Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

6 Тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі (4 сағат)

Дәріс жоспары

  1. Өндірістің экономикалық тиімділігі

  2. Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері

  3. Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі

Өндірістің экономикалық тиімділігі өндіріс нәтижесі және шығындар арасындағы қатынасымен анықталады. Нәтижелер ретінде қарастырылуы мүмкін: жылдық ұлттық табыстың (ҰТ) және жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны, пайда (П), өнім көлемінің өсу қарқыны (Q) және т.б.; шығындар ретінде – жанды және қоғамдық еңбек шығындары, сонымен қатар қаржы шығындары (капитал шығындары – К немесе олардың өсу қарқыны - ∆К).

Ұлттық шаруашылық бойынша экономикалық тиімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен анықталады:

Э=∆НД/К.

Егер құрылыс және енгізілген техника нұсқаларын талдау қажеттілігі туындаған жағдайда, есептеу үшін салыстырмалы экономикалық тиімділік коэффициенті қолданылады:

Еф=(С21)/(К12)

мұнда Ефшараның фактілі тиімділік коэффициенті;

С2 және С1 — нұсқалардың ағымды шығындары, С2 > С1;

К1 және К2 — нұсқалар бойынша капиталдық шығындар, К1 > К2 .

Шаралардың қайтарым мерзімі келесі формуламен анықталады:

Салыстырмалы экономикалық тиімділік коэфициенті және шаралар қайтарым мерзімдері нормативті көрсеткіштермен (Ен = 0,15 және tн= 6 жыл) салыстырылады. Егер Еф > Еннемесе tф < tн , онда анағұрлым капитал сиымдылық нұсқасы таңдалады.

Бірнеше нұсқаларды салыстыру кезінде көрсетілген шығындардың формуласы қолданылуы мүмкін:

мұнда Зпр – жылдық мөлшерде көрсетілген шығындар;

Сi – нұсқалар бойынша ағымды шығындар;

Кi – нұсқалар бойынша капитал шығындары.

Бірнеше нұсқалардан Зпр минималды болған кезіндегі нұсқа таңдалады.

Өнімнің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері

Экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын жасау кезінде басты назар өндіріс тиімділігін арттыруға аударады, яғни еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын анағұрлым рационалды қолдану кезіндегі жоғары сапалы бәсекелестік өнім өндіруді арттыру.

Кәсіпорын деңгейінде қоғамдық өндіріс тиімділігін анықтау үшін жалпылама және жеке көрсеткіштер кіретін көрсеткіштер жүйесі қолданылады (кесте 1).Өнім өндірудің өсу қарқыны және тиімділіктің басқа көрсеткіштері салыстырмалы бағадағы тауарлы өнім негізінде анықталады.

Ресурстардың әрбір түрінің экономиясы өнім шығару үшін қажетті ресурстар базис жылдағы және олардың жоспарлы мөлшерініің айырмашылығымен есептелінеді.

Еңбек өнімділігін арттыру нәтижесінде өнімнің өсу қарқыны ның бөлігі келесі формуламен анықталады:

мұнда Ч жұмысшылар саннының өсу қарқыны, %;

Q - өнім көлемінің өсу өарқыны, %.

Өнімнің экономикалық тиімділік көрсеткіштерін жоспарлау жоспардың басқа экономикалық және әлеуметтік бөлімдерін жасау нәтижесіне байланысты болады: өнім өндіру және қызмет көрсету, ғылыми-техникалық даму, өндірісті жетілдіру және басқару, еңбек және кадрлар, өзіндік құн, пайда және рентабельділіктің артуы, капиталдық құрылыс.

Кесте 1. Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі

Тиімділік көрсеткіштерінің тобы

Көрсеткіштер

1.Жалпылама көрсеткіштер

1.2 Өнім өндірудің өсу қарқыны

1.2. 1 теңге шығынға өндірілетін өнім

1.3. Ауыспалы экономия

1.3.1) негізгі өндірістік қорлардың

1.3.2) нормаланатын айналым құралдарының

1.3.3) материалдық шығындар (амортизациясыз)

1.3.4) еңбекақы қорының

    1. Жалпы рентабельділік

    2. тауарлық өнімнің шығынын 1 теңгеге төмендету

2. Еңбекті қолдану тиімділігінің көрсеткіштері

2.1. Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны

    1. Еңбек өнімділігінің артуы нәтижесінде өнімнің арту бөлігі

    2. Жылдық жұмысшылар санының еңбегін экономиялау

    3. Еңбекақы өсу қарқынының еңбек өнімділігінің өсу қарқынына қатынасы

3. Айналым құралдары және негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері

3.1. Қор қайтарымы

3.2. Нормаланатын айналым құралдарының 1 теңге орташа жылдық құнына тауарлы өнімді өндіру

3.3. Айналым құралдарының өсу қарқынының тауарлы өнімнің өсу қарқынына қатынасы

4. Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану көрсеткіштері

    1. 1 теңге тауарлық өнімге материалдық шығындар (амортизациясыз)

    2. Натуралдық түрдегі материалдық ресурстардың маңызды түрлерінің жұмсалуы

5. Жаңа техникаың тиімділік көрсеткіштері

    1. Еңбек өнімділігінің өсуі

    2. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі

    3. Материалдық ресурстарды экономиялау

    4. Жаңа техника енгізу нәтижесінде болатын экономикалық эффект

6. Капитал салымдарының тиімділік көрсеткіштері

6.1. Үлестік капитал салымдары

6.2. Капитал салым қайтарымының мерзімі

Ұсынылатын әдебиеттер (1,3,4,5)