Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Ұсыныстың Ұсыныс деңгейінің өзгеру пайызы

икемділігі = Бағаның өзгеру пайызы

Егер қатынас >1 болса, ұсыныс икемді деп аталады.

Ұсыныс шамасының өзгеру пайызы:

300/1000*100/1=30%

Бағаның өзгеру пайызы:

1/10*100/1=10%

Ұсыныстың икемділігі:

30/10=3

Егер ұсыныс шамасының өзгеру пайызы бағаның өзгеру пайызымен салыстырғанда аз болса, немесе қатынас <1 болса, ұсыныс икемді емес деп аталады.

Егер қатынас – 0 болса, ұсыныс мүлдем икемді емес.

Ұсынысты жаңа бағамен сәйкестіруге қажет уақыт төменгі факторларға байланысты болады:

а) өндіріс қуаттылығы резервінің болуы: егер қондырғылар тұрып қалса, жұмысшылар жұмыссыз қалғанда ұсыныс икемді болады;

б) қор деңгейі – көп тауардың қоры азайғанша, ұсыныс икемді болады;

в) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық тауарлары. Ауыл шаруашылық тауарларының ұсыныс икемділігіне дақылдарды өcipy мен мезгіл ұзақтығы әсер етеді.

8 Бағаның қызметi және жүйесі

Нарықтық экономикада баға 3 қызметті атқарады:

  1. ол сатып алушы мен сатушының әрекетін көрсететін ақпарат береді;

  2. сұраныстың ұтымды негізгі бағытының тездетуін және өндipicтің ең үнемді тәсілін ынталандырады;

  3. баға арқылы нарықтық экономикадағы ең негізгі кipicті қатысушылар арасында жүргізіліді.

Баға жүйесі өте күрделі болса да, бағаны “келісімді”, “мемлекеттік”, “дуниежүзiлiк” деп негізгі үш түрге бөлуге болады.

Келісмді - бұл кәсіпкерліктің тәуелсізідігін көрсететін нағыз нарықтық баға. Ол сатып алушы мен сатушының келісімі бойынша тағайындалады, яғни берілген тауар деген сұраныс пен ұсыныста ғана ескереді.

Нарықтық экономикадағы мемлекеттік бағалар мемлекеттік өндірістердің өнiмдеріне тағайындалмайды. Өйткені нарықтық экономикада көптеген мемлекеттік кәсіпорындарға жекеден кем түспейтінщ коммсрциялық дербестік тән.

Нарықтық экономикада мемлекеттік баға белгіленеді:

а) монополистік кәсіпорындардың өнімдеріне;

б) негізгі ресурстарға (елдің экономикасы үшін);

в) әлеуметтік маңызды тауарларға.

Мемлекеттік баға жүйесі екі элементтен тұрады: өкімет қатаң тағайындайтын белгіленген баға және экономикалық конъюктураның өзгерісін ескеріп реттелетін баға.

Дүниежүзілік бағалар халықаралық саудада қолданылады. Дүниежүзілік баға - ЕАВ-мен есептелген ipi сырттан әкелетін - сыртқа шығаратын келісімдідер жасалатын баға есептеледі. Дүниежүзілік баға белгілі тауардың тасымалдау және сатып алу көлемі (көтерме және жеке баға) факторымен байланысты ауытқуы мүмкін.

Келісімде көрсетілген көлікпен тасымалдау және жеткізу шарттары фактуралық бағаны анықтайды.

Фактуралық бағаны келесіге бөледі:

  1. "EXWORKS" - сатушы тауарды өзінің зауытында (қоймасында) сатып алушының қарауына беруге міндетті. Отандық "Франко-зауытқа" сай келеді;

  2. FOB - шартта көрсетілген бойынша сатушы тауарды порттағы кемеге жеткізуі қажет;

  3. СAF - сатушы тауардың жеткізілетін орнына дейін барлық шығындарды факт бойынша төлеуі қажет;

  4. CIF, яғни CIF бағасы, тасымалдау кезінде тауардың жоғалу немесе бұзылған жағдайында сатушылық қосымша сақтандыру шартына отыру міндеті.