Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

3. Үшінші сатыда «МЕН» және «МЕН емес» екеуінің арасында, бір жағынан, шексіздікке бағытталған, ал, екінші жағынан, ақырғы диалектикалық қатынастар пайда болады.

Сөйтіп, «үлкен «МЕН» Әлемнің барлық субъектілері мен объектілерін тудырады, бірақ шексіз рух болғандықтан, тұлға болып табылмайды.

Кішкентай «МЕНдер» өздерінің Табиғаттан айырмашылығын түйсінген сәтте ғана пайда болатын сана-сезімге ие. Олай болса, объектісіз субъект жоқ және субъектісіз объект жоқ. Олардың өзара әрекеттерінде, әрине, субъект шешуші рөл атқарады: өзінің рухани күштері мен шығармашылық қызметіне бола ол қоршаған дүниені өзгертеді. Ішкі дарындарын жайып көрсетіп қана тұлға еркін болады. Адамзаттың Табиғатты игеруінің бар тарихы бір мезгілде әлемдік мәдениеттің қалыптасуы үдерісі де болады. Ол кезде адам Табиғатты игеріп және түрлендіре өзгертіп қана қоймай, өзінің табиғи негіздерін де жетілдіруге тиіс.

«МЕН еместің» құрамдас бөлігі болып саналатын Табиғатты ай-

тар болсақ, ол – өздігінен жетілген емес, тек нысан, зат, кедергі. Ал

«МЕН еместің» екінші бөлігі – санасы бар адамдар – өзгеше белсенді. Табиғаттың кедергісіне төтеп беріп, «табиғилықтың қабығын» арши отырып, адам оны игеру нәтижесінде өзін жетілдіре түсіп, үлкен «МЕНге» жақындайды. Осы тұрғыдан алғанда, адамзаттың бар әлемдік тарихы – ол Әлемдік рух – үлкен «МЕНге» үздіксіз жақындай беру болып табылады. Егер олардың қосылуы орын алса, онда бар әлемдік тарих аяқталған болар еді.

Кант бастаған болмыс метафизикасынан еркіндік метафизикасына бұрылуды Фихте қорытындылайды. Ойшылдың пікірінше, санасезімнің мәні – еркіндік және бар жүйені басынан аяғына дейін ол еркіндік түсінігіне талдау жасау деп қарайды.

«Алайда сын садағы XVII ғасыр рационализмінің алыпсатарлық рухына қарсы бағытталған Канттың трансценденталдық философиясынан айырмашылығы, – деп атап көрсетіледі «Жаңа философиялық энциклопедияда», – Фихте идеализмнің жаңа формасын – алыпсатарлық трансцендентализмді құрды» (Жаңа философиялық энциклопедия. 4-том. М.: Мысль. 252-бет).

Фихте іс жүзіндегі, яғни практикалық философияны уағыздады. Ол қатаң ғылыми болуға және барлық жеке ғылымдар үшін іргетас қызметін атқаруға, ғылымды жалпылай маңызды нақты білім деп негіздеуге, «ғылым туралы ғылымға», яғни ғылым іліміне айналуға тиіс.

191

Тарихқа субъективтік идеалист ретінде енгенмен, Фихте «идеализм» деген сөзді қолданбайтын, ал өзінің жүйесін сыншылдық (критицизм) деп атағанды жөн көретін.

Оның этикасы еркіндік түсінігіне негізделген. Адамның адамгершілік парызы, ойшылдың пікірінше, өзінің белсенділігінің көмегімен еркін болуға, оның үстіне, басқалардың еркіндігін де құрметтеуге тиіс. Оның әлеуметтік мемлекет және құқық мәселелеріне деген көзқарасы да осыдан келіп шығады.

Фихтенің пікірінше, адам – қашанда әлеуметтік тіршілік иесі, ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сол себепті Фихте әлемдік тарихты

мемлекетке дейінгі, табиғаттық және мемлекеттік дейтін сатыларға бөлуді қабылдай алмайды. Әлем тарихында мемлекет қашанда болған. Алайда мемлекет адамнан жоғары тұрған әлдебір өзіндік мақсат емес, ол бар-жоғықоғамдық өмірді ұйымдастыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылым мен білімді дамыту, материалдық игіліктерді өндіру ҚҰРАЛЫ ғана.

