Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

дар қозғалып жүретін орасан үлкен бос кеңістік деп қарады. Табиғат денесін құрайтын атомдар шексіз болғандықтан, кеңістік те шексіз. Егер кеңістік шектеулі болса, онда оған атомдардың шексіз саны сыймаған болар еді. Осының барлығы уақыттың үздіксіздігін және қозғалыстың бастаусыздығын жорамалдайды.

Демокриттің ойынша, әлем (дүние) алдымен бейберекет қозғалып жүретін атомдар түрінде (күн сәулелерінде жылтылдап көрінетін тозаң сияқты) болады. Содан кейін соқтығысу арқылы ауыр атомдар жеңіл атомдардан бөліне береді. Нәтижесінде, табиғаттың әртүрлі денелері пайда бола бастайды. Ең кішкентай және дөңгелек атомдар отты құраса, ал қалғандары текше түрінде болады, олардың ең кішкентайлары – ауаны, орташалары – суды, үлкендері жерді құрайды... Сөйтіп, демокриттік ілімде құдайлар да, рухтар да жоқ, ол барлығын да механика жолымен түсіндірмек болды.

Адам және таным туралы ілімде Демокрит адамның жанын мойындаған. Бірақ оның ойынша, адам жаны дөңгелек жеңіл және жылдам қозғалатын элементтерден тұрады. Егер осылай болса, онда адам өлгеннен кейін оның жаны да жойылады – атомдар бір-бірінен ажырап, жан-жаққа тарайды. Танымға қатысты Демокрит заттардың бетін құрайтын жеңіл атомдар буланған сияқты болып, жанның атомдарына әсер етеді, нәтижесінде, біздің жанымызда заттардың бейнесі пайда болады деп санаған.

Қоғамның әлеуметтік-саяси өмірі саласында Демокрит демократияны жақтады. Оның мығым болуы үшін, адамдарды тәрбиелеу керек. Табиғаты бойынша адам рақат алуға және күйзелістерден аулақ болуға ұмтылады. Алайда Демокрит рақатты өлшемді табу арқылы анықтайды. Адам үшін ең жақсысы – эутемия – қорқынышты да, зи - янды құмарлық дегендерді де білмей, жақсы көңіл күйін сақтап жүру. Сонда ғана даналыққа – адамның өмір сүруінің ең жоғарғы мақсатына жетуге болады.

Демокриттің атомдық теориясын материалистік бағыттағы ойшылдар жылы қабылдап, ол теория табиғатты танып білудің дүниетанымдық негізі қызметін XX ғасырға дейін атқарып келді.

Б.з.д. IV ғасырдағы антика қоғамында мәдениет пен философия өз дамуының жоғарғы шегіне жетті. Әлеуметтік-саяси өмірде тоқырау орын алса да, дегенмен рухани өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткен (бұл материалдық және рухани дамудың сәйкессіздігін тағы бір рет дәлелдеп отыр). Философия дамуының ішкі логикасына келсек, оның алдындағы табиғи-философиялық идеялар сопылық үлкен

51

философиялық жүйелерді құруға жақсы негіз болады. Ондай жұмысты ерте замандардың ұлы данышпандары Платон (б.з.д. 427-347 жж.) мен Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) атқарды. Сондықтан да олардың шығармашылық кезеңі ерте грек классикасын құрайды, яғни бүкіл адамзат үшін өшпес рухани құндылығы сақталады.

Платонның шын есімі – Аристокл. Иықтарының өзгеше кеңдігіне бола, ол Platos (грекше – кең) деген лақап ат иеленіп, тарихта солай сақталып қалды. Өз заманы тұрғысынан қарағанда, ол керемет білім алған. Жиырма жасында Сократпен кездесіп, оның ыждағатты шәкірті болды, рухани төңкерісті басынан өткеріп, бүкіл өмірін философияға арнады.

