Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

21. “Агробизнес - 2020” бағдарламасының мақсаты мен негізгі бағыттары.

«Агробизнес-2020» бағдарламасының негізгі мақсаты - ауылшаруашылығы саласының қарқынды дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру және қазақстандық агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсу. Бағдарламаны құрастырушылардың пікірінше, 2020 жылға қарай ауылшаруашылығына жасалып отырған мемлекеттік қолдау көлемі 4,5 есеге арта түседі. Оның үстіне бағдарламаның барлық құжаттарында салада инновациялық жаңалықтарды қолдануға баса мән беру жайы көбірек айтылған. Әзірге бұл бастама енді ғана жұмыс істей бастады. Қалиев АСҚАР , СБЕРБАНК ШАҒЫН БИЗНЕСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз клиенттермен араласа келе бір нәрсені түсініп отырмыз. Олар мемлекеттік қолдауларға өте риза әрі жүктелген міндетті орындап отыр. Яғни бизнестерін дамытып белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуде. Меніңше бұл шаруа қожалықтарын ынталандыратын нәрсе. Яғни көздеген мақсатымыз да осы болатын. Бұл еліміздің индустриализациясы оған қоса қайта өңдеу саласының көлемінің артқаны да көңіл қуантады. Айта кету қажет, мемлекеттік бағдарлама аясында ауылшаруашылығы ұйымдарына тек материалдық көмек қана емес, сондай-ақ, егін егуде қолданылатын материалдарға талапты күшейткен.

22. Қазақстанда аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік экономикалық даму кезеңдері.

Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді. Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді. Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.