Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

7 Тақырып Тау – кен кәсіпорынындағы техника – экономикалық жоспарлау және есеп беру (4 сағат)

Дәріс жоспары

  1. Тау – кен өндірісін жоспарлау негіздері және әдістері

  2. Экономикалық және әлеуметтік дамудың жылдық жоспары

  3. Өнімді өндіру мен сату бойынша жоспар

  4. Материалдық – техникалық қамтамасыздандыру жоспары

  5. Еңбек және еңбекақы төлеу бойынша жоспар

  6. Өзіндік құн, пайда және рентабельділік бойынша жоспар

  7. Тау – кен кәсіпорынының қаржылық жоспары

  8. Капиталдық құрылыс жоспары

Кәсіпорынның жоспары – бұл өнімді өндіру мен сату бойынша жұмыстарды жүргізу мерзімін және ретін, әдістерін, көлемін, ресурстардың өзара қытынасын, мазмұнын, мақсатын қарастыратын алдын – ала өңделген шаралар жүйесі.

Жоспарлау – бұл жоспарды ұйымдастырудың барысын бақылайтын және өңдейтін және өзгеріп отырған жағдайларға байланысты оны қадағалап отыратын үрдіс.

Жоспарлаудың неізгі қағидалары: директивтілік, тиімділік, жоспардың негізгі звено қағидасы, кешенділік, ғылыми, үздіксіздік, мақсатқа бағытталғандық, материалдық және моральды ұйымдастырылу, координациялау.

Директивтілік – барлық халық шаруашылығы бөлімдері үшін бекітілген жоспарлық тапсырмалардың және экономикалық нормативтердің, экономикалық дамудың жалпы курсының міндеттілігін сипаттайды.

Тиімділік – белгіленген уақытта және ең аз шығындар жұмсай отырып белгіленген соңғы нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жоспарлық шешімді таңдау қажеттілігі. Бұл жоспарлаудың анықтаушы қағидасы.

Жоспардың негізгі звено қағидасы – жоспардың құрылу негізі. Ол экономиканың дамуының әрбір кезеңінде жоспардың негізгі звеносының анағұрлым маңызды мәселелерін белгілеп көрсету қажеттігін сипаттайды, осы шешімнен жоспардың басқа тапсырмаларының орындалуы да тәуелді. Негізгі звено қоғамдық дамудың анықталған кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайды.

Кешенділік – кәсіпорынның, халық шаруашылығының барлығының және жекелеген салаларының қызметінің барлық жақтарын қамту қажеттігін қарастырады.

Ғылыми – объективті экономикалық заңдылықтарды танымдық түрде оқып білуге негізделген қағида болып табылады.

Үздіксіздік – қоғамдық ұдайы өндірістің үрдісінің үздіксіздігімен сипатталдаы және ағынды, орташа мерзімдік және ұзақмерзімдік жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

Мақсатқа бағытталғандық - жоспарлаудың жалпы қағидасы, ол жоспардың мақсатқа бағытталуы қажеттігін сипаттайды.

Материалдық және моральды ұйымдастырылу- жоспардың орындалуының материалдық және моральды ұйымдастырылуы үшін шаралар жүйесін қолдану қажеттілігін сипаттайды.

Координациялау - өндірісті халықаралық мамндандыру мен кооперациялаудың дамуында және тереңірек зерттелуінде байқалады.

Жоспарлау әдістері – бұл жоспарды өңдеу, оның нақты тапсырмаларын және көрсеткіштерін анықтау кезінде жоспарлық органдар қолданатын тәсілдер.Халық шаруашылығын жоспарлауды өңдеудің негізгі әдістері болып баланстық, нормативті, бағдарламалық – мақсаттық, сонымен қатар экономика – математикалық әдістер табылады.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың жылдық жоспары экономикалық нормативтердің және бесжылдық жоспар тапсырмаларының негізінде өңделеді және оның орындалуы үшін қажетті шараларды жүргізуді қарастырады. Тау – кен кәсіпорынының экономикалық және әлеуметтік дамуының жылдық жоспарын құру тәртібі келесідей:

Кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспары

Өндірістің техникалық дамуы мен ұйымдастырылуының жоспары

Өнім өндірісі мен сатылуының жоспары

Нормалар мен нормативтер

Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері

Капиталдық құрылыс жоспары

Мамамндар мен еңбек бойынша жоспар

Материалдық – техникалық қамтамасыздандыру жоспары

Өзіндік құн, пайда және рентабельділік бойынша жоспар

Экономикалық ұйымдастыру қоры бойынша жоспар

Қаржылық жоспар

Әлеуметтік даму жоспары

Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды қолдану бойынша жоспар

Өнім өндірісі мен сатылуының жоспары – кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін жоспарлаудың орталық сұрағы. Өнімді өндіру мен сату жоспарын өңдеу табиғи өлшемде кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құрудан басталады.

Өндірістік бағдарлама деп пайдалы қазбаны өндірудің жылдық жоспары түсіндіріледі.

Пайдалы қазбаны өндірудің жоспарлық көлемі тау – кен жұмысының даму жоспарларынан туындайды, сонымен қатар жыл сайын тексеріліп және бекітіліп отыратын өндірістік қуат негізінде анықталады.

Өндірістік қуат деп кәсіпорынның жоспарланған жылда жабдықтың толық іске қосылуымен, прогрессивті технолиогияны, еңбекті және өндірісті ұйымдастырудың дамыған әдістерін қолдана отырып пайдалы қазбаны өндірудің мүмкін болатын ең үлкен мөлшерін шығару түсіндіріледі.

Материалдық – техникалық қамтамасыздандыру жоспары – кәсіпорынның материалдық – техникалық ресурстарға қажеттілігін және осы қажеттілікті жабатын көздерді сипаттайтын жоспарлық – есептік құжаттар мен көрсеткіштер жүйесін білдіреді. Кәсіпорынның материалдық – техникалық қамтамсыздандыру аймағында экономикалық және әлеуметтік дамудағы бес жылдық және жылдық жоспарларда келесі көрсеткіштер мен экономикалық нормативтерді бекітеді: бес жылдық және жылдық жоспарлардың орындалуы үшін қажетті материалдық – техникалық ресурстардың негізгі түрлерін жабдықтау көлемі; материалдық ресурстардың маңызды түрлерінің шығын нормасын орташа кеміту тапсырмасы; 1 теңге өнімге ақшалай сипаттағы материалдық шығындардың лимит түрінде өнімнің материалсиымдылығын; өнім бірлігіне табиғи сипаттағы материалдың маңызды түрлерінің, жанармайдың және энергияның шығындарының нормативтерін; мөлшерленетін айналым құралдары айналымын жылдамдату есебінен материалдық құндылықтарды шаруашылық айналымға енгізу.

Еңбек және еңбекақы төлеу бойынша жоспар – негізгі тапсырмасы еңбек ресурстарын анағұрлым жақсырақ қолдануды, еңбек өнімділігінің жоғарғы өсу қарқынын және жұмыскерлердің еңбекақы төлеуінің өсу қарқынының дұрыс қатынасын, жұмыскерлердің мәдени – техникалық деңгейінің және кәсіпкерлігінің өсуінің , еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру ролінің артуын қамтамасыз ету.

Еңбек және мамандар бойынша жоспар келесі бөлімдер бойынша өңделеді: жұмыскерлердің саны және еңбек өнімділігі; жұмыскерлердің еңбекақы төлеу қоры; мамандардың тұтынымы және оларды даярлау.

Жұмыскерлердің санын жоспарлау - бұл жоспарлық өнім өндіру көлемі, жұмыс пен қымет көлемі орындалуы үшін олардың ең аз санын анықтау.

Еңбек өнімділігі – пайыз түрінде жоспарланады және абсолютті сипатта өткен жылға сәйкес жоспарланады.

Еңбекақы төлеудің жоспарлық қоры – бұл жоспарлық мерзімде еңбектің барлық түрлерін оның санына және сапасына байланысты төлеу үшін тау – кен кәсіпорынында белгіленетін ақша қаржысының сомасы.

