Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

көрсетті, сөйтіп, макрожәне микроәлемдерді танып білуде оларды ажыратудың қажеттігі айқын болды. Классикалық физикада болған энергияның біркелкі және үздіксіз таралуы туралы ережені терістей отырып, М.Планк энергияның жекелеген топ-шоғырлармен таралатынын дәлелдеп, сол арқылы кванттық механика негіздерін құрды. Сол жылдары ғалымдар атомның күрделі құрылымын тапты: саны көп қарапайымбөлшектер, олардың қасиеттері, оның ішінде, тыныштық жиынының жоқтығы ашылды.

Жоғарыда аталған және басқа жаңалықтардың барлығы да классикалық емес ғылымға есігін айқара ашты. Мүлдем жаңа жағдайда классикалық ғылымның ескі қағидаларының күл-талқаны шықты, зерттеудің ғалымдардың ақыл-ойына үлкен ықпал еткен жаңа жүйелері пайда болды. Олай болса, қолда бар әдебиеттерге сүйеніп, классикалық емес ғылымның негізгі өзгешеліктерін қарастырайық.

Психоанализ (психикалық талдау). З.Фрейдтің осы жаңа пәнді құруы адамның ішкі жан дүниесін емдеп жазуға ғана емес, сонымен қатар адам психикасының айқын еместігін көрсете отырып, таным теориясына да зор ықпал етті. Сөйтіп, әртүрлі мәселелер бойынша ғалымдар арасында: қалай шындықты іздеуге және пәтуаға келуге болатыны, адамның жыныстық энергетикасының сублимациясының1 шығармашылықта қалай орын алатыны, оның бұрыс немесе дұрыс ырықсыз сезімдерінің таным үдерісіне қалай әсер ететіні туралы сұрақтар туды.

Психикалық талдау барысында табылған адам психикасының синкретизмі2 ғылым нысандарының тұтастығы, көпдеңгейлілігі, өзгеше күрделілігі идеясына келтірді. Адам психикасында қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарға нышан беру механизмдерін зерттеу де бөлу және синтездеу барысында ғылыми ақпараттарға, оның симметрияларына талдау жасау үдерісіне ықпал етті. Таным үдерісінде түйсіктіктің, шындыққа тікелей жетудің, субъективтік бейнелердің объективтік маңызын ажыратудың жаңа қырлары ашылды.

Персонализм.3 Классикалық емес ғылымда тұлғаның шығармашылық әлеуетіне өзгеше көп көңіл бөліне бастады. Егер алдыңғы

1 Сублимация (лат. sublimare – жоғары көтеру) – бұл жерде: ішкі энергия (мысалы, жыныстық немесе биологиялық) күштерінің тікелей мақсатты нысандарынан «ізгілікті» – әлеуметтік, моральдық немесе эстетикалық сипатқа ауысуы.

2 Синкретизм – бір құбылыстардың әуелгі, о бастағы тұтастығы.

3 Персонализм – болмыстың бастапқы негізі жеке біреу деп есептейтін философиялық бағыт.

241

ғылым монизм1 мен панлогизмнің2 ұстанымдарына сүйенсе, ал жаңа жағдайда ғалым тұлғасының шығармашылықпен өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктеріне назар аударылатын болды: ол осы дүниенің жаратушысы бола алады, әлемге өзінің шығармашылық әлеуетін таңа алады. XX ғасырда бір мезгілде адамның ұлылығын да, ұждансыздығын да көрсететін осы шығармашылық әлеуеттің қалай іске асқаны жайында осы кітаптың келесі бөлімдерінде баяндайтын боламыз.

Ал қазір терминдер мен түсініктерге (тәсілдерге) қысқаша тоқталып өтейік.

Анархизм (ғылымдағы кез келген беделді, сондай-ақ билікті жоққа шығару) және волюнтаризм (өзінің субъективтік еркін басқаға таңу). Бұл көзқарас ғалым тұлғасын жұртшылыққа қарсы қояды, бір немесе басқа нормалар мен құндылықтарды салыстырмалы, дәстүрлерге жат деп қарайды, әртүрлі ғылыми дәстүрлерде тамыр жайған универсалийлер мен тұжырымдамаларды теріске шығарады.

