Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

басты себебі деп ол ішкі күшті санайды. «Дене өз бетінше әрекетсіз» дейтін пікір – бұл қорқынышты қателік». Ішкі күшті білдіретін нәрсе – ол қозғалыс. Бірақ бұл күш белсенді де, енжар да болуы мүмкін. Осыдан келіп орын ауыстыру – қозғалыс деп емес, нәтиже деп қана түсіндіріледі. Бірақ тартылыс пен қозғалысты ғана Дидро материяға жатқызып қоймайды, оның ойынша, дамудың жеткілікті биік дәрежесінде көрінетін, бірте-бірте түйсікке, қабылдауға, зердеге, ойлауға айналатын сезімділік те материяға жатады.

Адам мәселесін Дидро оның қалыптасуы, яғни тарихи тәсілді қолдана отырып жетілуі тұрғысынан қарайды. Адамның санасы Құдайдың сыйы емес, ол – материяның дамуы жолдарында туған құбылыс. Ол өмірдің күрделенуі, қиындауы нәтижесінде пайда болады.

Ойшыладамныңөзімшілдіктабиғатынмойындайды,бірақақылдың көмегімен оның шектелуі мүмкін деп санайды. Адам басқалардың мүдделерін түсінуге және өз қалау-ниеттері мен мақсаттарын ақылмен шектеуге қабілетті.

Келісім теориясына сүйене отырып, Д.Дидро сол уақытта қалыптасқан «король билігі – Құдайдан» дейтін пікірдің негізсіздігін көрсетеді. Ол король билігін конституция арқылы шектеу, шіркеудің ықпалынан босаған зайырлы билік тағайындау керектігін айтады.

Үшінші мәселе – бұл ойлаудың сократтық сипаты, ол әсіресе оның сұхбаттарында, яғни ойшылға сол жылдары қоғамның озық бөлігі кең талқылап жатқан: табиғат пен тәрбиенің, қажеттілік пен еркіндіктің, қажеттілік пен кездейсоқтықтың оған ашылатын ішкі қарамақайшылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік беретін әңгімелерінде ерекше байқалады. Сонымен, «Жиен Рамо» және «Жак-фаталист пен оның қожайыны» атты роман-сұхбаттарында кейіпкерлердің басынан кешкендері ғана емес, олардың өзара айтыр-тартыстары да автордың назарында болды. Жактың фаталист және «күлудің де, жылаудың да керегі жоқ, түсіну керек» деп үйрететін Спинозаның шәкірті аталуы жайдан-жай емес. «Жиен Рамода» сұхбаттың кейіпкері – композитордыңжиеніЖ.Ф.Рамоөзініңмақсаты,ұстанымыжоқтығынан таймайды, өйткені, оның ойынша, оған тән күнәлар көп ұзамай өмірдің жалғыз тірегі деп танылатын болғандықтан, оларды «табиғат өзі реттеп қойған». Тәрбие ештеңені де өзгерте алмайды, өйткені «табиғатты есіктен қуып шықсаң – ол терезеден қайтып енеді». Алайда ары қарай кейіпкердің көзқарастары өзгереді: ол бұрынғы пікірлерінен бас тар-

171

тып, енді адамның табиғатын жақсы жаққа қарай өзгерте алатын дұрыс тәрбиенің қажет екенін айта бастайды.

Дидро сословиелік теңсіздікке шұғыл қарсы шығады. «Табиғатта жан-жануарлардың барлық түрлері бір-бірлерін жейді; қоғамда бірбірін сословие құртады. Барлықтарының заң алдындағы теңдігін орнату керек, салтанатты өмір сүруге де, кедейшілікке де жол бермей, меншікті біркелкі бөлу қажет». Дидро бірқатар еңбектерінде басқарудың республикалық формасына құлық танытқанмен, бірақ, тұтастай алғанда, ол халық өкілеттігі сақталатын шектеулі монархияны жақтайды.