Олай болса, халықтың мемлекет қызметін бақылайтын құқы бар. Халықтарапынанбақылауәркезмүмкінболабермейтіншенеуніктердің теріс пайдаланушылықтарын, сыбайластығын сынға ала отырып, ойшыл мемлекет – ол озбырлық деген ойға келеді. Бірақ ол – қажетті озбырлық, өйткені қазіргі заманғы адамзат онсыз бола алмайды. Ал мыңдаған жылдар өткен соң, яғни адамзат адамгершілік тұрғыда кемелденген кезде, мемлекеттің ары қарай өмір сүруі қажетсіз болып қалады. Адамдардың моральдық жетілуі шынайы адамдық ахуалдың орнауына келтіреді және мемлекетке, құқыққа және шіркеуге деген мұқтаждық жойылады.

Шамасы, Фихтенің нақ осы көзқарастары келешек коммунистік қоғамда «жаңа адам» дін, мемлекет, құқық сияқты құбылыстарға мұқтаж болмайды деп санайтын Маркс пен Энгельске де үлкен ықпал еткен болуы керек.

Ойшылдың Германияны қайтадан өркендету үшін «жоспарлы экономика» қалыптастыру, адамдардың еңбекке және білім алуға деген құқықтарын қатаң қамтамасыз ету, сыртқы сауда-саттықты мемлекет қолына беру сияқты мәселелерге байланысты идеялары да марксизмнің әлеуметтік теориясына үлкен әсер етті деп жорамалдауға болады.

Өмірінің соңына қарай Фихте әлемді діни тұрғыда түсіну жағына қарай күрт бет бұрады. Егер өз онтологиясын құру барысында бастапқыда үлкен «МЕН» деп мәңгі «ЕРКІНДІКТІ», шығармашылық «ӨМІРДІ» және т.с.с. түсінсе, енді қазір ол болмыстың адам арқылы

192

өз-өзін тануы орын алады дегенді айтады. Соған қарап, Гегель өз философиялық жүйесінің негізіне Фихтенің осы идеясын алған болар деп жорамалдай аламыз. Ақыр соңында, үлкен «МЕН» дара «Болмысқа», Біртұтастыққа», «әлеуетті «Жарыққа» айналып, Құдай идеясына жетеді. Алайда, өкінішке қарай, философтың ауруы мен өлімі болмыстың шекті негіздемелеріне қатысты ізденістерінің ары қарай дамуына мүмкіндік бермеді.

Адамның орасан үлкен шығармашылық, өзгертушілік әлеуетін көрсете біліп, адамзаттың жарқын болашағына нық сене отырып, Фихте өз философиясы арқылы неміс философиясының дамуына ғана емес, сонымен қатар бүкіл адамзат философиясының өркендеуіне де зор ықпал етті. Бірақ Шеллинг пен Гегель кейіннен Фихтенің идеализмін жеңе отырып, оның философиясын жан-жағынан сынға ұшыратты.

Субъективті идеалист Фихтеден айырмашылығы – Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг (1775-1854) философия тарихына объективті идеалист ретінде енді. Ол өте талантты адам еді. Бозбала шағында-ақ ол профессор, тамаша дәрісші болып үлгерді. Оның дәрістеріне студенттер ғана емес, қоғамның зиялылары да, тіпті мемлекет басшысы да өз нөкерлерімен келіп қатысатын.

Шеллингтің шығармашылығының бес кезеңін бөліп көрсетуге болады:

табиғат философиясы (90 жылдардың ортасынан бастап);

трансценденталдық немесе эстетикалық идеализм (1800-1801 жж.);

теңбе-теңдік философиясы (1804 жылға дейін);

еркіндік философиясы (1813 жылға дейін);

оң философия немесе «Ашылу философиясы» (соңғы кезең). Оларды түсіне білу кілтін ойшылдың өмірінен табамыз. Ол өзінің

досы, романтикалық «Толқын мен тегеурін» (бұл жерде «сезім толқындары», құштарлықтардың тасқын сияқты ағыны сөз болып отыр) қозғалысының негізін салушылардың бірі Август Вильгельм Шлегельдің әйелі Каролина Михаэлиске ғашық болады. Екеуінің ғашықтығы «асқынып», Каролина Августен ажырасып, Фридрихпен некелесіп тынады. Бұл Шеллингтің өміріндегі үлкен оқиға болды, өйткені Каролина ол үшін «сәуле шашқан жұлдыз» ғана емес, оның көмекшісі де, ең бастысы, ойы бір серіктесі де болған-ды. Екеуі Шеллингтің жазғандарын бірге талқылайтын; ол күйеуінің хат алысуын жүргізіп отыратын... Бірақ аяқ астынан Каролина қатты ауырып, көп кешікпей қайтыс болады.