Модернизм. Бұл барлығын да сын сотына салу, шындықты тұлғаның дүниеге көзқарасымен ұштастыру, кез келген тұлғаның дүниетанымдық бағдарын тану және құрметтеу, шындықтың сюрреализациясы – нақты мен нақты еместің араласып кетуі және т.б.

Прагматизм (пайдалылық). Шындықты тұлғаның таным үдерісіндегі өнімді қызметімен, белсенділігімен ұштастыру.

Сөйтіп, XX ғасырдың бірінші жартысында құрылған классикалық емес ғылымның негізгі ерекшеліктері: барлық ғылыми мәселелерге

дәстүрлі емес көзқарас; бұрынғы тұжырымдар мен теориялардың

барлығын тексеру; ғылымда қалыптасқан стандарттарға сын көзі-

мен қарау; нышан-бейне беру, тәжірибе жасау, шарттылыққа сүйену және т.б.

XX ғасырды 60 жылдарында қалыптасқан жағдайды бірқатар ғалымдар ғылым дамуындағы жаңа кезең деп атайды. Ол постклассикалық емес ғылым, басқаша айтқанда, классикалық еместен кейінгі ғылым деген атқа ие болды. Оның ерекшеліктері ретінде төмендегі сипаттар аталады:

Антифундаментализм. Бұл – көпдеңгейлі, қандай да бір түпнегізге жатқызылмаған жүйелі тұтастықты білдіретін нақтылық. Ол өздігінен құрыла да, дами да алады.

1 Монизм – әлемнің негізі бір ғана бастау (материя немесе рух) деп танитын философиялық бағыт.  2 Панлогизм – грек сөзі – логикалық заңдардың ойлаудың ғана заңдары емес, сонымен бірге

барлығы да қисынды қажеттіліктермен айқындалатын шындықтың (болмыстың) да негізді заңдары болып табылады деп сендіретін гегельдік дүниетаным.

242

Интегратизм. Егер классикалық ғылымда бүтін бөлшектерден тұрады, бүтінді бөлшектерге бөлуге болады деп саналса, енді қазір бүтіннің де, бөлшектердің де өз-өзіне жеткіліктілігі, олардың өзара ықшамдалмаушылығы (тұжырылмаушылығы), сонымен қатар өзара бір-бірлеріне өткіштігі танылады. Мысал ретінде бір-бірлерінен шығатын қарапайым бөлшектерді айтуға болады.

Синергизм. Егер классикалық ғылым нақтылықты қозғалатын, олардан табиғаттың алуан түрлі денелері құралатын материалдық нүктелердіңжиынтығыдепқараса,ендітабиғаттыңтереңқұпияларына бойлай отырып, қазір нақтылықты солай түсінуден бас тартуға тура келді.

Бірақ синергетика туралы біз кейінірек айтатын боламыз. Холизм. Бұл ұстанымға сәйкес, Әлем, Нақтылық көпшамалы

иерархиялық тұтастық, яғни әрбір тармағы басқалармен өзара әрекеттесе отырып, өз-өзін тұрақты өзгертіп отыратын тұтастықты білдіреді.

Пайыммен қарауға қарсылық. Классикалық ғылым аясын-

да ғасырлар бойы танымның мақсат-мұраты заттардың объективтік қасиеттері мен сапаларын ашып көрсету болды, мұнда ешбір субъектілікке, оның ішінде адамның іс-әрекеттерінен шығатын көзқарастар мен ұстанымдарға орын болмауға тиіс. Оның үстіне, зерттеушінің зерттелетін нысанға әсері, ықпалы есепке алынбады. Алайда қарапайым элементтердің физикасы бұл ұстанымды теріске шығарды. Атомның құрылымын зерттеу барысында қарапайым элементтердің бақылау құралдарымен өзара әрекетке түсетіні анықталды. Олай болса, нақтылықтың дербестігін микроәлемнің зерттелетін нысандарына да, пайдаланылатын аспаптарға да телу мүмкін емес. Әлбетте, заттарды, табиғаттың бір немесе басқа құбылысын зерттеген кезде, қалай болғанда да, сырттан әсер ету орын алады. Екінші жағынан, зерттелетін нысанға таным құралдарының әсерін жоққа шығаруға болмас. Сонымен, өз бетінше өмір сүретін, таным субъектіне тәуелді емес нысан жоқ.

