Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

ряндар, әрине. Олар тамаша білім алды, бастарына материалдық ауыртпашылықтар түскен жоқ және бос уақыттары көп болды. Мүмкін, басқа да себептері болған шығар.

Бытыраңқы Германия туралы айтар болсақ, онда әрбір герцог немесе князь «ағарған монарх» болып көрінуге тырысатын, сол себепті дарынды қайраткерлерді өздеріне жақын тартып, олардың шығармашылығына жақсы жағдай туғызды.

Оның терең себептері, әрине, Тарихтың үнінде, Германияның уақыт талаптарына лайықты жауап қайтаруға тиіс екендігінде жатты. Міне, сондықтан да неміс философтары, жасырын түрде болса да, сол кездегі тәртіптерге, халықтың аянышты хал-ахуалына қарсы шықты. Рухани тіршілік иесі ретінде адамның қоршаған дүниені өзгертуге қабілетті екеніне және, оған қоса, соны істеуге тиіс екеніне сенді. Осы мақсаттарда олар диалектика – даму туралы ілім құрды.

Немісфилософиясыныңкелесібіререкшелігі–Л.Фейербах,К.Маркс пен Ф.Энгельстен басқа, барлық қалған өкілдер идеалистік бағыттың жақтаушылары болды. Егер, мысалы, француз ағартушылығы өкілдерінің көпшілігі материалистік бағдарға жақын болса, И.Кант, Г.Гегель және басқа ойшылдар, керісінше, адам санасының маңызын, рухтың шығармашылық күш-қуатын атап көрсетті. Олар рухани дамудың тарихын зерттеді, адамның пайымы мен ақылының арасындағы қарама-қайшылықты, шындық пен азаттықтың, әсемдік пен жақсылықтың құндылығын көрсете алды.

Енді, біздің ойымызша, XVIII ғасырдағы неміс философиясының аса көрнекті өкілдерінің шығармашылығына нақтырақ талдау жасайтын уақыт келген сияқты.

6.2. И.Кант – неміс классикалық философиясының негізін салушы. Таным теориясындағы «Коперник төңкерісі».

Кант этикасы

Иммануил Кант (1724-1804) Шығыс Пруссияның астана - сы Кенигсберг (қазіргі – Калининград) қаласында дүниеге келген. Әлемнің ең ұлы философы. Әлемдік әдебиетте ол туралы мыңдаған кітап, мақалалар жазылған. Әлі де жазылады. Ол Жаңа замандағы

неміс философиясының негізін салушы саналады. Жаңа ғылым жетістіктерінің әсерімен ол философияға сыни көзқарас әзірлейді, оның пікірінше, сол жаңа көзқарас жаратылыстануды ғылыми тұрғыда

181

ойлаудың баламасы болуға тиіс. Сынның болашағын негізге алып, Кант әртүрлі салаларда: ғылымда, іс жүзіндегі ұтымдылықта, этика мен эстетика салаларында әрекет ететін ақыл-ойдың іргелі теориясын құрды. «Кант – еш күмәнсіз ұлы, дара тұлға, – деп жазды И.В.Гёте ойшыл туралы. – Соның ілімі ғана кейіннен біздің, немістердің, мәдениетіне ықпал етуін жалғастырды және бәрінен тереңірек бойлады... Бірде-бір ғалым негізін Кант салған сол философиялық ұлы қозғалысты батылы барып теріске шығара алмады».

Канттың ұлы мұрасын жақсырақ түсініп және бағалау үшін, оның өмірбаянына көз жүгірткеніміз дұрыс. Кант әлжуаз бала болып өсті. Орасан күш-жігерінің және өз өмірін қатаң да нық тәртіпке салуының нәтижесінде ол сексен жасқа жетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар ғылыми ерлік те жасады. Немістің ұлы ақын-жазушысы Г.Гейне Кантқа өзінің өмірбаяндық тамаша мақалаларының бірін арнап, онда: «Иммануил Канттың тарихын бейнелеу қиын, өйткені оның өмірі де, тарихы да болған жоқ. Ол Кенигсбергтің тыныш та оқшау көшесінде бірқалыпты қарапайым, тіпті бойдақтың жалпылама дейтіндей өмірін бастан кешті... Сол жердің ғибадатханасындағы үлкен сағат, жерлесі Иммануил Кантқа қарағанда, өзінің күнделікті сыртқы қызметін қорқынышсыз және бірқалыпты орындады деп айта алмаймын. Төсектен тұру, таңертеңгі шай, жазумен айналысу, дәрістер оқу, түскі ас, серуендеу – осының бәрі белгілі бір уақытта орындалып отыратын және көршілері Иммануил Кант соның құрметіне әлі күнге дейін «Философтың алаңы» деп аталатын шағын жөке алаңына бет алатын кезде, уақыттың үш жарымды көрсетіп тұрғанын анық білетін...» – деп жазды.

