Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

месе құбылыстың ішкі маңызды байланыстарын түсіну керек. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясын», Ч.Дарвиннің «эволюциялық теориясын», К.Маркстің «қоғамдық-экономикалық құрылымдар теориясын» және т.б. келтіруге болады.

Теорияның негізгі қызметтері – түсіндіру, болжау, тәжірибеде

көрсету.

Кез келген теория – нысанның ойша берілген үлгісі, сол себепті адам оның маңызын терең түсіне де, түсіндіре де алады.

Жақсы әзірленген теория нысанның болашақ ахуалын болжауға, осы уақытқа дейін жасырын болып келген сапалары мен қасиеттерін ашуға көмектеседі.

Мысалы, Д.И.Менделеевтің «Химиялық элементтер жүйесі» құрылған соң, ғалымдар соған сүйене отырып, бірқатар жаңа элементтерді ашуға қол жеткізді.

Теория біздің танымдық қызығушылығымызды ғана қанағаттандырып қоймайды. Оның басты мақсаты – іс жүзіндегі әрқилы міндеттерді шешу. Мысалы, ғалымдар құрған ішкі ядролық үдерістер теориясы АЭС құрылысын салуға жеткізді.

Заң зерттелуші нысанның ішкі, қажетті, маңызды, қайталанба-

лы және тұрақты байланыстарын білдіреді. Ғылымның әр саласы өз заңдарын ашуға, оларды бір-бірлерімен ұштастырып, теория деңгейіне көтеруге тырысады.

Сөйтіп, ғылымның негізгі мақсаты – ол, біріншіден, жаңа білімдерді тудыру және адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оларды іс жүзінде пайдалану, екіншіден, ғылымдардың жетістіктерін бірбүтінге біріктіріп, соның негізінде әлемнің ғылыми бейнесін (ӘҒБ) құру. Осы негізде адамдардың дүниетанымы қалыптасады. Әлбетте, ғылымның дамуына орай ӘҒБ да өзгерістерге ұшырайды.

Ғылымға жақын техника ұғымы (грекше – «techne») алдымен өнерлілік, шеберлік мағынасында қолданылды. Қазіргі заманға сай мағынасында техника деп қоғамда қолданылатын әртүрлі құралдар түсініледі. Ф.Энгельсті еске түсірейік: адам өзінің шығу тегі үшін еңбек құралдарының жасалуына және олардың жүйелі түрде пайдаланылуына қарыздар.

Кейінгі жылдары біз «техника» сөзіне қарағанда, «технология» сөзін көбірек қолданатын болдық. Үйреншікті сана деңгейінде олар теңмағыналы ретінде қолданылады. Алайда олардың арасында айырмашылықтар да бар. Егер біз техникаға әртүрлі материалдар-

311

дан жасалған барлық құралдарды жатқызсақ, онда технологияға бір немесе басқа жасанды заттарды әзірлеудің тәсілдері мен тәртібін жатқызамыз. Ал бұл бізді гректің «технесіне» кері бұрады. Жоғарғы технология негізінде әзірленген зат сапалырақ болады.

Технология түсінігі алдымен өндірісте пайда болып, содан кейін кеңірек тарала бастады да, біз бұл түсінікті қоғамның тіршілік қарекетінің басқа салаларында қолдана бастадық. Мысалы, қазіргі заманғы саясатта «пиар-технологиялар» деп аталатындар кеңінен пайдаланылады, өйткені бұқаралық ақпарат құралдарында бір немесе басқа мәселеге қатысты қоғамдық пікірдің қалыптасуы тиісті «ақпараттық технологияны» қажет етеді, педагогикада біз оқытудың «кредиттік технологиясы» туралы, денсаулық сақтау саласында «медициналық технологиялар» жайында және т.б. айтамыз.

