Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

уақытта, Фрейдтің психоталдауы экзистенциалистер (Ясперс), феноменологтар (Шелер), әсіресе философиялық антропология өкілдері тарапынан сын нысанасына айналды. Кейіннен Витгенштейн, Сартр, Поппер, Мунье сияқты философтар да әртүрлі психосараптамалық тұжырымдамаларды сынға алды.

Ал ең қызығы мынада: бұл философиялық сын ақыр соңында әртүрлі жоспарлардың, оның ішінде психосараптамалық идеялардың бір-біріне селбесе тіршілік етуіне негізделген жаңа ілімдерді құрғысы келетін саны көп әрекеттерге алып келді.

Фрейд шәкірттерінің бірі, өз көзқарасын санадан тыс әрекет теориясына енгізген швейцарлық психолог және психиатр Карл Густав Юнг (1875-1966) болды. Басында ол өз ұстазының негізгі идеяларын жан ұшыра жақтаушы болды. Кейіннен оның санадан тыс әрекеттерге қатысты көзқарастары өзгерді.

Өзінеемделугекелушілердіңұйқыдағытүстерінеталдаужасайкеле, ол олардың түстерінде ертедегі ата-бабаларының аңыз-ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерінің көрініс беретіні туралы қорытындыға келеді. Олай болса, санадан тыс жеке әрекетпен қатар,

психикада «санадан тыс ұжымдық әрекеттер» де бар. Егер «сана-

дан тыс жеке әрекет» адамның өмір тәжірибесінен келіп шығатын, ығыстырылған немесе ұмыт болған күйзелістер мен құмарлықтарды құраса, ал «санадан тыс ұжымдық әрекет» жалпыадамдық тәжірибені қамтиды. Оның үстіне, одан адамзаттың көпмыңжылдық тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар адамға дейінгі жан-жануарлар тіршілігінің іздерін де көруге болады. Батырлардың, Отан-Ананың, ақсақалданышпандардың, жындардың және басқаларының бейнелері ауықауық адамдардың түстерінде көрініс береді. К.Юнг оларды «архетиптер» (ең ежелгі тұрпат) деп атайды. Бұл бейнелер нақты мазмұнмен толықпаған жәнетек нышан-пішінтүрібар,алайда тұлғаөзінің дербес өмір тәжірибесіне байланысты оларды нақты мазмұнмен толықтыра алады. Әрбір халық өзінің қайталанбас, тілде, салт-ғұрыптар мен дәстүрлерде бөлшектенетін өмір тәжірибесінен өтетіндіктен, архетиптер де ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Халықтың көптеген дәстүрлері жоғалған жағдайда да, олар адамның өзіндік дүниетанымын құра отырып, генетикалық механизмдер арқылы берілуге қабілетті.

Сөйтіп, егер Фрейдке санадан тыс әрекет «микроәлемін» талдау еңбегі тиесілі болса, ал Юнг санадан тыс әрекетті зерттей келе, оның жекелеген тұрпаттық құрылымдарының (архетиптерінің) және мәдениеттерге ортақ құрылымдардың немесе бейнелердің өзара ұқсастығын көрсетті.

281

«Архетип»ұғымынаЮнгмынадайтүсініктемебереді:бұл–әлдебір «байырғы бейне», онда «санадан тыс ұжымдық әрекеттің мазмұны санада айқын көрсетілген бейімділік және орныққан пікір арқылы берілген». Көбінесе жеке адамға олар сыртқы факторлармен байланысты болып көрінеді, ал олар «жанның санадан тыс құрылымынан» болады. «Санадан тыс ұжымдық әрекеттің» бұл үстемдігі тәжірибелерден бұрын болған және объективтік деректерден жоғары тұр.

«Санадан тыс ұжымдық әрекет» – ол айнада бейнеленген-

дей психикалық әлем, миллион жыл болғандай сана. Ондай сана бір мезгілде қазіргі және нағыз болмысы бар заттың пайда болуын да, жоғалуын да, сондай-ақ ол пайда болғанға дейінгіні және ол жоғалғаннан кейін де бола беретіннің бәрін көрді.

