Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Электр есептеуіш машинасы

.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
16.3 Кб
Скачать

Электр есептеуіш машинасы (ЭЕМ), компьютер – есептеуіш және информациялық есептерді шешу үрдісінде мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені. Есептеуіш машиналары бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін, атап айтқанда: әрекет ету принципі бойынша; жасалу этаптары және элементтік базасы бойынша; тағайындалуы бойынша; есептеуіш қуатының көлемі бойынша; функционалдық мүмкіндіктері бойынша; программаларды параллель орындау мүмкіндігі бойынша және т.б. Әрекет ету принципі бойынша есептеуіш машиналар үш үлкен класқа бөлінеді:  Есептеуіш машиналарды бұл үш класқа бөлу олардың информацияны беру формасына байланысты. Мәліметтерді берудің аналогтық және сандық түрі ажыратылады. СЕМ – сандық есептеуіш машиналары, дискреттік, яғни сандық түрде берілген информациямен жұмыс істейді. АЕМ – аналогтық есептеуіш машиналары, үзіліссіз, яғни аналогтық түрде берілген информациямен жұмыс істейді. ГЕМ – гибридтік есептеуіш машиналары, аналогтық және сандық түрде берілген информациямен жұмыс істейді. Жасалу этаптары және элементтік базасы бойынша келесідей топтарға бөлінеді: 1-ші этап, 50-ші жылдар: электрондық вакуумдық шамдардағы ЭЕМ-дер. 2-ші этап, 60-шы жылдар: дискретті жартылайөткізгіш аспаптардағы (транзистор) ЭЕМ-дер. 3-ші этап, 70-ші жылдар: интеграциясы төмен және орта дәрежедегі жартылайөткізгішті интегралдық схемалардағы компьютер (бір корпустағы жүздеген-мыңдаған транзисторлар). 4-ші этап, 80-90 жылдар: үлкен және өте үлкен интегралдық схемалардағы компьютерлер, олардың негізгісі –микропроцессор (бір кристалда орналасқан он мыңдағын миллиондаған активті элементтер). 5-ші этап, қазіргі кезде: мәліметтерді өңдеудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретін бірнеше ондаған параллель жұмыстарды атқаратын микропроцессорлар. Параллельді-векторлы құрылымды аса күрделі микропроцессорлы компьютерлер. 6-шы және келешектегі этап: нейронды құрылымды жаппай параллелизмді