Платон шығармашылығының ерекшелігі – ол өзінің барлық еңбектерін сұхбат (әңгімелесу) түрінде жазған, ол сұхбаттарының негізгі кейіпкері көп жағдайда Сократ болатын. Платонның негізгі туындылары: «Мемлекет», «Заңдар», «Сократтың апологиясы», «Парменид» және басқалары. Платонның көзқарастарының қалыптасуына Сократтан басқа: Әлемнің мәңгі қалыптасуы туралы идеяларымен Гераклит; мүлтіксіз, ақылға қонымды Болмысымен Парменид және математикалық идеяларымен Пифагор оң ықпал етті.

Философия саласында Платон іске асырған төңкеріс – оның Идеялар Әлемін ашуы болды, өйткені жер бетіндегі: сезіммен ашылатын, ағымдық, тұрақсыз дүние оны қанағаттандырмады. Бұл жерде ба-

сты мәселе – түсініктердің және заттардың өздерінің сәйкессіздігі

айқын көрінді. Міне, сондықтан да бізге ұлы Абай: «Адам бол!» – деді. Былайша айтқанда, бәріміз де – адамбыз. Бірақ тән мен қаннан жаралған адамның жақсы қасиеттерімен қатар, әрдайым Адам ұғымына толықтай сай келе бермейтін біршама кемшіліктері де бар. Сол себепті Платон ұғымдардың шығатын қайнар көзі – шынайы болмыста, яғни идеялар әлемінде деп жорамалдады. Демек, екі әлем бар: бірі – жер бетіндегі материалдық, өтпелі, залалды, ал екіншісі – мәңгі, өзгермейтін, жетілген, мүлтіксіз мақсат-мұратқа сай. Платонның ойы бойынша, идеялар заттардың терең мәнін құрайды, парадигмасын (грекше paradeigma – үлгі, қалып) қалыптастыра отырып, оларды тиісті

түрге (формаға) келтіреді.

Идеяларының кеңінен түсінікті болуы үшін, Платон үңгір туралы миф құрастырады. Үңгірдегі аяқ-қолдары байлаулы адамдарды көз алдымызға елестетіп көрейік. Жоғарыдан қабырғаға жарық түсіп тұр. Ал жер үстінде керуен жылжып, адамдар әлдебір заттарды әрі-бері та- сып,бір-бірлеріменсөйлеседі.Олардыңкөлеңкесіүңгірдіңқабырғасына

52

түсіп тұр, адамдар ол көлеңкелерді көріп, қатаң дыбыстарды естиді. Жер үстіндегі нақты өмірді білмегендіктен, үңгірдегі адамдар нағыз өмір осы деп ойлайды. Бірақ ұзақ ойланыстан кейін олардың біреуінің көлеңкелер әлемінде өмір сүріп жатқанын түсінуі мүмкін болса, ал екіншісі аяқ-қолын босатып алып, жер бетіне шығуы, ал көздері жарыққа үйренген соң, нақты адамдарды, ал содан кейін Күннің өзін көруі мүмкін. Бұл мифтен қандай философиялық қорытынды шығады?

1.Болмыстың әртүрлі деңгейлерінің болуы. Егер үңгірдегі көлеңкелерді сезімдік болмыс деп қарасақ, онда жер үстіндегі адамдар мен заттар – шынайы болмыс, Ал Күн – мақсат-мұратқа сай Игілік.

2.Танымның әртүрлі: сезімдік, ұғымдық және, ақыр соңында, түйсіктік деңгейлерінің мүмкіндігі арқылы болмыстың соңғы негіздемелеріне қол жеткізу.

3.Құндылық тұрғысынан бағалау мүмкіндігі: сезімдік болмыста өмір сүру – үңгірде өмір сүруге тең, рухани биіктерге көтерілу – шы-

найы болмыстағы әртүрлі мағыналы өмірге парапар, ал Күн – Жоғарғы Игіліктің нышаны.