193

Бұл Шеллингтің өмірін күрт өзгертті. Ол ұзақ уақыт үнсіз қалып, содан кейін діни өмір жолына түседі... Біраз уақыт өткен соң, қайтадан үйленеді. Бірақ енді ол мүлдем басқа: басылып қалған, өң-түсі кеткен, шығармашылығы тұралаған адам еді.

Шеллингтің табиғатқа көзқарасын: «Табиғат философиясы идеялары» (1797), «Әлемдік жан туралы» (1798), «Табиғат философиясының алғашқы көріністері» (1799), «Динамикалық үдерістің жалпы дедукциясы» (1800) атты еңбектерінен көреміз.

Шеллингтің шығармашылығы жаратылыстануда ашылған ірі жаңалықтармен тұспа-тұс келді: оларды өз шығармаларында көрсетіп қана қойған жоқ, солардың нәтижелерін басшылыққа алып та отырды. Оның бойындағы табиғат түсінігі Канттың, әсіресе Фихтенің ықпалымен қалыптасты.

Шеллингтің табиғат философиясы өзгеше. Әлемнің бастамасын ол болмыс пен ойлаудың, субъект пен объектінің тепе-теңдігі бо-

лып табылатын Даралықтан (Абсолют) көреді. Ойшылдың өз сөзімен айтқанда, Даралық – бұл мәні бойынша мақсат-мұратқа сай емес, нақты емес, ойлау да, болмыс та емес, – бірдеңе. Алайда оның өмірге деген ішкі талпынысы бар, сол оны: «Бол!» қағидасын іске асыруға жеткізеді. Нәтижесінде Табиғат пайда болады. Егер Табиғатты Фихте субъект үшін кедергі, жай ғана бір зат деп түсінсе, ал Шеллингтің ой-

ынша, ол – құнарлы, өндіргіш күштері мол – natura naturans. Оны қарапайым жұмсақ негіз – natura naturata деп қабылдауға болмайды.

Бастапқыда Табиғат бейберекет түсініксіз күйде болғанмен, енді ол әлдебір мақсатты нәтижелерге келтіре бастайды. Оларды Шеллинг заттардың өзара тартылуы мен тебуінен көреді (физика терминдерімен айтқанда, – гравитация және магнетизм). Келесі кезеңде Табиғат химизмге дейін көтеріледі, ал олар, өз кезегінде, электр үдерістерімен байланысты. Ақырында, Табиғат көпқырлы, алуан түсті өмірді тудырады. Адам Табиғаттың ақырғы жетістігі іспетті пайда болады. Бұл тұрғыда «Адам мен Табиғат» субъект пен объектінің тұтастығын көрсетеді. Гравитацияның адам бойындағы бастапқы күші пайымдап қарауға айналады. Соның негізінде адам бойында біртіндеп сана-сезім қалыптасады.

Адамның сана-сезімі, Шеллингтің ойынша, үш сатыдан өтеді:

1.Көмескі түйсіктерден шығармашылық пайымға дейін. Бұл сатыда ішкі сезімдер мен сезіну нысаны теңбе-тең.

2.Шығармашылық пайымнан болмыстың мәнін тиянақты ұғынуға дейін (кеңістік, уақыт, себептілік, қажеттілік және басқадай түсініктер

пайда болады).

194

3. Санаттарды құраудан сана-сезім әрекетіне дейін (субъект өзін Табиғатқа қарсы қояды, сонымен қатар өзін нысан (объект) ретінде қарау арқылы сана-сезімге жетеді).