1745 жылы жергілікті университетті бітірген соң, И.Кант жаратылыстану мәселелерімен айналысып, астроном, физик, географ ретінде заманының ірі ғалымына айналды. Сол кезеңдегі қызметінің маңызды жетістігі – И.Канттың газ-тозаң бұлттарының құйын тәрізді айналуы нәтижесінде Күн жүйесінің пайда болуы туралы ғылыми болжамы болды. Материалдық бөлшектердің тартылыс күшіне қарай олардың көбеюі, қысымның артуы орын алып, соның нәтижесінде от тұтанады, яғни жұлдыздар құралады.

Ал жұлдыздар – онша үлкен емес қара денелер, олардың ішкі қысымының күші жануға келтірмейді.

1770 жылға қарай И.Кант өзін философия үшін «пісіп-жетілгендей» сезінді. Ол алдына төрт маңызды сұрақ қойды:

182

Мен нені біле аламын? Бұл – таным теориясының (гносеология) сұрағы;

Менің не істеуім керек? Бұл – этиканың, яғни мораль

теориясының сұрағы;

Мен не нәрсеге үміттене аламын? – Бұл – теологиялық сұрақ

(Құдайға сенім).

Ештеңеге қатыссыз, өз-өзінен алынған адам не, сонда? Бұл –

философиялық антропологияға қатысты сұрақ.

Осы сәттен бастап өмірінің ақырына дейін ойшыл осы сұрақтардың жауабымен айналысады. Олардың негіздемесі оның: «Таза ақылды сынау» (1781), «Нақты ақылды сынау» (1788), «Пайым қабілетін сынау» деп аталатын үш кітабында берілген.

Назар аударсаңыз, И.Канттың барлық кітаптарында сынау сөзі орын алған. Сондықтан да шығармашылығын зерттеушілер оның өмірін сынауға дейінгі (оның жаратылыстанумен айналысқан кезі) және сынау кезеңі (оның философиямен айналысқан кезі) деп екіге бөледі.

«Мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып, И.Кант таным теориясында «Коперник төңкерісін» жасады. И.Кант адамның білімін екі: апостериорлық (тәжірибелік) және априорлық (адамға кез келген тәжірибенің алдында берілген) түрге бөледі. Өзінің іс жүзіндегі, яғни моральдық философиясында ол нақты бар нәрсені емес, болуға тиіс нәрсені ойға алып отыр.

Таным теориясында Кант екі: трансценденталдық және трансценденттік санатты жиі пайдаланады.

Трансценденталдық деп ол қандай да бір тәжірибенің алдында берілген және тәжірибелік білімнің өзін алуды қамтамасыз ететін ұғымдарды, ал трансценденттік деп тәжірибелік білім шектерінен шығып кетуді түсінеді.

Келесі екі түсінік: «зат – өзінде» және «зат – біз үшін».

«Зат – өзінде», яғни зат өзімен-өзі дегенді білдіреді, оның ішкі мәні – ноумен. Ал «зат – біз үшін» деген – ол заттың сыртқы жағы, заттың құбылысы немесе көрінуі, яғни феномен.

Адам өзінің сезімдері және пайымдау парқы арқылы осы әлемнің құбылыстарын тани алады. Ал ноумендік дүниені (яғни зат өзіменөзі дегенді) танып білу мүмкін емес, біз олардың өмір сүруін және біздің сезімдерімізге әсерін ғана бақылай аламыз. Ноумендік дүние деп И.Кант біздер ұмтылатын және қашанда жақындай түсетін, бірақ ешқашан жете алмайтын мақсат-мұраттарды және рухани

183

құндылықтарды түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – теология, яғни Сенім саласы.

