Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

арасындағы ұлы өтпелі тұлға болды. Оның идеялары Кант танымы теориясының қалыптасуына зор ықпал етті.

4.6. Джон Локктың гносеологиялық және онтологиялық көзқарастары

Джон Локк (1632-1704) – XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы, кейіннен оған «барлық революциялардың ішіндегі ең бір орнықты және ең бір сәтті – 1688 жылғы революцияның кемеңгері» деген ат тағылды. Ал сол революцияның нәтижесінде Ұлыбританияда күні бүгінге дейін билік ұстап отырған парламенттік монархия жеңіске жеткен. Локк мүдделерінің аясында төрт тақырып болған:

Ойшылдың негізгі философиялық туындысы «Адамның ақылпарасаты туралы тәжірибеде» зерттеу тақырыбы болған гносеология.

«Мемлекеттік басқару жөніндегі екі трактат» атты шығармасына және кейбір басқа туындыларына арқау болған этикалық-саяси мәселелер.

Ойшыл, негізінде, өмірінің соңғы жылдарында басты назар аударған дін саласы («Христиандықтың ақылға қонымдылығы», «Төзімсіздік туралы хаттар» және басқалары).

Педагогика («Тәрбие жайындағы ойлар»).

Дж.Локк алғашқы болып эмпиризм (біз білетіндей, эмпиризм Ф.Бэкон философиясының құрамдас бөлігі болған, бірақ ол ғылыми тәжірибе тақырыбымен ғана шектелген-ді) негізін құрды. Ол эмпиризмнің негізін құрайтын танымның сенсуалистік теориясын әзірлеп шықты.

Өзінің болмысқа қатысты пікірлерінде Дж.Локк бізге тәжірибелік білімде берілген эмпириялық түпнегізді және табиғаттың барлық денелері құрайтын философиялық түпнегізді ажыратып көрсетеді.

Ойшылдың пікірі бойынша, материя – ол тіпті қозғалуға да қабілетсіз, орасан үлкен өлі кесек. Ал олай болса, қозғалыс пен өмірді кім тудырды? Әрине, Құдай, оның бар екеніне ешқандай күмән тумаса керек. Егер айналаға мұқият зер салсаңыз, Оның биік даналығы мен құдіретін сезетініңіз соншалықты, оны дәлелдеп жатудың еш қажеті жоқ. Алайда Құдай туралы: «Ол дене ме, әлде таза рух па?» – деген сұраққа жауап беру мүмкін емес.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дж.Локк таным туралы ілімінде дәйекті сенсуалист (лат. sens – сезім), яғни тәжірибеге негізделген, сезімдік танымның жақтаушысы болды, өйткені «бұрын сезімдерде болмаған нәрсе парасатта да жоқ». Оның ойынша, кез келген идеяның,

141

кез келген білімнің негізінде адам қолымен жасалатын тәжірибе жатыр. Тәжірибелер саналы және санадан тыс өтуі және адамның жанында жинақталып жатуы мүмкін. Сондықтан да ол «туа біткен идеялар» деп аталатындар туралы теорияны сынға алған. Мысалы, «Бүтін өзінің бөлшектерінен үлкен» деген ереже адамдардың өмірлік тәжірибесінен шыққан. Егер «теңдестіру» және «қайшылықтар» заңдарын алатын болсақ, балаларымыз тіпті олардың бар екенін де білмейді. Сөйтіп, егер адамның жанында ешқандай да туа біткен идеялар жоқ болса, онда ол – таза тақта (лат. – tabula rasa). Адам өзінің өмірлік тәжірибесі барысында оны тәжірибе нәтижесінде жинақталған білімдерімен толтырады. Бұл адамның сыртқы тәжірибесі (ағылшынша – sensation – сезім). Ал сонда «адам жанының толқындары» деп аталатындарды, оның қиялдарын, идеяларын қайда жібереміз? Ойшыл оларды жоққа шығармайды және ішкі тәжірибе (ағылшынша – reflection – бейнелеп көрсету) деп санайды.