Сөйтіп, санамен ұғынбаған нәрсе тарихи үдерістерден өте келе, белсенді, еркін және саналы күшке айналады, яғни табиғат қоғамға айналады. Ерте жазылған «Догматизм мен критицизм туралы философиялық хаттар» (1795) деген еңбегінде өзінің «критицизмдегі мақсатын өзгермейтін өзіндікке, даусыз еркіндікке, шектеусіз қызметке ұмтылу» деп санай отырып, Шеллинг Фихтеден кейін қасаң (догматтық) философия қағидаларын сынға алса, көп ұзамай табиғатты түсінуде Шеллинг пен Фихтенің арасында түбегейлі қарама-қайшылық байқалады.

Шеллинг ұғымында табиғат – адамгершілік мақсатты іске асырудың құралы, сыни парасат өз күштерін сынап көретін материал ғана болуын тоқтатады және дербес нақтылыққа айналады. «Трансценденталдық идеализм жүйесі» деген еңбегінде Шеллинг жоғарғы мақсатқа жету бағытында табиғат дамуының барлық кезеңдерін жүйелі түрде ашып көрсетуге, яғни «табиғатты ұтымды біртұтас нәрсе, мақсаты – сананы тудыру болып табылатын ақыл-парасаттың ұғынықсыз өмірінің формасы ретінде қарауға» әрекет жасайды (П.П.Гайденко).

Физика мен химия саласында Л.Гальвани, А.Вольт, А.Лавузье, биологияда А.Галлер мен А.Браун ашқан жаңалықтар ойшылдың көзқарастарына айтарлықтай ықпал етті. Шеллингтің табиғат философиясындағы антимеханикалық сипат осыдан келіп шыққан.

Шеллинг неоплатониктердің дәстүрін Фихтенің этикалық идеализмімен біріктіруге әрекеттенеді және табиғат философиясын трансценденталдық идеализмнің органикалық бөлігі ретінде қарайды (табиғаттың дамуы саналы «МЕНнің» пайда болуына жеткізеді).

Шеллинг бойынша, «МЕНнің» қызметі теориялық және практикалық салаларға ажырайды.

Ол табиғи күштердің («әлеуеттердің») иерархиясын құрды, ал ол ақырында теңбе-теңдік философиясына айналды: субъект пен объектінің, нақты мен идеалдың, табиғат пен рухтың қарамақайшылығы Даралық-Абсолютте – идеал мен нақтылықтың теңбетеңдігінде жойылды.

Адамның «Екінші табиғат» жасауынан Шеллинг қоғамның ерекшелігін көреді. Адам өзін қоршаған әлемнің заттарын игереді және оларды шығармашылықпен түрлендіре, өзгерте отырып, өзінің еркіне бағындырады. Осы жерде субъективті және объективті заттар біртұтас

195

бүтінге айналады. Ол «жасадың – яғни таныдың», «әрекет ет те, – таны» деген қағиданы ұстанады.

Алайда Шеллингтің ойынша, әлемді терең танып білуды басқа жолмен де іске асыруға болады. Бұл – эзотерийлік (грекше ezoterikos – құпия, жасырын) жол, оған парасатты түйсік арқылы келуге болады. Бұған тек таңдаулылар, ерекше дарынды адамдар ғана қол жеткізе алады.

Шеллинг әлемдік тарихты Даралықтың ең құнды жетістігі деп санайды. Тарих адамзаттың өзгерткіш қызметі арқылы іске асады. Алайда бұл жолда адамзат Даралыққа толық жете алмайды. Бұл мақсатқа қоғамды шексіз жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан өздерінің алдына адамдар қоғамның қазіргі дамуы сатысында іске асыруға болатын мақсаттар мен міндеттер қоюға тиіс.

Шеллингтің филосфиялық жүйесінде өнер философиясына ерекше орын бөлінген. Егер Кант пен Фихте тарихтың мағынасын адамның моральдық жетілуінен көрсе, ал Шеллинг өнерден көреді.

Ойшылдың пікірінше, әсемдік арқылы Әлемді терең түсінуге және сезінуге болады, өйткені Универсумның1 өзі – «дара өнер туындысы», ал табиғат – «рухтың санамен түйсінбейтін поэзиясы». Күннің шығуы мен батуының ғажаптығы, ара ұяларының ғажайып үйлесімі, гүлдердің алуан түрлері мен иістері, құстардың көктемдегі шықылықтары, тауешкінің сымбаты т.с.с. – осының бәрі бізді шексіз таңдандырады, өйткені әлемдегі әрбір затқа шексіз ақыл-парасаттан туған идея сай келеді.

Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, эстетикалық сананы қояды. Өнерде бастапқыда ашылған және сезінген нәрсе кейін ғана ғылыми талдаудың нысанасына айналады.

Өнерде ең бағалы шығармалар тудырған даналар әрекет етеді. Даналар еркін, мазасыздық пен қуанышқа толы шығармашылық өмір сүреді. Олар алдарына үлкен мақсаттар қойып, оларды жүзеге асырады – дүниеге мәдениеттің бірегей туындылары келеді. Бірақ олар өз туындыларын дүниеге қалай алып келді? Бұл сұраққа олар жалтарма жауап қайтарады, өйткені өнердің жасалған туындыларының терең себебі Даралықтың өзінде. Ойшылдың пікірінше, даналар – Даралықтың қолындағы қару.

1 Универсум – лат. universum < universalis – жалпыға бірдей + summa rerum – заттардың жалпы жай-күйі, яғни Ғалам; философияда – біртұтас әлем.

196

Өнердің барлық түрлерінің ішінен Шеллинг поэзияны бәрінен жоғары қояды, өйткені сол арқылы Даралық өз-өзін барынша терең сезінуге жетеді.

XX ғасырда өмір сүрген ірі неміс философы Хайдеггер де оның болмыстың тым нәзік белгілерін аша алатын, бірақ философиялық таным біле алмайтын поэзияға деген көзқарасын бөліседі.

Өмірінің соңына қарай Шеллинг: «Даралық – бұл Құдайдың жай ғана басқаша атауы», – деп мәлімдеп, теологияға бет бұрады. Ашылудың өз жүйесін ол христиандық аясымен ғана шектелмейтін теософия ретінде ойластырады. Соған байланысты ол «оң философияны» «мифология философиясы және «Ашылу философиясы» деп бөледі. Оның ойынша, олар сенім мен білімді біріктіреді. Бірақ оның шығармашылығының бұл бөлігінің де кейінгі дінтану негіздерінің дамуына үлкен ықпалы болды.

Шеллинг туралы әңгімемізді аяқтай келе, оның идеяларының кейіннен де ізбасарлар тапқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Сол идеялардың әсерімен Гегельдің, Шлейермахердің, Шопенгауэрдің және басқа да көптеген ойшылдардың философиялық ілімдері қалыптасты.

6.4. Г.Гегельдің жүйесі және әдісі

Неміс философиясы дамуының шарықтау шегі XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың басындағы ұлы ойшыл Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) шығармашылығының көріне бастаған кезіне тұспа-тұс келеді.

Кантты сынға алғанмен, оның жүйесі Канттың философиясынсыз пайда болмас еді, өйткені соның нәтижесінде елеулі өзгерістер: дәстүрлі метафизикадан субъектіні және оның қызметтік табиғатын зерттеуге көшу орын алды.

«Академиялық» деген атқа ие болған философ Гегельдің өзі XIX ғасыр философиясына зор ықпал етті: Американың, Англияның, Еуропаның алдыңғы қатарлы ойшылдарының басым көпшілігі

гегельшілдер болды.

Тюбинген Теология училищесінің студенті болған кезінде-ақ Гегель Шеллингпен танысып, кейіннен онымен достасып кетті. Бұл жерде олар Француз революциясының өртін бастан кешті және соған ризашылық ретінде Азаттық ағашын отырғызды.

Өз философиясы жүйесін құруды Гегель болмыс пен ойлауды теңдестіруден бастайды. Сол шақта: «Оның философиясының Шел -

197

линг философиясынан айырмашылығы неде?» – деген сұрақ туады. Ол да бастапқы Даралықтағы болмыс пен ойлаудың теңбе-теңдігін мойындайды ғой. Бірақ әңгіме мынада: Шеллинг бұл теңдестіруден шығудың жолын және дүниедегі Даралықты бұруды эзотерийлік,

ақыл-парасат түйсігі арқылы ғана жетуге болатын бастапқы құпия импульстен, дүмпуден көреді. Бірақ философиялық жүйені құруға мифология (Демиургті – платондық құдай-ұстаны еске түсірейік) немесе мистика (Шеллингтегі сияқты) элементтері қосылған кезде, бұдан ешқандай жақсы нәрсе шықпайды. Сондықтан Гегель басқа жолмен кетеді: ол болмыс пен ойлаудың теңбе-теңдігін ғана емес, олардың айырмашылығын да мойындайды, соның нәтижесінде басынан бастап-ақ Даралық өз ішінде диалектикалық қарама-қайшылықта, тұрақсыз, ары қарай даму импульстері бар болып шығады.