«Энциклопедияны» шығарудағы Дидроның серіктесі Жан Лерон д’Аламбер (1717-1783) философ-ағартушы ғана емес, сонымен қатар белгілі математик, ғылым тарихын зерттеуші де болды. «Энциклопедияға» кіріспе мақалалары ретінде ол «Ғылымдардың шығуы және дамуы туралы очерк» жазып, келіп түскен мақалаларды Дидромен бірге түзетумен айналысып, аталған еңбектің физика және математика бөліктерін жүргізді. Қазіргі заманғы механиканың іргелі принциптерін дамытуға д’Аламбер айтарлықтай үлес қосты. Оның еңбектері ұлы математик, механик, физик Леонардо Эйлер (17071783), ағайынды Бернуллилер: ықтималдық теориясының шекті теоремаларының бірінің авторы Якоб (1654-1705) және XVIII ғасырдың ірі математигі Иоганн (1667-1748); дифференциалдық теңдеу жөніндегі жұмыстардың авторы Алекси Клод Клероның (1713-1765) еңбектерімен бірге математикалық физиканың негізін қалады.

Сұйықтық қозғалысының теориясы, үш дене тапсырмасы, Жер нутациясы (тербелісі), Айдың қозғалысы, желдің қозғалысы теориялары бойынша, сондай-ақ музыка теориясы бойынша классикалық еңбектер де д’Аламберге тиесілі.

Ойшылдың философиялық көзқарастарын «Философия элементтері» деп аталатын жұмысынан байқаймыз. Сапалы біртекті материямен бірге, ол материалдық емес белсенді түпнегізді, оның ойынша, адамның рухани қызметінде көрінетін бастапқы негізді мойындайды. Сезіну осы рухани бастауға байланысты. Рухани бастау – адамның «Мен» деген мәні.

Д’Аламбер заттардың мәніне ой арқылы ену мүмкіндігін жоққа шығарды және сол терістеуді ол Құдайға да қатысты таратты.

Д’Аламбердің саяси сенімдері бірқалыпты болды.

Поль Анри Гольбах (1723-1789) та философиялық көшбасшыэнциклопедистердің бірі болды. Оның Париждегі салоны іс жүзінде

172

олардың штабына айналды. Философиялық, әлеуметтік-саяси, ғылыми жаратылыстанудың терең білгірі болған ол дәйектілікпен, жүйелі ойлауға бейім еді. Сол себепті ол Ағарту дәуірінің материалистік және атеистік идеяларын жүйелеуші ретінде көрінді.

Өзінің Табиғат жүйесі» (1770) деп аталатын, замандастары «Материализмнің Библиясы» деп атаған басты еңбегінде Гольбах Ньютон механикасын философиялық ой тезінен өткізуге әрекет жасады.

Әрбір дәйекті материалист сияқты, Гольбах материяны талдауды бастапқыдан бар, адамның рухани өміріне қатысы жоқ нәрседен бас-

тайды. Материяның классикалық анықтамасын берген де – нақ осы Гольбах: материя дегеніміз – нақты шынайылықта бар, қандай түрде болса да, біздің сезімдерімізге әсер ететін, сезінуді тудыратын нәрсе (материяның осы анықтамасын сансыз көп рет философтар асқан данышпандық деп айтып келді, бірақ ол... Ленинге телінген-ді). Ары қарай Гольбах ең бір күрделі құбылыстарға, тіпті Адамның санасына да түсініктеме беруге әрекеттенді.

Гольбах бойынша, «табиғат – ол барлығының себебі», ол – өз-өзінің себебі, тұтастай алғанда, ол Гольбах молекулалар (кейде – атомдар) деп атайтын ұсақ материалдық бөлшектерден тұрады. Табиғат – ол өз-өзіне себеп болатын, бөлшектерден тұратын, қозғалыспен өзгеретін материяның нақ өзі.

