Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

айқындаушы белгілері көп өлшемдер бойынша дәстүрлі өркениетке қарама-қайшы келетін әлеуметтік дамудың ерекше тұрпаты.

Техногендік өркениет радио, телевидение және компьютерлер, тіпті әуелі бу машиналары шықпастан көп бұрын-ақ басталған. Көптеген ғалымдардың ойынша, оның бастамасы антикалық мәдениеттің, ең алдымен, адамзатқа екі ұлы жаңалық: демократияны және алғашқы үлгісі Евклидов геометриясы болған теориялық ғылымды сыйға тартқан полистік мәдениеттің дамуы болып табылады. Әлеуметтік байланыстар саласындағы және әлемді танып білу тәсіліндегі бұл екі жаңалық өркениеттік өрлеудің болашақ, түбегейлі жаңа тұрпаты үшін маңызды алғышартқа айналды.

1.5. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым

Ғылымның әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының ұзақ тарихы бар, бірақ Жаңа дәуірде ғана, ғылымның рөлі мен маңызының артуына байланысты, ол ерекше әлеуметтік мәртебеге айнала бастады, яғни өзінің әлеуметтік мәртебесін алып, осы салада жұмыс істейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормаларға қол жеткізуде. Әлеуметтік институт ретінде ғылымды не сипаттайды?

Біріншіден, ғылымның өз басқарушы мекемелері, зерттеу институттары мен зертханалары болуға тиіс.

Екіншіден, бұл әлеуметтік институттың материалдық-техникалық жабдықталуы оны қаржыландыруды, өзінің меншікті бюджеті болғанын жорамалдайтын көп шығындарды қажет етеді. Мемлекеттік қаржыландырумен қатар, қазіргі заманғы қоғамдардағы ірі жеке корпорациялардың жаңа технологиялар жасау, инновацияларды өмірге енгізу мақсатында олардың жұмыс істеуіне елеулі қаражат сала отырып, өз тәжірибелік-конструкторлық зертханалары, технорпарктері болатын мүмкіндіктері бар.

Үшіншіден, коммуникация құралдарынсыз, қарқынды ақпарат алмасуынсыз ғылымның әлеуметтік институт ретінде жұмыс істей алуы ақылға қонбайды. Ол үшін ірі ғалымдардың ғылымның бір немесе басқа салалары бойынша ғылыми ізденістің жетекші бағыттарына арналған монографиялық зерттеулері, мақалалары мен шолулары, рефераттық жинақтары және т.б. шығарылуға тиіс. Ғылымның өзекті мәселелерін, ғалымдардың кәсіби тұрғыда өсуін дамыту үшін, ғылымның әртүрлі салаларының өкілдері жаңа идеяларды талқылай

21

алатын, өз жетістіктерімен бөлісетін симпозиумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жемісті болмақ.

Төртіншіден, жаңа күштердің тұрақты ағыны – дарынды, ғылым жолын өзінің кәсіби қызметінің саласы ретінде таңдаған жастар легі қосылып отырмаса, ғылыми қауымдастық жұмыс істей алмайды. Ал оларды университеттер қабырғасында даярлау қажет, алайда материалдық тұрғыда ғалым еңбегінің оншалықты жоғары бағаланбайтынын есте ұстаған жөн.

Ғылыми қауымдастық басшылыққа алатын әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға келер болсақ, онда оның сыртқы өлшембелгілері мемлекет шығаратын тиісті құқықтық нормалар арқылы реттелетінін айтуымыз керек. Сонымен қатар ғылыми қауымдастық өзара қарым-қатынастардың ішкі мәселелерін реттейтін өзінің жеке нормалары мен құндылықтарын әзірлейді, олар, әдетте, «ғылыми этос» деп аталады.

«Этос» – грек сөзі, ол өнеге, мінез, мекен-тұрақ деп аударылады, яғни ол – терминологиялық мағынасы тұрақсыз түсінік.

Ғылыми әлеуметтану шектерінде «этос» ұғымын алғаш рет американдық ғылыми әлеуметтанушы Роберт Кинг Мертон қолданып, «ғылыми этос» ұстанымдарының жалпылама сипаттамасын берді.

