Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

5 Тақырып. Өндірістік қызмет тиімділігі (4 сағат)

Дәріс жоспары

  1. Өндірістік шығындар түcінігі

  2. Шығын түрлері

  3. Өнімнің өзіндік құны

  4. Шығындарды топтау

  5. Өнімнің өзіндік құнын есептеу мөлшері

  6. Нарық бағасы

  7. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі

  8. Бағаның қызметi және жүйесі

  9. Пайда мен табыстың экономикалық мазмұны

  10. Пайданың түрлері

  11. Кәсіпорынның пайдасын бөлу

  12. Рентабельділік

1. Өндірістік шығындар түcінігі

Фирма оңтайлы шешім қабылдау үшін шығын деңгейі туралы ақпаратты еске алу керек. Өндірістік және өткізу қызметі үшін қолданылатын өндірістік факторлардың шығындары өндіріс шығындары деп аталады.

Бухгалтерлік және экономикалық. шығындар деп бөлінеді.

Бухгалтерлер де, экономистер де осы ксзеңде өткізілген тауарлар мен қызмет өндipici үшін қолданылған ресурстардың құнына фирманың шығындары кез-келген уақытта тең екендігімен келіседі, яғни бухгалтерлік шығындар, олардың қолданудағы нақты бағамсн өлшенген қолданылған ресурстардың құны түрінде болады.

Экономикалық шығындар - бұл қолдан шығып кеткен шығындар (алътернативті шығындар). Олар кipіc сомасына тең, шығындалған ресурстарды қолданудың барлық альтернативті тәсілдерінің ішінен ең пайдалысын таңдау кезінде алуға болады. Экономикалық және бухгалтерлік шығындар арасындағы айырмашылығы айқын емес шығын түрінде болып келеді.

2 Шығын түрлері

Әpбip фирма (v-i өндірістік v-не байланысты өзгеретін) минималды жиынтық шығын кезінде максималды кipic кіргізуге ұмтылады. Оның көлемі өндіріс көлеміне байланысты өзгереді.

Уақыт факторын білу керек. Осы мақсатпен уақыт кезеңі ұзақ және қысқа болып бөлініп және олардың шығын шегінің қалай өзгеруін қарастырады. Өзгерудің қысқа кезеңі бip тұрақты өндіріс факторы өзгеріссіз қалатын кезең. Егер де сол және ауыспалы факторларды ұлғайтса, фирмаөнімді шығару көлемін өзгерте алады. Мысалы, фирма ғимаратты және жабдықты пайдаланғаны үшін жаргерлік төлем төлейді. Осы кезеңде өндірістің қандай өнім шығарғанына жалгерлік төлем бірдей және тұрақты шығынның элементі болып келеді. Қысқа мерзімдегі шығынның тиянақтылығын анықтау үшін әр шығарылған өнім көлемінің тұрақты және ауыспалы шығындарын қосу керек.

Ұзақ мерзімді өзгеру - қолданылатын өндіріс факторларын өзгерту үшін фирмаға қажет уақыт кезеңі. Тұрақты факторлар термині тек қана қысқа кезеңге қатысты, ал ұзақ кезеңнің барлық факторы ауыспалы больш келеді.

Жалпы шығын жиынтығы тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Тұрақты шығынға амортизация, қызмет етуші қызметкерлерге ақы төлеу, сақтандыру, жарнама, несиеге төлем төлеу және т.б. жатады. Олар шығарылған өнімнің көлемінің өзгеруіне байланысты және фирма ештеңе өндірмеген кезде де болады.

Ауыспалы шығынға шикізат, материал, отын шығыны, өндіріс жұмыскерлеріне ақы төлеу шығыны жатады, өндіріс көлемін оңтайландыру міндеті өндірілетін өнімнің шекті шығындары арқылы шешіледі.

Шекті шығындар: Бip бірлікке өнімді шығару көлемінің өзгеруі кезінде ресурстардың қосымша шығынымен анықталады.