Архетип нәтижесінде, Юнгтің пікірінше, тәжірибеден бұрын, санадан тыс рухтың бар негіздерін мұра етуі себепті халықтың психикалық өмірінде тиісті тип (тұрпат) туады.

Юнг енгізген екінші бір ұғым – «психологиялық тұрпаттар». Юнг оларды психикалық қызметтеріне қарай: интроверт және экстраверт деп ажыратады.

Интроверсия – ішке қарай бағытталу. Ол тұлға теориясын - да әлеуметтік қақтығыстардан аулақ болу және өзіндік ойларының қамымен жүру үрдістерін белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл, мүмкін, «қалыпты» сипаттама болғанмен, көпшілік адамдар интроверсияның шектен асқан формаларының патологиямен1 шектесіп жатқанын сезеді.

Экстраверсия – сөзбе-сөз сыртқа бағытталу дегенді білдіреді. Бәрінен бұрын, тұлға теориясында өз энергиясын сыртқа бағыттау, айнала қоршаған және әлеуметтік орта үшін қам жеу және сол ортадан жанына рақат табу үрдісін белгілеу үшін пайдаланылады.

Интраверсияменэкстраверсия–екітеориялықполюсібартұлғаның болжаммен алынған өлшемі. Бірақ қазіргі уақытта көпшілік теоретиктер жекелеген тұрпаттардың бар екеніне шүбә келтіреді және оның орнына екі тұрпатты да бірқатар әртүрлі мінез-құлық, іс-әрекеттердің жиынтығы деп қарайды. Одан өзге, екі полюстің де қарама-қайшы ретінде қаралуы күмәнді, өйткені көптеген адамдарда екеуі де көрініс беріп, бір полюстің іс-әрекетте күшеюі мүмкін болса, ал екіншісінде азаюы міндетті емес.

Юнг сол заманғы техникалық өркениетті және бұқаралық қоғамды күрт сынға алды, рас, оның себебін ол Батыс адамының құдайсыз әлем құрғанынан, өздерінің төл дінін ұмытқанынан және бүкіл жер

1 Бұл жерде: патология – қалыптан ауытқушылық.

282

шары бойынша басқа дәстүрлердің түп-тамырларына балта шауып жатқанынан көрді. Оның пікірі бойынша осының барлығы әлеуметтіксаяси деңгейде тоталитарлық идеологияның таралуына әкеліп соқтырады. Егер шіркеу дәстүрінің архетиптерге жұмсалған энер-

гияны ғажап символикалық ғарышқа айналдыру арқылы солар үшін жеткілікті құралдары болса, ал протестантизмнен басталған «қасиетті қабырғаларды батыл әрекетпен алу» – сол тектегі универсумға ие, сондықтан да санадан тыс ұжымдық әрекет энергиясының күтпеген «олқылықтарының» болуы салдарынан ерекше әлсіз материалистік өркениетке келтірді.

З.Фрейдтің өзге ізбасарлары: А.Адлер (1870-1937), К.Хорни

(1888-1959), Э.Фромм (1900-1980), Г.Маркузе (1898-1979) фрейдизмнің негізгі қағидаларын қоғам өмірімен ұштастыруға әрекеттенді.