И.Кантқа дейін танымның негізін ойшылдар адамның қиялшыл қабілетінде деп санап келсе (гректің «теория» сөзінің өзі «қиялға берілу» деп аударылады), енді Кант танымды адамның белсенді әрекет ететін мәнімен байланыстырады. Өзінің априорлық (тәжірибеге дейінгі) берілген формалары көмегімен адам оларды бір ретке келтіре де, Әлемді құрастыра да алады.

Шын мәнінде, таным теориясында И.Канттың жасаған «Коперник төңкерісі» деп біз осыны айтамыз.

И.Канттың таным теориясы сезінуге әсер ететін әртүрлі құбылыстарға (феномен) талдау жасаудан басталады. Сезімдік қиялға берілудің априорлық формалары – кеңістік пен уақыт көмегімен адам оларды бір тәртіпке келтіреді. И.Кант бойынша, кеңістік пен уақыт – сапасы жоқ, біртекті және бітпейтін ұзындықтар. Сезімдік қиялға берілудің таза формалары (трансценденталиялар) тәрізді, олар – мүлтіксіз, бірақ адам қолымен істелетін тәжірибемен қосылғанда, – шынайы, нақты. Егер кеңістік сезімдік қиялға берілудің сыртқы формасы болса, онда уақыт – ішкі формасы, өйткені уақыт ағымын ішімізден санап қана «ұстап тұра» аламыз. Кеңістік пен уақыт – математикалық таным бұлағының мәні. Егер геометрия негізінде кеңістік жатса, онда арифметика мен алгебра негізінде уақыт жатыр, өйткені есептеп шығару, есеп жасау – тек уақыт шектерінде орындалады.

Алайда сезімдік қиялға берілу, содан шығатын кез келген тәжірибе әрдайым толық емес, кездейсоқ болып табылады, ал бізге

нақты, жалпыға бірдей және қажетті білім алу қажет. Оған ақыл-

парасаттың И.Кант санат деп атаған априорлық формалары жеткізеді. Олар да бізге тәжірибеге дейін берілген. Олардың қатарына ол «сан», «сапа», «қатынас», модальдық» және тағы басқаларын жатқызады. Оның үстіне, ақыл-парасаттың әр санаты үш таған арқылы, мысалы, сан – «бірлік, көптік және тұтастық»; сапа – «нақтылық, терістеу және шектеу» арқылы ашылады. Сөйтіп, И.Кант алғаш рет танымдағы санаттардың зор маңызына назар аударады.

Сонымен, санаттар бізге сезімдік қиялға берілу көмегімен алынған құбылыстарды ой елегінен өткізуге және оларды жалпыға бірдей және қажетті болу деңгейіне көтеруге көмектеседі. И.Кант бойынша, сезімдік қиялға берілусіз бізге заттар берілмес еді, ал пайым-пара-

184

сатсыз біз ештеңе туралы ойлай да алмас едік. Сезімсіз ойлау – бос, нәтижесіз ойлау, ал еш нәрседен түсінігі болмай қиялдау – соқырлық. Сол екеуін қосып барып және санат деп аталатын сүзгіден өткізіп қана біз білім деңгейіне қол жеткіземіз. Кант танымды адам ойларында танылатын нысандарды өздігінше құрастырудың белсенді, шығармашылық үдерісі ретінде қарайды. Ол Табиғатқа әлдебір тәртіп және заң ойлап шығарушылық қасиет берген сияқты болады. Ондай көзқарасты субъективтік идеализм деп айқындауға болады.

Таным үдерісінде адамның шығармашылықпен құрастыру қуатын асыра бағалау қиын. Онсыз күрделі механизмдер мен машиналар, қазіргі заманғы АЭС және ғарыш кемелері, яғни біз «екінші табиғат» деп атайтындардың барлығы да болмас еді. Алайда біз «екінші табиғаттың» өзінің негізі – «бастапқы табиғатсыз» өмір сүре алмайтынын ұмытпауға тиіспіз.

