Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

Бұл бағыт аясында философтар өмірдің әртүрлі түсініктерін берді: өмірдің табиғаттық-биологиялық түсінігін жақтаушылар оны түйсікпен, өмір сүруге құлшынумен, ерік-жігермен теңестірсе, тарихи түсіндіру – өмірді адамның күйзелістеріне, тұлғаның нақты-тарихи дәуір мәдениетімен байланысқан ішкі жан дүниесіне балайды. Пантеизм1 тұрғысынан өмір әлдебір ғарыштық, әр кезде өзінің әртүрлі формаларын тудыратын әлеуетті күш ретінде түсіндіріледі.

«Өмір философиясының» алғашқы өкілдері – Вильгельм Дильтей (1863-1911) және Георг Зиммель (1858-1918) өмірді ерік құлшыныстарына, сезімдік күйзелістерге, құмарлықтарға жатқызады. Олардың түсінігінше, өмір – ол тұрақты шығармашылық, өзгеріс. Ол бейберекеттікті әлдебір қалыптастырылған тәртіпке айналдырады.

Өмір организмдік және, сонымен қатар организмдіктен жоғары тұрған

формаларда болады. Егер организмдер деңгейінде өмір өліммен шектелсе, ал организмнен жоғары тұрған формалар бір немесе басқа мәдениетті құрады. Шындық (болмыс), осы көзқарас тұрғысынан алғанда, тұлға күйзелістерінің ағындары арқылы құрылған «өмір тәжірибесі» болып табылады. «Өмір тәжірибесін» толықтай ойлау қызметіне жатқызбаймыз, ол өзінің терең көрінуінде иррационалдық болғандықтан, оның шектерінен асып кетеді. Сондықтан өмір қандай да бір жалпы заңдылықтарға бағынбайды, оған дербес, қайталанбас нәрсеарқылыжетугеболады.Алайдаонызерттепбілушығармашылық қасіретіне әкеліп соқтырады, өйткені өмір өзінің болуы барысында нысанға айналған, яғни заттандырылған формаларымен қарамақайшылыққа келеді.

Бұлқарама-қайшылықтардышешу,Дильтейдіңойынша,зерттелетін уақыттыңруханиахуалынаенуарқылы,яғниөзіңніңбарболмысыңмен сол не басқа дәуірдің қайталанбас хош иісін сезгенде ғана мүмкін болады. Осы жағдайда ғана тарихтағы мәдениеттің қайталанбас және дербес көрінісін аша аламыз. «Рух туралы ғылымды» танып білудің осындай әдістерін ол «герменевтика» деп атайды. Автордың бұл пікірлерінде үлкен мағына бар.

Мысалы, Платонның еңбектерін зерттей отырып, бүгінгі күн биігінен қарағанда, екі мыңжылдықтан астам уақыттан кейін де қазіргі заманның адамы сол замандағы гректердің қалай өмір сүргенін, нені армандағанын, неге табынғанын білмей және басқадай өмір салтына

1 Пантеизм – Құдайды табиғатпен біртұтас деп танитын, табиғатты құдіреттің ісі деп білетін философиялық ілім.

231

терең енбей, оны түсіне алмайды. Сонда ғана қазіргі заман өмірімен салыстыру арқылы антика дәуірінің ойшылы шығармашылығының өміршеңдігін және қайталанбастығын ашуға болады.

«Өмір философиясы» аясында француз ойшылы Анри Бергсон

(1859-1941) «шығармашылық даму» бағытын құрды.

Оның көзқарасы бойынша, бастапқы терең болмысты бүтін, толыққанды өмір ретінде елестетуге болады. Материя мен рухқа келсек, олар бұл өмірдің қалдық көріністері болып табылады. Өмір – ол «өмірлік құштарлық» (фр. – Elan vital), үздіксіз шығармашылық қалыптасу.Материяболмыстыңәлдебіржанамабастауыболғандықтан, демек, ол қарсылық көрсетеді, сөйткенмен өмірге бағынады. Осыдан келіп қиындық, Табиғат эволюциясы (дамуы) басталады. Олай болса, әлем – өмірдің жаңа формаларының біртұтас, ешқашанда тоқтамайтын шығармашылығы, тіршілік қарекеті.