Материяның жалпы және бастапқы қасиеттері – ол тартылыс, бөлінушілік, ауырлық, қаттылық, қозғалғыштық, инерция күші. Материяның өмір сүру тәсілі – механикалық, химиялық, биологиялық бола алатын қозғалыс. Табиғат бірбүтін, ал осы қасиетімен ол себептер мен салдарлардың тізбегі ретінде әрекет етеді, сондықтан діни сезімге бұл жерде орын жоқ. Барлық құбылыстар қажет, бұл – заңдардың объективтілігінің салдары. Табиғатта кездейсоқтық жоқ. Заттардың қажетті тәртібіне сәйкес, табиғатта өмір өздігінен туады, ал оның шығар шыңы – Адам.

Діннің шығуын Гольбах атеистік тұрғыдан қарайды («Қасиетті жұқпалы ауру», «Әшкере болған христиандық», «Киелілер галереясы»). Ойшылдың пікірінше, дін қорқыныштан, надандықтан және алдаудан туған. Құдай жоқ, ол туралы түсініктің өзі бір-бірін терістейтін белгілердің: метафизикалық (мәңгілік, шексіздік және тағы сол сияқтылар – ол адамдық қасиеттерді жоққа шығару) және моральдық (ақыл, ерік және т.с.с.) қосылуы жолымен алынған. Ол табиғатты танып білуге ұмтылудың құдайлар туралы көзқарастардың жойылуына әкеліп соқтыратынына сенімді болды.

173

Екінші бір танымал философ-материалист және атеист Жюльен Офре Ламетри (1709-1751) болды. Мамандығы дәрігер болғандықтан, король Фридрих II-нің шақыртуымен ол біраз уақыт сарай емшісі ретінде қызмет етті. Бірақ философияға әуестігі күштірек еді, әрі оған дәрігерлік мамандығы да себепші болды. Сондықтан ол «Жанның табиғи тарихы» деп атаған тырнақалды трактатын адамның жан дүниесіне арнады. Ары қарай «Анти-Сенека немесе бақыт туралы ойтолғаулар», «Эпикур жүйесі» және тағы басқа еңбектері жарық көрді.

Алайдаоғанәлемдікдаңккелтірген«Адам–машина»аттытрактаты болды.Олалғашрет1747жылықұпиятүрдеНидерландыдағыЛейденде басылыпшықты.Франциядаоғандереутыйымсалынды.Шығарманың атына қарап, автор адам мәселесіне таза механистік тұрғыда қараған деп жорамалдауға болғанмен, алайда бұл олай емес. Ол адамды ерекше текті машина деп санады, өйткені адам сезуге, ойлауға, жақсылықты жамандықтан ажырата білуге қабілетті. Ламетри: «Адамның тәні – ол өз-өзінен оталатын машина, үздіксіз қозғалыстың тірі бейнесі», – деп жазды. Адамды сағатпен салыстыра отырып, ол адамның «сағаттық» механизмі механикалық жолмен емес, тағамнан шығатын қоректендіргіш нәр қанға түскеннен жүретінін атап көрсетеді. Оны ойшыл «хилас» деп атады.

Ламетри үшін, «адам – машина» – бұл жалғыз материалдық тірі тіршілік иесі, органикалық дүниеде тіршілік етуші болып табылатын «адам – жануар» (осыған орай, Ламетри философтардың ішінен алғашқы болып адамның жан-жануарлардан шығуы мүмкіндігі туралы ой айтқан).

Егер «Адам – машина» деген трактаттың негізгі қағидаларын қысқаша баяндауға тырыссақ, онда төрт ережені бөліп көрсетуге болады:

1.«Ғаламда бір ғана түпнегіз бар және адам – оның ең жетілген бейнесі».

2.«Жанның барлық қабілеттерінің миға және тұтас денеге тәуелділігі соншалықты, шын мәнінде, олар осы ұйымның (дененің) нәтижесі болып табылады».

3.«Жан – қозғаушы бастау немесе... біздің біртұтас машинамыздың басты элементі деп санауға болатын мидың сезгіш материалдық бөлігі болып табылады».

4.Жанның барлық құрамдас бөлшектерін соларды құрайтын бір ғана қиял-елеске жинақтауға болады».

