Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

1 Тақырып Өндірістік кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде

1 тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Кәсіпорын түсінігі.

  2. Кәсіпкерлік қызметінің қандай түрлерін білесіз?

  3. Өндірістік кәсіпкерлік.

  4. Коммерциялық кәсіпкерлік.

  5. Қаржылық кәсіпкерлік.

  6. Кәсіпорынның ұйымды-құқықтық формалары.

2 тақырып Кәсіпорынның негізгі капиталы

1 тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Негізгі капиталды бағалау құнының түрлері.

  2. Еңбек өнімділігінің қор қайтарымына әсері және байланысы.

  3. Толық және тікелей қорсиымдылығы.

  4. Үлес қорсиымдылығы.

  5. Негізгі өндірістік қорларды жалға алу.

2 тапсырма

Тесттік сұрақтар

1 Жабдықтарды экстенсивті қолдану резервіне жазылғандардың қайсысы жатпайды:

А)жабдықтардың тоқтап қалуын азайту

Б)ауысымдылық коэфицентін көтеру

В)әсер етпейтін жабдықтардың ара салмағын азайту

Г)жаңа, көбірек өндіретін жабдықтарды тауып алу

2 Қор қайтару шыққан азық-түліктің негізгі қорларға бөлінуімен анықталады. Бірақ бұл жағдайда негізгі қордың құны қалай есептелінеді?

А)жыл басында

Б)жыл аяғында

В)олардың орта жылдық құндылығы сияқты

3 Дәл осы уақытта негізгі өндірістік қорлар бағалау әдісінің қай түрі олардың құндылығын көрсетеді?

А)алғашқы құн арқылы

Б)қалпына келтіру құндылығы арқылы

В)қалған алғашқы құн арқылы

Г)қалған қалпына келтіру құн арқылы

4 Ең жақсы қолдану арқасында, негізгі қордың қай бөлігінде кәсіпорынның қор қайтаруы жүреді?

А)ғимараттарда

Б)құрылыстарда

В)жұмыс машиналарында

Г)көліктік құралдарда

Д)жоғарыда аталғандардың бәрі

5 Амортизациялық бөліп шығару нормасы кіммен орнатылады?

А)кәсіпорынның өз еркімен

Б)министерствамен

В)үкіметпен

6 Негізгі қордың қалпына келтіру құны қалай анықталады?

А)жыл сайын

Б)үкіметтің арнайы шешімі бойынша

В)әр 51 жыл сайын

7 Жабдықтардың қалпына келтіру құндылығы дегеніміз не?

А)жабдықтардың жөндеуден кейінгі құны

Б)жабдықтардың тозық есебімен құны

В)дәл осы уақыттағы жабдықтарды жасау құндылығы

8 Ғимарат амортизациясының нормасы 2%. Бұл ғимараттың қызметінің мерзімі қаншаға тең?

А)оны есептеу мүмкін емес, деректер толық емес

Б)50 жыл

В)100 жыл

Г)200 жыл

9 Негізгі қор- .... ретінде қолданылатын мүлік бөлігі

А)еңбек заты

Б)еңбек құралы

В)жұмыс күші

10 Қалпына келтіру құндылығы- бұл алғашқы құндылық:

А)өткен уақыт кезеңіндегі бағамен және шартпен

Б)келешек уақыт кезеңіндегі бағамен және шартпен

В)дәл осы кезеңдегі бағамен және шартпен

3 Тапсырма

Есепті шығару

1 есеп.

Жыл басында өндірісті бірлестіктің негізгі қорының бастапқы құны 160 млн. теңгені құрады. Жоспарға сай наурызда негізгі қор эксплуатациясына 31 млн. теңге, шілдеде 1,3 млн. теңге, қарашада 5,6 млн. теңге кіру керек, сәуірде және қазанда негізгі қордан 1,2 және 1,8 млн. теңге алыну керек.

Анықтау керек:

  1. бірлестіктің негізгі қорының құнын жоспарланған орташа жылдық құнын

  2. жыл соңындағы негізгі қордың құнын

Жаңару коэффициенттері және негізгі қорлардың істен шығуын

3 тақырып Кәсіпорынның айналым капиталы

1 тапсырма

Тест сұрақтары

1. “Кәсіпорынның айналым қорлары” түсінігі өзіне нені қосады?