Нәтижесінде, Гегель Даралықтың дамуына тарихи көзқарас енгізіп, алдыңғы ахуалды терістеу негізінде қарама-қайшылықтарды жеңу қалай болатынын көрсете алды, өз кезегінде, ол да өзгерістерге ұшырап, терістеледі. Ойшылдың өзі бейнелеп айтқандай, шындық – ол дайын, соғылған, шиырып жіберіп қалтаға салуға болатын мәнет емес. Оған жету үшін, жеке тұлға алдымен өзінің дамуы барысында рух жүріп өткен тарихи жолды білуге және игеруге тиіс.

Жоғарыда көрсетілген диалектикалық идеялардың негізінде Гегель

Даралықидеясынтануданбасталатынөзініңғаламатфилософиялық жүйесін құрды. Ол бар, басқа сөзбен айтқанда, даусыз білім, таза, материямен ластанбаған түсінік – шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзін танып білу және өзін-өзі айқындау үдерісін Гегель «Логика ғылымы» еңбегінде зерттейді. Дара идея мәңгі өмір сүреді және өз дамуы барысында әртүрлі кезеңдерден өтеді.

Дара идеяның өз-өзін ашуының бірінші кезеңі – логика, яғни қисын болыптабылады.СоларқылыДараидеяөзініңжалпыламамазмұнында санаттар жүйесі ретінде ең бір «қарапайым»: болмыс, болмыссыздық, қалыптасу, дәл қазір бар болмыс, сапа, сан сияқты нәрселерден бастап, нақты мазмұндағы түсініктер: химизм, биологизм және басқалары сияқтылармен аяқтай ашылады. Идеялар дамуының таза ойлары мен баспалдақтары сияқты, олар заттардың мәнін құрайды.

Өз-өзін енді танып білген Дара идеяның ары қарайғы ашылуы – идеяның басқадай сырттанған болмысы болып табылатын Табиғатта орын алады. Бұл – Дара идеяның дамуындағы қажетті кезең, онда табиғатқа айнала отырып, ол өзінің шынайы мәнінен ажырап, ақырғы сезімдік, тәндік заттар түрінде көрінеді. Өзінің тарихи дамуында

198

Табиғат адамды, сонымен бірге адамның рухын тудырады. Табиғаттың мақсаты – қиял-ғажайып құс Феникс сияқты тікелей сезімдік кезең арқылы өте және өзін күлге айналдырып жағып жібере отырып, кері қарай – өзіне рух болып оралу.

Рух – санасы бар ақырғы туынды, тіршілік иесі, яғни адам болып табылады. Табиғаттан шықса да, ол оның жаратқаны болмайды. Өзін Рух өзінің бастапқы алғышарттарынан: қисынды Идеядан және Табиғаттан жаратады.

Сөйтіп, Дара идея қисынды идеяның бастапқы ахуалынан өзінің басқа болмысына – Табиғатқа өтеді де, соның аясында адамзаттың әлемдік тарихында рухтың дамуы арқылы, – бірақ енді өткен баспалдақтарының тәжірибесін жинақтап байыған күйінде, – өзіне қайта оралады. Ойларының осындай желісіне сәйкес, Гегель философияны үш бөлікке бөледі:

1.Логика. Ол өзіне бағытталған, оның өзіндегі идеяны зерттейді.

2.Табиғат философиясы. Идеяның басқа заттық болмысын зерттейді.

3.Рух философиясы. Идеяның басқа болмыстан кері, өзінің негізіне

оралу үдерісін зерттейді.

Осындай бөлуге сәйкес, Гегель: «Логика ғылымы», «Табиғат философиясы», «Рух философиясы» деген кітаптар жазған. Бұл кітаптар

«Философия ғылымдарының энциклопедиясын» құрайды.