Релявитизм. Ғылымда зерттелетін нысандар шамасының (өлшемінің) мәні анықталады және оларды әртүрлі формулалар мен түсініктерге бекіту орын алады. Алайда заттар мен табиғат денелері әртүрлі жағдайларда басқа денелермен өзара әрекеттесу барысында өз сипаттамаларын өзгертеді. Бұл ережені табиғаттың барлық құбылыстарына қатысты айтуға болады. Демек, заттардың барлық қасиеттері мен сапалары салыстырмалы. Алайда реливитизм танымда

243

анархизммен тең мағыналы емес. Іргелі, маңызды тұжырымдарды танымай, қандай да бір теория құру мүмкін емес.

Қосымшалық. Бұл ұстаным алдымен микроәлем құбылыстарын зерттеу барысында пайда болды және кейіннен әлемде болып жатқан барлық үдерістерді зерттеуге де қолданылды. Қарапайым бөлшектерді зерттеу барысында олардың «дискреттік-толқындық» табиғатын немесе «импульс пен координаттарын» бір мезгілде анықтаудың мүмкін еместігібелгіліболды.Олайболса,әртүрлізерттеубағдарламаларының және пайдаланылатын аспаптардың көмегімен алынған нәтижелерді біріктіре (бір-бірін толықтыра) отырып, зерттеліп жатқан нысан туралы толыққанды білім алудан басқа амал қалмайды. Ал ол үшін полилог: ғалымдардың әртүрлі мектептер арқылы қол жеткізген нәтижелерін егжей-тегжейлі зерттеу және оларды бір теорияға түзіп шығу талап етіледі.

Когеренттік. Лат. – cohaerens – құрылысы күрделі жүйелердің ары қарай дамуы барысында өзара байланыста болуы, келісушілігі деген мағынада, яғни әлемде барлығы да бір-бірімен өзара байланыста болады. Сондықтан бір қарағанда бір-бірімен байланысы жоқ болып көрінетін құбылыстар бір-бірлерімен келісілген өзара қарымқатынастарға түседі. Көпшілік жағдайларда ол күш жұмсалатын емес, «кооперативтік» мәнерде, жаңа құрылымдар мен үдерістерді туғыза отырып орын алады. Бұл қағида бір немесе басқа үдерістердің пайда болуында қажеттіліктердің тоғысатыны туралы ескі үлгіні мойындамайды, керісінше, олардың ішкі әлеуеттіліктерінен шығатын осындай өзара әрекеттердің шығармашылық сипатын растайды.

Жүйесіздік. Классикалық ғылымда барлығы да қатаң заңдарға бағынады.Егербірнемесебасқаүдерістердіңбастапқыкезеңдерібелгілі болғанда, олардың дамуының келесі кезеңдерін болжап айтуға болушы еді. Енді бұндай тұжырымдаманың шектеулілігі анықталды. Әлем алдын ала берілген заңдылықтардың негізінде дамымайды, ал оның жаңа сапаға өзгеруі көп жағдайда «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтыққа» байланысты. Бір немесе басқа құбылыс тең салмақты емес күйге және бифуркация (екіге бөліну) нүктесіне жетіп, әртүрлі флуктуацияларды (жүйе шектерінен шығып кететін әлдебір «ашу-ыза») тудырады. Ал сол кезде оның ары қарай жетілуінің сансыз мүмкіндіктерінің, жаңа сапаға өтуінің ішінен өзінің тарихи жолын есепке алу негізінде жаңа жағдайға бейімделуге келтіретіні ғана жеңіске жетеді. Соған байланысты, Пригожин мен Стенгерстің жорамалынша, болашақта физика табиғаттың әртүрлі құрылымдарының қоршаған ортаға бейімделуі формасын зерттейтін ғылымға айналатын болады.

244

Көрнекілікті жоғалту. Ғылыми білімнің артуы жинақталған фактілердің жиынын қорыту негізінде емес, математикалық есептеулер негізінде алынған кеңейтілген синтез арқылы болады, сол себепті бастапқы көрнекілік жоғалады; ғалымдар әлем нысандарының терең құрылымына бойлай түскен сайын, олардың зерттелетін нысандардың қасиеттері мен сапаларын тікелей бақылауының, тәжірибе жолымен анықтауының мүмкіндігі азая береді. Егер классикалық ғылымда дәлме-дәл және қатаң білім алуға ұмтылу маңызды болса, енді оған қол жеткізудің мүмкін еместігі анықталады. Сондықтан ықтимал білім алуға көп көңіл бөлінетін болды.