Сөйтіп, Платон Әлемнің объективтік-идеалистік түсінігін дүниеге келтірді. Бірақ ол үшін ең қиыны осы екі: заттар мен идеялар әлемін ұштастыру болды. Іс жүзінде идеялардың материалдық емес әлемі заттардың сезімдік материалдық әлемін құра ала ма? Платон бұл мәселені келесідей жолмен шешті: материя – ол ежелден келе жатқан, бейберекеттік жағдайындағы инерциялы нақтылық. Идеялар әлемінің парадигмалары (үлгілері) бойынша, Демиург (грек мифологиясының ұста-Құдайы) бейберекеттікті әлдебір ұйымдасқан тәртіпке келтіре отырып, инертті материядан табиғат заттарын және денелерін жа-

сап шығарады. Идеялар әлемі – парадигма – мәңгі, кемеліне жеткен болып саналады. Демиург та, Құдай сияқты, мәңгі жасампаз болып табылады, ал сезімдік тән әлемі – шынайы болмыстың көшірмесі сияқты өтпелі, жетілмеген, идеялар әлемінің өзіндік «көлеңкесі» іспетті.

Платонның грек мифологиясына жүгінуі, әлбетте, оның философиясының осал жағы болды, сол үшін оны кезінде: «Платон – досым, бірақ шындық – қымбатырақ», – деп Аристотель сынға алған.

Қазіргі заманғы білім деңгейімен мәселе келесідей түрде көрінеді. Нақты өмірде болатын әрбір зат бұл дүниеге өзінің қайталанбас, өзіне тән болмысымен келеді. Бұл әлемде бір-бірінен ажырата алмайтын екі құм қиыршығы немесе қылтанақ та болмайды. Бірақ сонымен қатар олардың көптеген ортақ жақтары, сапалары да бар, соларға бола олардың өзара әрекеттесуі орын алады. Танып-білу барысында адам

53

олардың осы ортақ жақтарын жалпылай (абстракциялай) отырып, заттар туралы түсініктерді қалыптастырады және тіл арқылы жеткізеді. Мысалы, адам деген ұғым бүгінгі таңда Жер бетінде өмір сүріп жатқан 6,7 млрд адамды қамтиды. Нақты тірі адам ерте ме, кеш пе, өледі, ал адам ұғымы қалады. Бірақ, егер бұл тірі адамдар өмір сүрмесе, адам ұғымы да болмас еді. Әңгіме Платонның мақсат-мұратқа сай Әлемі туралы емес, жиынтығында әлдебір мұрат-мақсатқа сай әлемді құратын ұғымдар туралы болып отыр. Платонның еңбегін одан кейін ғана түсінік-ұғымдардың, олардың табиғатының, бір-бірімен өзара әрекеттесуінің ерекше егжей-тегжейлілікпен зерттеле бастағанынан көруге болады.

Платонның таным теориясына келсек, онда оның негізінде анамнез (грекше – anamnesis – еске түсіру) жатыр. Адам тәннен және жаннан тұрады. Бірақ жан жердікі емес, ол идеялар Әлемінен шыққан. Жерге, яғни нақты бір адамның денесіне түсіп, ол көгілдір аспанның шексізшетсіз көкжиектеріне тұңғиық тереңнен көз сүзетін тұтқынды еске түсіреді. Мысалы, оқушы бір математикалық есепті шығарып отыр дейік. Ол зердесіне күш салады, ал егер оның жаны идеялар әлемінде математикалық теңбе-теңдіктердің қалай болғанын еске түсірсе, онда оқушының басына есептің шешімі келе қалады.

Сезімдік таным көбіне-көп алдамшы, өйткені бұл тән әлемінің өзі тұрақсыз, өтпелі. Сондықтан Платон оны докса (грекше doxa – пікір) деп атайды. Бірақ, егер сезімдік тәжірибенің деректері түсініктерге негізделсе, онда ғылым қақпалары (грекше episteme – жазу, ғылым) ашылады.