Мертонның пікірінше, «ғылым этосы» оның институттық құндылықтарының жиынтығы болып табылады. Осы қатардың кейбір құндылықтарын атап өтейік:

а) ғылыми білімнің универсализмі. Арабтық немесе американдық физиканың болмайтыны сияқты, ағылшын немесе орыс биология-

сы да жоқ. Ғылыми таным жетістіктері бүкіл адамзатқа тиесілі,

яғни ортақ. Сол себепті ғалым ғылыми зерттеулерінде оның жеке құлшыныстарынан, көңіл күйі әсерлерінен, қай ұлтқа жататындығы және басқадай сипаттарынан келіп шығатын уәждерден бойын аулақ ұстауға тиіс. Ғылымда ашылған жаңалықтар мұқият бақылаудың және әртүрлі тәжірибелердің нәтижесі болуы керек, шынайылығы ғалымдардың бірқатар ұрпақтарының көп жылдар бойғы ізденістері арқылы дәлелденген ғылыми қорытындыларға сай болуға тиіс. Міне, сондықтан ғылымдағы кез келген жаңалық ашық басылымда жариялануға тиіс және кез келген адам оның мазмұнымен танысып, сын айтуға, ұсынылған ережелердің шынайылығына күмән келтіруге құқылы. Ғылыми қауымдастық түбегейлі мойындаған соң ғана ашылған жаңалық ғылымда өз орнын ала алады;

ә) ғылыми жаңалыққа жеткізетін жол – күрделі жол. Ф.Бекон айтқандай, ол үшін «өз үңгірінің терезесінен» үңілуді қойып,

22

мәселеге адамзаттың қазіргі заманғы жетістіктері биігінен қарау ке-

рек. Ғалым өзінен бұрынғы ғалымдардың идеяларына сүйенеді,

ол – өз-өзін шашынан сүйреп батпақтан шығарған барон Мюнхгаузен емес. Бұл бұрынғы ғалымдардың да, қазіргі заман ғалымдарының да шығармашылық жаңалықтарына сондайлық ілтипатпен, соншалықты құрметпен қарауды қажет етеді. Егер ғалымды ғылыми қауымдастық шығармашылық ұрлық (плагиат) жасады, яғни өзгелердің идеяларын иеленіп алды деп айыптаса, ондай ғалымға деген жеккөрініштіліктен асқан ештеңе бола қоймас;

б) сонымен бірге ғылымның жетістіктері көлеңкеде қалып қоюға тиіс емес, ал қоғам өз «батырының бет-жүзін тануға» және оның қызметіне деген құрметін әркез білдіріп отыруға тиіс. Демек, жалғыз моральдық қолдау жеткіліксіз екен. Сол себепті мемлекет оның зияткерлік меншігін тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Ғалым өз қызметінен материалдық та, моральдық та қолдау көрген жағдайда ғана оның одан арғы шығармашылық қызметіне кең жол ашылады;

в) ғалым әртүрлі сертификаттар, марапаттар мен дипломдар

және т.б. түріндегі ресми заңдық танылуға қол жеткізуді ойламай, шындықты ашу үшін риясыз, бәрін бойына сіңірген құлшыныспен ілгері ұмтылуға тиіс;

г) алдыңғы аталғандарға бой алдыру – жең ұшынан жалғасу, сыбайласқан жемқорлық сияқты, ғалымның әртекті пайдалар алуға бағытталған қызметінің көлеңкелі жақтарына әкеп соқтырады; бұл жағдайда шындықты іздеу «арзанқолды жұмысқа» айналады;

д) сонымен, бүгінгі күні, Р.Декарттың уақытында да болғандай, бір немесе басқадай ғылыми жетістіктерді бағалау кезінде күмән, сын, қисынды дәлелдеушіліктің ұстанымдары олардың шынайылығын танып білудің таптырмайтын құралдары болып қала береді.

Әлбетте, адамдардың мүдделері мен мақсаттары тоқайласып жататын нақты өмірде жоғарыда аталған құндылықтар толығымен жүзеге аса бермейді. Сол себепті ғылымның нормалары мен құндылықтарына Мертон жасаған талдау сан рет сынға ұшырады. Алайда қазіргі заман ғылымының этосын әзірлей отырып, Мертонның өзектілігі аса жоғары, бірақ қозғалыссыз жатқан адамгершілік-этикалық мәселелерге жан бітіргенімен келіспеуге болмайды. Сондықтан да әрбір ғалымның ғылыми этиканың жоғарыда аталып өткен құндылықтары мен нормаларын іс жүзіне асыруға ұмтылғаны абзал.