174

Ламетридің пайымдауынша, адам жануардан жаратылғаннан кейін, табиғатынан опасыз, қауіпті және зұлым болып табылады. Адамдар зұлым болып туады. Ал ізгілік – ол адамның қоғамда өмір сүруі барысында алатын тәрбиесінің жемісі. Адамдар, флюгерлер1 сияқты, тәрбиенің ықпалымен әр жаққа бұрылады.

«Анти-Сенека» атты еңбегі жанжал тудырғанымен, оны атақты етті және өзінің мінез-құлқымен де ол сол «атаққа» лайық болды. Бұл шығармасында Ламетри ләззатшылдыққа табынуды жариялаушы әдепсіз гедонист ретінде көрінді. Ойшылдың пікірінше, бақытқа жету үшін, ақылдың да, білімнің де қажеті жоқ, тіпті жанды ойлағаннан гөрі, тәнді көбірек ойлау керек, тәнге көбірек ләззат беру керек. Тәтті ләззатты сезіне білетін адамды ол «шошқадай бақытты» деп атады.

Бірақ, әлбетте, Ламетри ғылым философиясы мен тарихына өзінің әдепсіз гедонизмі арқылы енген жоқ. Оның философиялық пікірлерінің көпшілігі оның орнықты, өзгеше дара ойшыл екенін дәлелдейді. Тәжірибеге үлкен мағына бере келе, ол тәжірибеден алынған мағлұматтар міндетті түрде адамның «ми сүзгісі» арқылы философиялық қорытындылаудан өткізілуге тиіс деп санайды. Қоғамдық дамудың негізін соқыр сенімдер мен теріс көзқарастар құрайды, сол себепті қоғам да жетілмеген деп пайымдай отырып, ол философияның шындықты дәріптеуге тиіс екеніне сенімді болды. Философияның ықпалымен заңдардың қалыптасқан жүйесі өзгеруге тиіс, өйткені философия ғана заңдардың терістігін, әділетсіздігін аша алады.

Сөйтіп, Ламетри философияның қоғамды шынайы өзгерте алатын, оның алға жылжуын қамтамасыз ететін құрал екеніне сенді.

5.4. Орыс ағартушылығы

Өзінің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуы жағынан Ресейдің Еуропадан жүзжылдыққа артта қалуына байланысты, еуропалық ағарту идеялары да XIX ғасырдың екінші жартысында ғана ресми танылды. Оның классикалық үлгісі XVIII ғасырдағы Француз ағартушылығы болды. Сол ғасырдың екінші жартысында Ресейге Вольтердің, Монтескьёнің, Гольбах пен Дидроның, Руссоның және басқаларының шығармалары ене бастады. Олар орыс ойының барлық негізгі ағымдарына, тіпті ресми идеологияға (Екатерина II

1 Флюгер – бұл жерде: желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап. 

175

тұсындағы «сарай ағартуы» деп аталатын) дейін ықпал етті. Бірақ XIX ғасырдың ортасына дейін ағарту идеялары дербес бағытта қалыптасып үлгірмеген-ді.

Алайда ол идеялардың кейбір жекелерін біз енді орыс шіркеуі қызметшісі, белгілі дінтанушы, жазушы Феофан Прокопович (16811736) еңбектерінен табамыз. Ол Петр I-дің серіктесі ғана емес, оның реформаларының басты идеологы да болды. Келесі ойшылдардың бірі Я.П.Козельский (1728-1794) крепостнойлыққа қарсы шығып, әділетті қоғамдық құрылыс идеясын дамытқан болса, А.П.Куницын (17831840) – заңгер, цензура «христиан шындығына» қайшы келеді деп алып тастаған, екі бөлімнен тұратын «Табиғи құқық» кітабының авторы болды. Олар сол уақыттың өзінде-ақ дүниетанымның ағартушылық тұрпатына салыстырмалы түрде жақын келді.