Оның үстіне, теориялық тұрғыда алынған білімдердің негізгі белгілері қарапайымдылық, симметриялық, когеренттік, эвристикалық1, болса, ал іс жүзінде – пайдалылық, тиімділік, нақты өмірде қолданушылық және т.б. қасиеттерге назар аударылды.

«Болмыстан» «қалыптасуға» бұрылу. Егер классикалық ғылым заттар мен құбылыстардың өзгергіштігінен сапасы жағынан өзгермейтін, орнықты нәрсені көруге тырысса, ал қазіргі заманғы ғылым жаңа құрылымдардың пайда болуын, ескілерінің жоғалуын зерттей отырып, әлемді уақытта мәңгі қалыптасып жататын және күрделене беретін оқиға ретінде қарайды. Сөйтіп, жаңа эволюциялық ғылым пайда болады.

Әлбетте, ерте замандарда-ақ ұлы ойшылдар әлемнің мәңгі қалыптасуда болатынын байқаған, заттар мен денелер қарамақайшылықтардан өзара өту арқылы өмір сүреді (Лао-Цзы), барлығы ағып өтеді, бәрі өзгереді (Гераклит) және т.б. Жаңа заманда қалыптасу санатына Гегель көп көңіл бөлді. Алайда классикалық ғылымның қалыптасуы барысында тікелей қарама-қарсы бағыттар (интенция) пайда болды. Табиғатты зерттеуде энергияны сақтау заңына сәйкес, заттардың аққыштық қасиетінен ғалымдар қаншалықты өзгеріс болса да, өзінің негізіне қайтып оралатын әлдебір тұрақты, кезеңдік, бірқалыпты қасиетті табуға әрекеттенді.

БұндайдүниетанымдықкөзқарасқаXIXғасырдаөзініңэволюциялық теориясымен Ч.Дарвин, қоғамдық-экономикалық құрылымдар туралы ілімімен К.Маркс мықты соққы берді. XX ғасырда эволюциялық химия, ал астрофизикада «Үлкен жарылыс» теориясы пайда болды. Сөйтіп, осы жетістіктер нәтижесінде ғылымда ғаламдық даму теориясы өмірге келді.

1 Эвристика – теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жүйесі.

245

Есептеу ғылымының пайда болуы. Нақты тәжірибелік зерттеулер-

ге виртуалдық (шынайы емес) зерттеулер қосылды. Ерекше күрделі құрылымдарды оларда болып жататын үдерістерді «машинаға ұқсату» арқылы зерттеуге жол ашылды.

Ал енді негізгі философиялық мектептер мен бағыттарға талдау жасайтын уақыт келген сияқты.

8.3. Ғылым философиясы ретіндегі неопозитивизм

Неопозитивизм (лат. neo – жаңа, positivus – оң, дұрыс) – ғылыми техникалық ілгерілеу шектерінде пайда болған және қазіргі ғылымның теориялық-танымдық мәселелерін басты санайтын осы заманғы Батыс философиясы бастауын Огюст Конт (1798-1857) шығармашылығынан алады. Оның асқан таланты мен ақыл-ой қабілеттері ерте танылды: 14 жасында ол өзінің діни және саяси көзқарастарын қайта қарап, өзін атеист және республикашыл деп жариялауы арқылы католик және роялист, яғни монархияны жақтаушылар болып табылатын ата-анасының көңілін қатты қалдырды. Ол 15 жасында институтқа қабылдау емтихандарын жоғары бағаларға тапсырғанмен, жас болуы себепті оқуға келесі жылы қабылданды. Алайда онда екі жыл ғана оқып, студенттердің қозғалысына қатысқаны үшін оқудан шығарылды. Оған Огюст оншалықты қапалана қоймады, өйткені екі жылдың ішінде ол бар бағдарламаны игеріп болған-ды. Ары қарай ол білімін өз бетінше жалғастырды.

Дарынды жас жігітке ұлы ойшыл-утопист граф де Сен-Симон назар аударып, оны өзіне хатшылық жұмысқа шақырады. Конт СенСимонмен жеті жыл бірге жұмыс істейді. Бірақ екі данышпан ұзақ уақыт бірге жұмыс істесе алмайтын болды: Огюстің өне бойы өз көзқарасынан танбауы, өзінікін дұрыс санауы олардың қарымқатынастарын қиындатып жіберді.