Алайда бізді идеялар әлемімен жақындастыратын ғылым ғана емес. Одан да әлеуеттірек күш бар – ол Эрос, яғни сүйіспеншілік. Олар екі әлемді байланыстыратын көпірлер іспетті. Даналықты сүю деп түсінілетін философияның өзі шындыққа, жақсылыққа және әсемдікке деген сүйіспеншілік болып шығады.

Платонның ойынша, сүйіспеншіліктің алғашқы баспалдағы жыныстық махаббат, тән сұлулығына ұмтылу, сонымен қосылу болып табылады, соның нәтижесінде жаңа өмір бастауы пайда болады, адамзат тегінің ажалсыздығы қамтамасыз етіледі.

Екінші сатыда сүйіспеншілікті ары қарай асқақтату, енді адамның тәніне емес, жанына ұмтылу орын алады. Қазіргі заманғы терминдер тілімен айтқанда, бұл – оларды өзара байытып тұратын басқамен терең байланыс орнатуға талпыну. Нәтижесінде, адамның жанына

54

Шындықтың, Жақсылықтың, Әсемдіктің ұрықтары себіліп, білімдерге, өнерге, әділеттілікке ұмтылу пайда болады.

Үшінші сатыда сүйіспеншілік жанымызды Ғажайыппен және Игілікпен біріктіре отырып, бізді Идеялар әлеміне жеткізеді.

Платон әлеуметтік, саяси философия саласында да айтарлықтай із қалдырды. Ойшыл қоғамды түсіндіруге жеткілікті дәрежеде терең мағына береді. Егер жан-жануарлар өздеріне қажеттілердің барлығын табиғаттың өзінен дайын күйінде табатын болса, ал адамдар өз мұқтаждықтарын жалғыздан-жалғыз қанағаттандыра алмайды, адам үшін қажеттінің бәрі бірдей табиғатта дайын күйінде табыла бермейді. Сол себепті адамдар бір-бірімен өзара әрекеттесе, еңбек өнімдерін айырбастай отырып, еңбектенеді, қоғам құрады. Бір адамдар егін ексе, екіншілері құрылыс салады, үшіншілері етік тігеді, төртіншілері оқытады, бесіншілері емдейді және т.с.с.

Өз заманындағы қоғамның дағдарыс жағдайын қанағат тұтпаған Платон мақсат-мұратқа сай мемлекет құру идеясын ұсынады. Онда тең құқықты адамдардың қоғамдық тобының (сословие) негізгілері үшеу: басқарушылар, тәртіп сақшылары және қатардағы қауымдастар. Бұлайша жікке бөлуді ол ақыл, ерік және құмарлықтар

орын алатын адам жаны құрылымына сүйеніп жасаған. Мемлекетті жан дүниелерінде даналық басым адамдар басқаруға тиіс, өйткені басқарудың өзі әділеттілік және ізгілік негізінде жүзеге асырылады. Демек, қоғамды философтардың басқарғаны дұрыс. Жауынгерлердің жаны құмарлыққа толы болуға тиіс, ал жұртшылықтың басым көпшілігінің жаны құмарлыққа, ләззатқа құштар.

Бірақ ең қызықтысы билеушілер мен жауынгерлердің жеке меншігі болмауға тиістігі болып отыр. Олар толықтай мемлекет тарапынан қамсыздандырылады. Олай болмаған жағдайда билеушілер заңдарды өз пайдасына қарай өзгерте бастайды, ал жауынгерлер қаруларын өз азаматтарына қарсы кезейтін болады. Бірақ меншік қай жерде ұялайды? Отбасында. Демек, бұл топтардың отбасылары да, балалары да болмауға тиіс. Әрине, бұл ақылға сыймайды.