Ал енді адамның негізгі еңбек қызметтерін қисынды түрде қайта құрыпкөрейік.Кезкелгензаттыжасауүшін,шикізаттауып,оныөндіріс орнына жеткізу (көлік) қажет, содан кейін ол шикізатты өңдеп, оған ойластырылған пішін беру (технология) керек, осының бәрі белгілі бір күш (энергия) шығындауды қажет етеді, осы аталғандарды шешім қабылдаусыз және оған қадағалау жүргізусіз (бақылау) іске асыру мүмкін емес. Алыс тарихымыздың басында адам осы іс-әрекеттердің барлығын өзі орындады. Бірақ уақыт өте келе, жан-жануарларды үйрету арқылы оларды көлік құралы ретінде пайдалана бастады. Тұрғын үй құрылысында ауыр тастарды жоғарыға көтеріп шығару қажет болды, ол үшін адам барлық мүмкін болатын құралдарды ойлап тапты, содан кейін олардың ішкі мәнін ашты, сөйтіп, механика бастаулары пайда болды. Техниканың қалыптасуындағы маңызды кезең болып алғашында жел диірменінің, соңынан су диірменінің шыққаны саналды. Адам су доңғалағын ойлап тауып, енді су ағынының энергиясын пайдалана бастады. Бұның маңызын асыра бағалау мүмкін емес, өйткені алғашқы технологиялық машина пайда болды. Онда қозғаушы күш, күш беру құрылғысы, жұмыс механизмдері бірге берілді. Ғасырлар бойы осылардың барлығы бірте-бірте бір-бірлерінен алшақтады: қозғаушы механизмдер, күш беру құрылғысы және технологиялық машиналар енді бөлек-бөлек өмір сүре бастады. XVIII ғасырда технологиялық машиналар жасауда нағыз төңкеріс орын алды: жіп иіру және тоқыма машиналары дүниеге келді. Су буының энергиясын пайдалануға негізделген қозғаушы механизмдер, ақыр соңында, үлкен өндірістердің – фабрикалар мен зауыттардың пайда болуына жеткізді.

312

XX ғасырда электр қозғалтқыштары пайда болып, көлемінің шағындығына бола, олар бір немесе басқа машинаның, механизмнің бір бөлшегіне айналып, техниканың ары қарай жетілуіне келтірді.

Алайда қандай машина жасалса да, оны басқаруды және бақылауды адамның өзі жүзеге асырып отырды. Бірақ көп кешікпей, мұнда да алға ілгерілеу орын алды: автоматтандырылған кәсіпорындар шығып, оларда өндіріс үдерісін бақылауды компьютер жүзеге асыратын болды. Мысалы, қазіргі заманғы автозауыттарда кузов құрастыру, бояу жұмыстары роботтар мен автоматтарға берілді.

Бүгінгі күні компьютер техникасының дамуы қажетті ақпаратты шапшаң таңдауға, оны жүйелеуге, түрлерге бөлуге және т.б. мүмкіндік береді, сол арқылы өндірісте өзгерістерге байланысты жедел әрекет ету, тиісті шешімдерді жылдам қабылдау және оларды іске асыру мүмкін болады.

Сөйтіп, әлемдік тарихта ғасырлар бойы адамның негізгі еңбек қызметтері қоғамда өзінің ерекше орнын алған машиналарға беріліп келді. Ғылым мен техниканың жедел дамуы кейінгі уақытта «Үлкен жарылыс» дегеннің теориясын еске түсіреді. Автоматтандырылған зауыттар, аса ұшқыр ұшақтар, әлемдік телевидение, интернет, ұялы байланыс және басқалары енді адамды таңғалдыра алмайды. Ғылымда адамзаттың болашағы әлдеқайда сенімді, келешекте оның барлық мәселелері ғылыми-техникалық даму жолдарында оңай шешіледі деп санайтын сциентизм (лат. scientia – ғылым) пайда болды.

Алайда шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтар соншалықты терең емес пе. XX ғасырдың 70 жылдарында ғылыми-техникалық өрлеудің оң салдарларымен қатар, теріс зардаптары да (климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның бұзылуы, адамның техника құлына айналуы және т.с.с.) сезіле бастады. Өзінің технопессимизмімен бірге антисциентизм пайда болды. Оны жақтаушылар ғылымның адамзат игере алмайтын, бөтелкеден шығарылған жын екеніне сендірмек болады.