Канттың таным теориясының екінші бір осал жері – адамға сезімталдық пен ақыл-парасаттың априорлық формаларын беруі. Шын мәнінде, олардың барлығының да априорлық сипаты бар, яғни адамның тәжірибесінде пайда болады. Жаңа ғана дүние есігін ашқан сәбидің басында ешқандай санат жоқ. Оларды ол білім алу және тәрбие арқылы өзінің өмірлік тәжірибесінде жинақтайды.

Алайда И.Канттың таным теориясы осымен аяқталмайды. Адамның бойында жанның тағы бір қабілеті – парасат бар. Адамда

болмыстың шекті негіздерін танып білуге деген қажеттілік бар.

Егер ақыл-ой құбылыстарды тани отырып, оларды әлдебір тәртіпке келтіруге ұмтылса, онда парасат оның шектерінен шығып, «зат – өзінде» дегеннің мәнін ашуға тырысады. Парасат ақылдан асып кетіп, ноумендік дүниеге тап болғысы келеді. Егер ақыл санаттармен бірге болса, ал парасат енді идеяларды басшылыққа алады. И.Кант бойынша, кез келген таным қиялға берілуден басталады, ақылмен түсіну кезеңінен өтіп, идеялармен аяқталады. Демек, идеялар – ақыл санаттарынан кеңірек, олар метафизикалық санаттар болып табылады. Идеялар әлдебір аяқталған, жетілген, дара нәрсені көрсетеді. Біз жақындағанмен, оларға ешқашан жете алмаймыз. Сонымен, парасат ұсталмайтынды ұстауға, шешілмейтінді шешуге ұмтылады.

И.Кант бойынша парасаттың үш идеясы бар: Жан, Әлем және

Құдай.

Соларға жету үшін, парасат шешілмейтін қарама-қайшылықтарға, И.Канттың сөзімен айтқанда, диалектикалық антиномияға түсіп

185

кетеді. Әлем идеясын қарастыра келе, И.Кант төрт антиномияны алға

тартады:

 

 

1.

Әлемнің басталған уақыты бар

1. Әлем кеңістікте де, уақытта

 

және кеңістікте шектеулі.

 

да шектеусіз.

2.

Кез келген күрделі түпнегіз

2.

Әлемде қарапайым ештеңе

 

қарапайым элементтерден

 

жоқ, бәрі күрделі.

 

тұрады.

 

 

3.

Табиғи үдерістердің себеп-

3.

Әлемде ешқандай еркіндік

 

тілігімен қатар, кейбір құбы-

 

жоқ, барлығы да табиғи

 

лыстарды түсіну үшін, еркін

 

заңдылықтар негізінде

 

себептіліктің де болатынын

 

болады.

 

мойындау керек.

 

 

4.

Әлемде оның бөлшектері

4.

Әлемдегі еш жерде және

 

немесе себептері ретінде

 

одан тыс шектерде қажетті

 

қажетті маңыздылық

 

маңыздылық жоқ.

болуға тиіс.

Әлбетте, И.Кант бұл антиномияларда маңызды философиялық мәселелерді көтереді. Оларда тікелей қарама-қарсы ұстанымдар өткір қойылған, сол себепті ол мәселелерді диалектикалық тұрғыда шешілуге итермелейді (кейіннен Г.Гегель оларды диалектикалық жолмен шешуге әрекет жасаған).

Мораль мәселелерін Кант теориялық емес, практикалық парасаттың басымдығы санайды. Солай деп ол парасаттың мораль саласында ұстанымдар мен нормалар беру қабілетін түсінеді. Адамның еркіндігінің негізінде мүмкін болатынның барлығы практикалық парасат саласына жатады. Мораль саласын Кант ғылымнан жоғары қояды, өйткені мораль адамды бар нәрседен тиісті нәрсеге бағыттап, оны қалған дүниеден биікке көтереді. Адамның сезімдері мен жан толқыныстарынан шығатын барлық тілек-ниеттері, оның өз-өзін сүйетіндігінен болатын іс-әрекеттері, пайда табуға ұмтылу және басқалары мораль саласында ескерілмеуге тиіс.

Іс жүзіндегі парасат моральдық қағидаларды априорлық жолмен алға шығарады. Біз өздеріміздің іс-әрекеттерімізде нақты өмірден емес, таза мораль талаптарынан келіп шығатын нормаларды басшылыққа алуға тиіспіз. Бұндай ұстанымды, сөз жоқ, борыш этикасы деп санауға болады.