3. Өнімнің өзіндік құны

Өзіндік құн қаралған бухгалтерлік шығындарға сәйкес келеді, яғни нақты емес (сыртқы) шығындарды ескермейді. Өнімнің өзіндік құнына кіретін өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу бойынша шығындар құрамы туралы ережеде және "№ 7 бухгалтерлік есеп стандартында", өнімнің өзіндік құны өнімді өндіру кезінде қолданылатын табиғи ресурстардың шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары және басқа шығындардың құнының бағасы түрінде болып келеді. Өзіндік құнның басқа да элементтеріне мына шығындар жатады:

  • өндіpicтi дайындауға және игеруге жұмсалатын;

  • өндipicтi ұйымдастыру және технологиясымен қамтамасыз етілетін өнімді өндірумен тікелей байланысты;

  • өндірісті басқарумен байланысты;

  • еңбек пен қауіпсіздік техникасының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету бойынша;

  • істелінбеген жұмыс уақыты үшін еңбек туралы заңда ескерілген ақы төлеу;

  • нақты демалыстарға енбекақы төлеу;

  • мемлекеттік міндеттерді орындағаны үшін жұмыс уақытына еңбекақы төлсу;

  • өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбекақыны төлеу шығындарынан зейнетақы қорына және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін қаржылар және жұмыспен қамтамасыз ету қоры;

  • міндетті медициналық сақтандыруға бөлінетін қаржы;

  • өнімнің өзіндік құнына кететін негізгі қорды қайта құруға бөлінген қаржылар, материалдық емес активтер бойынша тозу.

Өнімнің өзіндік құнына кipic пен шығынға байланысты шығындар кірмейді.

4 Шығындарды топтау

Өнімнің өзіндік құнының құрамы және экономикалық міндеті бойынша, өнімді жасау және сату ролі әр текті шығындардан құралады. Бұл шығындарды топтауды қажет етеді.

Шығындардың негізгі топталулары "экономикалық элементтері" бойынша және "шығындардың баптары" бойынша топтар болып саналады. Осы топтардың негізінде маңызды құжаттар жасалады: өндіріс шығындарын алмастыру және өнімнің жеке түрлері бойынша өзіндік құнды есептсп шығару.

Экономикалық мазмұнына байланысты өнімніңщ өзіндік құнын құрайтын шығындар мына экономикалық элементтер бойынша топталады:

а) материалдық шығындар (қайтымды қалдықтардың бағасын қоспайды); онда мынандай құн бейнеленеді: оның негізін құрай отырып, өндірілетін өнім шикізаты жағынан игерілетін немесе өнімді жасау кезінде қажетті компоненті болады;

б) еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындар, онда кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, оның ішінде өндірістік көрсеткіштері үшін жұмысшыларға және қызметкерлерге сыйлық беру, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер төлеу, және де кәсіпорын штатында тұрмайтын жұмысшыларға еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды бейнеленеді.

в) әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін қаржылар - еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындарды қаржыландыру кездеріне тәуелсіз өнім өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығыннан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін қаржы;

г) негігзгі қорлардың амортизациясы – бұл элементте НҚ мен бекітілген нормалардың баланстық бағасынан шыға отырып есептелген, толық қалпына келтіруге амортизациялық бөлінген қаржылардың соммасы бейнеленеді.

Амортизация (№ 6 бухгалтерлік есеп стандарты) әр түрлі тәсілдерді пайдалану жолдарымен есептеледі:

  1. бағасын бip қалыпты (түзу сызықты) есептен шыгару;

  2. орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды бағасын шығару (өндірістік әдіс);

  3. жеделдетіп есептен шығару: азаюшы қалдықты; сандардың соммасы бойынша бағасын есептен шығару (кумулятивтік әдіс).

Heгізгі қаржылардың әр түрлеріне амортизацияны есептеудің әр түрлі тәсілдерін қолдану жіберіледі. Heгiзгі қаржылардың бip түріне бip әдістен көп қолдануға болмайды.

д) басқадай шығындар

Салықтар, алымдар, арнаулы қордарға төлемдер, банк несиелері үшін пайыз бойынша төлемдер, өнімдердің сертификациялануы бойынша жұмысқа төлеу, iccaпap шығындары, көтерме ақылар, өрт және күзеттік қызметтер үшін басқа кәсіпорынға төлейтін қаржы, байланыс және есептеу орталықтарына төлем төлеу және т,б. Экономикалық элементтер бойынша топтастыру әpбip элементтің шығындарды қалыптастырудағы мәнін анықтауға және де өзіндік құнды төмендетудің негізгі бағыттарын табуға мүмкіндік береді.

5 Өнімнің өзіндік құнын есептеу мөлшері

Қалыптасу сметалары, бағыттары бойынша шығындарды бақылау мақсатында және өнімнің нақты түріне жұмсалатын шығынды анықтау үшін шығындарды калькуляциялық баптар бойынша топтау қолданылады.