Дж.Локк заттардың алғашқы және екінші реттік қасиеттерін ажыратып көрсетеді. Алғашқылар – заттардың өздеріне жататын және олардан ажырамайтындар. Мысалы, салмақ, пішін, өткіштік, қаттылық және т.б. Екінші реттік қасиеттер – олар өне бойы өзгеріп тұратын дыбыстар, түстер, иістер. Біз оларды өзіміздің сезім-түйсіктеріміз арқылы табамыз: қызыл, жасыл түстерді көреміз, қатты, ақырын шыққан дыбыстарды естиміз. Бірақ олардың негізі, шамасы, заттардың бастапқы қасиеттерінің әртүрлі қосылыстарында жатса керек.

Келесі – бұл жалпының мәселесі. Әлемде нақты, дара заттар бар. Жалпы – ол заттардың ортақ қасиеттерін дерексіздендіру, жалпылау нәтижесінде пайда болып, халық тілінің сөздерінде бекиді.

«Тілдің жалпыазаматтық және философиялық жақтары бар. Адамдар тілдің көмегімен бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарға түсіп жатады, әлдебір жаңалықтарды бір-бірлеріне жеткізеді, сезімдерін білдіреді. Бұл – тілдің азаматтық қызметі.

Ал егер тілдің философиялық маңызы туралы айтар болсақ, онда бұл жерде әрбір ұғымның көлемі мен мазмұны нақты айқындалуға тиіс. Олай болмаса, бір-бірімізді түсінбеуден, дау-дамайлардан құтыла алмаймыз. Әсіресе ғылымға мазмұны мен ауқымы түсініксіз ұғымдарды енгізетін және істің мәнін күңгірттендіріп жіберетін жалған ғалымдар үлкен зиян келтіреді. Біздің ойымызша, Дж.Локктың соңғы пікірі «бұрғылаушылық» («буровщина» терминінің түсініктемесі кітап соңында берілді. – Аудармашы) басым түсіп жататын қазіргі заман ғылымы үшін де өзекті сияқты.

142

Әлеуметтік-саяси идеялар: адам – бақытқа ұмтылатын тіршілік иесі. Ол үшін, бәрінен бұрын, адамның материалдық мүдделері іске асуы керек. Т.Гоббсқа ұқсап, Дж.Локк та адамзаттың табиғаттық және азаматтық тарихы туралы айтады. Бірақ оның айырмашылығы мынада: ол адамдардың өміріндегі бастапқы кезеңді толық еркіндікпен, бір-біріне тәуелсіз болумен және тіршілік етуге қажетті тудырғыш еңбекпен байланыстырады.

Дж.Локк меншіктің пайда болуының еңбек теориясын құрады. Өңделген жердің бір акр аумағы өңделмеген бір акр жерден анағұрлым қымбат тұрады, өйткені біріншіге адам еңбегі сіңді.

Мемлекет адамдардың келісуі нәтижесінде пайда болады. Сонымен бірге адамдардың меншігі мен бостандығы сақталатын азаматтық ахуал да пайда болады. Мемлекет түнгі күзетшіге ұқсауға тиіс: азаматтар ұйықтап жатқанда, ол солардың меншігі мен тыныштығын күзетеді, ал оянғанда, олар өз қалаулары бойынша әрекет етеді. Сөйтіп, Локк

либералдық мемлекеттік құрылысты құп көреді.

Дж.Локк шіркеудің мемлекеттен бөлінгенін және олардың бірбірлерінің істеріне араласпағанын жақтайды. Адамдар басқалардың діни сенімдерін құрметтеуге тиіс. Кез келген қоғам рухани-діни өмірсіз қалыпты тіршілік ете алмайды.

Дж.Локк сондай-ақ жаратылыс құқығы ұстанымдарын («Үкімет туралы трактат») әзірледі, табиғи-құқықтық мақсат-мұрат ұсынды: «табиғи күй еркіндік күйі болып табылады, ол өз білгенімен әрекет ететін күй емес, бұл күйде адам өзіне немесе өзінің мүлкіне билік ету үшін, бақылауға көнбейтін еркіндік алғанмен, онда бәрібір өзін немесе өз билігіндегі кез келген басқа бір тіршілік иесін өлтіретіндей бостандық жоқ... Табиғи күйде оны басқаратын, әркімді байланыстыратын табиғи заң бар және барша адамзатты үйрететін сондай заң болып табылатын ақыл-парасат бар: ... ешкімнің де басқаның өміріне, денсаулығына, бостандығына немесе мүлкіне зиян келтіруге құқы жоқ, өйткені біздің барлығымыз – Құдайдың меншігіміз».