Сөйтіп, австриялық дәрігер-психиатр және психолог, дербес психологияның негізін салушы Альфред Адлер «компенсация» (толтыру, өтем) ұғымын енгізеді. Адам өзінің дене бітіміндегі кейбір кемшіліктерге және кейбір табиғи дарындарының осал дамығанына бола, өзін кемтар, жетілмеген деп сезінуі мүмкін. Нәтижесінде, өз мүмкіндіктеріне сенбеу, бейшаралық күй кешу пайда болады. Осының бәрін жеңу үшін, адам шығармашылық тұрғыда жан-жақты ашылып, жетілуге бар күш-жігерін жұмсайды. Адамның нақ осы белсенділігі орасан артқан, болмысқа деген өжет құлшынысын Адлер өтем деп атайды. Ойшылдың пікірінше, егер адам осы жолда асқан белсенділік танытса, онда ол өзінің кемшіліктерінің орнын толтырып қана қоймай, сонымен бірге ұлылыққа да жетеді. Ондай ахуалды ол үстеме өтем деп атайды. (Әдебиетте Гитлер бір аяғын сылтып басқандықтан, өзін суретші ретінде таныта алмады дейтін пікір бар. Нәтижесінде, ол өзін саясатсаласынабұрып,асқанбелсенділіктанытқаннанзаңжүзіндеканцлер лауазымына қол жеткізген, ал Наполеон бойының қысқалығынан өзін кемтар сезініп, үстеме өтем есебінен императорлыққа жеткен).

Адлер идеяларының неофрейдизмге ықпалы зор болды. Неофрейдизмнің негізін салушылардың бірі – американдық пси-

холог және психопатолог Карен Хорни болды. Ол неврозды (жүйкенің тозуын) адамның мінез-құлқының өзіне дұшпан әлеуметтік ортадағы үйлесімсіз қорғаныс формалары деп түсіндіреді. Соған байланысты ол адамның жетіліп дамуын қалыпты және қалыптан ауытқыған түрінде көрсетеді. Қалыпты күйде адам өзінің дарындылықтарын көрсетуге және ойлағандарын іске асыруға тырысады. Қалыптан ауытқыған кезде адамның психикасында теріс құбылыстар жинақталып, неврозға әкеліп соқтырады. Адам өміріндегі қалыптан ауытқудың себептерін

283

К.Хорни: әлеуметтік факторлардан (қоғам ауруынан), ата-ана мен балалардың өзара қарым-қатынастарының теріс қырларынан, адамның дұрыс жолын таппай, теріс жолға түсіп, енді мағыналы-өмірлік бағдарларды іздеуінен көреді.

Оның пікірінше, әлеуметтік қалыптан ауытқу жүйкесі тозған адамның төмендегідей тұрпаттарын қалыптастырады:

икемделушілік, бейімделушілік – яғни адам еш мақсатсыз, қалай болғанда да, айналасындағылардың құптауына, мақұлдауына лайық болуға ұмтылады;

ұятсыз, басқыншылық әрекетпен, тіпті кезде қылмыстық жолмен де, қалай да билік пен күшке қол жеткізуге ұмтылу;

оқшаулану арқылы қоғам мәселелерінен теріс айналу. Әлеуметтік нормалардан ауытқушылық иіріміне түсіп кетіп, адам

сол тұңғиыққа тереңдеп бата береді. Ол шырғалаң шеңберден шығу үшін, қоғамның қолдауымен адам тарапынан көп күш жұмсалуы керек.

Неофрейдизмнің жарқын өкілдері – Герберт Маркузе және Эрих Фромм болып табылады. Оларды XX ғасырдың 20-сыншы және 30 жылдарының басында әлеуметтік зерттеулер орталығы ретінде пайда болған франкфурттық мектеп біріктіреді. Екеуі де – фрейдомарксис-

тер.

Әлеуметтік философ және әлеуметтанушы Маркузе марксизмнің,

экзистенциализмнің және психоталдаудың кейбір идеяларын жинақ-

тауға бағытталған «қоғамның сын теориясын» негіздеді. Ол техногендік өркениет және бұқаралық мәдениет қызметінің өнімі ретінде «бірөлшемді адам» тұжырымдамасын ұсынды; адам бейнесін бұрмалайтын және тұлғаның шеттетілуіне жеткізетін жүйелер ретінде капитализмнен де, социализмнен де «ұлы бас тарту» қағидасын алға тартты.