Адамды белгілі бір әрекеттерге итермелейтін мінез-құлық ережелерін И.Кант ұйғарым деп атайды. Ойшыл оларды екі топқа ажыратады. Алғашқылары – ережелері ғылыми болжамдарға негізделген,

186

қалыптасқан жағдайларға байланысты ұйғарымдар, сол себепті олар тұрақты түрде өзгеріп отырады. Алайда олар адамның ішкі уәждерін есепке алмай, сыртқы мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейді. И.Кант оларды гетерономдық мінез-құлыққа жатқызады. Мысалы, «егер клиенттеріңді жоғалтқың келмесе, олармен адал бол» дегендей. Осындай мінез-құлықты, әлбетте, қоғам қабылдайды. Ал егер адам ондай ережелердің талаптарын орындамаса, онда оны жаза күтіп тұр. Бұл, И.Кант бойынша, заңға сыйымды, яғни заңға қарсы емес мінез-құлық болып табылады.

Екіншілері – моральдың кесімді ұйғарымдары. Олардың талап-

тары қашанда орындалуға тиіс, өйткені олар өмір тәжірибесінен емес, адамның «егер» дегеннен басталатын ешбір ережесін қабылдамайтын

трансценденттік табиғатынан шығады. Сонымен қатар болжамға негізделген ұйғарымдар моральдық ұйғарымдардан төмен болса да, оларға қарама-қайшы емес.

Мысалы, адам суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін ұмтылғанда, әлдебір сый-сияпат алудан үміттенеді. Бұл жерде оның әрекеті заңға сыйымды. Ал егер адам өзінің өмірін ойламастан, батып бара жатқан адамды құтқару мақсатымен ғана суға ұмтылса, онда оның әрекеті моралдық әрекет болып саналады.

Этикада И.Кант үзілді-кесілді екі ұйғарымды алға тартады.

Алғашқысы – «Сен әрекеттеріңді бар еркің қашанда жалпыға ортақ заңдарды білдіретіндей етіп жаса». Бұны: «Белгілі бір жағдайда әркім өзін Планетада өмір сүріп жатқан алты миллиард адамның кез келгені дәл солай істейтіндей болып ұстауға тиіс», – деп түсіну керек. Кесімді ұйғарым талаптарын орындай отырып, адам пайда іздемеуге тиіс. Ол жай ғана өзінің басқалардың алдындағы борышын орындауға тиіс.

Екінші ұйғарым: «Ешқашан адамға құрал ретінде қараушы болма, оған қашанда мақсат ретінде қара». Адам – бұл Әлемнің ең жоғарғы құндылығы. Оны осы дүниедегі ештеңемен де салыстыруға болмайды.Сондықтанбұлұлыгуманистікұстанымадамдықорлайтын, кемсітетін діни қағидаларға қарсы бағытталған. И.Кант моралінің күшті жағы да осы болып табылады.

Канттың адамның парызы мен қадір-қасиетіне қатысты пікірлері де осыған байланысты. Адам үшін не нәрсе аса құнды: қадір-қасиет пе әлде рақатшылық па? Рақатшылықпен өтетін өмірдің еш құндылығы жоқ. Қадір-қасиетін сақтаған адам бәрін де, тіпті өмірін де қиюға әзір. Оның қайнар бұлағы қайсы және қадір-қасиеттің шарттары қандай? «Бұл – адамды өзінен жоғары көтеретін нәрсе ғана болуы мүмкін...».

187

Адам өмірден рақат, ләззат алуды көздеп қана өмір сүрмейді, ол парыз сезіміне бола өмір сүреді және әрекет етеді. Рақатшылық та, рақатшылық емес те адамгершіліктің белгісі бола алмайды.

Сонымен, нақты парасат адамға кесімді ұйғарым бойынша жоғары білім беруге қабілетті, сол арқылы ол өзінің сезімдік әлеміне (күйзеліс әкелетін) сәйкес емес, әлемдік адамгершілік заңына сәйкес өмір сүре алады. Канттың эвдемонизмі1 уақытша ләззат пен рақатты емес, парызды құп көруге негізделеді. Осындай ұстанымы болғанда ғана адам табиғат механизмінен азат тұлға ретінде қалыптасады.