Екі мыңжылдық өткеннен кейін Платонның кейбір идеялары XX ғасырдың тоталитарлық қоғамдарында жүзеге асты. Бұрынғы Кеңес Одағындағы мемлекеттің рөлі, шамасы, платондық мемлекеттегіден тіпті кем болмаған-ау. Барлық экономиканы жаппай мемлекеттендіріп, жеке меншікті жойып, большевиктердің «әйелдерді қоғамдық жасауы» ғана қалған-ды. Бірақ әділетті қоғам құруға бәрібір қолдары жеткен жоқ. Мемлекеттің қыспағы астында миллиондаған адамдар

55

өз мүмкіншіліктерін іске асыра алмай, ішімдік батпағына батты, ал «билік ұстағандар» «мемлекет атынан» әрекет еткенмен, жағдайдың нақты билеушілері болып шығып, заңдастыра алмаса да, қолдарына елеулі байлық жинап қалды. Сөйтіп, «төмендегі» миллиондаған адамдар және байлықтарын заңдастырғысы келген «ат төбеліндей» билеушілер өмірге бейімсіз бұл қоғамды іштен жарып құртты.

Фашистік Германия туралы айтар болсақ, мемлекеттің бас идеологы Геббельс Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде болашақ «мыңжылдық Рейхтің» билік етуші элитасын қалыптастыру идеясын іске асырумен әлек болды. Ол үшін аса батыл неміс офицерлері майданнан кері қайтарылып, санаторийлерде демалуға жіберілді, ол жерлерге «мыңжылдық Рейхтің» болашақ билеушілерін – тазақанды арийліктерді дүниеге әкелу үшін, жас неміс әйелдері де жеткізіліп тұрды. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін, бұл әйелдер көбінесе дүниеге кемтар сәбилер әкеле бастады. Ол түсінікті де: өйткені нәресте – кездейсоқ жыныстық қатынастардың емес, сүйіспеншіліктің жемісі. Көп кешікпей, бұл «бағдарлама» жабылды.

Көріп отырғанымыздай, қаншалықты ақылға сыйымсыз болса да, кез келген идея текке кетпейді, ерте ме, кеш пе, оны өмірде іске асырғысы келетін адамдар табылады. Ол тиісті оң немесе теріс нәтиже бере ме, оны «Ұлы Мәртебелі Тарих» көрсетеді.

Ертедегі грек философиясы өз шыңына заманының білімдар адамы – данышпан Аристотельдің шығармашылығы тұсында жетті.

Бұны біз оның: «Органон», «Физика», «Аспан туралы», «Жан ту-

ралы», «Жануарлардың дене құрылысы туралы», «Алғашқы физика», «Никомахов этикасы», «Саясат» және басқа кітаптарының атауларынан-ақ байқай аламыз.

Кейіннен «Метафизика» деп аталып кеткен «Алғашқы физика» деген еңбегінде Аристотель дүниенің негізін құрайтын материалдық және бітімдік (форма) себептерді бөліп көрсетеді. «Бітімсіз материя жоқ, ал материясыз бітім жоқ», – деп сендіреді ол. Материя – замандардан келе жатқан инертті нақтылық (шындық). Ал бітім қайдан шықты? «Барлық бітімдердің бітімі – Құдай», – дейді ойшыл. Органикалық бірлікте ғана олар табиғат заттарын және денелерін құрайды. Демек, бар нәрсе – нақты денелер мен заттардан тұрады. Бұл жерде ол Платонның әлемді тануын теріске шығарады: заттармен қатар, ортақ нәрсе идеялардың жеке патшалығы сияқты өмір сүре алмайды. Нәтижесінде, бір-бірімен бірігіп кеткен материя мен форма қалай табиғат денесін құрай алады деген тым күрделі сұрақ туады. Оған жа-

56

уап бере отырып, Аристотель: «мүмкіндік» (грекше – dynamis, латын-

ша – potentia) және «шындық» (грекше – energeia, латынша – actus)