Маркузенің ең танымал еңбегі – «Бірөлшемді адам» (1964). Орыс тілінде 1994 жылы ғана басылып шықты. Онда автор қоғамда бір өлшеммен ғана өмір сүретін, өзіндей жарымжан және тегіс философияны басшылыққа алатын адамның бейнесін сомдады. Жаппай бақылау жасаудың салдарынан сын тұралап қалған қоғам – ол оппозициясыз қоғам. Философия бұл жерде технократтық рационализация мен позитивизмніңеңжамантүріқолдайтынбиліккүшініңлогикасысалған жарадан зардап шегеді (мұнда ол философиялық зерттеудің танымдық құндылығын жоққа шығарады). Технологиялық қоғамда жұмыспен қамту және әлеуметтік мінез-құлықты ғана емес, сонымен қатар дербес қажеттіліктерді де айқындай отырып, аппарат тұтас билікке

284

ұмтылады. Ой мен сөздің, сана мен бастамашылықтың бостандығы бүтін қоғамның тағдырын бөліседі. Белгіленген әлеуметтік тәртіптерге қатысты сынның толық жойылуы тән болған бірөлшемді адам осындай қоғамда қалыптасады. Осындай жағдайларда өзгерістердің қозғаушы күші барлық әлеуметтік құндылықтардан БАС ТАРТУ болып табылады, ал революциялық көтерілістердің бастамашылығы «аутсайдерлерге» (люмпендер1 мен жұмыссыздарға), сондай-ақ түпкілікті зияткерлер мен студенттерге өтеді.

Егер Фрейд сөзсіз бостандықты шектеулі құрылған өркениеттің бағасы ретінде санаса, Маркузенің пайымдауынша, бұл мүлде «өмір бойы ақы төлеу керек» дегенді білдірмейді.

Маркузенің пікірінше, капитализмнің дамуы көп нәрсені өзгертті, ал енді жаңарту үшін күрес Маркс көрсеткен жолмен жүре алмайды, өйткені «бірөлшемді қоғамның тоталитарлық үрдістері қарсылықтың дәстүрлі формаларын тиімсіз етеді...».

Фрейдизмді жаңартуға тырысып және негізге либидоны, яғни жыныстық ырықсыз сезімді ғана алып, Маркузе өткен жүзжылдықтың 60-70 жылдарындағы жастар бүлікшілігі кезеңінің Еуропадағы «жыныстық революция» үдерістерін түсіндіруге әрекет жасады.

Неофрейдизмнің келесі жетекші өкілі – неміс-американдық философ, әлеуметтанушы және психолог Эрих Фромм болды. Ол Фрейдтің биологизмін теріске шығарды және санадан тыс әрекет нышанын қайта қарап, адамдардың назарын басылып-жаншылған жыныстық ырықсыз сезімнен әлеуметтік себептерден туған дау-дамай жағдайларына

аударды. Фромм адамның психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырушы тармақ ретінде «әлеуметтік сипат» ұғымын енгізді.

Сол заманғы қоғам дағдарысының себептерін талдауға оның ең танымал еңбектерінің бірі «Ие болу немесе болу» (1976) арналды. Бірақ бастапқыда бұл кітаптың көптеген идеяларына автор кең тараған «Бостандықтан безу» (1941) атты еңбегінде орын берген-ді.

Фроммның пікірінше, тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік факторлар шешуші рөл атқарады. Осы заманғы Батыс қоғамдарындағы миллиондаған адамдардың жүйке жүйесі тозуының себептерін ол адамның өмір сүруінің шынайы мағыналарының шеттетілуіне келтіретін «машиналау» және «компьютерлеу» үдерістерінен көреді.

1 Люмпен-пролетариат – нем. – Lumpenproletatiat: 1) жұмысшы табының төменгі топта - рын белгілеу үшін К.Маркс енгізген ұғым; 2) кейіннен адамгершілік тұрғыда іріп-шіріген, құлдыраған адамдар тобыры (оның ішінде қаңғыбастар, тақыр кедейлер, қылмыскерлер) солай аталатын болды.