Алайда ол тамаша мектептен өтті, сондықтан Сен-Симоннан кеткенмен, өз өмірін толықтай ғылымға арнап, 1826 жылдан бастап оған әлемдік даңқ сыйлаған іргелі еңбегі – алты томнан тұратын «Оң философия курсын» жазумен айналысады.

XIX ғасыр ғылымының екі басты қағидасы Конт атымен байланысты:

а) кез келген «оң» (іс жүзіндегі) білімнің салыстырмалылығын тану;

ә) жүйелеу және саралау көмегімен «ғылыми фактілерді» жинақтауға және қорытындылауға ұмтылу.

246

Соңғысы арқылы Конт бақылаудың, тәжірибе жасаудың және өлшеудің ғана деректерін емес, солардың бастауы («жасырын» себептері) ретінде қайта жасалуы мүмкін нәрселерді де, сондай-ақ өзі «табиғаттың орнықты фактілері» деп айқындаған заңдарды да түсінген. «Оңдардың» қатарына ол «сананы қоса алғанда, адамның өзі туралы» білімін де жатқызады.

Басты ғылым деп Конт әлеуметтануды (социология) жариялайды. Конт әлеуметтанудың негізін салушы болып санала ма деген сұрақ дау тудырады және аталған терминді қолданбаса да, көзқарастары, әрине, әлеуметтік болған алдыңғы ойшылдарға (Монтескьё, Сен-Симон, Фергюсон және басқалары бар) қалай қарауға байланысты.

Егер Гегельдің панлогизміне Шопенгауэр Әлемдік ерікті, Кьёркегор адамның өмір сүруін қарсы қойса, ал Конт жекелеген арнайы ғылымдардың нәтижелеріне негізделген философиялық қағидаларды қарсы қояды. Нәтижесінде, ол философия – нақтылықты өз бетінше зерттейтін, бірақ өмір сүруге құқы жоқ іргелі ғылым деген қорытындыға келеді. Жеке ғылымдардың дамуына байланысты философия банкроттыққа ұшырады, ол бар байлығын үш қызына бөліп беріп, қартайғанда кедей пақырға айналып, жападан-жалғыз қалған король Лирге ұқсайды. Философия өте-мөте жалпы ұғымдармен байланысты болғандықтан, оларды лақтырып тастау керек, олардың орнын нақты ғылыми білімді жүйелеу және сипаттау алуға тиіс.

О.Конттың ойынша, адамзаттың рухани дамуы үш сатыдан өткен: а) теологиялық саты – ерте заманнан басталып, Табиғаттың барлық құпия күштері Құдайдың көріпкелдігімен түсіндірілетін XIV

ғасырмен аяқталады;

ә) метафизикалық саты (XIV-XVIII ғғ.) – онда алдыңғы көзқарастарды теріске шығару және болмыстың (материя, форма, рух және т.б.) шекті негіздемелерін іздеуде жалпыға ортақ түсініктерді қалыптастыру орын алады;

б) оң саты (XIX ғасырдан басталады) – ол өнеркәсіптік қоғамның дүниеге келуіне және тексерілген фактілерге негізделген, нақтылықты шынайы ғылыми игеруді дамытудың алғышарттарының пайда болуына байланысты.

Айтылғандарға орай, О.Конт өз заманының ғылыми білімін жүйелеуді және саралауды жүзеге асырды. Ғылымдағы әрбір жаңа бағыт өз алғышарттары ретінде алдыңғы жетістіктерге сүйенеді. Алайда оны алдыңғы жинақталған білімдер негізінде толық түсіну қиын, өйткені өзіндік түсінік құралы пайда болады. Осындай қағидаларды

247

басшылыққа алып, О.Конт ғылыми білімнің келесідей: математи-

ка – астрономия – физика – химия – биология – әлеуметтану

дейтін сараптамасын (бөлінуін) іске асырады. Осы жіктемеге сәйкес, әлеуметтану биология жетістіктеріне сүйенгенмен, бірақ қоғамдағы адамдардың өзара іс-әрекеттеріне байланысты жаңа заңдылықтарды табады. Әлеуметтанудың негізгі мақсаты – қоғамның ұйымшылдығы мен жаңа-жаңа сатыларға көтерілуін бір-бірімен ұштастыру. Ал ол үшін адамзаттың жаңа біртұтас діні керек, өйткені ескі діндер бірбірлерімен қарама-қайшылықтарға келіп, адамзатты бөлшектеп, алауыздық тудырады. Ол, Конттың пікірінше, Адамзаттың тегінде жатқан ақсүйектер діні болуға тиіс. Сондықтан ол адамдарды құдайларға емес, адамзаттың өзіне табынуға шақырады.

