. Қиын да ұзақ күресте қол жеткен мемлекеттілік римдік басқыншылық нәтижесінде құрып тынды. Ал вавилондық және мысырлық тұтқыннан кейін бұл өзгеше қайғылы жағдайға жеткізді: қоғамды толық ашыну, күйіну жайлады. Бұндай көңіл күйі еврей халқының мессияға – Рим билігінің құтқарушысына деген сенімімен үйлесім тапты.

Алайда жаңа идеологияға аластатылғандар мен езілгендер ғана зәру емес-тін. Оған деген қажеттілікті әлеуметтік билеушілер де сезінді, өйткені жалпы дағдарыс нәтижесінде олар да тарихи жоспарлардан, ертеңгі күнге деген сенімнен ажырап қалды. Апаттан енді адамдар да, Олимп құдайлары да, тіпті ұлттық тәңірлер де құтқармайтынын олар түсінді. Енді жаңа, әлеуетті күш қажет болды.

Міне, дәл осындай жағдайда христиандық – құлиеленушілік құрылыстан феодализмге өтудің рухани негізі пайда болды.

Біздің бұдан аз уақыт бұрынғы тарихымызда (кеңес заманы тұсында) Ортағасыр философиясын зерттеп білуге жеткілікті көңіл бөлінбеді, өйткені ол «идеологиялық түсініктерге» байланысты болды. Сол себепті Ортағасыр дәуірі терминдерде: «артқа шегіну», «діни надандық», «өндірістік күштер дамуындағы тоқырау», «халықты рухани бағынышты ету», «еркін ойлаушылықты басып-жаншу» деп бағаланды.

Бүгінгі таңда жаңа әлеуметтік-саяси ахуал жағдайында әлемдік тарихтың аталған кезеңі жаңаша мәнге, сипатқа ие болды. Егер өндірістіккүштертуралысөзқозғасақ,ондабізқұлдықтыңжойылуына байланысты айтарлықтай ілгерілеушіліктің орын алғанын байқаймыз. Рас, шаруалар дворяндыққа тәуелді, заңдық тұрғыда соларға байлау-

68

лы болды, бірақ олардың өз отбасылары, жер телімдері, ұсақ малдары және басқадай мүліктері бар еді. Олар тіпті болмағанда өз жерлерінде өндірістің дамығанына мүдделі-тін.

Ғылым мен техникада да өзгерістер орын алды. Қытайда VI ғасырдан бастап фарфор өндірісі дамыды, ал 1041 жылы алғашқы баспа станогы пайда болып, шарап спирті өндіріле бастады. Солернода (Италия) 1010 жылы алғашқы медициналық мектеп ашылды. XII ғасырдан бастап темір соқа шығып, енді жер өңдеу түбегейлі жақсарды. Жел тиірмендері, сәл кейін су тиірмендері ойлап табылды. XIII ғасырдан бастап адамдар көзәйнектердің шыныларын тегістеуді үйренді, оқ-дәрі пайдаланылатын құралдар пайда болып, механикалық сағаттар жасалды.

Университеттердің ашылуы тамаша жаңалық болды. 1215 жылы Париж университетінің Жарғысы жарияланып, кейіннен Падуа, Болонья, Флоренция, Оксфорд, Прага университеттері (салыстырыңыз: Ресейде – 1725 ж., Қазақстанда – 1934 ж.) есіктерін айқара ашты. Осы фактілердің барлығы Орта ғасырларда қоғамның қарқынды дамығанын дәлелдейді.