285

Қазіргі заманғы қоғамдарда болмыс тұжырымдамасы емес, ие болу, иелену үстемдік ететін болды. Нәтижесінде, «жинақтау», «нарықтық», біреуге арқа сүйеу, яғни «масылдық» сияқты әлеуметтік сипаттар қалыптасып келеді.

Ал адамның өзінің тіршілік етуінің шынайы мағыналарынан алшақтауының аса көрнекті мысалы «азаттықтан қашу», есірткі мен араққұмарлықтың батпағына бату және әлеуметтік ауытқушылықтың басқа да түрлері болып отыр.

Науқас қоғамды емдеп жазуға бола ма? Э.Фроммның пікірінше, ол үшін: «гуманистік жоспарлауды» іске асыру, оны өмірге енгізу керек, иеленудің жинақтаушы психологиясынан арылып, басқарудың «қитұрқы» формаларынан және басқа да кемшіліктерден бас тарту қажет. Қоғамды басқарудың гуманистік формалары қарапайым адамдардың өмірдің әлеуметтік мәселелеріне, болмыс құндылықтарының басымдығына, шығармашылық істе тұлғаның өзөзін жетілдіруге қызығушылығы оянуына жеткізер еді.

Сонымен бірге Э.Фромм адамның тіршілік етуінің жойылмайтын қасіретті жақтарын да көрсетеді. Олар «адам – кеңістік пен уақытта шектеулі, өмір мен өлім арасында жүретін және әрекет ететін тірі тіршілік иесі» деген тұжырымға байланысты. Сондықтан ол шектеулі өмірінің барысында өзінің барлық дарындылығын ашып көрсетіп, алдына қойған мақсат-міндеттерін іске асырып үлгіре алмайды.

Бірақ тіпті осы жағдайда да тіршілік етудің: ие болу немесе болу (өзі) деген екі тәсілі орын алады. Біріншісінде тұжырымға: «Өзімде не бар, нені тұтынамын – мен солмын» деген ереже алынады. Фромм жекешілдер мен тұтынушылар – консумистерге (лат. – consume – тұтынамын) Бұдданың жеке меншікке ұмтылмау туралы ұранын ұмытпауды еске салады. Иса Мәсіх: «Бар әлемді иеленген, ал өзін жоғалтқан адамға ештеңе де жұбаныш бола алмайды», – деген. Маркс «байлық та – кедейлік сияқты кемістік» екенін айтып, болмыстың қақ ортасында болуға кеңес береді, бұл көп иеленудің қажеті жоқ дегенді білдіреді (бұл жерде Фромм Маркстің «шынайы», әлі бұрмаланып үлгірмеген пікіріне сілтеме жасаған). Адам болмысының модальдығы (лат. modus – тәсіл, рай (тіл біліміндегі. – Аудармашы) – «тәуелсіздік, еркіндік және сыни ақыл-ойдың болуы». Болмыстың маңызды сипаттамасы – белсенді болу, бірақ сыртқы әбігершілік мағынасында емес, ішкі өнімділік мағынасында. Бұл – жаңару, жетілу, сүю, өз «МЕНінің» оқшау мекенінен шығу деген сөз.

Фромм Маркс еңбектерінің орасан зор әсерін сезді. Фрейд пен Маркс идеяларын салыстыра келе, олардың арасындағы қарама-

286

қайшылықтарды көрсете отырып, ол басқа бір синтез құруға әрекеттенді. Сондықтан да Фромм көбінесе тұлғаның маркстік идеяға бағытталған теоретигі деп аталып жүрді, бірақ оған өзін диалектика гуманисі деп атаған ұнайтын.

Фроммның ойынша, адам тұлғасы нақты бір қоғам беретін мүмкіндіктерге сәйкес дамыса, ал әлеуметтік сипат осы қоғамның талаптарына сай дамиды.

