Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

27. Аграрлық өндіріс шығындары, өнімнін өзіндік құны мен бағасы.

Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның материалдық жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәселелері — бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады. Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық — техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу

республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері анық.

28. Ауыл шаруашылығының жалпы және тауарлы өнімі.

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2001-2005 жылдары орташа 10,7%-ға, оның ішінде өсімдік шаурашылығында — 13%-ға, мал шаруашылығында – 7%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңды динамикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігімен, мал басы мен мал өнімділігінің артуына және «Ауыл» мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделген. 2003-2005 жылдары осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен — 367,2 млн. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаржылар есебінен фитосанитарлық және эпизоотикалық қолайлылық, тұқымдардың сапасын тексеру қамтамасыз етіліп, таңдаулы тұқымдардың, асыл тұқымды өнімдердің, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, суармалы су жеткізудің құны арзандатылды. 2006 жылдан бастап Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту концепциясын іске асыру басталды, оның шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісіне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасуда.

29.Ауылшаруашылығының мамандандырылуы мен шоғырландырылуы.

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді жэне ауылдық аумақтарды дамытуды

мемлекеттік реттеу туралы» заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді

жэне осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік қүқықтық актілерінен түрады.

Агроөнеркэсіптік кешенді жэне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің

мақсаттары:

1) ауылдық аумақтардың әлеуметтік жэне инженерлік инфрақүрылымын дамыту жэне ауыл

халқын қолайлы түрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) агроөнеркәсіптік кешенді жэне ауылдық аумақтарды түрақты экономикалық

жэне әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;

4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін жэне оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің

экономикалық жағдайларын жасау болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамытуды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сэйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе үлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады. Аграрлық сектордың рыноктық шаруашылығына басқа секторларда қалыптасқан, негізінен кеңейтілген ұдайы өндірісті демеу қаржыландыруды қарастыратын, мемлекеттік қолдампаздық; салықтық жэне кредиттік реттеу мемлекеттік реттеудің қағидалары тэн. Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу келесі бағытта жүргізілуі тиісті:

- мемлекеттің азық- түлік қауіпсіздігін ынталандыру;

- қаржыландыру, кредиттеу, сақтандыру жэне салық салу;

- ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы ғылыми негізделген баламалы қатынастарды

орнату;

- ғылыми-техникалық бағдарламалардың жетістігін кеңінен ендіру үшін жағдай жасау, ауылда

ауыл шаруашылығы ғылыми мен әлеуметтік аяны дамыту;

- сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде, отандық тауар өндірушілердің мүддесін

қорғау.