Адамды ойшыл өзінің ой өресі, пайымы көмегімен қоршаған ортаға бейімделген тіршілік иесі санайды. Ой өресі – адамның ақылмен ойлауы, нақ сол арқылы ол қоршаған әлем құбылысын таниды. Жаратылыстануда біз адамның ой өресінің, пайымының жоғарғы деңгейін көреміз. Ой өресі, ақыл тұтас әлемді заттарға, соңғыларды элементтерге ажыратып бөледі, содан кейін әлемнің жасанды бейнесін құра отырып, оларды қайтадан жинайды. Ой өресі айқын белгіленген нәтижелерге қол жеткізу мақсатында адамның материалдық қызметін ұйымдастыру қызметі ретінде пайда болады. Бұл жерде Бергсонның:

«Ой өресі заттардың терең мәнін аша алмайды, тек олардың арасын-

да пайда болатын байланыстар мен қатынастарды ғана көрсетеді», – деген пікіріне ерекше назар аударған жөн. Ой өресінің қызметі – жансыз материяны құрамдас элементтерге ажыратып бөлу және оларды басқадай формада қайтадан жинастыру. Егер олай болса, онда ой өресі заттардың сыртқы қабығын ғана игереді екен ғой. Ол кинематографқа ұқсайды. Әр кадрда – заттың статикалық (орнықты) бейнесі. Алайда олар жүйелі түрде белгілі бір жылдамдықпен айналдырылса, қозғалатын заттың бейнесі жасалады. Сол сияқты, ақыл-ой да бізге бір-біріне ұқсас, өне бойы қайталана беретін нәрселерді көрсетеді. Ал өмірдің өзегін, осы дүниеге бір-ақ рет келетінді ақыл-ес ұстап қала алмайды.

Алайда адам танымының тағы бір құралы бар, ол – түйсік. Бұл – заттардың терең мәніне сезіммен ену, ой өресі таба алмайтын олардың өміршеңдігін табу. Түйсік – рухтың бастапқы негізі, демек, өмірдің өзі. Бергсонныңойынша,тарихи-танымдықкөзқарастұрғысынанбастапқы

232

түйсік – ырықсыз сезім мен ақыл-еске бөлінген. Сол бойда ырықсыз сезім өзінің саналы сезімінен айырылса, ал ақыл-ес заттардың ішкі мәнін ажырата білу қабілетінен айырылған.

Адамның түйсігі ақыл-еске бағынады. Алайда кейбір шектес жағдайларда, мысалы, адам өміріне қауіп төнген немесе өмірінде аса маңызды, тағдыршешті оқиғалар орын алған кезде, түйсік ақыл-ес бұғауынан босанып, адамға нақты шындықты көрсетеді және оның Ғарыштағы орны мен тағдырын айқындауға көмектеседі.

Адам – ізденіспен, шығармашылықпен жүретін тіршілік иесі, өйткені «өмірге құлшыныс» оның жүрегі арқылы өтеді. Бірақ өмірге терең бойлау түйсігі – адамдардың басым көпшілігіне берілмеген қасиет.

Бергсонның әлеуметтік философиясы да өзіндік сипатқа ие. «Мораль мен діннің екі бастауы» деген еңбегінде ол мәдениет философиясының өз түсінігінде қандай екенін, сондай-ақ этикалықдіни мәселелерге көзқарасын баяндайды. Ал бұл тұжырымдаманың теориялық негізін «Шығармашылық даму» жұмысында берілген идеялар құрайды. Бергсон әлеуметтіктің екі:

1) «жабық» және «ашық» қоғамдарды; 2) соларға сәйкес келетін мораль мен діннің: орнықты және серпінді (динамикалық) үлгісін қарастырады. Жабық қоғамдарда адамдар көп жағдайларда өзі үшін емес, басқалар үшін өмір сүреді. Ал ашық қоғамдарда тұлғаның жеке өмірі, оның шығармашылығы ұжым мүдделерінен жоғары тұрады. Ішкі өміріне терең бойлап қана адам өзінің еркіндігін және әлеуметсіздігін сезінеді.

Бергсон өз философиялық мектебін құрмағанмен, оның көзқарастары Еуропаның, әсіресе Францияның мәдени және зияткерлік ахуалына терең ықпал етті. Оның идеяларының әсерін өз заманының көрнекті қайраткерлері: П.Тейяр де Шарден, Э.Леруа, А.Тойнби, Дж.Сантаяна және басқалары да сезіне білді.