Сонымен, Гегельдің философиялық жүйесін объективтік идеализм деп бағалауға болады. Бірақ біз бірінші құрамдас бөлікті – Дара идеяны – сызып тастап, өз ой-пікірлерімізді өзінің тарихи дамуы барысында рухани өмірі бар қоғамды тудырған «Ұлы Мәртебелі Табиғаттан» бастасақ, онда, Ол өзі жасаған туындысы – Адам арқылы өзін танып біледі де, біз классикалық материализмді алады екенбіз.

Алайда Гегельдің Дара идеясына оралайық. «Бұл не сонда?» – деп сұрау әділетті болмақ. Студенттерінің осы сұрағына ол: «Бұл – христиан Құдайының басқа аты», – деп жауап беріпті-міс дейтін аңыз бар. Егер олай болса, онда Гегельдің философиясын дүниені діни тұрғыда танып білудің нәзік, әдемі кесімді өрнегі деп қарауға болады.

Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең бір құнды болатыны – адамзат рухын оның тарихи өлшемдерінде зерттеуі, оның даму кезеңдерін бөліп көрсетуі. Ойшыл рухтың тарихи дамуының үш сатысын ажыратады:

субъективті рух, яғни адамның ой-түсінігі және сана-сезімі;

199

объективті рух, яғни мемлекет, құқық, мораль, адамгершілік, отбасы;

дара, дербес рух – өнер, дін және философия.

Субъективті рухты Гегель оның антропологиясында, феноменологиясында және психологиясында қарастырады.

«Антропологияда» Гегель тән мен жанның арақатынасы туралы сұраққа жауап табуға әрекеттенеді, ол үшін адамдардың нәсілдік ерекшеліктерін, олардың мінез-құлықтары мен қызуқандылығын, адамдардың әртүрлі өмір сатыларынан өту барысында қалай өзгеретінін және т.б. зерттейді. Ойшылдың пікірінше, өмірдің басқа формаларынан адамның маңызды айырмашылықтарының бірі – оның тік жүретіндігі. Адам өмірінің кезеңдерін қарастыра келе, Гегель адам жас шағында ғана қоғамдағы кейбір тәртіптерге қарсы шығатынын, ал ересейгенде оның бірдеңені бұзу, өзгерту түйсіктері сөнетінін және оның тәртіпті сақтауды және жемісті шығармашылық еңбекті жақтайтынын растайды.

Гегель ашық нәсілшіл болған жоқ, бірақ сонымен бірге нәсілдік топтар арасындағы болашақта да сақталатын өзгешеліктер туралы айтатын. Бұл өзін-өзі айқындаудың әртүрлі кезеңдерінде солар арқылы дара рухтың өткеніне байланысты. Тек «кавказдық нәсіл» деп аталатын рух қана, оның пікірінше, ең көрнекті болып табылады.

«Рух феноменологиясында» Гегель адам санасының сезімдік кезеңнен ақыл-ес танымына, ал одан парасатпен пайымдауға секіріс жасайтыны туралы мәселені қарастырады.

«Психологияда» Гегель теориялық және практикалық, яғни іс жүзіндегі парасатты пайымға, сондай-ақ еркіндік мәселесіне талдау жасауға назар аударады. Адам танымның теориялық деңгейіне жеткен соң, ары қарай білімдерін өзінің еңбек қызметінде пайдалануға ұмтылады. Бұл жолда ол өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асырады. Парасаттың бұл теориялық және практикалық бірлігі еркіндік рухын тудырады. Бұл соңғы өз-өзін тапқан соң, дереу өзінің мазмұнын нысандауға, сыртқы мәнге ұмтылады, нәтижесінде объективті рух патшалығына секіріс орын алады.

Гегельше, объективті рух қоғамдағы құқықтық және азамат-

тық қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәні еркіндікте жатқандықтан, құқықтық қатынастардың өзін өмірге нақты енген еркіндік шамасының болмысы деп қарау керек. Бұл тұрғыда құқық озбырлықтың, тәртіпсіздіктің кез келген түріне қарсы тұрады. Адам бірінше кезекте өз құқықтарын заттарға теліп, оларды өзінікі деп жа-

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]