Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

2 Тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы (2 сағат)

Дәріс жоспары

  1. Негізгі қорлар: түсінігі және жіктелуі.

  2. Негізгі қорларды бағалау түрі.

  3. Негізгі қорлардың амортизациясы.

  4. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері.

  1. Негізгі қорлар: түсінігі және жіктелуі.

Өндірістік процестерді игеру үшін өндірістік құрал және жұмыс күштерінің қарым қатынасы қажет.

Еңбек құралдары өзi ішінен еңбек құраддары (көлік, құрал-жабдық, құрылыс) және енбек заттары (шикізат, материалдар) деп бөлінеді.

Еңбек құралдарымен табиғат күшінің қатынасына әсер етеді, ал енбек заттарына адам өзінің қызмет әрекетін арнайды.

Өндіріс құралдарының ақша түріндегі қаражаты өндірістік қорлар болып саналады.

Өндірістік қорлар негізгі және айналымдық болып бөлінеді. Осы бөлудің негізінде дайын бұйымдар мен ұдайы өндірістің түрлері бағаларының қызметтерінің айырмашылығы жатады.

Негізгі қорлардың айналымының басты айырмашылығы келесіде:

  1. Негізгі қорларды құрайтын элементтер жасалып шығарылатын бұйымдарға зат түрінде кірмейді. Heгізгі қорлар өзін құрайтын заттың элементтерінің толық тозуына дейін өндірістік цикл (айналым) қатарына қатысады.

Ал айналым қорлары бip өндірістік циклдің шенберінде қолданылады және дайын өнімге айналып, оның "таза құрамына" кіреді.

  1. Заттық элементтің толық тозуына байланысты негізгі қор құны біртіндеп шығарылатын өнім құнына кіреді, олай болса бip өндірістік айналым қоры өзінің құнын. толығымен өзгертеді.

  2. Өнімнің жүзеге асқаннан кейінгі бағасы негізгі қордың нормативтік деңгейдегі тозуына сайма-сай қайтарылады.

Сол себепті негізгі қордың бағасы бөлшектеніп өнімге айналады да, "амортизациялық қорға" толығымен алмастырылады.

Есесіне құны қолданылған айналым қорының жүзеге асырылған өнім тура қайтарылады да, қайта жаңа өндірістік цикл құруына мүмкіндік береді.

Мұндай өзгерістерге байланысты айналым және негізгі қорларға былайша анықтама беруге болады.

Негізгі қорлар деп өз құнының тозуына байланысты бөлшектеп, дайын бұйымға айналдырып, өзінің нақтылы заттық түpiн сақтай отырып, көптеген өндірістік циклдерге қызметін арттыра отырып, өндірістік процестерге қатынасатын құралдарды айтамыз.

Айналым қорлары деп бұл толығымен бip реттік өндірістік процестерге қолданылып, өзінің нақтылы формасын өзгерте отырып, өз құнын дайын өнімнің құнына және де әр өндірістік циклде құнын толығымен қайта ауыстырып отыратын енбек құралын айтамыз.

Әр түрлі өндірістік процестердің құрылымдарын орындай отырып, негізгі қорларды өзінің нақтылы заттық құрамының біркелкі емес еңбек құралы болуына байланысты белсенді және белсенді емес деп ажыратуға болады.

Негізгі қорлардың еңбек бұйымдарына тікелей әсер еткен еңбек құралдарының бөлігін (яғни машина агрегаттары) белсенді деп атаймыз. Ал негізгі қорлардың өндірістік процестердің қальпты ағымын қамтитын (яғни ғимарат, құрылыстар) бөлшектерін белсенді емес негізгі қорлар деп атайды.

Негізгі қорлар өндірістік процестердің өзіндік роліне байланысты өндірістік және өндірістік емес деп бөлінеді.

Өндірістік негізгі қорларға өндірістік процестерге қатысатын, я болмаса оны жүpгiзyiнe әсер ететін еңбек құралы жатады.

Өндірістік емес негізгі қорларға өндірістік процестерге қатыспайтын өндірістік емес тұтынуға арналған, яғни (тұрғын үй, демалыс үйлері, амбулатория) қорларды жатқызамыз.

Өзіне қатыстылығына байланысты негізгі қорлар жеке меншіктегі және жалдап алынған деп белінеді.

Жеке меншіктегі жалдаудың айырмашылығы сол кәсіпорында амортизацияны және тозуды есептеусіз "баланс сыртына" орналасады. Техникалық функцияларды орындау және де өндірістік процестердегі роліне байланысты еңбек құралдарының барлық жиынтығы бipнешe түрге бөлінеді.

  1. Yйлep - қосымша, қызмет ететін цехтардың үйлерінен, өнеркәсіптік кәсіпорынның депосы, гаражынан және де конструкторлық бюродан турады.

  2. Ғuмapam - бұл топқа жер асты және ашық тау-кен казбалары, мұнай және газ скважиналары, түтін түтіктері және жеке іргетастағы су ағатын мұнаралар, әр түpiне байланысты жолдар, тосқауылдар бөгеттер және каналдар жатады.

  3. Беріліс құрылғылары. Бұған ішкі өндірістік газ құбырлары, су таратқыш құрылғылар, электрлік және байланыс ғимараттары, канализациялық ғимараттар жатады.