Олай болса, ары қарай не істеу керек? Мүмкін, табиғаттың баласы болған, табиғатпен жарасымды өмір сүруді білген баяғы замандағы көшпенді ата-бабаларымыздікі дұрыс шығар? Бірақ олай ойлау – жастық шақтың романтизмі бұғауынан шықпау деген сөз. Ғылым мен техниканың өркендеу үдерісін тоқтату мүмкін емес. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – ол озық жетістіктерді өмір саласына енгізу барысында стратегиялық тұрғыда мүмкін болатын теріс зардаптарды егжей-тегжейлі сараптаудан өткізу болмақ. Ал ол бүкіл жұртшылық білімінің, әсіресе гуманитарлық дайындығының жоғары деңгейін қажет етеді.

313

Осыған байланысты атап өтуге тиістінің ең біріншісі – білімдер көлемінің шапшаң артуы. Егер біздің дәуіріміздегі білімдер санының еселенуі I ғасырдан бастап 1750 жылға дейін орын алса, ал кезекті артуы 1750-1900 жылдары, ал XX ғасырдағы өркендеуі бар-жоғы 50 жыл ішінде болды. Бүгінгі күні Жердің метрлік ауқымдағы радио сәулелері Сатурн және Юпитер секілді планеталарды басып озып, ғарыштан бақылау жасауға мүмкіндік берген жетістіктерге жетті. Жазу-сызудың пайда болуы арқылы адамзат ақпараттар мен білімдерді берудің және сақтаудың тиімді құралына ие болды. Кейіннен адамның «сүйікті досы» – кітап пайда болды. Ал XX ғасырда радио, телефон, телевидение, интернет және т.с.с. электрондық құралдар ақпараттардың орасан үлкен көлемінің және олардың таралуының шапшаң өсуіне жеткізді. Дамыған елдерде бүгінгі таңда материалдық өндірісте халықтың баржоғы 24-26%-ы қамтылса, ал рухани салада 36-38%-ы қамтылған. Ақпараттық қызмет көрсету экономиканың жалпы көлемінің жартысынан көбін құрайды. Сөйтіп, ақпарат тауардың ең құнды түрлерінің біріне айналды. Оның бір ғажап ерекшелігі мынада: егер сіздің 100 пар туфлиіңіз болып, нарықта соның жартысын сатсаңыз, сізде әлі 500 пары қалады. Бірақ егер сіз 1000 бит (көлем өлшемі. – Аудармашы) ақпарат сатсаңыз, оған ақша аласыз, оның үстіне, сіздің қолыңызда осы 1000 бит ақпаратыңыз тағы қалады. Олай болса, бүгінгі таңда алтын да, ақша да, табиғат байлықтары да негізгі капитал емес, ол – адамның қабілеттері, табиғи дарындары, оларды тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында жетілдіру. Ал ол үшін елдегі білім беруді сапалы жаңа деңгейге көтеру қажет.

Кез келген елде білім беру жүйесі екі нәрсені қамтуға ұмтылады: біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпаққа уақыт талабына сай келетін кәсіби білімдер беру, яғни әртүрлі салалар бойынша әлемде бар жаңа технологияларға үйрету, екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы Тұлғаны, оның азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Кеңесзаманытұсындабастыназарәртұлғаныңазаматтықұстанымына аударылып, арнаулы кәсіби білімдерге көп көңіл бөліне қоймады.

Бүгінгі күні білім берудің гуманитарлық құрамдас бөліктері жылдан-жылға азайып, керісінше, кәсіби пәндердің саны артып келеді. Бұл біржақты дайындықта жетілген, өзінің тар кәсіби саласын ғана білетін маман болып шығуға әкеліп соқтырады. Егер қазіргі заманғы батыстық стандарттарға мұқият қарасақ, дамыған елдерді тұралатқан рухани-адамгершілік тоқыраудың білім берудегі гуманитарлық саланы жете бағаламаудың салдары болғанын байқау қиын емес. Осы

314

саладағы жалаңаш-жалпы технократизм үміт күткен нәтижелерге жеткізбейді.

Әлбетте, білім беру жүйесі бір орында тұрмайды, ол тұрақты өзгерісте болады, әсіресе оқу орындарын компьютерлермен, электрондық оқулықтармен, тестілермен, басқа да мультимедиалық оқу құралдарымен жабдықтау орын алады. Бірақ кез келген елде мыңжылдықтар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол – Мұғалімнің,

Ұстаздың, Оқытушының білім беру үдерісіндегі шешуші рөлі.