Фромм әлеуметтік сипаттың өзіне замандас қоғамнан тапқан:

ұсынылатын (рецепт сияқты), пайдаланушылық, жинақтаушы,

нарықтық және өнімділік сияқты бес тұрпатын ажыратып көрсеткен және суреттеген.

Бұл тұрпаттар жеке тұлғаның әлемге және бір-бірлеріне қатынасының тәсілі болып табылады. Аталғандардың соңғысын ғана Фромм дұрыс және Маркстің «еркін, саналы белсенділік» деп атағанына сай деп бағалайды. Ол сипаттың тағы екі: өлі нәрсеге бағытталушылықты іске асыратын жансыз (Маркс бойынша: «Өлі ұрпақтардың дәстүрлері тірілердің санасын қорқынышты түстей басып, ауырлатады») және оған қарама-қарсы – өмірге деген сүйіспеншілікті іске асыратын жанды тұрпатын суреттейді.

Адам мен қоғамның қатынастары мәселесінің Фромм үшін үлкен маңызы болды және оған үнемі қайта оралып отырды. Ол төмендегі ережелердің шынайылығына сенді:

а) адам жаратылысынан мәнді табиғатқа ие; ә) қоғамды адамдар осы мәнді табиғат жүзеге асыра алуы үшін

құрған; б) осы уақытқа дейін бірде-бір қоғам толығымен адамның негізгі

мұқтаждықтарын елемеді; в) бірақ ондай қоғам құрылуы мүмкін.

Сөйтіп, Фрейд және оның ізбасарлары айтқан психосараптамалық идеялар әртүрлі теориялық ұстанымдарды білдірсе де, сол заманғы Батыстың әлеуметтік философиясының, психологиясының, әлеуметтануының тұжырымдамалық құрылымына және гуманитарлық ғылымдардың тұтас кешеніне табиғи байланыстылықпен енді.

8.10. Модернизм және постмодернизм

Модернизм – кең түрдегі жалпымәдени құбылыс, соған сәйкес ғылым, мораль және өнер мәдениеттің дербес саласы болып табылады және олардың әрқайсысы өз ерекшеліктеріне және өз дамуының логикасына сай дамуға тиіс.

287

«Модернизм» деген ұғымның өзі бірмағыналықтан алыс жатқандықтан, бұл жерде мүлдем әртүрлі түсініктерге кең жол ашылады. Орыс тілінде бұл термин, басқа еуропалық тілдерге қарағанда, тым тар мағынасында қолданылады. Сол себепті орыс тіліндегі қолдануында «модерн» – эстетикалық ұғым. Ол өнер тарихында белгілі бір дәуірге және белгілі бір көркем стильмен (мысалы, XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басындағы сәулет құбылысы сияқты модерн) бекітілген. Ал еуропалық тілдерде «модерн» тым ұзақ кезеңді, бастауы әдетте Жаңа заманға жатқызылатын кезеңді белгілейді. Бірақ терминнің өзі ерте Ортағасырда пайда болған. Модернистер деп Қасиетті Жазудың қағидалық мәтінімен келіспеген және оның жаңа, шіркеу бекіткеннен бөлек нұсқасын ұсынған христиандар аталған.

Сонымен, модернизм (лат. modernus – жаңа, қазіргі заманға сай) – мәдениеттану, өнертану, әдебиеттану, дінтану және философияда әртүрлі мектептерді, стильдерді, жаңашылдыққа және алдыңғы дәстүрлерді қайта қарауға, тіпті олардан қол үзуге бағытталған ағымдар мен стратегияларды сипаттау үшін пайдаланылатын термин.

Ал ғылымда әлі күнге дейін модернизмнің жалпыға бірдей қабылданған тұжырымдамасы қалыптаспағандықтан, әртүрлі авторлар бұл терминді түрлі-түрлі мағыналарда қолданады.