Кәсіпорынның еңбекақы төлеуінің жалпы қоры келесілерді қамтиды: өндірістік - өнеркәсіптік қызметкерлердің еңбек ақы төлеу қоры және өндірістік емес қызметкерлердің еңбек ақы төлеу қоры.

Өндірістік - өнеркәсіптік қызметкерлердің еңбек ақы төлеу қоры және өндірістік емес қызметкерлердің еңбек ақы төлеу қоры келесілер жатады:

  • тарифтік мөлшерлемелер, айлық және келісімдік бағалама бойынша есептелетін;

  • жоспарлық көрсеткіштерді орындағаны үшін сыйлық ақы;

  • ұжымды басқарғаны үшін негізгі жұмысынан босатылмаған жұмыскерлердің санынан бригадирлерге қосымша төлемақы;

  • түнгі уақыттағы жұмыс үшін төлемақы;

  • заңдылықтарда қарастырылған жағдайлардағы орташа еңбекақы төлемі;

  • өзінің негізгі жұмысынан босатылмай оқушыларды жә және екінші кәсіптегі жұмыскерлерді және олардың кәсіпкерлігін арттыру кезінде оқытқаны үшін мамандандырылған жұмыскерлерге еңбекақы төлеу;

  • жоспарда көрсетілген жөндеу жұмыстарында және үздіксіз өндіріс үрдістерінде мерекелік және демалыс күндері жұмыс істегені үшін қосымша төлемақы;

  • заңдылықтарда белгіленген қоғамдық және мемлекеттік міндеттерді орындағаны үшін жұмсаған жұмыс уақытына төлемақы;

  • жылсайынғы және қосымша демалыстарға төлемақы;

  • еңбек сіңірген жылдары үшін бір мерзімдік сыйақы;

  • аймақтық коэффициенттер бойынша төлемақы.

Мамандардың тұтынымы және оларды даярлау кәсіпорындағы еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану қажеттігін, біліктілігіне және жұмыс стажына сәйкес оларды дұрыс таратуды, сонымен қатар тау – кен кәсіпорынын үшін білікті мамандарды даярлауды қарастырады.

Өзіндік құн, пайда және рентабельділік бойынша жоспар – келесі бөлімдерден тұрады: техника – экономикалық факторлардың әсерінің есебінен өнімінің өзіндік құнын кемітуді есептеу; өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау; өндіріс шығындарының сметасы; пайда бойынша жоспар, өндірістің рентабельділігі бойынша жоспар.

Тау – кен кәсіпорынының қаржылық жоспары – барлық жоспарлық қаржыландыру көздерін , оның ішінде ақша кірістерін және жинақтарын қамтиды және кең көлемді ұдайы өндірісті қамтамасыздандыру үшін ақша қаражаттарының көлемін және бағыттарын бекітеді.

Қаржылық жоспарды өңдеудің негізгі тапсырмасы: кәсіпорынды қалыпты өндірістік – шаруашылық қызметі үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету; өндірістің тиімділігін арттыру үшін ішкі резервтерді анықтау және ұйымдастыру; жоспардың қаржылық көрсеткіштерінің басқа көрсеткіштерімен сәйкестігі және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының толық байланыстылығын қамтамасыз ету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қаржыық қарым – қатынастарын анықтау. Қаржылық жоспардың негізгі бөлігі – кәсіпорынның кіріс және шығыс балансы – төрт бөлімнен тұрады: кірістер мен қаржылардың түсуі; шығындар және қаржылардың шығуы; банкпен несиелік қарым – қатынастар; бюджетпен қарым – қатынастар.

Капиталдық құрылыс жоспарын өңдеудің басты мақсаты тау –кен кәсіпорындарында капиталдық салымдарды анағұрлым тиімді қолдануды қамтамасыз ету, оларды техникалық қайта жабдықтауға алғашқы кезекте бағыттау және іс жүзіндегі кәсіпорындарды қайта құру, түсу объектілерінде құралдарды концентрациялау және құрылыс өндірісін бүкілшаралық интенсификациялау. Капиталдық құрылыс жоспарының негізгі нұсқасы болып кәсіпорындағы жылдар бойынша тапсырмалары бөлінген бесжылдық жорспар табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер (1,3,4,6)