Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

37. Қазақстанның су ресурстарының жиілігі (өзен, көлдердің таралуы).

Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады. Су – тіршілік көзі. Климаттық құбылыстар әлемнің көптеген ғалымдарымен талқыланып, климаттық модельдер мен климаттық сценарийлер жасалудаСондықтан да климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсерін зерттеу арқылы , еліміздің азаматтарының денсаулығына, экономиканың әр түрлі салаларына, соның ішінде ауыл шаруашылығына зиянды әсерінің алдын –алуға мүмкіндік бар. Ал , өз елінің азаматы ретінде климатқа бейімделу мақсатында әрқайсымызға мұндай мәліметтерді білу қажет. Су ресурстарын басқарудың тұрақты нәтижесіне қол жеткізуге қазіргі кездегі және болашақтағы климаттың өзгерісі жағдайында су ресурстарын болжау мен бағалау бірден –бір септігін тигізбек. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ– Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.

38.Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің ауылшаруашылығына әсері.

Қазақстан Республикасы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән береді.

Қазақстан трансшекаралық су ресурстары саласында бүкіл сұрақтарды халықаралық-құқық нормаларына сай шешу қажеттілігінің белсенді жақтаушысы болып табылады.

Ертеден келе жатқан немесе жаңадан пайда болған бүкіл проблемалар сындарлы диалог жолымен шешіледі. Осыған орай Қазақстан көп жылдар бойы көршілес елдермен көпжақты ынтымақтастық тетіктері арқылы, сондай-ақ, екіжақты комиссиялар мен жұмыс топтары аясында өзара белсенді әрекеттестік жасайды.

Қазақстан делегациялары ірі халықаралық конференцияларға, семинарларға және форумдарға тұрақты түрде қатысады. Сондай-ақ, Астана трансшекаралық су мәселесіне қатысы бар табиғатты қорғау жөніндегі бірнеше халықаралық конвенциялар мен келісімдердің қатысушысы болып табылады.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Трансшекаралық контекстінде қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы Конвенциясыға, Халықаралық маңызы бар су-батпақ алқаптары, ең алдымен суда жүретін құстардың мекендейтін жерлері туралы Конвенцияға қосылды.

Трансшекаралық су ресурстары мәселесі бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығы, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банкі, Еуразиялық даму банкі, ЭСКАТО және басқа халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатылды.

39.Қазақстанның су ресурстарының экологиялық жағдайының ауылшаруашылығына әсері

Қазақстанның  су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған.Ең  ірі су көздеріне Ертіс, Есіл,Іле,Сырдария,Жайық,Шу,Талас,Асса өзендері жатады. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы Ертіс өзені қалып отыр.

Каспий аймағының экологиялық  жағдайы.Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты  болады.Ғалымдардың болжамдары  бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып,су астында қалған жерлерге тағы да  1,2 -2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардыңең ірі мекен ету ортасы болып табылады.Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық биоалуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995 жылы  Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті.Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері.60- жылдардан  бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды.Суды ауфл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь Шань тауларымен  ағып келетін табиғи су ағысын 90%- дан астам қысқартып жіберді.Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп,өзінің -60%  көлемін жоғалтты.Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп,бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан.Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде  ішкі су қоймаларының ішінде  төртінші орында болған.

Теңіз Тұран ойпатында орналасқан.Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.Судың орташа  көлемі – шамамен 1000 км³. Тереңдігі 20-25м, ең үлкен тереңдігі-67м.Жаздағы жауын-шашын мөлшері шамамен 100мм.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашын мен  —  5,9 км³ , өзен ағысымен-54,8 км³ қамтамасыз етіліп отырды.Орташа булану -60,7 км³.Теңіз деңгейінің  маусымдық ауытқуы  -25 см,ал ғасырлық 3м-ден артпаған.Дүние жүзінің ірітау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен.Аралдардың су балансын Орта Азияның ірі өзендері-Амудария  мен Сырдария ұстап тұрған.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз  Балқаш көлі Қарағанды ,Жамбыл,Алматы облыстарымен шектесіп жатыр.Көлдің ұзындығы  605 км,  ені шығыс бөлігінде 9-19км, ал батысында  74км ге дейін жетеді.Шығыс жағында Балқаш Алакөл көлдер жүйесімен , батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен және оңтүстік шығыс жағы Шу Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр.Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені,шығыс бөлігіне шағын өзендер Қаратал,Ақсу, Лепсі келіп құяды.

Балқаш-жартылай тұщы көл.Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланыты тұщы болған. Ол көлге жылдық су мөлшерінің 72,2 пайыз береді.