Осы және басқа идеялары Локкты буржуазиялық революциялар дәуірі беделділерінің бірі етті.

4.7. И.Ньютон мен оның планетарлық теорияға сіңірген еңбегі және жаңаеуропалық ғылымның құрылуы

Философия ғылымының классикалық (айқын) кезеңінің жарқын тұлғаларының бірі – ағылшын ғалымы, көрнекті табиғат зерттеушісі,

143

жаңаеуропалық ғылым негізін қалаушылардың бірі Исаак Ньютон

(1642-1726) болды.

27 жасында ол өзінің ұстазы Исаак Барроудан физика-матема- тика кафедрасы бойынша профессорлықты қабылдайды. Бірақ ең таңғаларлығы:Кембриджуниверситетінбітірмейтұрып-ақ,яғни24жа- сында Исаак қозғалысты сипаттайтын аппарат құрып, корпускулярлық оптиканың негізгі идеяларын қалыптастырады, айналып қозғалу кезінде пайда болатын ортадан тебілетін және ортаға ұмтылатын күштерге байланысты негізгі міндеттерді шешеді.

Физика, механика, астрономия саласындағы негізгі: «Табиғи философияның математикалық бастаулары», «Жарық пен түстің жаңа теориясы», «Денелердің қозғалысы» деп аталатын және басқа еңбектерінде Ньютон әлемнің механистік бейнесінің негіздерін салды. Физикалық үдерістердің парапар, үйлесімді математикалық тілі ретіндегі дифференциалдық және интегралдық есептеу де оның еңбегі болып табылады.

Қозғалыстағы ұзына бойы созылған материяның математикалықфизикалық теориясын көрсете отырып, ол нақты жаратылыстанудың қорытындыларын шығарды. Екі дене өзара бір-бірін олардың жиынына тура пропорционал және олардың арасындағы арақашықтыққа кері пропорционал күшпен тартады деген механиканың ньютондық үш заңы және әлемдік тартылыс заңы И.Кеплердің планеталар қозғалысы заңдарын, сондай-ақ Г.Галилейдің, Р.Декарттың, Х.Гюйгенстің және басқаларының жетістіктерін біртұтас бейнеге байланыстырды. Нәтижесінде, ол планетарлық теориядағы басқаларын: планеталар мен олардың серіктерінің қозғалысы, кометалардың айналып жүретін жолдары (орбиталары), судың келуі мен қайтуы туралы ережелерді шығарды.

И.Ньютонның ғалымдардың болашақ ұрпақтарына қалдырған жетістіктері – алысқа әсер ететін қасиеті бар тартылыстың жұмбақ күшін зерттеудің аса күрделі міндеті жаратылыстану ғылымының кейіннен дамып өркендеуіне орасан зор ықпал етті. Өйткені, шын мәнінде, алғаш рет әлем сәулетінің жан-жақты математикалық тұжырымдамасы ұсынылды ғой. Әлемнің тұтастығы теориясын көп ғасырлар бойы іздеу және зерттеу – нақты, санмен көрсетілетін терминдерде жасалған ілімнің құрылуымен аяқталды.

Ньютон – көрнекті сынақ жүргізуші, яғни тәжірибе жасаушы. Декарттың физикасын сынап-міней отырып, ол «Жорамалдар ойлап таппаймын» (hypotheze non jingo) деген ұранды алға тартты. Соған

144

орай ол Декарттың «құйындар теориясын» қатаң сынға алады. Табиғифилософиялық болжамдар мен ойдан шығарылған өтіріктердің орнына, ғылымда индукция әдісі арқылы жасалатын тәжірибелер негізінде анықталатын нақты ұстанымдарға сүйену қажет. Сол уақытта олар математика тілі негізінде сипатталуға тиіс. Ары қарай дедукция әдісі арқылы оларды қайшы келмейтін ғылыми теорияда кеңейтуге болады. Міне, сондықтан да ол өзінің ғылыми бағдарламасын «тәжірибелік философия» деп атады. Бұл соңғының төмендегідей философиялық негіздемелері бар: материя дегеніміз – ештеңе де жоқ бос кеңістіктен бөлек нәрсе. Материалдық денелер осы мүлдем бос және өзгермейтін кеңістікте қозғалады. Материалдық нысандар қозғалысының себебі – денеге түсетін күш.