Әдетте, модернизмге төмендегілер жатқызылады:

бейнелеу өнерінде – импрессионизм және постимпрессионизм, модерн, символизм, фовизм1, кубизм2, футуризм3, дадаизм4, сюрреализм5, экспрессионизм, абстракционизм және басқалары;

әдебиетте – Ш.Бодлер, О.Уайльд, Ф.Кафка, У.Фолкнер, Т.Манн, А.Камю шығармашылығы және орыс «күміс ғасыры» жазушыларының

шығармашылығы;

1 Фовизм (фр. fauve – жабайы, тағы) – Францияда кескіндеуде (1905-1907 жж.) көркем бейнелеудің сезімдік күштеріне, сурет салудың ықтиярсыз серпініне, ашық түс пен өткір ырғаққа ұмтылудан туған ағым.

2 Кубизм (фр. – cubisme, лат. cubus – куб, ойынға арналған сүйек) – бейнелеу өнерінде XX ғасырдың басында пайда болған бағыт. Кубизм өкілдері заттарды, адамдарды, табиғатты қарапайым геометриялық денелер – кубтар, шарлар, цилиндрлер деп бейнелеген.

3 Футуризм (лат. futurum – болашақ) бейнелеу өнері мен поэзияда «болашақтың өнері» деп берілген, XX ғасырдың 10-20 жж., негізінде, Италия мен Ресейде тараған ағым.

4 Дадаизм (фр. dadaisme, dada – ойыншық ат) Швейцарияда I Дүниежүзілік соғыс кезінде туған әдебиет пен өнердегі авангардтық ағым. Дадаистер иррационализмді дәріптеді, шарбақтарға жазылатын шимай-шатпақтарды, жалған сызбаларды, кездейсоқ заттардың жанжалды бейнелерін жасады. 1922-1924 жж. дадаизм Францияда сюрреализммен, ал Германияда экспрессионизммен бірікті.

5 Сюрреализм (фр. surréalisme – биік шындық): 1) ғасыр өнерінде дадаизмді ауыстырған және санадан тыс әрекетті (галлюцинация, ырықсыз сезім, түс көру) өнердің бастауы, ал оның әдісін еркін байланыстар (өнерде «сана ағындарын» бекіту) деп жариялаған бағыт.

288

–музыкада–Р.Вагнер,А.Берг,М.Равель,И.Стравинский,А.Скрябин, С.Прокофьев, П.Булез және басқаларының шығармалары.

Модернизм кей кездері авангардизмнің құрамдас бөлшегі, ал кейде оның синонимі ретінде түсініледі. Авангардизм (фр. – avant gardisme) – ол XX ғасырдың өнерді мазмұны жағынан да, форма жағынан да түбегейлі жаңартуға ұмтылған көркемөнер ағымдарының біріккен атауы. Дәстүрлі бағыттарды, формалар мен стильдерді қатаң сынай отырып, авангардизм көбінесе адамзаттың мәдени-тарихи мұрасын кемсітуге, «мәңгі» құндылықтарға көзқамандық (нигилистік) көзқараспен қарауға жол береді.

Сонымен бірге қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдарда біртебірте модернизм туралы танымдық (философиялық және ғылыми зерттеулер сияқты) стратегиялардың, жобалық идеологиялардың, діни-аксиологиялық жүйелер мен көркем стильдердің жиынтығы болып табылатын дүниетанымдық кешен деген көзқарас қалыптасып келеді. Олардың барлығы да әлемдегі адамның орны туралы түсінікті түбегейлі өзгертіп, өзгеше ақыл-ой шабытында көрініс тапқан.

Модернизм дәуірін құрған төрт басым бастаудың ажыратылып көрсетілетіні жиі байқалады:

этикалық формалардан азат жаратылыстану;

индустриалдық техника;

өнеркәсіп;

формальды (ресми) құқықтық демократия.