Сол кезеңдегі орыс ғылымының аса жарқын өкілі – жаратылыстанудың ұлы зерттеушісі, философ, тарихшы, ақын, Мәскеу университетінің негізін қалаушы (1755) М.В.Ломоносов (1711-1765) болды. Білімдердің әртүрлі: химия, физика, геология, астрономия сияқты салаларындағы бірқатар ұлы жаңалықтар – соның еншісі. Сонымен, ол заттардың құрылысы туралы молекулярлық түсініктерді дамытты, материя мен қозғалысты сақтау қағидасын құрды, химиялық агенттер қатарынан флогистонды шығарып тастады, түс туралы ілімді алға шығарды, Шолпан жұздызындағы атмосфераны ашты, Жердің құрылысын суреттеді, көптеген пайдалы қазбалар мен минералдардың шығу тегін сипаттап жазды, металлургия бойынша басшылыққа алынатын нұсқаулықты және т.б. жарыққа шығарды. Ломоносов Солтүстік теңіз жолын зерттеудің, Сібірді игерудің маңыздылығын атап көрсетті.

Ломоносовтың еңбектері орыс философиясындағы жаңа бағытты айқын белгілеп берді. Өзінің дүниетанымы бойынша ол дүниенің жаратылуын уақыт қойнауына кейін шегерген деист болды, Жаратушының табиғатқа қазіргі күйінде қандай да бір әсері болатынын көруден бас тартты. Бұл зерттеу жұмыстары мен ғылыми ізденістер үшін кең мүмкіндіктер ашты.

Ағартушылық идеялар жазушылар: Г.Р.Державин, И.А.Крылов, Д.И.Фонвизин шығармаларында көрініс тауып, іске асты. Бірақ орыс ағартушылығының аса көрнекті өкілдері Н.И.Новиков (1744-1818),

А.Н.Радищев (1749-1802) болды.

Н.И.Новиковтің адамдардың сословиеден тыс теңдігі туралы жалпы идеяларымен біріккен сатиралық «Жатыпішер» және «Суретші» деген

176

кітаптарды жариялау арқылы атағы шықты. «Орыс жазушылары туралы тарихи сөздіктің тәжірибесі» (1772), «Ертедегі Ресей кітапханасы немесе ертедегі әртүрлі шығармалар жинағы» және тағы басқа да еңбектері ағартушылық мақсат көздеп жазылған.

Діни-адамгершілік рухындағы «Таңғы сәуле» журналында адамның өз-өзін танып білуі және құдайтану жолдары қарастырылды, тұлғаның қадір-қасиеттері туралы қағидалар негізделді.

Новиковтің бар қызметі крепостнойлық құқыққа қарсы бағытталды. 1792 жылы патшайым Екатерина II Шлиссельбург қамалына жабуға бұйрық беріп, сол жерде ол өмірінің азапты төрт жылын өткізді.

...1790 жылдың 26 шілдесінде Екатерина II барлық әдебиет және публицистика жаңалықтарынан әрдайым хабардар болып отыруды қалап, күнді кітаптарды қарап шығудан бастады. Қолына оған белгісіз автор А.Радищевтің Зотов дүкенінде сатылып жатқан «Петербургтан Мәскеуге саяхат» деген кітабы берілді. Оқи бастағаннанақ патшайымның беті біресе қызарып, біресе сұрланды: ол автордың қарапайым халықтың өміріне аяушылықпен қарайтынын, самодержавие мен крепостнойлықты әшкерелеуші болып әрекет еткенін анық түсінді. Кітапты оқып шығып, ол: «Мынаны жазған адам – Пугачевтан да асып кеткен бүлікші!» – деп айғайлады.

Төрт күннен кейін А.Н.Радищев Петропавл қамалындағы Алексеев түрмесіне қамалды. «Осы кітабындағы ниет-пиғылдарын іске асыруда Радищевтің сыбайластары болмады ма екен», – деген ой патшайымды қатты мазалады. Радищев теріс жауап берді. Бірақ басына түскен тағдырын аз да болса жеңілдету үшін, «кінәсін мойындап», «өкінген» болды. Кейіннен, айдауда болғанда, оның өзін Галилеймен салыстырғаны жайдан-жай емес. Айдауда жүріп, Радищев:

«Сенің білгің келе ме:

Кіммін мен? Немін? Қайда барамын? Мен – солмын: бұрын болған да, өмір бойы болатын да.