Бірақ «өмір философиясында», сөз жоқ, аса күрделі тұлға Фридрих Ницшенің (1844-1900) шығармашылығы ерекше орын алады. Әсемдікті түсінуге жетік, сұңғыла ойшыл эстетиканы биологиялық текпен ұштастыруға дейін жетті, әйел атаулыны жек көрді, өзін артық санаудың азабын тартты, соның кесірінен жаны күйзеліске түсіп, ақырында ауруға ұшырады.

Әдетте, Ницшенің өмірбаянынан Еуропаның мәдени дамуы кезеңдері табылып, оның шығармашылығын үш кезеңге бөлу қалыптасқан:

233

біріншісі – жарқын, көтеріңкі романтизм;

екіншісі – позивитизмге өту, қатаң ғылымды және оның

әдістерін дәріптеу;

үшіншісі – шын мәнінде ницшелік – «мәңгілік қайта оралу», «билеуге ерік» және «өзін бәрінен жоғары қоятын адам» идеяларымен қоса алғанда.

Оның ерте байқалған мүдделерінің қақ ортасында грек және неміс әдебиеті тұрды, оның өзі де поэзия және музыкамен айналысып, ол салаларда тәп-тәуір жетістіктерге қол жеткізе алды.

Грек өркениетіне жасаған терең талдауын ол сол замандағы неміс қоғамына да қолдануға әрекет етті. Ницшенің ойынша, грек мәдениеті оған екі үрдіс келіп қосылғанда ғана өз биігіне көтеріле алды. Олардың біреуін, ойшылдың пікірінше, шарап пен көңіл көтеру құдайы – Дионис білдірген. Онда ырықсыз сезім, құмарлық, табиғаттың жабайы күштері басым. Осы үрдіс көбірек орын алған жердегі адамдардың бойынан айтыс-тартыспен жеңіске жетуге деген шексіз ынтықтық, мистикалық ашу-ыза, тіпті кек көбірек байқалады. Екінші үрдістің орын алуына өнер мен ғылым құдайы – Аполлон еңбек сіңірді. Аполлон рухы билік еткен жерде адамның: өз-өзін билеуі, барлық нәрседе бірқалыптылық пен алаңсыздық таныту сияқты қасиеттері алға тартылады.

Ницшенің пікірінше, бастамасында ертедегі гректердің өміріне дионистік қасиеттер тән болды, бірақ сәтті араластыру кезеңінен кейін аполлондық қасиеттер басымдық алды. Грекияның ұлылығын құраған екі үрдістің сәтті қосылуы ұзаққа бармады. Нәтижесінде, дионистік қасиеттер аяққа тапталып, «шамадан тыс ештеңе емес» доктринасы билік алды. Ал бұл Батыс өркениетінің жетекші уәжі – көнбіс орташалықтың, яғни ортадан аспаудың кіріспесіне айналды. Ал себеп – христиандықтың пайда болуы және таралуы.

Сөйтіп, ницшелік талдаудан Грекияның жоғары мәдениетіне аурусырқау діңкелеткен, құмарлыққа, дараланып көрінуге зәру Еуропаның, атап айтқанда, XIX ғасырдағы Германияның қарама-қайшы екені келіп шықты. Оған (жоғарғы мәдениетке) жету үшін, алдымен Батысты жайлаған христиандық мораль саналылығының дәстүрлі үстемдігін жеңу керек.

Өмір сүру, Ницшенің сөзімен айтқанда, – күрес. Бұл тезиске сөзсіз ықпал еткен: «Табиғат күштілердің тірі қалып, әлсіздердің көзі жойылғанын құптайды», – дейтін Дарвин тұжырымдамасы болды.

234

Егер Шопенгауэр философияға «Әлемдік ерік» санатын енгізсе, ал Ницше оған әлеуметтік-этикалық мағына беріп, «билеу еркі» деген түсінікке ауыстырды. Шопенгауэрдің «Әлемдік еркі» біреу болса, Ницше еріктердің көптілігін және билік үшін күресте олардың бірбірімен бәсекелестігін, үстемдігін мойындайды. Шопенгауэр Әлемдік ерікке қарсы тұру үшін, еріктен бас тартуды қажет санаса, ал Ницше, керісінше, адам – құл емес, демек, ол билеуге деген ерікті өмірге енгізуге, сол үшін күресуге тиіс деп санайды.