Модернистік ақыл-ой шабытының маңызды үрдісі – ол болмыстың бұрынғы ойлау қол жеткізе алмаған жан-жақты негіздемелерін іздестіруден көрінетін танымға жаңаша көзқарас болды. Модернистер заттардың құбылыстық суреттелуіне қарсы шықты, өйткені, олардың пікірінше, сыртқы бейне немесе көрініс – болып жатқан әрекеттердің терең себептерін жасыратын перде ғана. Нақтылыққа көзқарастың өзі өзгерді: ол солай болып көрінетінге айналды. Сол себепті, модернистер пайымдағандай, құбылыстың арғы жағынан шынайы нақтылық болып табылатын жасырын мәнді іздеу керек. Нақ соның өзі, яғни нақтылық айқындалуға тиіс, ал ол үшін тікелей айқын нәрсені жайып, ашып көрсету қажет.

Осының барлығы, бәрінен бұрын, жеке тұлға мен қоғамды зерттеуге жатқызылды, ол кезде болып жатқан үдерістерді модернистер санадан тыс жеке және санадан тыс ұжымдық әрекет көмегімен түсіндіреді.

Модернизм ойлаудағы қазіргі заманға тән үстемдікті, дәстүрден қол үзуді бағдарлама түрінде жариялайды. Ал одан жаңаға табыну (культ)

289

келіп шығады және басты қағида – жаңашылдық (инновацияшылдық). Әр саладан хабардар болуға (универсализм) ұмтылу да бағдарламаға салынған.

Нақ сол модернизм іс жүзінде мәдениеттің барлық салаларын қамтыған, сондай-ақ діни, көркем және философиялық синтез жобаларын әзірлеген алғашқы ағым болды.

Модернизмнің кейбір қайраткерлері біртұтас дін, біртұтас өнер, барлық уақыттар мен халықтар үшін біртұтас философия мәселесін қойып келді және бүгінде де қойып отыр. Ғылымда ол аралық тәртіптілікке бағыттаудан және орасан көп қорытындылаушы теориялар құрудан көрінді. Шын мәнінде, бұның барлығы да діни, философиялық, эстетикалық және ғылыми танымдарды, сондай-ақ әлемді іс жүзінде игеруді және өзгертуді біріктіретін «тұтас білімге», «жалпыға бірдей синтезге» жеткізуге тиіс еді. Жалпыға бірдей синтез жобасының мақсаты модернизмді тәжірибеге тарту болды.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда модернизм, әдетте, дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өтумен байланыстырылады.

XX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде модернизм постмодернизмге ұласты. Постмодернизмнің сансыз насихаттаушылары үшін өзіндік бастау – алғашқылардың бірі болып корреляция (лат. correlatio – арақатынас, сәйкестік) мәселесін көтерген француз постфрейдисі Жан-Франсуа Лиотардың (1924 жылы туған) еңбектері болды. «Постмодерннің жай-күйі. Білім туралы баяндама» (1979) деп аталатын кітабында ол постмодернистік мәдениет пен постмодернистік қоғам түйініндегі таным мәртебесін өзгерту туралы ғылыми болжамды алға тартты.

Ғылыми,философиялық,эстетикалықжәнекөркемпостмодернизмді ол осы еңбегінде метабаяндауға сенбеу, метафизика және универсализм дағдарысымен байланыстырады.

Оның ойынша, постмодерн ахуалының өзгешелігі жүйелерді оңтай- ландырумен,олардыңкүш-қуатыжәнетиімділігіменбайланыстырылған ғылымдылықтың бұдан аз уақыт бұрынғы мақсат-мұратынан түңілуде жатыр. Ғылыми жаңалықтардың этика және саясат мәселелерімен арақатынасы жаңа білімді ақпараттық тауарға – байлық жию мен билік құралына айналдыру қаупін ашып берді. Осыған байланысты шынайылықтың және ғылыми таным объективтілігінің бағалары тиімділікке ғана емес, сонымен қатар әділеттілікке, адамгершіліктікке, әдемілікке деген құндылықтық-мақсатты ұстанымдармен толығады.

290

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]