Мал емес, ағаш та емес, бірақ адаммын!» – деген атақты өлеңін, сондай-ақ «Адам, оның өлімі және ажалсыздық» деп аталатын философиялық трактатын жазды.

Философиялық көзқарастарында Радищев «тәжірибе – барлық табиғи танымдардың негізі» деген қағиданы ұстанды. Француз сенсуализмі рухында ол: «Сен тән органы арқылы ойлайсың, тәнсіз бірдеңені көз алдыңа қалай елестете аласың?» – деп жазды. Ол сезімдік тәжірибені ақыл-ой тәжірибесінен ажыратып қарайды. Бірақ ары

177

қарай ол: «Біздің танымымыздың барлық күштері әртүрлі болып өмір сүрмейді, бұл таным күші біртұтас және бөлінбейді», – дейді. Кейіннен өзі «баспалдақ заңы» деп атаған үздіксіздік заңы туралы ілімінде ол біртіндеп іске асушылықтың болатынын атап көрсетеді. Осының бәрі өзінің гносеологиялық көзқарасында Лейбництің монадалар туралы негізгі идеясын құптамағанмен, Радищевтің одан алшақ кетпегенін білдіреді.

Антропологияда Радищев адамды бүкіл әлеммен байланыстырады. Оның пікірінше, «адамның ерекше қасиеті – жетілуде де, бүлінуде де оның шексіз мүмкіндігінің болуы». «Табиғи құқық» идеясын қызу бөлісе отырып, «табиғат құқығы ешқашан түгесілмейді» деп санап, ойшыл адам бойындағы шынайы табиғилықты ақтайды.

1793 жылы патша Павел I оны айдаудан қайтарып, Калуга облысының Немцово селосында орнығуға, бірақ полиция бақылауында болуға ұйғарым шығарады. Радищевтің Ресейдегі даңқы өсті. Патша тағында Павел I-ді ауыстырған Александр I Радищевті Заңдар жасап шығару жөніндегі комиссияға тартады. Әңгіме патша халыққа уәде берген конституциялық реформа туралы еді. Радищев бұл жұмысқа құлшына кірісті, бірнеше жоба әзірледі, бірақ оның бірде-біреуі қабылданбады. Бұл оның қандай да бір алға ілгерілеушілік болады деген үміті мен сенімін күл-талқан етті. 1802 жылдың 11 қыркүйегінде Радищев өмірмен қош айтысуға бел буып, у ішіп қайтыс болады.

Әлбетте, А.Н.Радищевтің өмірлік ерлігі, оның Ресей тағдыры үшін күйзелгені – ағартушылық идеяларды таратуда үлкен рөл атқарды.

Дегенмен Орыс ағартушылығының негізін салушы – кемеліне келген ағартушылықты ұстанған Виссарион Григорьевич Белинский (1811-1848) болды. Ұлы орыс сыншысы бола отырып, ол Шеллинг пен Гегель идеяларының әсерімен философиялық эстетика негізінде жан-жақты әдеби сын құруды көздеді. Шынайы болмысты сынау мақсатында Белинский орыс әдебиетінің нақты бағыты – «табиғи мектеп» деп аталатын бағыттың қағидаларын әзірледі.

Орыс ағартушылығының қарқынды дамуы XIX ғасырдың 60 жылдарына тұспа-тұс келеді. Ағартудың кемеліне келген немесе классикалық формаларын әдеби, философиялық, этикалық және эстетикалық мұрасы әлемдік мәдениеттің алтын қорына енген Ни-

колай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) сияқты алыптың шығармашылығынан көруге болады. Ол антропологизм ұстанымдарын нық ұстанып, адамзаттың барша дамуының себепшісін социализм деп санады.

178

Николай Александрович Добролюбов (1836-1861) әдебиеттің мақсатын бәрінен бұрын сол кездегі қоғамдық құрылысты сынаудан көріп, Белинский мен Чернышевскийдің эстетикалық ұстанымдарын ары қарай дамытты және «шынайы сын» әдісін әзірледі.