Табиғаттың қарапайымдылығы мен біртектілігі жайындағы, материяның маңызды физикалық қасиеттерінің болуы туралы тезистер, сондай-ақ классикалық механиканың негіздемесіне енген шексіз уақыт пен кеңістікке қатысты көзқарастар кейінгі ғылым үшін маңызды бағдар болып шықты.

Математикалық талдау: дифференциалдық және интегралдық есептеу аппаратын құру да – Ньютонның (Лейбницпен қатар) еңбегі. Осының барлығы да кейіннен құрылымдық заңдарға жол ашты, ал ол, өз кезегінде, жаратылыстануды мүлдем жаңа көкжиектерге алып келді.

Ньютон механикасы ғылыми білімнің үлгісіне айналды. Ал Ньютонның өзі: «Механика бастауларынан табиғаттың басқа да құбылыстарын шығаруға болушы еді», – деп санайтын. Алайда бұл мүмкін емес. Сол себепті Ньютон әлемді метафизикалық тану шеңберінен аса алмады. Бұрындары жорамалданғандай, Ньютон бойынша, материя инертті түпнегіз болып шықты және бұл дүниеде барлығы да «өз шеңберіне қайтып оралады», бұл жерде даму жоқ. Ньютон да, Демокрит сияқты, кеңістікті әлдебір сыйымдық деп, ал уақытты дүниеде бірқалыпты өтір жататын таза ұзақтық деп қарайды, олардың материяға қатысы жоқ. Оның ғарыштық денелер бір-біріне шапшаң әсер етеді дейтін алыс әрекет ұстанымымен бәрі бірдей келіскен жоқ, әрине.

Жоғарыда көрсетілген дәлелдерге сүйеніп, ол аспан денелерінің қозғалысын инерция мен тартылыс заңдарымен түсіндіреді: инерция мен тартылыс болған соң, денелер өздері тартылатын орталық денені эллиптикалық орбиталар бойынша айналады. Бүкіләлемдік тартылыс заңы өзара әрекеттесетін денелер жиынына тура пропорционал және олардың арасындағы арақашықтыққа кері пропорционал

145

болатын осы тартылыстың шамасын көрсетеді. Әлем жүйесі өзінің өзгермейтін қозғалысын неге сақтайды деген сұраққа жауап беру үшін, ол дүниені бастапқы қозғалысқа келтірген Құдайға сілтеме жасауға мәжбүр болды.

Белгілі болғандай, табиғат құпияларын танып білудегі қиындықтар көптеген ғалымдарға осы әлемді жаратқан әлдебір Құдіретті күштің бар екенін мойындатты. Ньютон да ол қатардан шығып қалған жоқ, өйткені ол да «өз заманының ұрпағы» емес пе. Алайда оның жаратылыстану ғылымы үшін жасағанының өзі-ақ оның атын адамзат тарихындағы ғұлама ғалым деп қалдыруға әбден жетіп жатыр.

Исаак Ньютонның нақ осы ақыл-парасаты арқылы қол жеткен жетістіктермен-ақ XVI-XVII ғасырлардың ғылыми революциясы түбегейлі жеңіске жетті.

4.8. Б.Паскальдің ғылыми жетістіктері және философиялық ұстанымдары

Блез Паскаль (1623-1662) – XVII ғасырдағы ұлы француз ғалымы, діни философ, жазушы-моралист және полемист, өзіндік «жүрек философиясын» және философиялық антропологияны құрушы. Ол – еуропалық философияда өз орнын иеленген адам («философиясыз философ»). Өз заманының вундеркинді және ғылымның данышпаны болған ол туғанына он жыл толмай жатып-ақ ыдыс-аяқ сылдырын естіген кезде соған таңданып, «Дыбыстар туралы трактат» жазған. 13 жасында Париж академиясына мүше болды. 17 жасында механикалық есептеу машинасын құрастыруды бастап, бес жылдан кейін оны жұмыс күйіне келтірді. Бұл қазіргі заманғы компьютерлерге тікелей жол ашқан арифмометр еді.