Бірде-бір техникалық құрал Оқытушы тұлғасын ауыстыра ал-

майды. Бұл – білім беру жүйесінің негізі. Сол себепті оқытушылық қызметтің мәртебесін көтеру арқылы ғана елдегі білім беру жүйесін ары қарай дамытып, жақсартуға болады.

1.4. Ғылыми таным әдістері

Әлемдік тарихтың бастамасында, сана-сезімі оянған кезден-ақ, адам өзін қалған әлемнен бөлектей бастады және сонымен бірге табиғаттағы әрбір заттың ерекше дара тіршілік ететінін байқады. Бұл бастапқы тәжірибе заттардың, табиғат құбылыстарының атауында бекіп, ерекше, дара ретінде қаралатын болды. Өзінің бөлек тіршілік етуін түйсінумен қатар, тамақ, баспана, қорғаныс іздеу және ол қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында адам қоршаған әлемдегі заттармен өзінің байланыстылығын көрді, қоршаған ортадағы жекелеген заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты байқай бастады.

Алғашындаолөзқажеттіліктерінқанағаттандыруүшінпайдаланған заттар оған ғажап, қайталанбас, бұрын ешқашан кездеспеген заттар болып көрінді. Ол заттар оның қажеттіліктерін өтейтін болған соң, олар оның санасында сақталатын болды. Алайда ары қарай ол сол қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын басқа да заттарды байқап, соларды пайдалана бастады. Мысалы, шие, өрік, алма, таңқурай – олардың барлығы да жеуге жарамды, демек, адам осы жемістердің барлығына тән ортақ сапалар мен қасиеттерді табады. Әртүрлі, мысалы, «жидек» немесе «жеміс» сияқты заттардың ортақ қасиеттерін білдіретін ұғымдар пайда болады. Сөйтіп, тікелей бақылау арқылы ерте заман адамының қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарды игеру-меңгеруі орын алады да, ақыр соңында, ғылым бастауларының шығуына келтіреді.

Ғылым пайда болған кезден бастап-ақ енді шындық-болмысты іздеудің жанама жолдары мен құралдары шығады. Қазір біз оларды та-

315

ным әдістері деп атаймыз. Гректің «methodos» сөзін тура аударғанда, «жол» деген мағына береді. Танымға қатысты қолданғанда, «әдістәсілдер», «амалдар», жолдар» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның кең мағынасында біз әдістерге адам өз қызметі барысында қолданатын барлық амалдар мен технологияларды жатқыза аламыз, өйткені ол әлдебір үлгілерге жүгініп, адамзат тәжірибесінде көптеген жылдар бойы қалыптасқан бір немесе басқа амалды қолданып, ол кез келген істі орындай алады. Мысалы, қандай да бір жауапты саяси немесе басқа шешімдерді қабылдамас бұрын, үкімет қазір «пиар-технология- лар» деп аталып жүрген насихаттық жұмыстарды жүргізеді.

Педагогикада оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай, оларды оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері бар. Ондай мысалдарды есепсіз көп келтіре беруге болады. Ғылыми қызметте де дәл солай жаңа шындықтарды іздестірудің әртүрлі әдістері пайдаланылады. «Әдіс» сөзі мұнда енді ғылыми қызметке қатысты тар мағынасында

қолданылады.

Зерттеу қызметіндегі ғылыми әдістерді асыра бағалау қиын. Аса көрнекті физиолог И.П.Павлов: «Бар мәселе жақсы әдісте жатыр. Әдісі жақсы болса, аса талантты емес адам да көп нәрсе істей алады. Ал әдісі нашар болса, ғұлама адам да босқа жұмыс істеп, құнды, нақты мағлұмат ала алмайды», – деп сендірген (қараңыз: И.П.Павлов. Физиология бойынша дәрістер. – М., 1956. 21-бет).

Ғылыми таным әдістерінің рөлін кемсітетін басқа да көзқарас бар. Мысалы, М.Борнның ойынша, «біз джунглиде адасып жүріп, өзіміздің алдыға қаншалықты ілгерілеуімізге қарай арттағы жолымызды біліп, енді алдағы жолымызды ағаттықтар мен сынап көру арқылы іздеп табамыз» («Очерки по диалектическому материализму» кітабы бойынша дәйексөз. – М., Наука, 1977. – 155-бет).