Дмитрий Иванович Писарев (1840-1868) – мемлекетке қарсы пам-

флет, яғни өткір сықақ шығарма жазғаны үшін Петропавл қамалының тұтқыны болған орыс жазушысы, елді индустриялық жолмен дамыту арқылы социализмге жету идеясының авторы.

В.Ф.Пустарников әділеттілікпен көрсеткендей, «негізгі құндылық бағдары бойынша Белинский-Чернышевский айналасындағы ойшылдардың ағартушылық философиясы антифеодалдық сипатта болса, ал негізгі танымдық мазмұны бойынша алыпсатарлыққа, трансценденталдыққа, метафизикаға және антропологияға қарсы және негізгі үрдісі бойынша материалистік философия болды. Діни еркін ойлаушылық орыс ағартушылығының жүйе құрушы ұстанымы болса, атеизм – оның жекелеген өкілдерінің белгісі болып табылады» (Пустарников В.Ф. Просвещение в России. // 4 томдық Жаңа философиялық энциклопедия, 3-том. – М.: Мысль, 2001. – 369-бет).

179

6-тарау. Неміс классикалық философиясы

6.1.Неміс классикалық философиясының пайда болуының тарихи шарттары және оның жалпы сипаттамасы

Ф.Энгельстің «жеңіл аузымен» «классикалық» деген атауға ие болған тамаша философия Германияда XVIII ғасырда пайда болды. Философиялық ойдың бұл ірі де ықпалды ағымы – Жаңа дәуір мен Ағартушылықтың нәтижелерінің қорытындысы, тұрақты маңызы бар шығармашылық қызметтің шыңы іспетті.

Бұл ағымға К.Маркс пен Ф.Энгельстің ілімін де жатқызуға болушы еді. Советтік философияда идеологиялық түсінік бойынша маркстік ілім философиялық ойлауды дамытудағы дербес, оқшау тұрған, жаңа сапалы кезең деп қабылданған-ды. Ал қазір идеологиялық кедергілер алынып тасталған соң, олардың ілімінің неміс классикалық философиясының даму кезеңдерін аяқтаушы бола отырып, оның дәстүріне әбден үйлесімді екені көрініп тұр.

Ең бір таңғаларлығы – ол философиялық ойлар артта қалған, феодалдық бытыраңқылық орын алған елде пайда болып отыр ғой. XIX ғасырда әдебиет пен өнер данышпандарының небір саңлақтарын дүниеге келтірген Ресей де әлеуметтік-экономикалық дамуы кенже қалғанмемлекетболатын.Шынмәнінде,шыңқандайбиікболса,құздар да соншалықты терең болады. Осы мысалдар арқылы біз әлеуметтікэкономикалық және рухани даму арасында тікелей сәйкестік болмайтынына тағы бір рет көз жеткіземіз. Өз заманында Ф.Энгельс бұның себебін халықтың психологиялық құрылымымен түсіндірген. Қызуқанды халық болған соң, француздар ұзақ ойланып жатпастан көшеге шықты, король билігін құлатты, аристократтарды елден қуып шықты, барлық сословиелік ескі нанымдарды жойып, капиталистік қатынастардың дамуына тура жол ашты. Ал мінезі салмақты, тыныш немістер алдымен революцияны ақыл-парасаттарында тудырып алып, содан кейін ғана әлеуметтік өзгерістер жасауға көшті.

Ф.Ницшенің пікірі бойынша, жәдігерлер туғызу үшін екі нәрсе қажет: бұл, біріншіден, дарынды адамдардың күнделікті «күйбең тіршіліктен» азат болуы және, екіншіден, шығармашылықпен айналысу үшін, олардың бос уақытының жеткілікті болуы.

Ф.Ницше шындыққа жақынырақ болып көрінеді. Ал, шындығында, Ресейде мәдениет жәдігерлерін кім тудырды? Шаруалар емес, – дво-

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]