Өз-өзіне: «Жақсы деген не?» – деген сұрақ қойып, Ницше: «Ол – билікке жетуге септігі тиетіннің барлығы», – деп жауап береді. «Дүниені танып білу билеуге ұмтылатын ерікті күшейте ала ма?» – деген сұраққа ол: «Жоқ, өйткені ақыл-ес өзінің әртүрлі ой-тұжырымдары арқылы билік алғысы келетін ерікті басып-жаншиды. Мораль да қоғам мүдделерінен келіп шығатын өзінің талаптары арқылы адамның билікке жеткісі келетін ерік-қалауын әлсіретеді», – деген жауап қайтарды.

Билеу еркі – күшті адам құқығының негізін құрайды, сондықтан ол кез келген діни, моральдық және басқадай нормалардан жоғары болуға тиіс.

Адамдардың теңдігін жариялай отырып, социализм сол арқылы адамның билікке ұмтылысын тұқыртады. Демократия да соған қарсы әрекет етеді, өйткені тобыр кез келген билікке қарсы, демек, күштінің билікке деген құқына қарсы тұрады. Еркек пен әйелдің өзара қарымқатынастарына келсек, онда табиғаттың өзі алғашқысын күшті етіп жаратқан, яғни оған билеу құқын берген. Сондықтан еркек пен әйелдің теңдігіне (эмансипация) бағытталған кез келген әрекет – қоғамның іріп-шірігенінің көрсеткіші.

«Мораль генеалогиясына» деген еңбегінде Ницше моральды жоғарыда келтірілген ой-пікірлерден шығаруға тырысады. Оның пікірі бойынша, «жаман», «ұсқынсыз» деген мағына беретін «shlecht» деген неміс сөзінің мағынасы «shlicht» – «қарапайым адам» сөзіне жақын. Тарихи қалыптасқан «бай», «атақты», «даңқты» деген сөздер «жақсы» ұғымымен теңестіріледі. Ал «кедейшілік», «қарапайымдылық», «әлсіздік» сөздері «жаман» ретінде бағаланады.

Ал мыңжылдықтар бойы кедейлер мен құлдардың қоғамға өз моралін таңуға тырысқанын ол «құлдар мен моральдың көтерілісі» деп атады. Тарихи тұрғыда, Ницшенің пікірінше, осының бәрі де «Көне Өсиет» кезеңінің еврейлерінен бастау алады. Олар: «жақсы – ізгілікті – күшті – бақытты» деген сөздерге теріс мағына беріп,

235

аристократияның құндылықтарына қайта бағалау жүргізді. Олар: Бақытсыз адамдар ғана – жақсы адамдар, ал кедей, тұлдыр, азап шегушілер – Құдай сүйіспеншілігіне лайық адамдар», – деп мәлімдеді. Құндылықтардың осылайша қайта бағалануын кейіннен христиандық дін құп көрді. Сондықтан «иудейлік-христиандық моральды» қайта қарайтын және тақсырлар мен аристократтар моралінің төмендегі қағидаларға негізделген құқықтарын қалпына келтіретін уақыт келді. Ол қағидалар:

1.Өмір құндылығын сол қалпында тану.

2.Адамдар табиғатынан теңсіз.

3.Күшті адам моральдан азат.

Ф.Ницше жоғарыда аталған қағидаларға сай келетін адамдардың әлі дүниеге келмегеніне қамығады. Егер хайуандардың бір немесе басқа түрі тарих алаңынан кетерде артында ең жақсы, өмірге бейімделген тұқым қалдырса, онда адам түр ретінде ерекше жаратылған адамды тудыра алмайды, өйткені адам – ауру хайуан. Оның Табиғат берген бастапқы ырықсыз сезімдері сөнген, ал олардың орнын сана басқан.

Ницше ерекше жаратылған адам – аққұба алаяқтың пайда бо-

латын кезі келгеніне сенімді болды. Бұл – «нордтық тұрпатқа» жататын «арийлік нәсіл» адамы. Моральдық көзқарас тұрғысынан алғанда, ондай адамдар бір-біріне қарым-қатынасында кішіпейіл, сыпайы, ізгілікті. Бірақ басқалармен қарым-қатынас жасағанда, олар ойларына келгенін істей алады, тіпті айуандық көрсетуі мүмкін.