  4. Машиналар мен жабдықтар – көмір комбайндары, химиялық аппаратуралар, станоктар, балғалар, көтергіш-көліктік жабдық, энергетикалық газ түтігінің құрылғысы, компрессорлар, есептеу техникасы, техникалық процестерді бақылау т.б.

  5. Көлік құралдары. Бұған өндірістік баланста тұрған барлық қозғалыс құралдарын кірістіреді, яғни теміржол, су, жылжымалы құрама және де өндіріс ішіндегі көліктер (вагонеткалар, автомобильдер).

  6. Құpал, өндipicmiк және шаруашылық инвентарь: механикаландырылған және қол құралдарының барлық түpi, ұрушы, кесуші, әр түрлі шаруашылық құралдары, офистік өндірісік сипаттағы әр түрлі заттар.

Қазіргі кезде халықаралық тәжірибені, жаңа машиналар түрін, ескеретін, НҚ-ның жана классификаторы жасалып жатыр.

  1. Негізгі қорларды бағалау түрі

НҚ-ны бағалаудың келесі түрі бар: толык және қалдық баланстық құн, толық және қалдық қайта құру құны.

Толық баланстық құн (алғашқы құн) - объектің пайдалануға түскен кезінде қалыптасады.

Негізгі қорға келіп түсуіне байланысты олардың алғашқы құны:

  • келісім бойынша өндіріс құрылтайшыларының, қорына үйлесімді негізгі құралының құны;

  • өндірістің өзінде дайындалынған және де өндірістерді қамтыған немесе монтаждау, орнату, апарып тастау шығынының қосындысы НҚ құны;

  • НҚ-ның өтеусіз алынған объектілерінің құны, және де мемлекеттік жәрдемакы ретінде бөлінген қаржылар.

Қайта құру құны - өндіріс балансы бойынша негізгі қорға бөлінетін, әр уақытта қолданылған және әркелкі бағаланған баға күшін, яғни қойылымсыз баға ретінде көрсетілуін айтамыз.

Негізгі қорды бағалау үшін оларды жалпы бағалау кезеңінде біркелкі бағалануы керек етіледі.

НҚ пайдалану процесі кезінде жойылады. Объектілердің өзіндік физикалық және техника-экономикалық жойылу баға түрін НҚ-ның тозуы деп аталады. Алғашкы бағадан алынған құнның тозуын НҚ-ның калдық құны деп аталады.

Қайта құру қалдық құны дегеіміз - НҚ-ның тозуындағы қайта құру құнының алынуын айтамыз.

  1. Негізгі қордың амортизациясы

Амортизациялы құнының жүйесі арқылы нақтылы формадағы қайта құру, яғни "Экономикалық қайта құру" пайда болады.

Амортизация – НҚ-ның қызмет ету барысында НҚ шығынын қайтару үшін ақшалай қаржыны жинаудың жоспарлық процесі.

Ақшалай қаржыны жинау өндіріс шығындарына амортизациялық сома бөлу есебінен жүзеге асырылады. Жинақ өлшемі НҚ-ның баланстық бағасына пайызбен қондырылады және "амортизациялық бөлінулердің нормасы" деп аталады.

НҚ-ны жеделдету амортизациялық белсенді бөлім механизмі жоғары технологиялық экономика өндірісінің, жедел өciп жетілуі үшін мақсат eтіп қойылады. Жеделдетілген амортизацияға кipicy кезінде оның есептеу тәсілі бірқалыпты (сызықты) алынады (қалыпты амортизация коэффициенті 2,0 өлшемге дейін өседі).

Жеделдету тәсілімен жіберілген амортизациялық бөлінулер қатаң түрде мақсатты міндеті бойынша пайдаланылуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса, қосалқы амортизациялық қосындыны жеделдету тәсілі есебімен салық алу базасына ендіріледі.

НҚ-ны толық қайта құруға қалыпты амортизациялық бөліну нормалары тау-кен өндірістік салаларында пайдалы қазбаның қызмет ету мерзіміне байланысты болады және капиталдық қондырғысыз қорды өндегеннен кейін басқа мақсатқа қолданылмайды да, пайдалы қазбаның тонналық қорына ендіріледі.

Негізгі қорлар үшін қалыпты амортизациялық бөлінуі тонналық мөлшермен анықталынады. Тонналық мөлшер – НҚ-ның толық мамандандырылған қайта құру амортизациялық бөліну өлшемі, тонналық (м3) пайдалы қазба қорын (теңге) өңдеу кезінде HҚ-ны толық өндіріспен қамтамасыз етуін және де оларға қызмет етуші бeкінісі.

Тонналық мөлшер (Р) жыл сайынғы негізгі қордың әр мамандырылған тобының берілген объектісінің қалдық құнының (О) қосындысының бөлінуімен есептелінеді.

4. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері

НҚ-ның бағалар деңгейін пайдалану үшін жүйе көрсеткіштері қолданылады.

Негізгі жартылай фабрикаттар өндірісінің жарты жылдық өнімінің құнын жалпылай көрсететін қор қайтарымы болып келеді. Қор сіңіргіштігі - бұл көрсеткішке керісінше болып келеді.

Қорытынды көрсеткіштерге "қормен жабдықталу" жатады, жалпы қызметкерлердің жарты жылдық санына НҚ-ның жарты жылдық құнының қатынасы ретінде анықталады.

Ұсынылатын әдебиеттер (1,2,4,6)