Содан кейін ол әртүрлі тәжірибелер жасай жүріп, вакуум табиғатын зерттеумен айналысты. Барометр бойынша әлдебір биіктіктің биіктігін қалай анықтауға болатынын көрсетті. Паскаль сұйықтардың қысымы заңын ашып, соның артынан гидравликалық пресс ойлап тапты. Атмосфералық ауаның жалпы салмағын мейлінше дәл есептеп шығару да – соның еңбегі.

Паскаль ашқан математикалық жаңалықтар (солардың ішінде ықтималдық теориясын да ашты) оған үлкен даңқ әкелді. Табиғат вакуумға төзе алмайды дейтін схоластардың тезисін теріске шығару үшін және вакуумды қалай жасау керектігін көрсетіп, бірқатар тәжірибелер жасады. Қарқынды ғылыми шығармашылық, тәжірибеге

146

негізделген практика оның «нақтылыққа талғамын» оятты. «Тәжірибелер – физиканың жалғыз негіздемесі» деп санай отырып, ол тәжірибені жоғары бағалады, ал «абстрактілік метафизиканы» мүлдем қабылдамады. Сонымен бірге 1655 жылдың қаңтарында ол Пор-Рояль монастырына кетті, рас, монахтарша шашын алдырмады. Мүмкін, ол оңаша болуды қалаған шығар. Монастырьда өмір сүрген кезінде оның:

«Геометриялық ақыл-ой және сендіре білу өнері туралы» (1658), «Дін және кейбір басқа нәрселер туралы ойлар» (1670), «Алғашқы христиандарды қазіргілермен салыстыру» (1657) атты негізгі философиялық және діни шығармалары дүниеге келді. Б.Паскальдың өзге де танымал болған еңбектері: «Бос кеңістікке қатысты жаңа

тәжірибелер», «Сұйықтықтардың тепе-теңдігі туралы», «Ауа жиынының ауырлығы туралы» деп аталады.

Паскаль тәжірибелік білімдер және «жаңа ғылым» үшін күресті, сол себепті Декарт өзінің рационализмімен, сциентизмі және ұзын сонар метафизикасымен қоса, оның «мәңгі идеялық жауы» болды. Солай бола тұрса да, ол Декарттың: «ойдың ұлы қағидасын», «гносеологиялық оптимизмін» және «аксиомалық-дедукциялық әдістемесін» жоғары бағалады.

Паскальдың басты философиялық еңбегі – ол «Дін және кейбір басқа нәрселер туралы ойлар» (кезінде Вольтер оны қысқартып, жай ғана «Ойлар» деп атаған) атты шығармасы. Онда Паскаль іс жүзінде «мәңгілік философияның», сондай-ақ Жаңа дәуір философиясының барлық мәселелерін қамтыған. «Мәңгілік философия» (philosophia perrenis) деген сөз тіркесін алғаш рет Лейбниц енгізген. О.Хаксли мәңгілік философия мәселесіне «заттар және ақыл-санасы бар тірі тіршілік иелері әлеміндегі Құдайдан келетін нақтылықтың өмір сүретінін мойындайтын метафизиканы; адам жанында болатын, Құдайдан келетін нақтылыққа ұқсас, тіпті соған парапар психлогияны; адамның басты мақсаты барша болмыстың имманентті (жаратылысына тән) және трансценденталдық негізін тану деп жорамалдайтын этиканы...» енгізеді (Хаксли Олдос. Вечная философия. М.: «Рефл-бук»,

Ваклер, 1997. – 7-бет).

ФилософиясаласындаПаскальдышексіздікмәселесітолғандырады, әрі тартады. Бұл – шексіз табиғат, шексіз Құдай, адамның әлемді танып білуінің шексіз үдерісі, адамның шексіз қалау-тілектері мен қажеттіліктері, шексіз сүйіспеншілік және т.с.с. Ой-толғаныстары оны, ақырында, адамның қашанда шектеулі ақылы үшін ойлау, пікірлесу жолымен шексіздікті танып білудің мүмкін еместігі тура-