Ницше ерекше адамды сыртқы түріне қарап-ақ тануға болатынын айтады. Егер оның шыққан тегі бірден көрініп тұрса, онда тобыр оған сөзсіз бағынуға әзір. Егер тобыр оның сырт келбетінен ізгілікті көре алмаса, онда байлық пен билік оған мүлдем кездейсоқ беріліп қалған деп санайды. Сол кезде жай адамның басына: «Ал мен неге бағымды сынап көрмеймін?» – деген бүлікшіл сұрақ келе қалады. Ондай ой, Ф.Ницшенің пікірінше, ақыр соңында, социализмге алып келеді.

«Көңілді ғылым» (1882) атты еңбегінде Ницше Құдайдың бар екені туралы мәселені қарастырады. Автор алаңға жүгіріп шығып: «Мен Құдайды іздеп жүрмін! Мен Құдайды іздеп жүрмін!» – деп айғайлайтын есуас туралы әңгімелейді. Оның айғайын базардағы Құдайға сенбейтін адамдар естиді. Олар кекесінмен есалаңнан: «Мүмкін, Құдай адасып кеткен шығар?» – деп сұрайды. Сонда әлгі делқұлы оларды көздерімен атып: «Құдай өлді. Құдай тірі емес. Оны біз өлтірдік», – дегенді айтады.

236

Бұл кішкене әңгіме арқылы Ницше ғылым мен техниканы дамытып, Құдайды өлтірген еуропалықтарға кінә артады. Адам Құдаймен тең тұруға ниет етіп, қоршаған әлемді танып біліп және өзгертіп, енді іс жүзінде сенімнен айырылған күйге түсті.

Философ болашақта христиан Құдайының орнын әлемдік тарихта дүниеге келуге тиіс Ерекше адам басатынына сенімді болды.

Өзінің философиясын Ницше құндылықтарды қайта бағалау

ретінде қарады. Рационализмнен, ақыл-естің өмірге билік еткісі келетін әрекетінен ол қоғамның кері кетуін («декаданс») көрді. Философ культі – ол «ең жақсылардың», «таңдаулылардың» культі. Демократияны үйірдегі жан-жануарлардың моралі деп атап, ол, шындығында, буржуазиялық демократия мен моральды сынға алды.

Сөз жоқ, Ницшені ең бір қауіпті және жападан-жалғыз қалған фи-

лософияны тудырушы деп санағандар шындықтан алыс кетпеген. Ницшенің фашизм идеологиясының жаршысы болғаны туралы

да жиі айтылады. Бұл кереғар пікірдің тууына, мүмкін, Гитлердің өзінің, мамандардың ойынша, жаман суретші болмаса да, өнерді жан-тәнімен жек көргені себеп болған шығар, бірақ Ницшені құрмет тұтып, фюрер оның Веймарда орналасқан мұрағатына келгенде, философтың қарындасы Ферстер-Ницше қонаққа сыйлық ретінде ағасының сүйікті таяғын тарту еткен. Әрине, бұл кездейсоқ келу емес еді, өйткені жұртшылықтың санасында ол кезде бірнеше шындықтан құрылған: «бәріне де жол берілген», «өмір – ол билеу еркі», «құлайын деп тұрғанды итеріп жіберу керек», «ешқандай жанашырлық жоқ, күштілер бұйыруға, ал әлсіздер бағынуға тиіс» деген сияқты таптаурын пікір – стереотип қалыптасқан-ды.

Бірақ, біздің ойымызша, «Фашизмді тудырған Ницше емес, фашизм Ницшені тудырды», – деген неміс жазушысы, антифашист Т.Манн (1875-1955) дұрыс айтқан, өйткені ол басталып келе жатқан империализмнің алғашқы белгілерін байқап, фашизмнің жақын екенін жария еткен (Манн Т. Шығ. жин. 10-т. – М., 1961. – 379-380-беттер).