А) негізгі және қосалқы материалдар, өзінің шығарған жартылай фабрикаттары, өнімді толықтыратын сатып алынатын жартылай фабрикаттар;

Б) Өндірістік циклда бір рет қатысып және өзінің құнын толығымен шығаратын өнімнің өзіндік құнына аударатын өндіріс құралдарының бөлігі;

В)Өндірістік циклда көп рет қатысып және өзінің құнын шығаратын өнімнің өзіндік құнына аударатын өндіріс құралдары;

Г)Өндірістік циклда көп рет қатысып және өзінің құнын шығаратын өнімнің өзіндік құнына бірден аудармай тозуы бойынша бөліктеп аударатын еңбек құралы;

Д) өнімді дайындауға қажетті еңбек құралы

2. Кәсіпорынның айналым өндірістік қорының құрамына қандай материалды – заттық элементтер кіреді?

А) шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, сатып алатын бұйымдар, артық бөліктердің, отынның өндірістік қоры, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары;

Б)Станоктар, агрегаттар, ыдыс, сөрелер

В)дайын өнім, кассадағы және кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары;

Г) кәсіпорынның пайдасы, мердігерлерге қарыздар;

3. Минималды запас дегеніміз не?

А)жаңа партияны сатып алуға тапсырысты орындауға қажетті, запас мөлшері;

Б) жеткізу уақытының және тұтыну көлемінің кездейсоқ ауытқуларын есепке алатын запас мөлшері;

В) жеткізу партиясының тиімді мөлшері

Г) басқалар;

4. Белгілі бір мерзім үшін запастардың айналым коэффициенті неден тәуелді?

А) бастапқы және соңғы запастардан

Б) орташа запастан

В)сататын өнімнің өзіндік құнынан және орташа запастан

Г) жоғарыда аталғанның бәрі

5. Айналым капиталы дегеніміз не?

А)өндіріс және айырбас циклында түрі өзгеретін және өндірістік запас, дебиторлық қарыз, ақша қаражаттары және бағалы қағаздар түрінде шығатын кәсіпорынның капиталының бір бөлігі;

Б)міндеттемелер сомасын алып тастағандағы заңды және жеке тұлғалардың активтерінің таза құны;

В) ұзақ мерзімді қызмет ететін материалды – заттық элементтердің жиынтығын білдіретін, кәсіпорынның капиталының бір бөлігі;

Г) еңбек заттарын сатып алуға кеткен, авансталған капиталдың бір бөлігі;

6. Төменде аталғандардың қайсысы айналым қорларына жатады?

А) Саланың, кәсіпорынның материалдық ресурстары;

Б) Кәсіпорынның көліктік құралдары, өндірістік ғимараттар, құрылғылар;

В) дайын өнім, тиелген, жолдағы өнім, акциялардағы, есеп айырысу шотындағы, кассадағы ақша қаражаттары, барлық қарыздардың түрлері;

Г) пайда

7. Жазылғандардың қайсысы өндірістің айналым құралдарының құрамына кіреді?

А)қоймадағы дайын өнім, отын, артық бөлшектер, материалдар запастары

Б)айналым қорлары және айналу қоры

В)қоймадағы дайын өнім,аяқталмаған өндіріс

Г)Қоймадағы дайын өнім, цех жабдықтары

Д) өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақтағы шығындар

8. Жазылғандардың қайсысы аяқталмаған өндіріске жатады?

А)өндірістік процеске әлі кірмеген еңбек құралдары

Б)өндірістік процеске кірген бірақ әлі өңдеу сатысында тұрған еңбек құралы

В)өндіріс циклінің үздісіздігін қамтамасыз ететін, кәсіпорында белгілі бір мөлшерде бар, еңбек құралы

Г)өндірістің жаңа өнім түрлерін өндірумен және оларды игерумен байланысты шығындар

9. Айналым құралының айналымдылық коэфиценті нені сипаттайды?

А)еңбектің техникалық жабдықтарының деңгейі

Б)айналым құралдарын қолданудағы қарқындылық

В)бір айналымның орташа ұзақтығы

Г) өндірістік қордың бір теңгесіне келетін, сатылған өнім мөлшері

10. Көрсеткіштердің қайсысы өнімнің материал сиымдылығын мінездейді

А)өндірістің техникалық деңгейі

Б)бір бұйымды дайындауға кететін материалдардың жалпы салмағы

В)өнім дайындауға кететін материалдар шығындарының нормасы

Г)материалдарды үнемді қолдану

11. Қандай көрсеткіштер айналым құралдарын тиімді қолдануды сипаттайды?

А)өндіріс рентабельділігі, пайда

Б)қор қайтару, өнімнің қор сиымдылығы, еңбекті қор қаруландыру

В)айналымдылық коэфиценті, бір айналымның орташа ұзақтылығы

Г)айналым құралының қайтымдылық деңгейі