23

Қазіргі заманғы ғылымда ғылыми зерттеулердің 15000-ға жуық бағыты бар, ал әрбір 20 жыл өткенде, ақпараттар көлемі екі есе ұлғайып отырады деп есептеледі. Есте қаларлығы, әлемдік тарихта қайсыбір замандарда өмір сүрген барлық ғалымдардың 90%-ы біздің замандастарымыз екен. Бүгінгі таңда өмірімізді ғылымсыз көзге елестету тіпті мүмкін емес. Көз жетерлік әлдебір болашақта Жердің үстіңгі қабаты ноосфераға (ноосалаға) айналғанда (Ж.Леруа, В.Вернадский, Т.де Шарден), бүкіл өмірдің алуан түрлілігі барысында коэволюцияға, яғни бірлесе дамуға (Н.Моисеев) қол жеткен кезде, адамзаттың болашағы ғылыммен ғана байланысады. Бұл Жер дамуының шынайы

антропогендік тарихының бастамасы болмақ.

Нақты-тарихи қоғамның құндылықтары, солардың негізінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар, өндірістік күштер дамуының қол жеткен деңгейі және басқалары таным үдерісіне әсер етеді. Олай болса, алдымен танымға әсер ететін басты факторды айқындап алу қажет. Сонда ғана оның тереңде жатқан мәнін ашу мүмкін болады.

Білімдер санадан, рухани болмыстан келіп шығатын туынды болғандықтан, көптеген ғасырлар бойы ойшылдар таным негізін адамның санасынан көріп келді. Олардың ойынша, «ақыл жаттығуы», «танымға құштарлық», «шығармашылық ізденіс», «тума дарын» және басқалары таным негізі бола алады. Әлбетте, көрсетілген факторларды есептен шығарып тастауға болмас. Алайда солардың негізінде ғана танымның толыққанды теориясын құра алмаймыз. Ол үшін біз адамның өмір сүруінің барлық басқа тірі тіршіліктен өзгеше бөлек тәсілін айқындауға тиіспіз. Ал бұл бізді: адам хайуан құсап, «алғашқы жаратылғандай таза табиғатты» сол күйінде қанағат тұта алмайды, ол өзінің жан-жақты дамыған қызметі барысында оны өзгертуге, түрлендіруге ұмтылады дегенге келтіреді. Философия тілінде ол «тәжірибе» деп аталады.

1.6. Жаратылыстану, техникалық және әлеуметтікгуманитарлық ғылымдардың қалыптасу ерекшеліктері

Зерттеу нысанына сүйене отырып, бүгінгі таңдағы ғылымды төтенше күрделі құбылыс ретінде төмендегі белгілері бойынша бірнеше үлкен топқа бөлуге болады:

көлемі (табиғат, қоғам және адам; техника және нысандар жүйесі);

24

мейлінше күрделі салалар деп түсіндірілген зерттеу нысанасы (шынайы табиғат пен өмір бар; қоғам мен адам деген не; екінші табиғат пен техникалық жүйелердің мәні);

әдістері (номотетикалық – ортақ, яғни құбылыстардағы ұқсас,

етене жақын, олардың заңы деп қаралатын нәрсені анықтауды мақсат еткен таным әдісі; идиографиялық – мақсаты нысанның даралығы және қайталанбастығын сақтап, оны біртұтас бірегей бүтін деп бейнелеу болып табылатын таным тәсілі; жүйелі).

– әдістемелік («туралы» білімдер, «сияқты» білімдер) және әлеуметтік-институттық («үшін» білімі) ұстанымдары.

Табиғат құбылыстарын зерттеу барысында астрономия, математика, механика, физика, химия, биология, геология негіздері қаланады. Олар табиғи-ғылыми танымға жатады. Адамды және қоғамды зерттейтін ғылымдар, әдетте, гуманитарлық білімдер және қоғамтану түсініктерімен бірігеді. Олардың қатарына философияны, психологияны, саясаттануды, әлеуметтануды және басқа пәндерді жатқызуға болады.

