Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

10 Тақырып Еңбек ақы төлеу қорын жоспарлау және басқару және еңбекті ұйымдастыру. Еңбек ұжымын басқару (2 сағат)

Дәріс жоспары

1 Тау – кен кәсіпорынында еңбекті ұйымдастыру негіздері

2 Еңбекақы төлеудің негізгі нұсқалары мен жүйелері.

3 Еңбекті ұйымдастырудың және ынталандырудың бригадалық нұсқасы

4 Еңбек ұжымын басқару негіздері

1 Тау – кен кәсіпорынында еңбекті ұйымдастыру негіздері – тау – кен кәсіпорынында ғылыми – техникалық прогресс жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру үшін прогрессивті технологияны және жоғары өнімділігі бар машиналар мен механиязмдерді енгізіп қана қоймай, жұмысты кешенді түрде механизациялап және автоматтандырып қана қоймай, өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен қатар еңбекті ұтымды ұйымдастырудың прогрессивті нұсқалары мен әдістерін енгізу қажет.

Ұтымды деп еңбекті ұйымдастырудың ғылымның жетістіктеріне және өндіріске жүйелі түрде енгізіліп отыратын алдыңғы қатарлы тәжірибеге негізделген, анағұрлы жақсы деңгейде адамдармен техниканы бір өндірістік үрдіске байланыстыратын, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді қолдануды, еңбек өнімділігінің үздіксіз артуын, адамның денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді, еңбекті біртіндеп алғашқы өмірлік тұтынымға айналдыратын түрі аталады.

Еңбекті ұтымды ұйымдастыру өзара байланысты үш тапсырманы шешуді қарастырады: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік.

Экономикалық тапсырма еңбек өнімділігін арттыруға, материалдық және еңбек ресурстарын, негізгі қорларды тиімді қолдануға және өнімнің сапасын жақсартуға негізделген.

Психофизиологиялық тапсырма өндірістік ортаға жағымды жағдай жасауға, жұмыскерлердің денсаулығын және жұмысқа қабілетін сақтауға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік тапсырманы шешу еңбекке қызығушылықты және мазмұндылықты артыруға, еңбек жағдайын арттыруға, өндіріс эстетикасы мен мәдениетін өсіруге, жұмыскерлердің шығармашылық инициативасын арттыруға, өзінің еңбегіне деген түсінікті қарым – қатынасты тәрбиелеуге және оны алғашқы өмірлік тұтынымға айналдыруға мүмкіндік береді.

Еңбекті бөлу дегеніміз біріккен еңбек үрдісінде адамдардың әртүрлі қызметтерін сапалы негіздеу. Еңбекті бөлудің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: қызметтік, технологиялық, кәсіптік және білікті.

2 Еңбекақы төлеудің негізгі нұсқалары мен жүйелері.

Еңбекақы – бұл мекеме қызметкерінің жасаған еңбегінің көлеміне және сапасына байланысты және барлық мекеме коллективінің қызметінің нәтижесіне байланысты берілетін сый. Жалақы номиналды және реалды болып бөлінеді.

Номиналды жалақы – жұмыскердің берілген түрде алынатын еңбекақысы.

Реалды жалақы – номиналды жалақыға қандай көлемде тауар және қызмет алуға болатынын көрсетеді.

Еңбекақы төлеудің екі түрі бар – «келісімді» және «мерзімді», әрқайсысы әр түрлі жүйе түрінде жүзеге асады.

Келісімді жалақы түрі келесі жүйелерден тұрады: тік келісімді, сый-келісімді, аккордтық.

Тік келісім жүйе кезінде ақша барлық істелген жұмысқа бір бағамен төленеді.

Сый-келісімді жүйе жұмыскердің белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерді орындау немесе шамадан тыс орындау кезінде келісілген жалақыға қосымша сыйлық төлеуді қарастырады.

Аккордық жүйе сый-келісімді жүйенің өзге түрі болып саналады және тапсырманы уақытысында немесе мезгілінен бұрын орындағаны үшін келісілген жалақының үстіне сыйлық төлеуді қарастырады.

Мерзімді жалақы түрі екі жүйеге бөлінеді – жай мерзімді және сый-мерзімді.

Жай мерзімді жүйе белгіленген тарифті ставка бойынша атқарылған жұмыстың сағат (смен) санына байланысты жалақы төлеу.

Сый-мерзімді жүйе кезінде тарифті жалақыдан басқа жұмыскерлерге сандық немесе сапалық көрсеткіштерді орындау және шамадан тыс орындағаны үшін сыйлық төленеді.

Мотив – бұл адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын ішкі тілегі.

Стимул – бұл белгілі бір әрекеттерді орындау арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керекті құралдарды алу мүмкіндігі

3 Еңбекті ұйымдастырудың және ынталандырудың бригадалық нұсқасы.

Өндірістік бригада бірдей өндірістік тапсырманы орындайтын және жұмыстың жалпы соңғы нәтижелері үшін бірлесіп жауап беретін бірдей немесе әртүрлі кәсіппен айналысатын жұмыскерлерді біріктіретін ұжым.

Еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нұсқасы цехтар мен бөлімшелерде басқаруды анағұрлым жақсартуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жұмыскерлердің еңбегін кооперациялау және кәсіпорындағы орындалатын жұмыс мазмұнына қарай мамандандырылған және кешенді өндірістік бригадалар құрылады.

Мамандандырылған бригада бір кәсіптегі, біртекті технологиялық жұмыстарды орындайтын жұмыскерлерді біріктіреді.

Кешенді бригада өнім өндірудің немесе оның аяқталған бөлігінің толық циклін қамтитын әртекті технологиялық, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты жұмыс кешенін бірмезгілде орындау үшін әртүрлі кәсіптегі жұмыскерлерді біріктіреді.

4 Еңбек ұжымын басқару негіздері.

Еңбек ұжымы – бұл мемлекеттік, қоғамдық кәсіпорындарда, мекемелерде, колхозда және басқа да кооперативтік ұйымдарда біріккен еңбек қызметін жүзеге асыратын барлық жұмыскерлерді біріктіру.

Еңбек ұжымындағы маңызды құрылымдық элемент - өндірістік ұжым.

Өндірістік ұжым қоғамдық қажетті өнімді құру мақсатында және оның мүшелерінің материалдық және моральдық тұтынымдарды қанағаттандыру үшін қызметтестік негізінде өндірістік кәсіпорын шегінде біріккен адамдардың ұйымдастырылған тобы.

Өндірістік ұжымның жұмысының тиімділігі көп жағдайда жетекшіліктің әдістері мен стильдеріне, атағына, оның жекелеген сапаларына байланысты болады.

Жетекшілік стилі дегеніміз ұжымды басқару кезінде пайда болатын мәселелер мен тапсырмаларды шешу бойынша қызметтердің тәсілі мен әдістердің жиынтығы.

Жетекшілік стилі жеке және жалпы болып бөлінеді.

Басшылар тәжірибелік қызметте демократиялық, авторитарлық немесе либералдық әдістерді қолданылады.

Жетекші өзінің қызметінде келесі басшылық қызметтерін жүзеге асырады: шешімді дайындау және қабылдау; шешімді орындауды ұйымдастыру; реттеу, түзету; есептеу және бақылау; барлық басқару цикліне сәйкес ақпараттық қызмет.

Ұсынылатын әдебиеттер (1,2,3,4,6)