Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

53.Қазақстандағы азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіптері.

Азық-түлік — адамның тіршілік көзі. Азық-түлік қорымен үздіксіз қамтамасыз ету — адамзат қоғамының басты мақсаты. Азық-түлік молшылығын қамтамасыз ету үшін жер, су тағы басқа ресурстар кеңінен пайдаланылады. Азық-түлікті жыл сайын өндіру ауа райына, құрлықтың жер сипатына тығыз байланысты. Азық-түлік қоры дүние жүзінде әр түрлі қалыптасқан. Қазақстанда 800-ден аса өсімдік және мал өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32%-і ет және одан шығатын өнімдерді шығаруға негізделген. Ет өнімдерін шығаратын өндірістер негізінен Алматы, Петропавл, Орал тағы басқа қалаларда орналасқан. Балық өнімдері Атырау балық өнімдері зауытында өңделеді.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі

Облыстың тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде 879 кәсіпорын бар, оның көп бөлігін орта және шағын кәсіпорындар құрайды, ірі кәсіпорындар қатарына 30 өндіріс кіреді. Тамақ өнімдерін өндіру көлемі облыс бойынша, сусындарды қоса есептегенде 50,6 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі 102%.

Қазіргі уақытта тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуы инвестиция тарту арқылы іске асырылуда. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуы мынадай негізгі бағыттар бойынша іске асырылуда:

  1. таратылған аудан орталықтарында қайта өңдеу өндірістерін дамыту.

  2. өндіріске инновациялық технологиялар енгізу.

  3. ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу кезінде кластерлік тәсілді қалыптастыру.

54. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз ету жолдары. Ауыл шаруашылығына келіп түсетін инвестицияларды арттыруды микро, яғни кәсіпорын деңгейінде қарастарсақ, салынған капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді және осы факторларды үлкен екі топқа бөліп қарастыруға болады – ішкі және сыртқы орта факторлары.

Қазіргі уақытта АӨК салаларына салынған инвестициялардың қайтарымдылығының төмен деңгейде болуына 2-топтың факторларының әсері мол. Ол мыналармен анықталады: инфляция, баға диспаритеті, несиеге жоғары пайыз қойылымы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты дұрыс ойластырылмаған салық саясаты т.б.

Қалыптасқан бұл мәселелерді мемлекет деңгейінде қарастырып, шешпейінше агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестицияның тиімділігін арттыру туралы айту мүмкін емес.Әрине, мемлекет инвестицияны ынталандыру бойынша біраз шаралар қолдануда.

Инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыру мен оның экономикалық тиімділігін жоғарылату АӨК салаларында капитал салынымдарының түсуін, жеңілдік несиелерін қолдануға көмектеседі.

Капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін төмендегілердің есебінен арттыруға болады:

  • тәжірибеде өзін-өзі ақтап шыққан үлгілік жобаларды кеңінен қолдану, бұл объектіні жобалауға кететін уақыт пен ақша шығ ынын айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ тиімсіз жобаларды таңдау мүмкіндігінің тәуекелін азайтады;

  • объектінің құрылысы мен оны игеруге кететін мерзімін қысқарту, нәтижесінде аяқталмаған құрылыс көлемі азаяды, сонымен қатар, күтілген экономикалық әсер алуға қажет уақыт та азаяды;

  • салынымдардың жинақтылығын қамтамасыз ету (мысалы, мал шаруашылығында мал қораларын, азықтандыру орындарының құрылыс көлемі мен негізгі отарды құру шығындарын оңтайлы үйлестіру керек);

  • тиімді жобаларға капиталдық салынымдарды салудың басымдылығы, бірінші кезекте қолданыстағы объектілердің қайта жөндеуімен байланысты (қайта жөндеуге салынған салынымдар жаңа объектінің құрылысымен салыстырғанда 2-3 есе тез қайтарылады;

  • инвестициялардың маңызды объектілерге шоғырлануы, олардың ұсақ құрылыстарға шашырамауы;

  • үнемділік режимін сақтауы;

  • ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану 

55. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.            Аграрлық секторды Реформалаудың алғашқы он жылдығында (1991-2001 ж.ж) егістіктің жалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайса, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемі 13,7 млн.гектарға қысқарыпты. Мәліметтерге қарағанда, 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы – 33%, ірі қара малы –56%, қой және ешкі – 71%,) қысқаруы нәтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт – 1,7 есеге және жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген. Ал, астық өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдың дәрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оның экспорты 6 есе төмендеп, дәнді дақылдардың орта жылдық өнімділігі 1991-1995 жылдары гектарына 9,3 ц, 1996-1997 жылдары – 8 центнер құраған. Аграрлық саладағы бұл үдерістерді бақылаушылар реформаны аумалы-төкпелі жүргізілді деп бағалады. Бұл дегеніміз, тәуелсіз Қазақсанның агроөнеркәсіп саласы үшін алғашқы он жылдық ең қиын кезең болғанын көрсетеді.            Жалпы, капитализмнің алғашқы жылдарындағы қиындықтың зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғатын, негізгі себептерін және одан шығу жолдарын мемлекетіміз саяси тұрғыдан анықтауға тырысты. Осы көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелеріде күн тәртібінен түспегені белгілі.

56. Асыл тұқымды мал шаруашылығының Қазақстандағы дамуы. Ауылшаруашылығында соңғы жылдары біраз оңды тенденциялар байқалуда. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі тұрақты сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа (фермер) қожалықтары мен корпоративтік түрдегі    кәсіпорындар      өндірістік    кооперативтер,     шаруашылық серіктестіктер,    акционерлік    қоғамдар    арасында    оңтайлы    арақатынас қалыптасты.Екіншіден, ауылды жерде біртіндеп аграрлық қызмет көрсету, өнімді өндеу және сату саласы қалыптасуда, ондағылар негізінен фермерлермен өзара тиімді экономикалық шартпен жұмыс атқаруда.Үшіншіден, зандылық-құқықтық база ауылды жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға қолайлы жағдай жасауда. Алайда өтпелі кезеңнің қиындықтары азық-түліктің маңызды түрлерін өндірудің реформаға дейінгі деңгейіне жетуге мүмкіндік бермеді. Аграрлық сектордағы реформаның бірінші кезеңіндегі жете ойластырмай жасалған өзгерістер (бартер, келісімшарттық қанытастарды елемеу, жымысқы босеке әсерінің күшеюі, тауар мен қызмет көрсету базарындағы сұраным мен ұсыным арасындағы алшақтық) тиімсіз болып шығып дағдарыстың ұзаққа созылуына апарып соқтырды.Экономиканың аграрлық секторында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктері жетілмегендігі салдарынан бұл саланың қосымша өнімінің бір бөлігі баға, салық, несие, инвестиция жүйелері арқылы экономиканың басқа салаларына, әсіресе банк және коммерциялық капитал саласына бөлініп кетті. қатаң ақша-несие саясаты ауыл шаруашылық кәсіпорындарының төлем қабілетіне өз әсерін тигізді.