Гуманитарлық пәндердің ерекшелігі – олардың мазмұнында нақты тарихи қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен мақсаттары сөзсіз баяндалатыны болып табылады. Сол себепті бір құбылысқа әрбір әлеуметтік топ басқалардың пікіріне парапар келмейтін, өзінің дербес бағасын бере алады. Сонымен бірге гуманитарлық ғылымдар ортақ құндылықтар: адамды сүю,

жақсылық, әсемдік, әділеттілік, еркіндік және теңдік және т.б.

негізінде біріккен.

Гуманитарлық танымда көркемдік таным, өнер оқшау тұр. Ол әдебиетті, поэзияны, көркемсуретті, мүсін өнерін, музыканы және т.б. қамтиды. Ғұлама А.С.Пушкин кезінде өнерге «бізді көкке көтеретін алдау» деген анықтама берген, өйткені сахнада өтіп жатқан әрекет нақты өмірде көбінесе бола бермейді, бұл жерде жақсылық пен жамандық, сұлулық пен сұрықсыздық араласып жатады. Бір кездері Г.Гегель айтқандай, өмір, негізінен, сұр бояулармен жазылған. Алайда өнерге жанасу біздің жарқын, шуақты сезімдерімізді оятады, біз катарсисті – іштен тазаруды сезінеміз, жамандыққа қарсы иммунитет тудырамыз, эмпатияға – ортақ күйзелуге қабілетті бола бастаймыз.

Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысында тазаруында бүгінгі күні діндердің, демек, дінтану деген ғылыми пәннің рөлі өзгеше көтеріліп тұр.

25

Үшінші топқа техникалық деп аталатын ғылымдар жатады. Гректің «техне» дегені бастапқыда өнерлілік, шеберлік мағынасында қолданылатын. Қазіргі заманға сай мағынасында техника деп қоғамда қолданылатын әртүрлі құралдарды түсінеміз. Ф.Энгельсті есімізге түсірейік: адамзат өзінің дүниеге келгені үшін еңбек құралдарының дайындалуына және олардың жүйелі түрде пайдаланылуына қарыздар.

Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың өркендеуі қажетті ақпаратты жылдам таңдауды, оны жүйелеуді, топтарға бөлуді іске асыруға мүмкіндік беріп отыр, ал бұл, өз кезегінде, өндірістегі өзгерістерге жедел дайын болу, тиісті шешімдерді шапшаң қабылдау және оларды өндірісте іске асыру сияқты әрекеттерге жағдай туғызады.

Сөйтіп, жаратылыстанудың, техникалық ғылымдардың және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің эпистемологиялық (танымдық) мәртебесінің әртүрлі: нысандық, технологиялық, түрлендіруші (өзгертуші)жәнеаксиологиялық(құндылықтардантұратын)тармақтары бар болып шықты. Бұрынғы Кеңес Одағының ғалымы, ғылым мен жүйелі зерттеулер әдістемесі саласының маманы Э.Г.Юдиннің (19301976) жаратылыстануды – қызмет (өзекті де, әлеуетті де) шарттарымен, техника ғылымдарын – қызмет құралдарымен, ал әлеуметтікгуманитарлық ғылымдарды әлеуметтік қызметтің ықпалдасуына мүдделі әртүрлі әлеуметтік топтардың құндылықтарымен сәйкестікке келтіріп, арақатынастарын белгілеуді ұсынғаны кездейсоқтық емес.

Сонымен, өз мәні бойынша әлемді танып білу – адам өзінің жаны мен тәнінің барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға тырысатын өзгеше күрделі құбылыс. Нақты-тарихи өмір сүретін қоғамның құндылықтары, солардың негізінде құрылатын қоғамдық қатынастар, өндірістік күштер дамуының қол жеткен деңгейі және басқалары таным үдерісінде өздерінің белгілі бір орнын иеленеді. Ғылымға келер болсақ, ол: а) білімнің ерекше формасы; ә) шындыққа қол жеткізуге бағытталған рухани қызмет және, ақыр соңында, б) күрделі ұйымдастырылған әлеуметтік институт болып табылады.