О.Конттың замандастары оның соңғы идеясына теріс қарағанмен, ол бүгінгі күні де өзекті, өйткені қазіргі заманның адамзаты мағыналы өмір бағдары дағдарысын бастан кешу үстінде. Бірде-бір әлемдік дін қазіргі заманғы адамзатты толықтай қанағаттандыра алмайды. Осы кездегі діндердің жақсы жақтарын топтастыра алатын біртұтас жаңа Әлемдік дінді іздеу жүріп жатыр.

Конттың ойынша, оң білім – ол «іс жүзінде бар», «шын мәнінде бар» дегендердің барлығының білімі. Сондықтан оң білім – ол «шын мәнінде бар нәрсе туралы білім», құбылыс ретінде «біз үшін» бар, қандай да бір «метафизикалық болжамдарсыз», басқаша айтқанда, «өзіндік заттар», «дара түпнегіз» немесе «дара субъект» сияқты суреттелуге тиіс білім.

Конттың пікірінше, шынайы «оң» білім сезімдік қабылдауларға байланысты қашанда салыстырмалы, өйткені қабылдау үдерісінің өзі – ол құбылыстардың уақытша үйлесімі және олардың кеңістіктегі бағытынан басқа ештеңе де емес. Осыдан келіп болмыс фактілердің жиынтығы ретінде «имманенттік» (ішкі түйсікке тән) түрде берілген деген қорытынды шығады. Бұндай ұстаным трансценденттікке, яғни әлемнен тыс жатқан құбылыстарға жету мүмкіндігіне сенетін метафизикаға қарсы бағытталған.

Ғылымдағы жаңадан ашылған жаңалықтар (бәрінен бұрын физика мен психологиядағы) классикалық позитивизм негіздемелерінің дағдарысын тудырды. Ал соның нәтижесінде оның жаңарған формасы

эмпириокритицизм немесе тәжірибені сыни зерттеу пайда болды. «Бірінші» позитивизмнен айырмашылығы – екінші кезеңнің басты нысанасы ғылыми тұрғыда ойлаудың өзі және білім құру механизмдері болды. Оның пайда болуы кездейсоқтық емес еді. Нақ осы уақытта

248

адам даналығының көзге көрінбейтін микроәлемге (электронның, радиоактивтік сәулелердің және т.б. ашылуы) енуі орын алды. Олардың табиғатына физиканың ескі механистік қағидалары жолдарымен жету мүмкін болмады. Жаратылысты зерттеушілерді электронның тыныштықжиыныболмайтынытаңдандырды.Бұлфранцузматематигі А.Пуанкаренің: «Олай болса, материя жоғалды», – деп мәлімдеуіне себеп болды. А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының негізгі қағидаларына қалай жетуге болады? Осы және басқа сұрақтарға Эрнст Мах пен Рихард Авенариус жауап беруге әрекеттенді.

Махтың ойынша, таным үдерісі сезінулерден басталады және сондықтан білімнің барлық құрамы «сезімдік тәжірибеге» келтірілуге тиіс және келтірілуі мүмкін. Таным үдерісінде ещқандай «секіріс» болмауға тиіс (оған «бірінші позитивизмнің» өзі жариялаған «тәжірибенің үздіксіздігі ұстанымымен» байланысты «ойлау экономиясының заңы» тыйым салған).

Мах пен Авенариус жаратылыстанудағы «тәжірибе» түсінігін қайта қарау жолдарында пайда болған қиындықтарды жеңуге бел буды. Олардың ойынша, тәжірибе түсінігі қайтадан қаралып қана қоймай, сонымен қатар метафизикалық табиғаты бардың бәрінен де тазартылуға тиіс. Тәжірибе физикалық және психикалық элементтерден тұрады. Егер біріншілері сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсетсе, ал екіншілері ішкі тәжірибенің мазмұнын көрсетеді. Олай болса, олар бір-бірімен ажырамастай байланысқан. Демек, субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ. Объект пен субъектінің танымдағы бұл өзара байланысын олар «маңызды үйлесім» деп атады.