деген екі жаңа ұғым енгізеді. Материя – бір нәрсеге айналатын мүмкіндік. Форма – ол шынайы, сондықтан ол материямен бірігіп, соңғыны нақты шындыққа, яғни шынайылыққа айналдырады, ол өз кезегінде, өзінің бойынан басқаға айналудың жаңа мүмкіндіктерін табады. Пішін-бітімі жоқ мәрмәр кесегі деген не? Іс жүзінде – ештеңе. Бірақ егер мүсінші барлық артық жерлерін шауып тастап, мәрмәрдан Деметраның – молшылықтың әйел-Құдайының бейнесін сомдаса, бұл енді біз назар аударатын, пішініне сүйсіне қарайтын бірдеңе болып шығады. Ал кірпіш деген не? Ол – шынайы саз балшық, сонымен қатар болашақ үйдің мүмкіндігі де. Сөйтіп, кез келген нәрсенің пайда болуы – бір немесе басқа материалдық мүмкіндіктің болмысқа (шындыққа) айналуы. Жоқтан бар жасалмайды.

Оған қоса, Аристотельдің ғылымды үш үлкен тарауға бөлгенін де ерекше атап өткен жөн:

теориялық ғылымдар, яғни білімнің өзі үшін білім іздеуге келтіретін ғылымдар;

іс жүзіндегі ғылымдар – яғни міндеті – моральдық кемелдікке

жету болып табылатын ғылымдар;

өнімді ғылымдар, яғни мақсаты – белгілі бір нысандарды өндіру болатын ғылымдар.

Бұл үдемелі сатыда Аристотель теориялық ғылымдарға, яғни метафизикаға, физикаға (оның ішінде психологияға да) және математикаға даусыз басымдық береді. Рас, Аристотельдің өзі «метафизика» деген терминді қолданбаған (ғалымдардың ойынша, оны перипатетиктер (Аристотель идеясын қолдап, ары қарай жалғастырушылар) енгізген немесе Аристотельдің шығармаларын басып шығаруға байланысты б.з.д. I ғасырда Андроник Родосский енгізген). Аристотель:

«бірінші философия» немесе «теология»;

«екінші философия» немесе физика деп ажыратқан.

Физиканы ойшыл формалар (бітім-пішін) және мәндер туралы ғылым деп түсінеді. Ал егер оны біздің заманымыздың физикасымен салыстыратын болсақ, онда Аристотельдікі – онтология немесе сезіммен қабылданатын дүниенің метафизикасы болып шығады.

Қозғалыс пен қалыптасуды теріске шығаратын элеаттардан айырмашылығы – Аристотельдің пікірінше, қозғалыс – ол әлеуетте бар нәрсені өзекті ету. Сол себепті болмыссыздық, элеаттар ойлағандай, ештеңе болып табылмайды. Ол – әлеуеттен өзектілікке өту сияқты,

57

болмыс арнасында шыр айналатын болмыс формасы. Аристотель қозғалыстың барлық мүмкін формаларының онтологиялық құрылымын ұсынды. Оны барынша көрнекті және дәл баяндаған итальяндық ғалымдар Дж.Реале және Д.Антисери болды. Аталған мәселені сипаттаудағы олардың тәсіліне жүгінейік:

«Әлеует пен әрекеттің (акт) әртүрлі санаттарға жататыны сияқты, – деп жазады олар, – әлеуеттен әрекетке өту секілді, қозғалыс та әртүрлі:

1)субстанция (түпнегіз), 2) сапа, 3) сан және 4) орын деп аталатын санаттарға жатады. Сөйтіп, қозғалыстың төрт түрін аламыз:

1)түпнегізде өзгеру – «пайда болу немесе құру»;

2)сапада өзгеру – «жоғарылау немесе төмендеу; немесе айналу»;

3)санда өзгеру – «ұлғаю немесе кему»;

4)орны бойынша өзгеру – орын ауыстыру, «трансляция».

«Өзгеріс», – деп жазады ары қарай Дж.Реале мен Д.Антисери, – барлық төрт формаға да жарамды термин, ал «қозғалыс», керісінше, келесі үшеуіне, әсіресе төртіншісіне ғана қолдануға жарамды.

