Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

8Тақырып Тау – кен кәсіпорынындағы экономикалық талдау әдістері және ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау (4 сағат)

Дәріс жоспары

1 Тау – кен кәсіпорынындағы экономикалық талдау әдістері

2 Тау –кен кәсіпорындарындағы талдау тәртібі

Басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шараларының арасындағы шаралардың ішінде өндірістік – шаруашылық қызметін экономикалық талдаудың маңызы зор. Экономикалық талдаудың мазмұны болып жан – жақты, кешенді, органикалық өзара байланысқан түрде кәсіпорынның шаруашылық қызметін оқып білу табылады, олардың қызметін объективті бағалау мақсатымен және осының негізінде өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

Кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметінің талдауын жүргізу үшін келесі негізгі әдістер қолданылады: жұмыстың нақты көрсеткіштерін әртүрлі мерзімдегі жоспарлық көрсеткіштермен салыстыру; әртүрлі белгілері бойынша көрсеткіштерді топтастыру; резервтерді іздестіруді ұтымды ұйымдастыру мақсатында негізгі звеноларын және “тар орындарын” анықтау; жеке және жалпылама – өзара байланысты салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесін өңдеу; жалпылама көрсеткішке жекелеген факторлардың әсерін анықтау және өлшеу - олардың өзара байланысын сипаттайтын нәтиже.

Салыстыру - экономикалық құбылыстардың өзара байланысын, олардың дамуы мен материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды қолданудағы тиімділікке қол жеткізу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық ең маңызды әдісі.

Топтастыру әдісі зерттеліп отырған көрсеткіштер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен өзара қатынастардың сипаттамасын оқып білуге, олардағы сол немесе басқа да заңдылықтар мен тенденцияларды анықтауға мүмкіндік береді.

Негізгі звеноларын және “тар орындарын” анықтау өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермей тұрған ресурстардың түрлері мен аймақтарын анықтау үшін қолданылады, немесе керісінше кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қызметінің соңғы нәтижелері шешуші шамада тәуелді негізгі звеноларын анықтау үшін қолданылады.

Өзара байланысты салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесін өңдеу - өзара әсер етуші факторлар бойынша жалпылама көрсеткіштердің жекелеген көрсеткіштерге бөлінуін қарастырады, салыстырмалы мерзімдер бойынша; жекелеген көрсеткіштердің кәсіпорынның жұмысының жекелеген жақтарын сипаттайтын көрсеткіштерге: өндіріс көлемі, ұйымдық – техникалық деңгейі, ресурстардың қолданылуы, сапасы және басқалары жалпылануы.

Жалпылама көрсеткішке жекелеген факторлардың әсерін анықтау және өлшеу – зерттеліп отырған көрсеткішке бірнеше факторлардың әсері табиғи емес түрде алынып тасталып және олардың біреу белгіленетін талдау тәсілі. Бұл әдіс көрсеткіштің құрылуына бірнеше факторлар әсер еткен жағдайда және олардың әрқайсысының әсерін анықтау қажет болған кезде қолданылады.

Тау –кен кәсіпорындарында талдау келесі тәртіппен жүргізіледі:

Кәсіпорын жұмысының негізгі ұқсас көрсеткіштерінің; талдау: өнім өндірісі мен сатылуының, кәсіпорынның ұйымдық – техникалық деңгейінің және өндіріс тиімділігінің артуын, негізгі өндірістік қорлардың қолданылуын, еңбек және мамандар бойынша жоспарлық көрсеткіштердің орындалуын, пайдалы қазбаны өндірудің өзіндік құнының, өндірісітің пайдасы мен рентабельділігін, қаржылық жағдайын.

Ұсынылатын әдебиеттер (1,3,4,6)