Әлбетте, субъект, яғни сана және танымдық мүмкіндіктер берілген адам бар жерде объект, яғни таным үшін ашық зат та бар. Шындыққа қиын жол жеткізеді. Өзіңді әлемдік мұхиттағы бір тамшы судай сезініп қана, зерттелетін нысанмен ішкі жақындығыңды біліп қана сол зерттелетін нысанды терең тани аласың. Бұның бәрі дұрыс. Алайда танымның осы жағын ғана даралау бізді субъективтік идеализмге келтіруі мүмкін.

Эмпириокритицизмді жақтаушылардың ойынша, бүкіл танымдық үдерістіоныңбастауларынадейінмұқиятталдауғалымойыныңқателік кеткен салаларын анықтауға тиіс, өйткені мұнда оң білімге жетудің басты шарты, яғни таным үдерісінің үздіксіз жүруі сақталмаған. Осындай«қателіктердің»салдарынанғылымқұрамынаметафизикалық ұйғарымдар еніп кетеді. Сондықтан «тәжірибені тазарту» керек.

Эмпириокритицизмнің негізгі идеяларының бірі – «ойлау үнемділігі» деп аталатын экономияда және ғылымда тек дәл сурет-

249

теу мұратына жету болды. Бұл бағыттың жолын қуушылар «ой - лау үнемділігін» тарихи тұрғыда организмнің өз-өзін сақтауының биологиялық қажеттілігінен және соған байланысты қоршаған ортаға бейімделу қажеттігінен шығарады. Нәтижесінде, олар ойлауды үнемдеу мақсатында «түпнегіз», «себептілік», «бастапқы негіз» сияқты «мағынасыз» санаттарды ғылыми айналыстан алып тастау керек деген қорытындыға келеді. Олардың орнына ғылымда ашылған элементтер мен олардың өзара байланысын суреттеумен айналысу қажет.

Бұл жаратылыстану ғылымын ары қарай дамыту үшін де, сондай-ақ ғылымның қазіргі заманға сай әдістемесін әзірлеу үшін де аса маңызды болды және болашақта оң бағдарламаға ауыстыруға, мүдделердің қитұрқы әрекеттерін білім бастаулары мәселелерінен ғылымды талдау және теориялардың қисынды құрылымы саласына аударуға айтарлықтай ықпал етті.

Қисынды (логикалық) деп аталатын позитивизм XX ғасырдың 20 жылдары пайда болды. Оның негізгі өкілдері – Мориц Шлик (18821936), Рудольф Карнап (1891-1970), Бертран Рассел (1872-1970).

Қисынды позитивизм жеке ғылымдармен салыстыру барысында философияның артынан оның дүниетанымдық-әдістемелік рөлін теріске шығара бастайды. Оның жолын ұстанғандардың ойынша, философия ғасырлар бойы қалыптасқан, шынайылыққа тексеруге жатқызу мүмкін емес дерексіз ұғымдардың батпағына батып қалған. Мысалы, Б.Рассел сезімділік деректерінің ғана шынайылығын мойындайды. Әлемнің бүтіндігі сияқты объективтілік туралы айтсақ, онда ол сенім жазықтығында жатыр, өйткені ғылыми құралдармен оны дәлелдеу мүмкін емес. Олай болса, математикалық логика құралын кең пайдалана отырып, тәжірибелерді қорытындылау болып табылатын пікірлерді логикалық талдаудан өткізу керек.

Р.Карнап философияға верификация (лат. – verif ication – дәлелдеймін) ұстанымын енгізеді. Ол кез келген ғылыми пікірлердің тәжірибе деректеріне сәйкестігін анықтау дегенді білдіреді. Дамыған теорияларға келсек, оларды тек жанама жолмен дәлелдеуге болады. Ол үшін кез келген теорияны соның негізінде жатқан қарапайым, атомдық (бөлшектенбейтін) хаттамалық ұсыныстарға ажырату керек. Сонда ғана оларды сезімдік тәжірибе деректерімен салыстыруға және сол арқылы олардың шынайылығын анықтауға болады. Бұл тұрғыда осы бағыттың философтары ғылымда үлкен жұмыс атқарды.

Егер қоғамдық-гуманитарлық пәндерді

(философия, психоло-

гия, этика және басқалары) алар болсақ,

онда верификацияның

250

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]