Барлық осы формаларда бір күйден қарама-қарсы күйге ауысатын субстраттың (әлеуетті болмыстың) болатыны жорамалданады. Пайда болу – ол форманы материя жағынан қабылдау, құру – форманы жоғалту. Альтерация – сапаның өзгеруі; жалпылықтан аздыққа өту және керісінше – бұл «ұлғаю және кему», ал бір жерден екінші жерге орын ауыстыру – «трансляция». Материядан және формадан тұратын тіршілік иелері ғана өзгеруге қабілетті, өйткені материяның ғана әлеуеттілігі бар. Сөйтіп, кез келген қозғалыстың бастауы – гилеоморфтық құрылымдар, яғни материя мен формадан жасалғандар» (Дж.Реале, Д.Антисери. Западная философия от истоков до наших дней. Т I. Античность. – М.: Петрополис. 1994. – 147-148-беттер).

Аристотельдің назарын ерекше аударған – кеңістік, уақыт, шексіздік болды (мұнда шексіздік: бітпейтін, таусылмайтын, ақыры жоқ деген мағынада. – Аудармашы). Бұл жерде де ол өзгеше орнықты, түбегейлі пікірлер білдірді. Мысалы, шексіздіктің сол уақыттағы маңыздылығын теріске шығарды. Оның пікірі бойынша, әлеуеттегі әлеует қана шексіз бола алады. Әлеуеттегі шексіздікке ол сандарды жатқызады, өйткені қашанда кез келген бір үлкен санды табуға болады және содан өтіп, ары қарай жүріп кетуге болмайтын жер (пункт) жоқ. Кеңістік те – әлеуеттегі шексіз нәрсе, өйткені оны шексіздікке дейін бөлуге болады, себебі кез келген өлшемді, ақыры, қашанда бөлуге болады. Уақыт – әлеуетті шексіз, ол үздіксіз ұлғаймай тұрмайды, басқаша өмір сүре алмайды.

58

Аристотель нақты шынайылықты: Ай астындағы, Ай үстіндегі деп екі салаға бөледі. Олардың айырмашылығы өздері жасалған материяға байланысты. Сонымен, Ай астындағы әлемнің материясы – бұл төрт: жер, су, ауа, от элементтерінде берілген қарама-қарсылықтар әлеуеті. Оларды ойшыл өзара қалпына қайта келетіндер деп санады. Бұл оның жойылудың қайта тууы үдерістерін негіздеуіне және терең түсінуіне мүмкіндік туғызды. Жоғарыда аталған төрт элементке Аристотель эфирді – оның пікірінше, солардан аспан жаралған «бесінші мәнді» немесе «бесінші субстанцияны» қосады. Бұл теория кейіннен Орта ғасырларда дамып, ал әлемді Ай астындағы және Ай үстіндегі деп бөлу – Жаңа заманда ресми түрде теріске шығарылды.

Ары қарай Аристотель дүниенің ықпалды және мақсат көздеуші себептерін ажыратады. Шындығында, бірдеңенің пайда болуы әлдебір нәрсенің ықпал етуі негізінде орын алады. Бірақ, егер біз пайда болған зат неге арналған деген сұраққа берілсек, онда бұл Аристотель заттың энтелехиясы (грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік) деп айқындаған мақсат көздеуші себепті көреміз. Қазіргі замандағы термин тілімен айтқанда, энтелехия – бұл заттың ішкі бағдарламасы.

Бірақ бұл жерде өз заманында Платон көтерген: біздің алдымызда жатқан әлем неге кемеліне келмеген деген мәселе пайда болады. Аристотель бұл мәселені материя арқылы шешеді. Инертті, енжар материя формамен бірігіп, қажеттіліктің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар кездейсоқтықтың пайда болуына да келтіреді. Сол себепті, бұл дүниедегінің барлығының дами беретініне қарамастан, ештеңе де өзінің толық кемеліне жетпейді, яғни өзінің энтелехиясына толық сәйкес келмейді.