Әлбетте, ғылымда жаңалық ашу – көпфакторлы үдеріс. Бұл жер-

де қаншалықты тиімді болса да, көп нәрсе зерттеудің бір әдістеріне ғана емес, зерттеу нысанасының өзіне де байланысты. Сонымен бірге, екінші жағынан, ойлаудың санаттық құрылымына да байланысты. Зерттеушінің дарындылығын, ойлау қабілетінің қарапайым еместігін деесептеншығарыптастауғаболмайды.Ғылымиұжымныңәлеуметтікпсихологиялық ахуалы да зерттеу жобасына қатысушыларға өзінің теріс немесе оң ықпалын тигізбей қоймайды. «Инсайт» (ішкі сәуле) немесе «түйсік» (шындықты санадан тыс түсіну) секілді құбылыстар да жаңалық ашуда елеулі рөл атқарады. Кейбір жағдайларда оған әртүрлі жағдайлардың, мүлде кездейсоқ факторлардың (мысалы, Ньютонның

316

басына түскен алманы еске түсіріңіз) орын алуы да себеп болады. Сөйтіп, француз физигі Беккерель фотоқағаздың үстіне уран тұзын аңдаусыз қоя салу арқылы мүлде кездейсоқ α- және β сәулелерін ашты немесе Пастер де ойламаған жерден көгерген өңездің бактерияларды өлтіретін қасиеттерін ашты емес пе.

Барлық осы айтылғандарға қарамастан, ғылыми таным әдістерінің рөлін кемсітуге болмайды. Ғалымдардың таным әдістерін меңгеруі және оларды іс жүзінде пайдалануы күш пен қаражатты үнемдеуге себеп болады, ғалымның еңбегін тәртіпке келтіреді, мақсатқа жеткізетін жарық жұлдыз іспетті қызмет атқарады. Таным әдістерін зерттей отырып әзірлеудің ғылымда ашылған жаңалықтың артында қалатыны туралы мәселе – ол басқа мәселе. Бұл, шындығында, – қазіргі заманғы ғылымның «осал жері». Кейде жаңалық ашылғаннан кейін бірақ уақыт өткен кезде, ғалымдар бұл жаңалықтың қалай ашылғаны туралы ойлай бастайды. Осыған байланысты орыс биологы К.А.Тимирязевтің бір қызық пікірін келтіре кетейік. Ол: «Ғылым тарихын зерттеушінің тіпті жаңа идеяға, жаңа теорияға қарағанда, кейде өнертабыстың немесе зерттеудің жаңа тәсілін, жаңа құралын дұрыс та дәйекті қолданудың білімдерді дамытуда кем рөл атқармайтынына көз жеткізуіне тура келеді», – деп жазған-ды (К.А.Тимирязев. Шығармалары. – VIII том.

М.: 1939. – 73-бет).

Қазіргі заман ғылымында танымның алуан түрлі әдістері зерттеліп дайындалған. Оларды үлкен үш топқа бөлуге болады:

а) жеке ғылымдар әдістері; ә) танымның жалпы әдістері;

б) танымның жалпыға ортақ әдістері.

Ғылыми танымның әр саласы зерттеудің өз әдістерін жасап шығарады. Бұл – оның жетілгендігінің, басқа ғылымдардың арасында өз мәртебесін (орнын) алғанының көрсеткіші. Мысалы, археологияда көмбезаттарынқазыпалудыңәдістері,мәдениқазынаретіндетабылған заттарды сақтау және өңдеу әдістері бар. Физикада спектралдық талдау, филологияда салыстыру әдісі және т.б. болады. Олар тек өздерінің ғылыми саласында қолданылады. Мысалы, спектралдық талдауды филологияда қолдану мүмкін емес.

Танымныңжалпыәдістерініңайқынерекшелігі–олардыңзерттеудің белгілі бір сатысында ғана емес, ғылыми танымның кез келген саласында қолданылатындығы болып табылады. Маңыздысы – оларды әлдебір жеке ғылымның құралдары ғана жасап шығармайтындығы. Олар барлық ғылымдардың, – жаратылыстану ғылымдары бола ма не-

317

месе әлеуметтік-гуманитарлық пән ғылымдары бола ма, – барлығына ортақ танымға тән нәрсені білдіреді. Демек, олар, негізінен, болмыстың жалпыға ортақ заңдарын зерттейтін философияның басымдығы болып табылады.