«О, парыз! Сен неткен сәулелі, ұлы сөз едің!» – деп шаттанады Кант. Алайда адамға тән сезімдерсіз адамдар арасында өзара нақты қарымқатынас орнамайды. Біз біреулерді жақсы көреміз, ал біреулерді жек көреміз, біреулерге сыйластықпен қараймыз. Адам – робот емес. Сол себепті тек дерексіз (абстрактілік) теорияларда ғана мораль саласынан адамдық сезімдерді алып тастауға болады.

Мен не нәрсеге үміттене аламын? Бұл – Канттың кезекті сұрағы.

Бұл нақты әлемде ешқашанда бірде-бір адам бір ғана парыз идеясына бола, толыққанды өмір сүре алмайды. Бұны ойшыл жақсы түсінгенді. Тек транценденттік шексіздік аясында кесімді ұйғарымның толық іске асатынына үміттенуге болады. Осыдан ол адам жанының ажалсыздығы қажеттігін шығарады.

Құдай идеясын айтсақ, қазір де, болашақта да оның бар екенін немесе жоқ екенін ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Бұл – қашанда ашық сұрақ. Алайда ерік бостандығы мен адам жанының ажалсыздығы үшін қандай да бір онтологиялық, яғни болмыстық негіз қажет. Қисынды оймен болса да, адам әлдебір құдіретті күш бар екенін мойындауға тиіс. Ал егер солай болса, онда бұл – Құдай, сол себепті ОЛ бар және болуға тиіс. Сондықтан «Мен не нәрсеге үміттене аламын?» – деген сұраққа Кант: «Құдайға деген сенімге», – деп жауап береді.

«Адам деген не?» – деген сұраққа И.Кант қарама-қайшы жауап береді. Адамдар табиғатынан тойымсыз, сараң, билікке, басымдыққа ұмтылады, ештеңенің парқын білмейді. Бірақ, екінші жағынан, кесімді ұйғарымға сәйкес, адамдар өздерінің іс-әрекеттерін моральдық тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Адамдар, бір жағынан, бір-бірінен алшақтайды, ал, екінші жағынан, жақындайды, өйткені

1 Эвдемонизм – өмір мақсатын адамның бақытқа, жақсы тұрмысқа жетуге ұмтылуы деп санайтын идеалистік ілім. 

188

өз қажеттіліктерін іске асыра отырып, олар бір-бірлерінен көмек іздеуге мәжбүр. Нақты өмірде адамдар арасында қалыптасатын қарама-қайшылықтар, жалпы алғанда, қоғам тұрғысынан тарихты алға жылжытады. Қоғамды жетілдіру мүмкіндігіне қарай, адамдар көбірек еркіндік алады және сонымен бірге қарама-қайшылықтарға тап болады. Айтылғандарды қорытындылай келе, И.Кант: «Адам, шамасы, сондай бір қисық тақтайдан жасалған болуы керек: сүргілей берсең, әрине, түзеледі, бірақ мүлтіксіз түзу болып шықпайды», – деп тұжырымдайды.

И.Канттың тарих философиясында бүгінгі күні де сабақ болуға лайық ережелер бар. Адамзаттың тарихы әлемдік азаматтыққұқықтық ахуал жағына қарай жылжып келеді, бірақ бұл әлемде оған толық қол жеткізу мүмкін емес. Моральдық жетілуге қарағанда, сыртқы материалдық мәдениет әлдеқайда жылдамырақ дамиды. Бұл адамзатқа үлкен қауіп төндіреді.

И.Кант әлемді халықаралық құқық емес, озбырлық билейтінін қынжыла айтады. Кез келген соғыс ең жоғарғы құндылық – Адамды жоқ етеді. Бір жердің шеңберінде болып жататын қақтығыстар мен соғыстарда бұрынғыдай адамдар қырылып жатқан бүгінгі күннің адамзаты үшін бұл маңызды емес пе?

