Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

9 Тақырып Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру. Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері. Өндірісті ұйымдастыру және басқару (2 сағат)

Дәріс жоспары

1 Өндірістік үрдістер ұғымы

2 Негізгі үрдістер

3 Көмекші үрдістер

4 Қызмет көрсетуші үрдістер

5 Технологиялық жағынан қарастырғанда өндірістік үрдістер

6 Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері

Өндірістік үрдіс нақты технологиялық және ұйымдық мазмұны бар және нақты материалдық игіліктер құруға бағытталған еңбек үрдісін білдіреді. Өндірістік үрдістің элементтері – тірі еңбек, еңбек заттары мен еңбек құралдары. Осы элементтердің бірігуінің арқасында қандайда бір жұмыс орындалады немесе дайын өнім құрылады.

Өндірістік үрдістер стадиясы өзара байланысты еңбек үрдістерінің жиынтығынан тұрады, олар негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші деп бөлінеді.

Негізгі үрдістер шикізатты дайын өнімге айналдыратын өндірістегі маңызды үрдіс болып табылады.

Көмекші үрдістерге негізгі өндірісте қолданылатын немесе көмекші сипаттағы жұмыстарды жүзеге асыратын үрдістер жатады.

Қызмет көрсетуші үрдістер негізгі және көмекші үрдістердің табысты орындалуына жағдай жасау үшін арналған.

Технологиялық жағынан қарастырғанда өндірістік үрдістер өндірістік звеноларға, жұмыс үрдістерінің кешені, жұмыс үрдістері, операциялар болып бөлінеді.

Өндірістік звено – бұл пайдалы қазбаны өндірудегі өндірістік үрдістің техникалық, технологиялық және ұйымдық негізделген бөлігі, онда өзара байланысты және нақты бір ретпен бірінен кейін бірі жұмыс үрдістерінің келесі кешені орындалады, олар тау – кен кәсіпорынының дайын өнімін жасауға жекелеп мүмкіндік жасайды.

Жұмыс үрдістерінің кешені – бұл өндірістік үрдістің ұйымдық және технологиялық негізделген бөлігі, ол ерекше технологиялық мазмұнмен сипатталады және өзінің орындалуы үшін өндірістің арнайы құралдарын және нақты жұмыс мамандығын талап етеді.

Жұмыс үрдісі – нақты технологиялық мазмұнымен, қолданылатын еңбек құралдарымен еңбек заттарымен сипатталады.

Операция деп жұмыс үрдістерінің бөлігі аталады, ол технологиялық мазмұнының біртектілігімен, жұмыс орнының, еңбек құралдары мен еңбек заттарының өзгеріссіздігімен сипатталады.

Тау – кен кәсіпорындарында негізгі өндірістік үрдістердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етілуі көмекші өндірістің көмегімен жүзеге асырылады. Көмекші жұмыстар белгіленуі және негізгі үрдістерге әсер етуі бойынша келесілерге бөлінеді:

  • негізгі өндірістік қорларды қалпына келтірумен, қызмет көрсетумен және мазмұнымен байланысты;

  • негізгі өндірістік үрдістің технологиясымен байланысты;

  • жағымсыз табиғи жағдайлардың әсерін жою бойынша;

  • еңбектің қауіпсіз және ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету бойынша.

Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері. Қоғамдық өндірісті басқару материалдық және мәдени деңгейдің артуы үшін жақсы жағдай жасау мақсатында қоғамға тиесілі өндіріс құралдарын қолданатын жекелеген орындаушыларға және еңбек ұжымына әрекет етуге бағытталған шаралар жүйесі түсіндіріледі.

Басқару қағидалары – бұл міндетті, негізін қалаушы ережелер, олар басқарудың барлық жүйесінің құрылымын анықтайды және қызмет етеді. Өндірісті басқарудың негізгі қағидалары: демократиялық орталықтандырылған қағидалары, саяси және шаруашылық жетекшілер бірлігінің қағидасы, бірлікбастамалық және коллегиалық, басқарудағы жоспарлылық, салалық және территориалдық басқарудың сәйкестігі, экономикалық және тиімділік, еңбекті материалдық және моральдық ұйымдастырылу, басқарудың ғылымилығы, басқарудың әдістері мен нұсқаларын үнемі жетілдіру, басқаруға жүйелік тәсіл.

Басқару әдістері – бұл еңбек ұжымына, жеке жұмыскерлерге әсер ету тәсілдері, ал олардан кейін қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін өндіріс барысына әсер ету тәсілі. Экономикалық әдістер қандай заңдарға сүйенетініне байланысты олар төмендегідей бөлінеді: экономикалық, әкімшілік – реттеушілік, әлеуметтік – психологиялық және идеологиялық.

Ұсынылатын әдебиеттер (1,3,4)