Типтік калькуляция келесі шығын баптарынан тұрады:

  1. шикізат және материалдар;

  2. қайтымды қалдықтар;

  3. сатып алынған бұйымдар, жартылай фабрикаттар, кәсіпорындар мен ұйымдардың өнеркәсіптік сипаттағы қызметтері;

  4. технологиялық қажеттіліктерге арналған энергия және отын;

  5. өнімді шығару мен жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар;

  6. әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін қаржылар;

  7. өндірісті дайындау және меңгеруге жұмсалатын шығындар;

  8. машина мен жабдықтарды пайдалану және күтуге жұмсалатын шығындар;

  9. цехтік шығындар;

  10. жалпы зауыттық шығындар;

  11. басқадай өндірістік шығындар;

  12. коммерциялық шығындар (өндірістен тыс шығындар).

Құнды есептеудің объектісі жылдық өнімнің, тапсырыстың жұмыс немесе қызмет түрінің бірлігі болуы мүмкін. Шығындар төмендегі бөлгілерге сүйене отырьш, бөлінуі мүмкін:

а) өндірістік процеске қатысу белгісі бойынша "негізгі" және "нақты" шығындар деп бөлінеді. Негізгі шығын өнімді дайындаумен байланысты болады (шикізат, негізгі материалдар, технологиялық отын, өндірістік жұмысшылардың жалақысы).

Нақты шығын - өндіріс және басқару процестері бойынша қызмет көрсетумен байланысты шығындар: жалпы шаруашылық жалпы өндірістік, коммерциялық.

б) өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты белгі бойынша тұрақты және ауыспалы шығындар;

в) белгілі кәсіпорында шығынның тәуелді болуына байланысты сипатына тәуелді (шикізаттың, материалдың, отын мен еңбектің шығын нормасы) және тәуелсіз (амортизация, әлеуметтік және медициналық, сақтандыру нормалары) болып бөлінуі;

г)өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдici бойынша тікелей және жанама.

Жанама шығындар (жабдықты күту және пайдалану бойынша шығындар, жалпы өндірістік шығындар, жалпы шаруашылық) құнына өндіріс жұмысшыларының нeгiзгi жалақысына пропорционалды нақты бұйымдардың өзіндік құнына бөлінеді.

Коммерциялық шығындар. Барлық өнімнің (тауарлық) өндірістік өзіндік құнына пропорционалды, не өндіріс жұмысшылардың негізгі жалақысына пропорционалды бөлінеді. Коммерциялық шығындар өнімді өткізумен байланысты шығындар: қаптау, сақтау, портқа дейін апару, жеткізу, көрмеге, жәрмеңкелерге қатысумен, шығынның бекітілген нормалары шегіне жарнамалау, тауар үлгілерінің бағасы.

6 Нарық бағасы

Экономикада "құн" сөзінің ерекше мәні бар. Заттың бағасы оны айырбастауға болатын зат арқылы белгіленеді. Ақша бағасы айырбастау құнының өлшемі болады. Ол белгілі заттың басқа затқа қатынасы бойынша қанша тұратындығын көрсетеді. Біз сатып алатын көптеген тауарлардың бағасы нарық факторларымен анықталады, яғни сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады.

Ұсыныс – бұл адамдардың тауарларды сатуға қоюға дайындалуы және мүмкіндігі, ал сураныс - адамдардың оларды сатып алуға дайындығы және мүмкіндігі. Былайша айтқанда, тауар мен қызметті ұсыну тек оларға деген сұраныс болғанда ғана болады. Фирмалар тауарлар мен қызметтерді шығындарды жабатын бағамен сата алатын жағдайда ғана ұсына алатынын ескеру керек.

Сұраныс – бұл берілген бағамен берілген тауарға деген сатушылардың төлей алатын қажеттілігі немесс тұтынушылар белгілі уақыт мерзімінде нақты баға бойынша сатып алатын өнім мөлшері.

Баға темендегенде, сұраныс мөлшері кейбір жағдайларда болмаса, жоғарламайтынын тәжірибе көрсетті. Бұл көбінесе "сұраныс заңы" бойынша қалыптасады. Басқа да бipкeлкi жағдайларда сұраныс мөлшері жоғары бағаға қарағанда төмен бағада жоғары болады немесе тауардың баға деңгейі мен сұраныс мөлшері арасында кepi қатынас болады.