147

лы қорытындыға келтіреді. «Біз шексіздіктің бар екенін білеміз, бірақ оның табиғаты бізге белгісіз, біздің білетініміздей, сандар шектеулі деп сендіру – жалған. Демек, сандардың шексіз екендігі дұрыс, бірақ біз оның не екенін білмейміз... Осылайша Құдайдың Кім екенін білмейақ, Оның бар екенін білуге болады». Ары қарай «шексізбен салыстыру барысында шекті жойылады да, дара болмыссыздыққа айналады». Шексіз ғарышқа қатынасы бойынша, әрбір дене, соншалықты үлкен болса да, ол – жоғалатын кішкентай бөлшек. Сонымен қатар кез келген соншалықты кішкентай денеде де өзінің аспандары мен планеталары бар сансыз әлемдер болуы мүмкін.

Паскаль адам ақылының шектеулілігін көре білді. Ол алғашқылардың бірі болып, танымға жүректің сезімдік түйсігін енгізуді қажет деп санады. «Біз шындықты ақылмен ғана емес, жүрекпен де танып білеміз... Бастапқы түсініктер сезіммен танылады, теоремалар ой тұжырымдарымен дәлелденеді». Паскальдың бұл идеялары қайғықасіретке толы өмірінде мың өліп, мың тірілген қазақ халқы үшін өзгеше маңызды және жанына жақын! Ұлы Абай салқынқанды парасат туралы емес, жарық сәулелі ақыл, яғни жүрек жылытатын ақыл туралы шаршамастан айтпады ма! Шәкәрім үш шындықты бөліп көрсетеді. Бұл – философия тарихындағы ақыл мен сенімнің дәстүрлі шындықтары. Олардың қатарына ол ар-ождан шындығын қосады және олар біріккенде негіз құрайды деп санайды. Шәкәрімнің осы идеяларына ерекше назар аударған жөн болмақ. Батыс ол шындықтарға екі дүниежүзілік соғыстан кейін, Хиросима мен Нагасакиді, Бухенвальд пен Освенцим қасіреттерін бастан кешкен соң келді. Шәкәрім өмір сүрген уақытта ядролық зерттеулер жаңа басталған-ды және оған бола адамзат ерекше беймазалық сезіне қоймаған. Сол себепті Шәкәрімнің кездейсоқ пайда болған идеяларын қазақтың рухани өмірінің мыңжылдық дамуының нағыз мәні (квинтессенция) деп бағалаған дұрыс болар еді.

Алайда Паскальға қайта оралайық. Ол ғылыми шындыққа ғана емес, оны басқаларға қалай жеткізу керектігіне де үлкен көңіл бөлген. Бұл жерде шынайылық пен қарапайымдылық болуға тиіс, адамдардың сезімдерін қозғай отырып, адамға жеткен ойларды түсінуге келтіретін әртүрлі бейнелер мен суреттер пайдаланылуы керек. Ал бұл XVII ғасырда айтылған! «Ақыл-парасат» ғасырында Паскаль адам жүрегінің ерекше билігін (прерогатив) және оның түйсіктерінің дәлдігін дәлелдеумен болды. Шындықтың экзистенциалдық түсіндірілуіне Паскальдың «шындыққа сүйіспеншілік жеткізеді» деген сенімі сәйкес

148

келеді. Адамның ұлылығы оның ақыл-парасатында жатқанмен, «жүректің де ақыл-ой білмейтін өз заңдары бар». «Ақыл даналығы» және «жүрек даналығы» деген бар. Экзистенциалистердің өз философиялары бастауларын соларға тірейтіні тегін болмаса керек. Кейіннен Гете: «Ұлы ақылдың алдында басымды иемін, ұлы жүректің алдында тізе бүгемін», – деген-ді. Бүгінгі күні, XXI ғасырдың басында өмір сүріп, оқытудың батыстық технологияларын көзсіз көшіре отырып,

тәрбеленушімен жүрек байланысын орнатып, құрметпен қарап,

сонымен бірге талап қоя білетін әңгіме-сұхбаттарда болашақ маман тұлғасын қалыптастыра алатын оқытушының тәлімгер ретіндегі рөлін біз аяқасты еттік. Компьютердің жүрегі жоқ, тек қалыпқа келтірілген бағдарламасы ғана бар екені белгілі.