Эмпириялық (тәжірибелік) зерттеу сатысында бақылау, тәжірибе, салыстыру, өлшеу сияқты жалпы әдістер қолданылады. Бұл соңғылардың маңыздылығы XX ғасыр ғылымында, яғни адамзат микроәлем құбылыстарына енген, салыстырмалылық теориясы мен кванттық механика негіздері салынған кезде ерекше айқын көрінді. Бұл жерде табиғатта жарықтың жылдамдығына (300000 шақырым/ сек) жақын өтетін үдерістерді өлшеу, қарапайым бөлшектердің (10-32 см дәрежесі) мөлшерін өлшеу туралы сөз болып отыр. Ол жаңа өлшеу аспаптарын жасауға, оларды ары қарай жетілдіруге жеткізді.

Ғылымдағы бақылау жайында біз жалпылама түрде алдында ай - тып өттік. Сынақтан өткізу туралы айтар болсақ, зерттелетін зат оның жорамалды жаңа қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін жасанды шарттарға келтіріледі. Ол туралы кейде «табиғатты сынау» деп айтылады. Зерттеуші зерттеліп жатқан құбылысқа «сұрақтар» қойып, оларға «жауап» алады. Әрине, ондай кезде барлық сұрақтарға жауап алу мүмкін емес. Сынақтың мәні зерттеу нысанына қойылатын сұрақтардың ол үшін «түсінікті» болуында, яғни оның осы уақытқа дейін ашылмаған қасиеттерін, байланыстарын білдіру екендігінде жатыр. Ал егер олай болса, онда сынақ зерттеуші мен табиғат арасында ұйымдастырылған «сұхбаттың» ерекше түрі болып шығады. Бұл жердегі негізгі қиындық – табиғаттың ғалым қойған сұрақты түсіне алмауының мүмкін екендігі және алынған жауапты зерттеушінің дұрыс түсінбеуінің мүмкін екендігі. Алайда ғылым белсенділігінің жүзжылдықтары ішінде зерттеушілер табиғатпен өнімді сұхбат құруды жүзеге асыру деңгейіне дейін өсті. Бүгінгі күні сынақтар өткізу барысында зерттелетін нысандардың жаңа қырлары мен қасиеттерін ашуға, содан кейін оларды математикалық өңдеу арқылы бір немесе басқа тұжырымдар, заңдар жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай әртүрлі аспаптар мен құрал-жабдықтардың кең ауқымы қолданылады.

Алғаш рет сынақтар Қайта өрлеу дәуірінен бері қарай кең өткізіле бастады. Содан кейін олар Жаңа заманда кең құлаш жайды. Табиғатты сынақтан өткізе зерттеудің негізінде жатқан сол әлеуметтік-мәдени алғышарттар қандай болып еді? Олар төмендегідей:

– таным субъектісі (зерттеуші) өзінің табиғатқа қарсы тұратынын сезінеді, ол сезінуге қоғамның артып келе жатқан талаптарын

318

қанағаттандыру мақсатында табиғатты өзгерту мүмкіндігін түсіну және сену ілесе жүреді;

адамның табиғат үдерістеріне тәжірибе жолымен қандай өзгерістерді енгізгеніне қарамастан, жаңадан құрылған денелер мен құбылыстар бәрібір табиғат заңдарына бағынады;

табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстар болмыста қаншалықты қайталанатын болса да, барлық жерде және барлық уақыттарда болатын табиғи заңдылықтарға бағынады.

Барлық мүмкін болатын өлшемдер мен сынақ-тәжірибелер арқылы эмпириялық (тәжірибелік) білімдер жинақталады. Олардың өзегі фактілер болып табылады. Факт – эмпириялық білім бірлігі, онда же -

келеген қатынастар белгіленеді. Ол – ғылымда белгілі жолмен алынған жаңалықты бекіту. Фактілер бола алатындарға: зерттелетін нысанның бір немесе басқа қасиеттері мен сапаларын көрсететін «хаттамалық ұсыныстар», сол нысанның суреттегі бір немесе басқа қырларын, әртүрлі формулаларды, дыбыстардың жазылуын және т.б. білдіру жатады.