Шын мәніндегі теориялық жаратылыстануға келер болсақ, онда ортағасырлық ғалымдар алдымен антикалық ойшылдардың еңбектерін зерттеп білумен, кейіннен соларды түсіндірумен айналысты. Өмір ғалымдардың алдына әртүрлі заттардың қасиеттерін зерттеу мәселесін қойды, бұл, бірінші кезекте, олардың меншікті салмағын анықтауға байланысты болды. Хорезмнен шыққан ғалым Әл-Хазани тиісті техникалық аспаптар мен құрал-жабдықтарды жасап алып, 50 заттың меншікті салмағын анықтауға қол жеткізді және өз жетістіктерін «Даналық салмақтары туралы кітап» (1121 ж.) деген еңбегінде егжейтегжейлі сипаттап жазды. Егер арабтардың әлемдік ғылым мен мәдениетке сіңірген еңбегі туралы айтсақ, онда Әбу-Миамардың «Зидж Әбу-Миамар» атты еңбегі сол замандағы астрономияның биік шыңы болды. Әл-Батанидің астрономиялық кестелері (алғаш рет ол енгізген синустар мен косинустар) латын тіліне аударылып, Батыстағы оқу орындарының негізгі оқу құралына айналды. Ибн-Юнус маятникті сағаттар ойлап тапса, ал Әбу-Мұса Жабыр химия ғылымының негізін салушы болып саналады. Зәкәрия Разидің медицина саласындағы еңбегі де оқулық ретінде латын тіліне аударылды. Ал философияға келсек, ол жайында біз кеңірек айтатын боламыз.

Ортағасырлық ғылымда қозғалысты ары қарай зерттеуге ерекше назар аударылғандықтан, олардың кинематикалық және динамикалық

69

түрлері ажыратылатын болды. Т.Брадвардайн «Қозғалыстардағы жылдамдықтар тепе-теңдігі туралы» деген еңбегінде (1328 ж.) себептеріне байланысты болатын қозғалысты оның нәтижесіне байланысты қозғалыстан ажыратып көрсетуге әрекет етеді (қараңыз: В.П.Котенко. История и философия классической науки. – М.: Академический проект. 2005. – 48-52-беттер).

Париж университетінің ректоры Жан Буридан өз оқушыларымен бірлесіп, тасталған дененің, сонымен қатар қозғалыстың салыстырмалылығы мәселелерімен айналысты. Ол: «Ғаламның қақ ортасында Жер әрқашан тыныштық күйде болды ма?» – деген сұрақпен басын қатырса, ал Николай Орем бұл сұраққа жауап ретінде: «Жер тәулік бойы қозғалады, ал аспанның ондай қасиеті жоқ», – дегенге жол беруді жөн санайды. В.П.Котенконың: «Нақ осы зерттеулер XV ғасырда Коперник теориясының пайда болуының нақты негізін құрайды», – деген тұжырымымен келісуге болады (жоғарыда аталған жұмыс, 50-бет).

Ортағасырлық ғалымдар физиканың оптика сияқты саласына да айтарлықтай үлес қосты. Әбу Әли ибн әл-Хайсанның (еуропаландырылған есімі – Әлхазен) «Оптика қазынасы» атты еңбегі біздің заманымызға да жетті. Онда ол әлемдік тарихта алғаш рет физиологиялық тұрғыда көз жанарының жұмыс атқаруы механизмін көрсетіп берді. Оның мәні мынада: заттардан шашыраған сәулелер көздің қарашығына, содан кейін ғана нерв талшықтарына түседі. Әлхазен темірден айналардың әртүрлі: томпақ, иілген, цилиндр іспетті, сүйір және тұйық беттік тұрпаттарын жасады. Сондықтан бүгінгі күні де Батыс ғылымына, оның ішінде Роджер Беконға, Иоган Кеплерге, Исаак Ньютонға зор ықпалы болған Әлхазен араб әлемінің ірі физигі саналады.

Табиғаттың эмпириялық (тәжірибеге ғана негізделген) философиясының алғашқы бүршіктерін біз Оксфордтан табамыз, онда квадривизм – арифметика, геометрия, музыка және астрономия құрметтелетін.

Ағылшын ғалымы Роберт Гроссетест (Үлкен бас) XIII ғасырда-ақ физика саласындағы өз жаңалықтарымен танымал болып үлгіргенді. Мысалы, «Кемпірқосақ туралы» атты еңбегінде кемпірқосақтың жарық сәулелерінің су тамшыларына шағылысуы нәтижесінде пайда болатынын көрсетіп, табиғаттың осы құбылысы туралы толғанған.

Оның шәкірті Роджер Бэкон (1214-1292) сол уақытта-ақ үш (үлкен, кіші және үшінші) шығармадан тұратын білімдер энциклопедиясын жасауға әрекеттенген. Оның бірінші бөлімінде Р.Бэкон Шындықтың жолында тұрған кедергілерді өзінің көзқарасы тұрғысында баяндайды

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]