"Басқадай біркелкі жағдайлар кезінде" – бұл тұжырымдаудың маңызды бөлігі. Егер басқа факторлар өзгермегенде тауарға деген сұраныс бағасы төмендесе жоғарлайды деген сеніммен тұжырымдауға болады. Егер тауардың бағасы төмендеп, ал тұтынушылардың пайдасы, талғамы және басқа тауарлардын бағасы да өзгерсе, оның нәтижесінде бағаның төмендеуі күтпеген жағдайда болады.

Сұраныс заңы сияқты нарықтың экономикада ұсыныс заңы болады. Ұсыныстың мөлшері бағаның өзгеру деңгейінің бағытына тікелей байланысты болады. Ұсыныс заңы – бұл бағаның динамикасына ұсыныс шамасының реакциясы. Бағаның жоғарлауы ұсыныстың мөлшерінің өсуін ынталандырады, ал төмендеуі – ұсыныстың мөлшерін төмендетеді.

Тепе-тең немесе нарықтық баға біртіндеп белгіленеді. Егер сату-алу нарықтық бағамен емес, басқа жағдайлармен жүргізілсе, тауардың жеткпеушілігі немесе артықшылығы пайда болып, ол бағаның өзгеруіне әкеп соғады.

"Сұраныстың өзгеруі" термині сұраныс пен ұсыныс мәселесін зерттеуді бастаған адамдарды тықырыққа тірейді.

Сұраныстың өзгеруі саддарын талдау кезінде мүлдем басқа жағдай болады. Сұраныстың ұлғаюы сұраныстың қисығы оңға жылжуын көрсетеді. Бұл кез-келген баға кезінде сұраныстың жоғарлауын тудырады.

Сұраныстың төмендеуі сұраныс қисығы солға жылжуын көрсетеді. Бұл кез-келген баға кезінде сұраныстың төмендеуін ту­дырады.

Сұраныс қисығының ауысу себептері:

а) Кірістің өзгepici – нақты кipiстің жоғарылауы сапалы төмен тауарларға сұранысты қысқартады, сонымен сұраныс қисығы солға ауысады;

б) басқа тауарларға бағаның өзгеруі:

  • өзара ауыстырыла алатын тауарлар сұранысты жоғарлатады;

  • бipiн-бipi толықтыратын тауарлар сұраныс жоғарлайды;

в) талғам мен сәннің өзгеруі (белгілі бip тамақ өнімінінің қауіптілігі жайында хабар сұранысқа үлкен әсер етеді);

г) жарнама (мұның мақсаты жарнамаланған тауарға сұраныс қисығын оңға жылжыту болып табылады).

Ұсыныс қисығының жылжу себептері:

а) өндіру факторларына баға өзгеруі (егер еңбекақы өciп, өнімділік өзгермесе, онда өндіріс шығыны жоғарлап, ұсыныстың қисығы солға ығысады. Шикізат бағасының төмендеуі шығынның азаюы мен ұсыныс шығынының оңға жылжуына әкеп соғады);

б) техникалық жетістік және өнімділік (басқадан бірдей жағдайда өнімділіктің өcyi сұраныс қисығының оңға жылжуына әкеледі);

в) ауа райы жағдайы (ауа райының қолайлы жағдайы ауыл шаруашылық өнімінің ұсыныс қисығын оңға жылжытады, ал қолайсызы – солға);

г) салық және субсидтер (НДС-тi кіргізу ұсыныс қисығын солға, ал субсидті еңгізу оңға жылжытады).

7 Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі

Қарапайым кірістің көбеюі немесе азаюы сұраныстың икемділігіне байланысты болады.

Егер бағаны азгантай өзгepici сұраныстың салыстырмалы едәуір жоғарлауына әкелсе, онда сұраныстың икемді емес деп аталады.

Сұраныстың икемділігі щаманың өзгеру пайызының бағалық өзгеру пайызына қатынасымен анықталады.

Егер бұл қатынас 2>1 болса, сұраныс икемді.

Сұраныс шамасының өзгеру пайызы:

50/100*100/1=50%

Бағаның өзгеру пайызы:

2/20*100/1=10%

Сұраныстың икемділігі:

50/10=5

Егер қатынас 2<1 болса, сұраныс икемді емес болады.

Сұраныс шамасының өзгеру пайызы:

40/200*100/1=20%

Бағаның өзгеру пайызы:

2/4*100/1=50%

Сұраныстың икемділігі:

20/50=0,4

Ұсыныстың икемділігін өлшеу үшін сұраныс икемділгін анықтау формасын қолданады.