237

8-тарау. XX ғасырдағы ғылым мен философия

8.1. XX ғасыр философиясындағы негізгі үрдістер: сциентизм мен антисциентизмнің күресі

Қазіргі заман философиясы деп біз, негізінен, XX ғасырдың ғылымы мен философиясын түсінеміз, өйткені XXI ғасырдың басында ғана өмір сүріп жатқандықтан, философиялық деңгейде болып жатқандарды қорытындылау үшін, біз әлі жеткілікті рухани тәжірибе жинақтап үлгірген жоқпыз.

Өткен ғасыр әлемдік тарихта қашанда оқшау тұрған қалпында сақталады. Біріншіден, ол таным және қоршаған әлемді өзгерту мәселесінде адамның орасан үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Адамзат әйел-құдай Изиданың жамылғысындағы: «Мен бұрын болған, болып жатқан және болатын солмын және келуші бірде-бір тіршілік иесі менің жамылғымның етегін көтере алмайды» деген жазуды теріске шығарғандай. Өйткені нақ осы ғасырда табиғаттың ең бір құпия сырларына адам даналығының ғажап енуі орын алды. Нәтижесінде, атомдық электр станциялары адамдардың бейбіт өміріне энергия беріп жатыр; интернет бүкіл жер шарын қамтыды; жер шарының кез келген нүктесінен ұялы телефон арқылы басқалармен хабар алысуға болады; жолдардың үстімен жүз миллиондаған машиналар жүйткіп, жүз мыңдаған ұшақтар аспанды шиырласа, ғарыш кемелері жерді айнала ұшып жүр. Осылардың барлығы да бір ғана XX ғасырда іске асты! Адамдардың өмір салтында орын алған ғаламат өзгерістер философияда сциентистік бағыт тудырып, ойшылдардың оптимистік дүниетанымын оятты.

Сциентизм (лат. scientia – білім, ғылым) – бұл негізінде аса жоғары мәдени құндылық және адамның Әлемдегі бағдарын анықтаушы фактор туралы ғылыми білім туралы ұғым жатқан идеялық ұстаным. Оның үстіне, ғылымның өзінің мұраты ретінде, әдетте, табиғат заңдарын танып білудегі жетістіктерінің және соған байланысты ғылыми-техникалық ілгерілеудің ықпалымен сциентизм пайда болатын нақты математикаландырылған жаратылыстану қарастырылады.

Қарама-қарсы идеялық ұстаным – ол антисциентизм. Ол адамның әлемге қатынасының факторы сияқты мәдениет пен ғылыми таным саласындағы ғылымды және оның рөлін сын тұрғысынан бағалаудан көрінеді.

Алайда біз «шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтардың да соншалықты тереңдігі» туралы нақылды әрдайым есте ұстауға тиіспіз.

238

АЭС-термен қатар атом бомбалары да пайда болды және оларды сынау адамдарға жасалды (Хиросима мен Нагасакиді еске түсіріңіз), ядролық полигондар, Чернобыль АЭС-індегі жарылыс ғасырдың сциентистік қиялын түбірімен жоқ етті. Бұл философия саласында антисциентистік көзқарастардың пайда болуына әкеп соқтырды.

XX ғасырдың тағы бір ерекшелігі – осыған дейінгі бірде-бір ғасырдың онда болған алапат соғыстарды және соған байланысты қатыгездіктерді білмегендігі болды. Он мыңдаған өрімдей жастар екі дүниежүзілік және одан кейінгі «жергілікті соғыстар» деп аталатын қақтығыстардың құрбаны болды. Адамның өмірі тіпті нәзік болып шықты. Бұл жағдай философтардың бір бөлігінің өмір философиясын, экзистенциализмді және басқа бағыттарды туғызып, осы әлемдегі адам болмысының ерекшеліктерін зерттеуге бет бұруына себеп болды.

Егер қоғамның рухани өмірін алып қарасақ, онда бұл жерде де қарама-қайшылықтар аз емес. Бұған, біріншіден, ғылымның, жоғары білімнің дамуы, ғылымдардың қолжетімдігі, жүз мыңдаған данамен таралатын мәдениет экспонаттары, ал, екіншіден, адамның техника, заттай байлық пен тән-сезімдік ләззаттардың құлына айналуы мысал бола алады. Бір жағынан, әлемнің ұлы гуманистері – Тереза-Ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди өмір сүрсе, екінші жағынан, «зұлымдықтың данышпандары» – Сталин, Гитлер, Муссолини, ПолПоттың және басқаларының да өмір сүргенін айтқан жөн.