Ал өмір мәселесіне келер болсақ, тірі ағзаның материалдық тәні, ал жанның формасы бар. Сондықтан жан ішкі энтелехияны қалыптастырады және ағзаны мақсат көздеуші негізде дамытады.

Аристотель жанның үш түрін ажыратып көрсетеді: Өсіп-өнетін жан (өсу және көбею); Сезетін жан (жан-жануарларда болады); Ойлайтын жан (адам ғана ойлай алады).

Аристотель этика ғылымында да үлкен із қалдырды. Оның адам өмірінің мәні туралы ой-толғаныстарына құлақ салып көрейік. Көпшілік адамдар өмірдің мәнін рақат табудың соңына түсіп, қызық қуудан көреді. Бұл, – шындығын айтқанда, құлдардың арманы.

Екіншілері құрмет-қошемет, даңқ туралы армандайды, бірақ оның бәрі оларға басқалар арқылы келеді. Бүгін – бар, ертең – жоқ.

59

Үшіншілері байлық қуып шаршайды. Бұл – табиғатқа қайшы келетін, ең бір мағынасыз іс, өйткені байлықты басқа мақсаттарға жетудің құралы ретінде пайдалануға болады, ал мақсаттың өзі

ретінде оның ешқандай маңызы жоқ.

Адамның барлық іс-әрекеттерінің мақсаты – рақатқа жету. Адам саналы тіршілік иесі болғандықтан, рақаттың ең биік шыңы – Әлемді өз ойларыңмен қамту (theoria). Бірақ адамға алдымен өмір сүру керек, ал ол үшін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қажет.

Әлбетте, кедейлік, қажетті заттардың өне бойы жетіспеуі, аурусырқаулар және басқалары адамды рақаттан алыстата түседі. Сен бай болсаң, қалағаныңның бәрі бар болса, денсаулығың мықты, ал күшқуатың тасып тұрса, онда сен өзіңді бақытты сезінесің. Алайда бұл – барлығы емес.

Рақатқа жетудің айқын жолы – арете (arеte – грек сөзі, ізгілік деген мағынада). Адамның рақат алуы – ол ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, бұл ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, онда оған үйрену керек. Адам біржақтылықтан азат болуға және «ортаңғы жолды» таба білуге тиіс, еш нәрсе де шектен аспауы керек. Мысалы, батылдық ессіз батырлық пен қорқақтықтың арасындағы, ал жомарттық – ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы бірдеңе.

Аристотель адамға «zoon politicon» – «саяси хайуан» деген анықтама береді, өйткені адам бұл дүниеде жападан-жалғыз тіршілік ете алмайды. Сол себепті мемлекет адамдардың бірлескен тіршілік қарекеті жолындағы қажеттілік іспетті пайда болады. Аристотель мемлекетті жеке меншік пен еркіндікпен ұштастырады. Сондықтан құлдар мемлекеттің азаматтары бола алмайды. Құлдық мәселесінде данышпан Аристотель де өз заманының шектерінен шыға алмады, өйткені әрбір адам – өз дәуірінің ұрпағы.

Платон жеке меншікке қарсы болса, ал Аристотель сол үшін қол көтереді. «Меншіктің орасан зор пайдасын айтпағанның өзінде, оның болуының өзі адамды өзгеше рақат сезімге бөлейді, – деп сендіреді ол. Алайда байлық иеленуші адам жомарттық көрсетуге, кіріптарларға жәрдемдесуге тиіс, олай болмаған жағдайда қоғам өзінің орнықтылығынан айырылып қалуы мүмкін». Аристотель қоғам орнықтылыққа жетіп, халықтың басым көпшілігінің орташа баршылықта өмір сүргенін қалайды. Ойшылдың осы идеялары негізінде XX ғасырда Батыс философиясында «орта тап теориясы» құрылды. Біздің мемлекетіміздің «орта тап» құру жолында орасан күш-қайрат жұмсауы ұлы ойшылдың идеялары арнасында тоғысқан.

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]