Паскальды адам мәселесі ерекше толғандыратын. Ол: «Адамның қадір-қасиеті мен ұлылығы оның ойында, сол оны Ғаламнан жоғары көтеріп, танымға оятады», – деп жазды. Адам шындықтың болмашы бір бөлшегін ғана біле қойсын, соның өзінде-ақ ұлылық бар, өйткені жануарлар мүлде ештеңе білмейді емес пе. Оның жоғарғы мақсаты да осында. Табиғатының жануарлар табиғатына ұқсап кеткеніне налиды, яғни бұрын оған тән болған биік табиғаттың құлағаны деп түсінеді. Бұл жерде, шамасы, сол уақытта орын алған бастапқы капиталдың жинақталуының теріс ықпалына налу көрініс берсе керек.

Паскальдың ғылымның өркендеуіне ғана емес, сонымен қатар барлық келесі философия мен мәдениетке де зор ықпалы болды. Л.Н.Толстой оны «адамзаттың оқытушыларына» жатқызып, «шындықты ғасырлардың басынан асырып көре білген философпайғамдар» санады.

Параграфты ойшылдың атақты: «Адам – табиғаттағы ең бір әлсіз собық қана, бірақ ол собық ойлай алады. Ұлылығымыз біз есте сақтай алмайтын кеңістікте немесе уақытта емес, осы ойлай алатындығымызда», – деген қанатты сөзімен аяқтайық.

Сөйтіп, біз XVII ғасырдың ұлы философтары мен ғылым қайраткерлерінің шығармашылығын айтып өттік. Ал енді алдымызда XVIII ғасырдың жаңаеуропалық философиясы мен ғылымына саяхат жасау күтіп тұр.

149

5-тарау. Ағарту дәуірінің философиясы және ғылымы

5.1. Кейіннен Ағарту дәуірі деп аталған XVIII ғасыр философиясының ерекшеліктері

XVIII ғасырда Еуропа топырағында «Ағарту» деген атқа ие болған зияткерлік (интеллектуалдық) қозғалыс пайда болды. Алғаш рет «Ағарту» деген термин Вольтердің, Гердердің және басқаларының еңбектерінде кездескенмен, Канттың «Ағарту деген не?» депи аталатын мақаласынан кейін орнықты. Оның идеялары көпшілік зерттеушілер үшін ол кезеңді «Жаңа дәуірдің философиясы мен ғылымы» деген жалпы түсінікке енгізуге негіздеме берген XVII ғасырдың философиялық және ғылыми мұраларының тікелей жалғасы болғанмен, алайда Ағарту XVII ғасырдың дәстүрлерін айтарлықтай нақтылы етті. Оның үстіне, философиялық ойдың қызықты ерекшеліктері анықталды: ағылшын ойшылдары Бэкон мен Локк есімдерінен шығатын философия Францияда талантты ізбасарларын, атап айтқанда, Дидро мен Гольбахты тапты, ал француз Декарттың идеялары неміс Иммануил Кантқа шабыт берді.

Неміс философиясындағы Ағартудың бастамасы Лейбниц ілімін жүйеге келтірген атақты Христиан Вольфпен (1679-1754) тығыз байланысты. Неміс философтары ғана емес, орыс философтары, мысалы, Ломоносов та алғаш рет Германияда мәдениет философиясының негізгі салаларын қамтитын жүйе әзірлеген Вольфтан көп нәрсе үйренген.

Сол уақытта Шотландияның ұлы философы және экономисі Адам Смиттің «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерттеулер» (1776) деп аталатын еңбегі жарық көрді. Онда экономикалық ойдың жүзжылдық дамуын қорытындылау көрініс тапты. Ғалым құн теориясын және табыстарды бөлу, капитал және оның жинақталуы, Батыс Еуропаның экономикалық тарихы, экономикалық саясатқа көзқарас және мемлекеттің қаржысы мәселелерін терең және жанжақты қарастырды. Бұл еңбек бүкіл ойшыл Еуропаның санасын астанкестең етті.

Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жетістіктері елеулі рөл атқарды, физика мен химия ары қарай дамыды, органикалық табиғатты зерттеу алға жылжыды. Математика саласында ашылған жаңалықтардың үлкен маңызы болды, өйткені орын алып жатқан үдерістерді олардың нақты сандық мәндерінде түсінуге мүмкіндік берді.

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]