Әлеуметтік өмір жайында айтсақ, онда ғасырдың басында Ресейде большевиктер бұған дейін көз көріп, құлақ естімеген батырлықтың үлгісін көрсетті, сонымен қатар жетпіс жылға созылған қайғылы әлеуметтік тәжірибеге жеткізген социалистік революция жасады. Миллиондаған адамды құрбан еткен революцияның ақсиған құбыжық тісі адамзаттың ағарған, озық бөлігін коммунизм, ұлттық социализм сияқты қандай да бір ізгілікті идеялардан түбегейлі айырып тынды.

XX ғасырдың жетпісінші жылдары Батыстың көптеген елдері өз дамуының «постиндустриалдық қоғам» деп аталып кеткен жаңа кезеңіне аяқ басты. Халықтардың өмір сүру деңгейі шапшаң өсті, демократияға және «адам құқы» дегенге басымырақ назар аударыла бастады. Алайда материалдық байлықтың артуы бұл елдерді рухани өмірдің дәл сондай көтерілуіне жеткізбеді. Керісінше, оның тоқырауы орын алған сияқты. Ғасыр соңына қарай байлыққа батқан, өз кезінде Ертедегі Римдегідей, «нан мен қызық іздеген» «алтын миллиард» деген, ал екінші жағынан, қарапайым игіліктерге мұқтаж, тойып нан же-

239

меген миллиард адам шықты. Ал олардың ортасынан өмірден азғантай да болса жақсылық іздеген төрт миллиард беймаза топты көреміз.

Біздің ойымызша, бүгінгі күні адамзат үшін ең маңызды да өзекті мәселе – ол табиғаттың ең жоғарғы өнімі – Жер бетіндегі өмірдісақтау болып табылады. Ол үшін ғылыми-техникалық прогресс барлық замандарда жасампаз болған «адамзат әкелерінің» рухани өсуімен, адамгершілік тұрғыда қалыптасуымен ұштасуға тиіс. Осындай шарттар орындалғанда ғана философияның: адамның өмір сүруінің мәні неде және адамның өзінің мақсат-мұраты не деген «мәңгілік сұрағына» жауап беруге болады. Бұл жолда халықтардың бәсекелестігі емес,

олардың бір-бірлерін өзара толықтыруы және ынтымақтастығы

қажет.

8.2.XX ғасырда классикалық емес немесе постклассикалық ғылымның пайда болуы және оның ерекшеліктері

Классикалық ғылымның, бәрінен бұрын, математикалық талдау әдістемесін пайдаланатын тәжірибелік зерттеулердің жетістіктеріне сүйеніп, ғалымдар XX ғасырда ғылымда таңғажайып жаңалықтар ашты және сонымен бір мезгілде классикалық ғылымның негізгі қағидаларын сынға ұшыратты. Ғылымда жаңа жағдай орын алып, ол ғылым дамуындағы классикалық емес кезеңнің пайда болуына келтірді.

Оның негізгі себебі адам даналығының микрожәне мегаәлем құпияларына енуі болды. Ғасыр басында Майкельсон бірқатар тәжірибелер жасай отырып, ғылымнан кезінде Аристотель енгізген эфир түсінігін қуып шығады. Бірақ, екінші жағынан, мүлдем қара денелер жиынтықтарын түсіндіруде үлкен қиындықтар туды.

Классикалық ғылым тудырған, сол уақытта денелер жылдамдығымен танымал болған әлемнің механистік суреті шектерінде электр-магниттік құбылыстардың табиғатын түсіну мүмкін болмады. Соңғылардың жылдамдығы Күн сәулесінің жылдамдығына (300 шақ/сек) парапар болып шықты. Бұл релятивистік физиканың шығуына себеп болды. Немістің ұлы ғалымы А.Эйнштейн 1905

жылы салыстырмалылықтың дербес, ал 1916 жылы жалпы тео-

риясын құрып, кеңістік пен уақыттың классикалық ғылымда қалыптасқан түсінігін төңкеріп тастады. «Ультракүлгін апат» деп аталатын жаңалық классикалық ғылымның микроәлемде болып жататын үдерістерге қатысты түсінік құралын пайдаланудың мүмкін еместігін

240

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]