Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

Меню

  1. Аграрлық экономика пәнініңәдістері мен мақсаттары.

  2. Агроөнеркәсіптіккешен.

  3. АӨК нарықжәнешаруашылықтыжүргізудіңнарықтықмеханизімі.

  4. Аграрлықөндірістің жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары.

  5. Аграрлықөндірістіңэкономикалықтиімділігі.

  6. Агроөнеркәсіпэкономикасыныңерекшеліктері.

  7. Агроөнеркәсіпкешенініңқазіргі даму жолдарынажалпысипаттама.

  8. Агробизнес қызметініңтеориялықнегіздері.

  9. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері.

  10. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.

  11. Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы.

  12. Ауылшаруашылығынреттеудегімемлекеттіксаясат.

  13. Ауылшаруашылығыннесиелеужүйесі.

  14. Аграрлықөндірістіңнегізгікапиталдары.

  15. Аграрлықөндірістіңайналымкапиталдары.

  16. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері.

  17. Қазсақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайы.

  18. Қазақстанның аграрлық секторы.

  19. Қазақстан Республикасындағы сектордың дамуы және оған

кездесетін кедергілерді шешу жолдары.

  1. Қазақстандағы 2020 жылға дейінгі агробизнесті дамыту мәселелері.

  2. “Агробизнес - 2020”бағдарламасының мақсаты мен негізгі бағыттары.

  3. Қазақстанда аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік экономикалық даму кезеңдері.

  4. Еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі.

  5. Аграрлықөндірістегі инвестиция.

  6. Қазақстанда аграрлықөндірістіинтенсивтендіру.

  7. Ғылыми-техникалықпрогрестің агроөнеркәсіпке әсері.

  8. Аграрлық өндіріс шығындары, өнімінің өзіндік құны мен бағасы.

  9. Ауылшаруашылығының жалпы және тауарлы өнімі.

  10. Ауылшаруашылығыныңмамандандырылуы мен шоғырландырылуы.

  11. Аграрлықөндірістіңэкономикалықтиімділігі.

  12. Өсімдікшаруашылығы саласы.

  13. Мал шаруашылығы саласы.

  14. Ғылыми-техникалықпрогрестің даму кезеңдері мен оныңагроөнеркәсіпкеәсері.

  15. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.

  16. Қазақстанның агроклиматтық ресурстарына сипаттама беріңіз.

  17. Агрокешенді дамытудағы топырақтың алатын орны.

  18. Қазақстанның су ресурстарының жиілігі (өзен, көлдердің таралуы).

  19. Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің ауылшаруашылығына әсері.

  20. Қазақстанның су ресурстарының экологиялық жағдайының ауылшаруашылығына әсері.

  21. Қазақстанның климаты (вегетациялық кезеңі бойынша).

  22. Асыл тұқымды мал шаруашылығының Қазақстандағы дамуы.

  23. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы.

  24. Асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығы.

  25. Асыл тұқымды қой шаруашылығы.

  26. Ауылшаруашылығы өнімдерінің нарығы.

  27. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы.

  28. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы саласының дамуы.

  29. Агроөнеркәсіп кешенінің нарығы мен шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмі.

  30. Аграрлық өндірістің жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары.

  31. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары.

  32. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.

  33. Ауыл шаруашылығының өнімдері мен азық-түлік рыногындегі сұраныс.

  34. Қазақстандағы азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіптері.

  35. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз ету жолдары.

  36. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.

  37. Асыл тұқымды мал шаруашылығының Қазақстандағы дамуы.

  38. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы саласының дамуы.

  39. Агрокешенді дамытудағы топырақтың алатын орны.

  40. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.

  41. Агроөнеркәсіп кешенінің нарығы мен шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмі.

1.Аграрлық экономика пәнінің әдістері мен мақсаттары.

Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.

Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде

2.Агроөнеркәсіптік кешен.

Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. АӨК құрамында үш негізгі буын бар.1. АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. 2.бұл ауыл шаруашылығы. 3тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар. 1.Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті. 2.Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.3.Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады. Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады. Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады.