Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

9.Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері.

Агроөнеркәсіп кешені - Қазақстан экономикасының ең негізгі саласы болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қазақстандық қоғамның әрқашанда экономикалық және саяси тұрақтылығының айқындаушы факторы болып табылады. Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы оның құрылымдағы рөлі мен экономикалық тұтастығы, ұдайы өндірістік іс жүргізуі бойынша негізгі тірегі болып табылады. 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен жеті басым секторлардың қатарында өзінің салалық артықшылығын және ауқымды әлеуетін толық жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі уақытта инновацияларды дамыту есебінен экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы елдегі инновациялық саясаттың басты бағдары болып табылады.

Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті дамытудың тұжырымдамасында инновациялық үрдіс «жаңа немесе жақсарған ауыл шаруашылық өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерін, және шикізатты өңдеудің жаңа немесе жетілген технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізіліп, инновацияны құру және оларды өздерінің тікелей өндірісінде игеру бойынша нақты іс-шаралардың заңды және кезекпе-кезек жүргізілетін жүйесі» деп анықтау ұсынылады.

10.Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.

Ұлттық экономиканың дамуы үшін бастылардың бірі болып отандық агроөнеркәсіптік кешен табылады. Нарықтың ішкі сыйымдылығы ауылшаруашылық өнімін елде өндіретін балансталған қолданысы үшін жеткіліксіз болып келеді. Оны өндіруден алынған табысы ауыл елдерін өмірмен қамтамасыздандырудың минималды стандартын қамтамасыз ете алмайды. Ғылыми дайындамалар негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің ары қарай дамуы мен жетілдірілуін көздейтін шараларды жүзеге асыру және осының салдарында аталған сала мен оның өнімін бәсекеге қабілетті халықаралық нарыққа шығару үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету заманауи кезеңде өзекті мәселелер қатарына жатады. Аталған мәселелердің барлығы агроөнеркәсіптік кешен үшін алдымен қаржылық сұрақтарға келіп тіреледі. Агроөнеркәсіпті мемлекет тарапынан қаржылық қолдау шараларына, қаржылық ұйымдар арқылы несиелендіруге және демеу көрсетуге қарамастан қазіргі таңда бұл саланы қаржыландыруда келесідей мәселелер қалыптасуда:

– екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруде ауылшаруашылығының алатын үлесінің төмендігі, ол өз кезегінде банктердің аграрлық саланы

несиелендіруді тиімсіз деп санауымен байланысты;

– зерттеу жүргізілген жылдар кесігінде аймақ бойынша ауылшаруашылық құрылымдарының төмендеу тенденциясы қалыптасқан, бұл мәселе олардың қызмет атқаруына жеткілікті жағдайлар жасалмағандығы мен қаржылық мүмкіндіктерінің жоқтығына тіреледі;

11.Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы.

Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-эконо¬ми¬калық проблемалар да жоқ емес.  БҰҰ-ның жанындағы «Халықтар қоры» жер тұрғындарының  2050 жылға қарай  7,8 млрд. адамға өсуіне орай, күрделенуі мүмкін азық-түлік  мәселесіне қатысты 61,2 млрд. дол­ларға бағаланған арнайы бағдарлама ұсын­­ды. Оның ішіне ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға  5 млрд. доллар, егістік жерді сақ­тау­ға 24 млрд. доллар, ормандарды қалпына келтіруге 6,8 млрд. доллар бөлуді көздеп отыр.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлі­мет­тері бойынша, Қазақстан 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті және 43 пайыз кө­кө­ністі сырттан әкеледі. Азық-түлік  қоры мол деген Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 па­йыздайын шетелдерден тасиды. Ауыл ша­руашылығының шикізаттық сипаты  азық-тү­лік  қауіпсіздігіне  кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шы­ғарылады, ал техноло­гия­лық мешеулік сал­да­рынан дайын өнім шы­ғара алмай отырмыз.  Мәлімет бойынша, біздің елімізде 2010 жыл­дың 1 қаңтарында 200 876 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар, оның ішінде ауыл шаруа­шылығы кәсіп­орындары  7441, шаруа қожа­лық­­тары 193 435. Бұдан басқа 2 247,8 мың үй шаруа­шы­лығы бар.  Осыларды бүгінгі жағ­дай­ды ескере отырып әрі қарай дамытып,  нарық та­ла­бына сай құрылымдарға жеткізу үшін  осы са­ладағы заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қа­жет. Қазіргі уақытта «Шаруа (фермер) қожа­лықтары туралы» заңның жобасы Парламент Мә­жілісінде талқылаудан өтті. Сонымен қа­тар 2008 жылы Үкіметке толықтырулар үшін қай­тарылған «Жеке қосалқы шаруашылық­тар» ту­ралы заңның жобасы да  ауыл өмі­рінің  жедел дамуына өз септігін тигізері сөзсіз.