26

Екінші бөлім

ҒЫЛЫМ МЕН ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХЫ

1-тарау. Антика дәуірінде ғылым бастауларының пайда болуы

1.1. Ғылымның пайда болуы мәселесі

Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, ғылымның пайда болған уақыты мәселесіне, екіншіден, ғылымның шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге болатын белгілерге қатысты өрбиді.

Әдебиетте ғылымның пайда болған уақыты туралы бірқатар көзқарастар бар. Оның үстіне, ең негізгі ұстаным – ғылымның алғашқы бұлақтары, – адамның еңбек құралын дайындауды бастағанын жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, – сол ең бір алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген тұжырым болып табылады. Бірақ бұндай жорамалдың мүлдем ақылға қонымсыздығы көзге ұрып тұр: ол, шамасы, адамның шығу тегі туралы энгельстік еңбек теориясының әсерінен пайда болған. Зинджантроптың немесе неандерталдықтың көзінен ақыл-парасаттың ұшқыны көрінетінін жорамалдау үшін, ерекше қиялшыл болу керек шығар.

Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. Б.з.д. VI-V ғғ. адамзат тарихында күрт өзгерістер орын алғаны белгілі. Шығыста да, Батыста да, «адамзаттың ұлы әкелері»: Лао-Цзы мен Кон-Фу-Цзы Қытайда, Махавира мен Гаутама Сидхартха (Бұдда деп аталып кеткен) Үндістанда, Зороастр (Зәрдүшт) Парсыда, Сократ, Фалес, Солон және басқалары Грекияда, Иса, Илья, Иеремия Палестинада дүниеге келіп, таңғажайыптарды іске асырып жатты. Дүниенің мифологиялық түсінігіне қанағаттанбаған олар дүниенің жаратылысы және адамның қалай өмір сүруі керектігі, оның өмірінің мән-мағынасы туралы өз идеяларын уағыздай бастады. XX ғасырдың ұлы неміс философы К.Ясперс бұл жағдайды «адамзаттың түпқазықты уақыты» деп атаған. Шын мәнінде, адамзаттың осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан өз дамуының өркениеттік тарихына енуі сол заманнан басталады. Ал философияға қатысты айтар болсақ, К.Ясперс оның пайда болуын адамның рухының, сана-сезімінің оянуымен, яғни ол кезде оның өзін басқалардан бөлектеп қана қоймай, бүкіл әлемге қарсы қоя білгенімен байланыстырады. Ғылым бастамалары мыңжылдықтар

28

бойы философия аясында дамып келді. Математика негіздері – жер өлшеу, арналар мен әртүрлі құрылыстар салу қажеттілігінен, астрономия – жұлдыздар мен планеталар бойынша бағдар жасау үшін пайда болса, Орта ғасырларда алхимия байлықты молайту (қорғасынды алтынға айналдыру) әрекеттерінен келіп шықты.

Әлбетте, адамзат тарихындағы осындай ірі өзгерістердің себебін әлдебір «рухани сілкіністен», «Құдайдың ісінен» іздеуге болар еді.

Ал біз қола дәуірінен темір заманына ауысу кезеңі болған бұл күрт өзгеріс уақытын материалдық тұрғыда талдап түсіндіріп

беруге әрекет етпекпіз. Ж.Ж.Руссоның: «Темір! Қазіргі заманғы өркениетті тудырған – осы!» – деген сөздерінде үлкен шындық жатыр. Соқаға кигізілген темір түрен жерді терең қаза отырып, оны өңдеудің түбегейлі жақсаруына себеп болды. Нәтижесінде, өнімділік артты, азық-түліктің молдығы оларды айырбас жасауға, нарықтық қатынастар бастауларының пайда болуына келтірді. Кезінде К.Маркс айтқандай, адамдар алтынның сезімталдық-бұйымдық бетінен осы уақытқа дейін беймәлім болған «ерекше сезімтал» қасиетін – соншама әртекті заттар құнының баламасы болу қасиетін ашты. Мысалы, алтынның әлдебір санын бір сиырға немесе төрт қойға, тіпті болмаса 30 қап астыққа айырбастауға болады дейік. Бұл адамдардың жалпылама ойлау деңгейінің артуына, қоғамдық сананың пайда болуына жеткізді.