Дүниежүзілік-азаматтық ахуалды жақындату үшін, барлық халықаралық-құқықтық келісімдерді қатаң сақтау керек, мемлекеттердің бір-бірлерінің істеріне араласпау ұстанымы мүлтіксіз болуға тиіс. Халықтардың сауда-саттық, мәдени байланыстарын жанжақты, кеңірек дамыту қажет.

И.Кант неміс философиялық ойының негізін салып берді және әлі күнге дейін қазіргі заманғы адамзаттың рухани ахуалына ықпал етіп келеді.

6.3. И.Фихтенің субъективтік идеализмі және Ф.Шиллингтің объективтік идеализмі

Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) Йена және Лейпциг университеттерінде білім алған, бірақ оның санасындағы шынайы төңкеріс ол Канттың «Таза ақылды сынау» деген еңбегін оқығаннан кейін орын алды. Ол кантшылдыққа бой ұрып, соның ықпалымен жазған өзінің алғашқы «Кез келген жаңалықты сынау тәжірибесі» деген жұмысын алып, тікелей Кантқа барады. Оған Фихте де, оның еңбегі де жағымды әсер етеді, сол себепті ойшыл бір баспагерді Фихтенің мақаласын

189

автордың аты-жөнін көрсетпей басуға көндіреді. Ол басылып шыққаннан кейін, жұрт оны Канттың жазғаны деп ойлаған. Мақтау пікірлерде шек болмады. Содан кейін ғана оқырмандарға шынайы автор таныстырылды. Фихтенің ұлы даңқы осылай басталды.

Фихте өзінің басты еңбегі – «Жалпы ғылым ілімінің негіздерін»

1794 жылы жарыққа шығарды. Бірақ, одан өзге, оның философиялық идеялары: «Теориялық қабілеттілікке қатысты ғылым ілімінің ерекшеліктері туралы очерк» (1795), «Жаңа философияның шынайы мәні туралы бұқара жұртшылыққа күндей жарық хабарлама» (1800) т.с.с. шығармаларында көрініс тапқан.

Фихтенің философиялық ұстанымдарының қалыптасуына шешуші ықпал еткен екі нәрсе болды: біріншіден, неміс халқын Наполеон үстемдігінен азат ету, және, екіншіден, іріп-шіріген феодалдық тәртіптің қалдықтарын жою. Тұлға сословиелік тәуелділіктің қандай да бір формаларына байланыссыз толық азаттықты сезінуі үшін, адамдарды ояту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру қажет.

Фихтенің адамзат белсенділігінің философиясын құруына осы се-

беп болды. Егер Кант адамның танымдағы белсенділігін негіздесе, ал Фихте, бәрінен бұрын, қоғамдық-саяси белсенділікті талап етеді. Неміс халқына қаратып, ол: «Әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!» деген ұран ұсынады. Біздің білетініміздей, Ленин өз ойының желісі бойынша Фихтеге жақын болған және ол Ресейдегі революцияның жеңісінен кейін: «Оқы, оқы және оқы!» деген ұран жариялаған. Біздің ойымызша, бұл ұрандар бүгінгі күні де маңыздылығын жойған жоқ.

Адамның белсенділігі, Фихтенің пікірінше, өзінің терең тамырларымен Әлемнің негізін құрайтын әлеуетті рухани күшке барып тіреледі. Олай болса, оны табу керек.

Фихтеше, ондай бастау – шексіз-шекарасыз, таза, азат, өмірлік күшқуаты мол, рухтың өз-өзін танып білуіне бағыт ұстаған – «МЕН». «МЕН», – деп жазады Фихте, – өз ойларында таза «МЕН» дегенге сүйеніп, ол туралы зат арқылы анықталған емес, заттарды анықтайтын мүлдем дербес нәрсе деп ойлауға тиіс». Демек, рух өзінен материалдық дүниені тудыра алады.

Бірақ ол қалай орындалады?

1.Басында күші мығым «МЕНнің» ішкі дүмпуі нәтижесінде «МЕН МЕНмін» дегенді түйсінуге жетіп, өзін дәлелдейді.

2.Содан кейін «МЕН» өзінен «МЕН емес» дегенді тудырып, оны

өзіне қарсы қояды; «Мен емес» кішкентай «МЕНдерден» (санасы бар адамдар) және Табиғаттан тұрады.

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]