Кез келген факт өлшемдердің көпқабаттылығымен, көптігімен сипатталады. Ғылыми фактіде төмендегі негізгі сәттерді бөліп көрсетуге болады:

а) фактіде бекітілген зат немесе құбылыс; ә) зерттелетін нысанның әртүрлі жақтары мен қасиеттері туралы

мағлұмат; б) зерттелетін нысандардың ғылыми қауымдастық сол және

басқа уақытта қабылдаған сандық және сапалық қырларын, сынақ деректерін, өлшеу тәсілдерін бақылау туралы әдістер мен амалдар;

в) басшылыққа алуға қабылданған теориялардың, тұжырымдамалардың қолда барларына сүйеніп, фактілерді түсіндірудің жолдары мен тәсілдері.

Енді зерттеудің негізгі эмпириялық әдістерінің қысқаша сипттамасына көшу мүмкіндігі туды.

1. Бақылау. Зерттелетін құбылыстарды ғылыми бақылау заттарды және адамдардың өмірінде күнделікті болып жататын үдерістерді жай ғана бажайлап қараудан мүлдем өзгеше. Ол «tabula rasa» – таза тақта емес, өйткені ғалым зерттелетін затқа белгілі бір ұстанымдар тұрғысынан келеді, оның басында белгілі бір пікірге, зерттелетін зат немесе құбылысқа қатысты идеяға жақын бір нәрсе бар. Нәтижесінде, ол зерттелетін нысанның табиғатына қатысты бір немесе басқа жорамалдарын растау немесе терістеу мақсатында сол затты жүйелі түрде

319

бақылай бастайды. Бақылау барысында бірте-бірте ғылыми фактілер жинақталып және талданып, содан кейін әлдебір жүйеге келтіріледі.

Ғылыми бақылау жүргізудің алдында төмендегідей қатаң талаптар белгіленеді:

а) зерттеудің айқын мақсатын қою;

ә) зерттеу әдістерін мұқият таңдау және зерттеу жоспарларын

мейлінше нақтылау; б) бақылауларды алдын ала әзірленген жүйелі формада өткізу;

в) алынған нәтижелердің дұрыстығын тұрақты түрде тексеріп отыру және қайтадан тексеру;

г) бақылау барысында алынған мағлұматтарды өңдеу, жүйелеу және терең айқындау және оларды ғылыми фактілерге айналдыру.

Бақылау барысында жасалған қорытындылар, тұжырымдар зерттелетін заттар мен құбылыстардағы әртүрлі қасиеттерді, байланыстарды білдіреді, олардың әлдебір мазмұнын анықтайды. Бақылау барысында алынған нәтижелерді қайта-қайта растауға болады. Сол себепті әртүрлі ғылыми қауымдастықтарда зерттеу нәтижелері басылымда жарияланған соң, олардың шынайылығын, әлбетте, берілген шарттар мен өлшеу стандарттары бойынша тексеру мүмкіндігі пайда болады.

Ғылыми бақылауда салыстыру, өлшеу және сынақтан өткізу шешуші рөл атқарады. Заттардың ғылыми бақылау нәтижесінде ашылған әртүрлі қасиеттері содан кейін сана арқылы өткізіліп, қорытындыланады, ал бұл біздің қоршаған әлем туралы білімімізді тереңдетуге жеткізеді.

2. Салыстыру. Салыстыру – ол ғылыми бақылаудың негізгі құралдарының бірі. Көлемдері бойынша бір-біріне ұқсас екі затты көз алдымызға елестетіп көрейік. Олардың қайсысы үлкен екенін анықтау үшін, біз оларды салыстырамыз. Біз «А» және «Б» деген екі затты салыстырғанда, формальды логика тұрғысынан алғанда, екі баламаны көреміз: «А» мен «Б» өзара тең немесе «А» мен «Б» өзара тең емес.

Нақты өмірде заттар мен құбылыстар бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарда және байланыстарда болады. Мысалы, екі зат көлемі жағынан бірдей, бірақ салмақтары бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан біз заттарды салыстырғанда, ғылыми бақылауда олардың қандай қырлары, қасиеттері өзара тең болатынына қатысты мәселені нақтылап алуымыз керек. Олай болмаса, біздің бақылауларымыз мазмұнсыз, дерексіз шығады. Егер екі затты біз салмақтары бойын-

320

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]