Интеллигенцияның (зиялы қауымның), яғни өздерін тұтастай және толығымен ақыл-ой қызметіне арнаған адамдардың шығуы, шын мәнінде, сол заманның ерекше оқиғасы болды. Азық-түлік артықшылығының, байлықтың пайда болуы негізінде қоғамға енді белгілі бір адамдар саны үшін шығармашылық, ақыл-ой жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасау мүмкіндігі туды. Сөйтіп, жыраулар мен ақындар, философтар мен көркем суретшілер, математиктер мен актерлер және т.б. шыға бастады. Сол сәттен бастап-ақ әлемдік тарихтың шапшаң қадамы бірден-бірге қарқын ала берді. Тағы да К.Ясперске, оның көрегендігіне жүгінейік: адам рухының оянған сәтінен бастағанда, барлық ғылымдардан бұрын философия пайда болды.

Бірақ, шын мәнінде, қазіргі заманғы ғылым өзінің дүниеге келгені үшін Жаңа заманға, яғни капитализмге қарыздар. Оның отаны – Еуропа. Егер Жаңа заман орнағанға дейін Шығыс пен Батыс өздерінің даму деңгейі бойынша парапар болса, енді Еуропа алға ұмтылып шықты. Шығыс елдерінің дамуы бәсеңдеп, артта қала бастады. Бұның себебі неде? Әдебиетте бұл күрделі сұраққа әрқилы жауаптар беріледі.

29

К.Ясперс оның терең бастауларын христиан дінінің рухани бағдарларынан көреді. Біріншіден, Библия этосы, адам сол жолда қаншалықты шаршап-шалдықса да, одан шындыққа жетуді талап етеді. Екіншіден, Әлемді Құдай жаратқандықтан, оны (Әлемді) танып білу – Құдай берген ойдың ізімен жүру дегенді білдіреді. Үшіншіден, бүл дүние азап, қайғы-мұңға толы болғандықтан, олардың себептерін зерттеп, Құдайды ақтау үшін солармен күрес жүргізу керек. Әлбетте, бұл рухани себептердің болуы орынды. Бірақ К.Ясперс Құдайдың адамға Әлемді билеуші болуды бұйырып, оны Өзіне ұқсас бейнеде жаратқаны туралы христиан дінінің белгілі қағидасына назар аудармаған сияқты. Біздің ойымызша, дәл осы қағида ғылымның христиандық әлемде жедел дамуына себепші болған. Егер жаратылыстанудың негізгі бағыттары жүзжылдықтар бойы нақ сол табиғат құпияларын ашуға, оларды өз мақсаттарына пайдалануға және табиғатты түбегейлі бағындыруға арналды десек, шындықтан онша алшақ кете қоймаспыз. Сол себепті батыстық зерттеушілердің Еуроатлантикалық өркениеттің терең рухани-адамгершілік дағдарысын нақ

осы қағидадан көретіні кездейсоқ емес.

Алайда бұл мәселенің тағы өз әлеуметтік-экономикалық жағы бар. Ол Еуропа топырағына Қайта өрлеу дәуірінің (XV-XVI ғғ.) аяқ басуына байланысты болды, ол кезде Италияда алғаш рет капиталистік қатынастар бастаулары пайда болып, еркін жалдамалы еңбек және т.б. қолданыла бастаған. Содан кейін орын алған буржуазиялықдемократиялық революциялар адамдарға еркіндік беріп, сословиелік қатынастарды жоя отырып, барлықтарының құқықтарын теңестірді. Жаңа жағдайда әрбір адам өзінің әл-ауқатын қалай жақсартуды, отбасын қалай асырауды ойлайтын болды. Бұл миллиондаған адамдардың белсенділігін, олардың шығармашылық ізденіс-шабытын оятты, соның нәтижесінде өндірістік күштер қуатты дамуға жетті. Бұл ғылым мен техниканың қарқынды дамуының жетістігі еді.

Айтылғандарды қорытындылай келе, ғылым мен техниканың дамуын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады:

1.Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең (көне заманнан XV ғасырға дейін).

2.Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI ғасырдан XIX ғасырдың 70 жылдарына дейін).

3.Ғылым мен техника дамуындағы классикалық (айқын) кезең – XIX ғасырдың 70 жылдары – XX ғасырдың ортасы).

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]